Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Урок букварь. Ю дыбысы мен әрпі. 1 класс

Урок букварь. Ю дыбысы мен әрпі. 1 класс


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Ю» дыбысы мен әрпі

Мақсаты: «Ю» дыбысын меңгертіп, әрпін таныту.
Міндеттері:
1. Сөздер оқыту, сөйлемдер құрату.
2. Сөздік қорын, тіл байлығын, ой - өрісін дамыту.Сауатты көркем жазуға төселдіру.
3. Еңбексүйгіштікке, шабыттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кеспе әріптер, ю дыбысы бар суреттер, жұмбақ.

Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілі: оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық даярлық жасау.Сабақтың ұранын еске түсіру.
Әнімізге ұласар
Әннің аты Әліппе.
Бәрімізге тілашар
Кітабымыз Әліппе.
Балалар, бүгінгі сабағымызға «Сиқырлы әріптер» бізге тапсырмалар дайындапты. Біз сол тапсырмалардың жауабын дұрыс тапқанда сабағымызды ары қарай жалғастыра аламыз. Тақтадағы жасырынған заттың атын табу үшін мына берілген қима әріптерден сөз құрап, ол сөзге дыбыстық талдау жасаймыз. Сонда тақтадағы жасырын заттың аты табылады.
Қима әріптерден құрастырған сөз (қоян)
2. Үй тапсырмасын тексеру.

2.1«Сұр қоян» өлеңін жатқа айту.
- Балалар, байқайсыңдар ма, «Сиқырлы әріптердің» бізге берген тапсырмасы да қоянға байланысты екен, ендеше осы өлеңді қимылмен, хормен жатқа айтайық.

2.2 Ендігі тапсырма «Бес сөз» ойыны.
« Я» дыбысы бар сөздерді ойлап табу
1- қатар – Бес қыздың аты;
2- қатар – Бес ұлдың аты;
3- қатар – Жер - су аттары.

Сонымен, балалар, өткен сабақта біз қандай дыбысты оқып үйрендік?
Я дыбысы қандай дыбысқа жатады?
Қандай дыбыстардың қосылуы арқылы жасалады?
И + У әрпінің қосындысы.
- Балалар, бұл қандай дыбыс?
(Дауысты дыбыс, қосарлы дыбыс).
3. Жаңа сабақ.
- Балалар, тақтаға қараңдаршы «Сиқырлы әріптер» бізге тағы да тапсырма дайындапты.
Суреттен нені көріп тұрсыңдар?
- Ою.
- Астындағы тапсырманың сырын табалық, мұнда бір дыбыс белгілі,
ол – О, ал белгісіз дыбыс қандай дыбыс?
- Белгісіз дыбыс – Ю. Ендеше, балалар бүгінгі өтетін, танысатын дыбысымыз – Ю. (Оқушылармен Ю дыбысын хормен айтып, дыбыстық мінездеме жасаймыз).
Дауысты дыбысты айтқанда өкпедегі ауа ауыз қуысында еш кедергіге ұшырамай шығады, яғни Ю – дауысты дыбыс.
Ю дыбысы тағы қандай сөздерде кездесуі мүмкін?
Мынау ненің суреті ? (Аю)
Қанша дыбыс естіліп тұр? (Яғни бұл дыбыс қосарлы дыбыс)

3.1. Ю дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.
Ю – Й + У
3.2. Сергіту сәті.

3.3. Балалар, тағы да «Сиқырлы әріптердің» тапсырмасы. Қима буын арқылы сөз жазу.
1 – қатар 2 – қатар 3 – қатар
Со То Ба
3.4 «Мағынаны тану»Оқулықпен жұмыс:
• Сөздерді оқыту
• Мәтінді оқыту
• Жазба сөйлемді оқыту.

4. Жаңа сабақты бекіту.«Ой толғаныс»
4.1. Суретпен жұмыс. «Әжемнің оюы».
4.2. «Әжеме көмек» ойыны.
Әжеміздің оюы сияқты біз де дәптерімізге әдемілеп, Ю ю әрпін,және Ю әрпі бар сөз жазайық.

5. Сабақты қорытындылау.
Бұл «Сиқырлы әріптердің» соңғы тапсырмасы.«Топтастыру»
5.1. Сызбамен жұмыс.
5.2. Жұмбақ шешу.
Ұстап әкеп шеңберді,
Байлап қойдым бағанға (Ю)
6. Мадақтау.
«Сиқырлы әріптер» ұлтымыздың ою - өрнектерін сыйға тартады.
7. Үйге тапсырма.
Ю дыбысы бар жұмбақ жаттап келу.




Әліппе
Тақырыбы:
Ю дыбысы мен әрпі.

Мақсаты. Білімділігі: Оқушыларға ю әрпінің айтылуы мен жазылуын және и әрпінен соң у жазылмайтындығын түсіндіру. 
Дамытушылығы: Оқу және жазу дағдыларын дамытуды, таным белсенділігін дамыту, өз ойларын жеткізе білу, сұрақтарға жауап беру, ойлану жүйелігін арттыру.
Тәрбиелігі: Қазақтың ұлттық салт - дәстүрін сақтауға тәрбиелеу, әдемі, көркем қатесіз жазуға қалыптастыру. Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: дене шынықтыру, дүниетану, математика.
Түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, ой қозғау, ой жию
Көрнекілігі: Суреттер, әріптер, оқулық, плакат.

Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Балалар, бүгін ерекше күн. Себебі, сабағымызға көп қонақтар келіп отыр. Олай болса, қонақтарымызбен сәлемдесейік.
Құтты қонақ келіпті, төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге, тәрбиенің басы ғой.
Ал, кәнеки бәріміз, сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме, апайлар! 

2. Психологиялық дайындық.

1 дегенім - жаман баға, алады оны жаман бала 
2 дегенім - нашар баға, інішегім нашарлама.
3 дегенім - орта баға, сапасы да орта баға
4 дегенім - жақсы баға, алады оны жақсы бала
5 дегенім - үздік баға, оқимыз тек үздік қана
(цифрмен көрсету)

Оқулықпен жұмыс.
3. «Ұя» өлеңін жатқа айту.
4. Сөздерді оқу. Аяқ қоян қияр аяз тақия Таяқ шаян пияз саяз дария Ұя аяқ қияр бояу сия мая Баян таяқ пияз қоян қия жая
5. Кісі аттары. Аян, Баян, Әсия, Әлия, Ғалия, Данияр

Жер - су аттары. Баянауыл, Аягөз, Сырдария, Әмудария

Кісінің, жер - су аттары үлкен әріппен басталып жазылады.

Балалар, қазір қай мезгіл?

- Күз мезгілінің соңғы айы.

- Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?

- Міне, балалар, жемістер пісіп, жерге түсіп қалыпты, осы жемістерді теріп алайық та, артындағы сұрақтарға жауап берейік.

1. Яя дыбысы қандай дыбыс?
2. Шаян, қоян сөзін буынға бөл.
3. Яя дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? Яя дыбысын қорытындылау.

3. Жаңа сабақты меңгерту.
Жұмбақ жасыру. Сол жұмбақтың шешуінде бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы табылады.
Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады. /Аю/
Ю дыбысы мен әрпі дауысты дыбыс. Ю дыбысын созып айтуға болады. Ю дыбысы сөздің аяғында, ортасында келеді. Ю дыбысы екі дыбыстан құралған.
Ю- й у
Аю ою А - ю - 2 б, 2ә, 3д О - ю - 2б, 2ә, 3д
/Суретпен жұмыс/. Аю жабайы аң. Орманда өмір сүреді.

Оюды қайдан көреміз? Сандықтың сыртынан, көрпеден, текемет,сырмақтан көреміз.
/Оқулықпен жұмыс/. Аю қою құю сүю есею азаю Ою қию түю күю үлкею көбею.
/Мәтінмен жұмыс/.Ою Менің әжем сырмақ сырды. Сырмаққа ою ойып салды. Ою әдемі болды./Ою туралы түсінік беру/.
Сергіту сәті.

1, 2, 3 жинап бойға күш.

Қолға қалам аламыз.

4 пен 5-ке жазамыз.

Дәптермен жұмыс. Ю ю дыбысының баспа, жазба түрімен таныстыру. Ауаға, тақтаға жазып көрсету, дәптерге жазу.

Әженің тапсырмасын орындау.

- Дыбыстар қандай түрге бөлінеді.

2 түрге бөлінеді

- Дыбыс дегеніміз не? Дыбысты естиміз, айтамыз.

- Әріп дегеніміз не? Әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз.

- Әріптен не құралады? Сөз құралады.

- Сөзден не құралады?

- Сөйлем құралады.

- Сөйлемнен не құралады? Мәтін құралады. Ендеше, балалар, оқулықтағы мәтінмен танысамыз./Мәтінді тізбектей оқу/.

"Жоғалған дыбысты тап" ойыны.
Ш... ге қо... н пи... з А... шы ег... н қ... зыл
"Жоғалған буынды тап" ойыны.
Түл... зы... бұ... еш...
Дыбыстық талдау жасау.
"Сөз ойла, тез ойла" ойыны. Юю дыбысы бар сөз ойлау.

Сабақты қорыту.
Үйге тапсырма. Юю дыбысы.
Бағалау.


57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 04.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров92
Номер материала ДВ-305553
Получить свидетельство о публикации

Комментарии:

10 месяцев назад

Рахмет сіздерге! Шығармашылық табыс тілеймін!!!


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх