Инфоурок / Физическая культура / Другие методич. материалы / Урок "Денсаулық-зор байлық" атты эстафеталық сайыс

Урок "Денсаулық-зор байлық" атты эстафеталық сайыс


библиотека
материалов

Тақырыбы: «Денсаулық- зор байлық» спорттық сайыс ойыны
Мақсаты: «Денсаулық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу. Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру. Денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу. Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру. 
Өтілетін орны: Спорт зал
 
Спорттық құралдар: Спорттық құралдар, доп, сқырғыш, қапшық, шар, шеңбер, дартс, кедергілер, т.б құрал жабдықтар.
 
Өту барысы:
 
1- Жүргізуші: Құрметті ата-аналар мен оқушылар және ұстаздар! «Денсаулық құпияларының бірі – спорт» дегендей бүгінгі өткізгелі жатқан «Денсаулық- зор байлық» спорттық сайысына қош келдіңіздер!
 
2- Жүргізуші: Шынықсаң шымыр боларсың,
Сауығып айдай толарсың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боларсың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
Құрметті ұстаздар,сайысқа қатысушы оқушылар бүгінгі «Денсаулық- зор байлық» атты сайысымызға хош келдіңіздер!
 
1-Жүргізуші: Жарысқа қатысушыларды шақырамыз,
Әр таңды бақытпенен атырамыз.
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
 
Сайысқа қатысуға енді ортаға -
 
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң
1.Қыран тобы. 2. Сұңқар тобы командаларды ортаға шақырамыз.
 
2 -Жүргізуші: Ал ендігі кезек ойыншыларымыздың өздерінің топтарын таныстыруға келді. Кезектесіп шығып өздеріңіздің топтарыңызды таныстырып өтіңіздер.
 
(Ойыншылар шығып өздерін таныстырады)
 
1-Жүгізуші: Ал, құрметті қонақтар!
Жарысты енді көріңіздер.
Әділ қазы алқалары
Әділ баға беріңіздер,- дей келе бүгінгі біздің
жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
 
1. Тәрбие ісінің орынбасары: Тоққожина Айнұр.
2. Әлеуметтік педагог: Сагидуллина Назгүл
3.Аудандық оқушылар үйінің әдіскері: Бақытжанова Амангүл
 
4. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Аққөзова Жаңылсын.
2-Жүргізуші: Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен-тек жоймайық!
Бүгінгі спорттық сайыс 7 кезеңнен тұрады.
 
1. «Гимнсатикалық шеңбермен адам тасу» сайысы.
 
1) Гимнастикалық шеңбермен адам тасу;
а) 1 адам, капитандар
2) 2 адам,
3) 3 адам,
4) 4адам
5) 5адам....барлық топ мүшелері
2. «Доп лақтыру» сайысы.

3. «Қаңбақ шар» сайысы.
 
4. «Жер асты жолмен жүріп өту» сайысы.
 
5. «Ат жарыс» сайысы.
 
6. «Қаппен секіру» сайысы
 
7. "Мергендер" сайысы

1 -конкурс: «Гимнастикалық шеңбермен адам тасу» сайысы.
 
1 Бала шеңберді беліне салып, кедергілермен жүгіріп келіп 2-ші баланы шеңберіне салып алып жүгіреді. Сөйтіп 3-ші,4-ші.... кете береді. (Ойыншылар жарыса бастайды)
 

1 -Жүргізуші: Спорт- көркі өмірдің.
Спорт- досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боласың,
Шынығып, өсіп, толарсың.
2- конкурс: «Доп лақтыру» сайысы.
 
Баскетбол добын кедергілер арқылы жерге соғып барып сеткаға лақтыру, қайтарда тағы соғып келу. (Ойыншылар жарыса бастайды)
 
3- конкурс: «Қаңбақ шар» сайысы.
 
Шарды баспен ұрып мәре сызығына жетіп, инструктордың алақанынан ұрып, қайтар жолда жүгіріп кету керек.
 
(Ойыншылар жарыса бастайды)
 
4 -конкурс: «Жер асты жолмен жүріп өту» сайысы.
 
(Ойыншылар жарыса бастайды)
 
5 - конкурс: «Ат жарыс»сайысы.
Үрілген доппен секіріп, жарысу.
 
2-Жүргізуші: Оқушылар назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған Ұлы Абай данамыз да.
6- конкурс «Қаппен секіру» сайысы
 
Оқушылар қапты киіп алып секіру жарысы.
 
7 -конкурс " Мергендер" сайысы( Дартс)
1-Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден-
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол-
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тарасса бізге жарады.
2-Жүргізуші: Көрсетті міне өз өнерін балалар
 
Сайыстың да соңы келіп таянар
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділ қазы сайысты әділ бағалар.
Енді сайысымыздың жеңімпазарын анықтау үшін сөзді әділ-қазылар алқасына береміз.
 
1-Жүргізуші: Ұрпақ керек ертеңгі алда,
 
Болашақты болжайтын.
 
Дені таза, тәні таза,
 
Елін, жерін қорғайтын!
 
Денсаулық-басты байлық өмірдегі,
 
Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.
 
Салауатты өмір салтын насихаттап,
 
Атанайық жақсы азамат өңірдегі.
 
Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Денсаулық- зор байлық» спорттық сайысы осымен аяқталды. Белсенділік танытып сайысқа қатысқандарыңыз үшін көп рахмет! Деніміз сау болсын, ағайын!

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-084020

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG