Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыУрок для 2 класса по литературе Төрт түлігім-ырысым

Урок для 2 класса по литературе Төрт түлігім-ырысым

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: «Төрт түліктің кеңесі»

Сабақтың мақсаты: А) Білімділік: Балаларды халықтың тіршілік істерімен таныстыру,мал атауларын.ерекше қасиеттерін, пайдасын,күтім бағымын түсіндіру.Атакәсіп туралы, олардың өмір салты жөнінде ұғым бере отырып қазақ халқының табиғатқа,жан-жануарға деген қарым-қатынасның тәрбиелік жағына назар аударту.Ә)Дамытушылық: Төрт-түлік туралыөлең. Жыр, жұмбақ.мақалдар оқыту,танымын кеңейту, тілін дамыту.Б) Тәрбиелік: Еңбекқорлыққа,іскерлікке, шеберлікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Төрт түлік туралы суреттер, слайдтар, төрт түлік мал өнімдері.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.Оқушылармен амандасу, тексеру.

Мұғалім сөзі: Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысып келеді.Мал кезінде алты алаштың жесе-асы, кисе-киімі, мінсе-көлігі, жапанда-серігі болған.Біз ежелден малға жақын халықпыз.Кезінде ата бабаларымыз төрт түлікке жайлы қоныс іздеп кең даламызда көшіп қонып жүрген. Қазақ төрт түлікті ерекше құрметтеген.Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз. « Төрт түлігім-ырысым» деп аталады.Сабақ сайыс түрінде жүргізіледі.

ІІ. Сабақ жоспарымен таныстыру.

  1. Топтың атын, ұранын таныстыруы.
  2. Әр топ өздеріне берілген тақырыпты қорғауы.
  3. Әр топ өз өнімдерін жарнамалауы
  4. Білгенге маржан…(сұрақтарға жауап алу)

Сабақ барысында амандасу.

Білер қазақ баласы.

Сәлем сөздің анасы

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз( сәлем беру)

Қайырлы таң көк аспан!

Қайырлы таң ата-ана!

Қайырлы таң қонақтар!

Қайырлы таң , достарым!1.Тапсырма.Топтың атын, ұранын таныстыруы.

І топ. «Қамбар ата» тобы.

Біздің топ: Қамбар ата

Біздің ұран: Асау желмен жарысқан

Арғымақпыз алысқан

Сайыстардан қалмаймыз

Сәйгүліктей самғаймыз!

Жылқы қазақ халқының пір тұтатын жануары. Ерте заманда төрт түліктің пірлері болған.Жылқының пірі –Қамбар ата. Қамбар ата-жылқы баққан.Жылқы жыл санауында жетінші жыл. Сондықтан біз тобымыздың атын ! Қамбар ата» деп атадық.

ІІ топ. « Ойсыл қара» тобы.

Біздің топ: Ойсыл қара

Біздің ұран: Бойымызға сенеміз

Біз бәрін де жеңеміз.

Жылға кірмей қалсақ та,

Қалыспай-ақ келеміз.

Қазақ халқы түйені төрт түліктің-төресі деп есептеген. Түйе шөлге төзімді мал. Түйенің пірі- Ойсыл қара. Сондықтан, біз тобымызды «Ойсыл қара» деп атадық.

ІІІ топ. «Зеңгі баба» тобы.

Біздің топ: Ойсыл қара.

Біздің ұран: Малды бақсаң, сиыр бақ.

Сүт кетпейді шарадан.

Біз қалмаймыз сайыстан,

Соғыңыздар алақан

Қазақта: «Сиыр малы-үйдің асыраушысы» деп тегін айтылмаған. Себебі: сиыр сүтінен қаншама тағам түрі жасалады. Мүшелік жыл санауда сиыр- екінші жыл. Сиырдың пірі-Зеңгі баба.Сондықтан біз тобымызды « Зеңгі баба» деп атадық.

ІҮ топ. «Шопан ата « тобы

Біздің топ: Шопан ата

Біздің ұран: Алға қойлар, алға бас,

Біз топпыз ғой жаңылмас.

Барымызды салайық,

Бас жүлдені алайық.

Қазақ халқы қой мен ешкіні қосып «уақ мал» деп атайды.Ешкі- өте өсімтал мал,ал қой төрт түліктің ішіндегі ең момыны. Қой жыл санауында сегізінші жыл. Ешкінің пірі-Шекшек ата, Койдың пірі Шопан ата.Қой киелі түліктің бірі. Сол себептен біз тобымызды қойдың пірі қолдасын деп «Шопан ата» деп атадық.

2 тапсырма. Берілген тақырыпты қорғау.

І топ. Жылқы –малдың патшасы.

Жылқы-қазақ халқының ерекше қастерлеп, пір тұтатын жануары. Дүние жүзінде жылқының 250 ден астам қолтұқымдары бар. Қазақстанның жылқы өсіретін асылтұқымды шаруашылықтарында жылқының 20 –ға жуық түрі өсіріледі.Қазақ жылқысы жүйрік әрі өте төзімді. Жылқы малы халықты етпен,қымызбен қамтамасыз етті. Жылқыны салт мінуге, ауыл шаруашылықтарында күш көлігі ретінде пайдаланды.Жылқы өз аяғымен жыл бойы тебіндеп жайылады.

Жылқы малын тек көлік ретінде ғана емес, оның дәмді еті,шипалы қымызы үшін де өсіріледі.Қымыз- жылқы сүтінен алынатын, қышқыл сүт өнімі, халқымыздың кәделі сусыны.Қазақ халқы жүздеген жылдар көлемінде қымызды айрықша ыдыстары торсық пен сабада дайындаған.Қымыздың бабы пісу мен сапыруға байланысты. Жиі-жиі піскен қымыздың дәмі кіре береді.Қымыздың 40-қа жуық түрі бар. Мысалы: уыз қымыз, бал қымыз, дөнен қымызт.б.Қымыздың шипалық қасиеттеріне елімізде ерекше көңіл бөле бастады.

ІІ топ. Түйе- төрт түліктің төресі.

Түйенің дене тұрқы ірі, оның салмағы 700-800 кг мойыны иір және ұзын. Құрғақ далалы, шөлейтті аймақта тіршілік етуге бейімделген.Сондықтан халық түйені «шөл дала кемесі» деп атайды.

Түйенің терісінен аяқ киім тігеді,таспа, қайыс жасаған,ер қаптайды. Жүнінен жылы киімдер тоқылды.Көрпеге салады.Түйе 30-40 жылға дейін өмір сүреді.

Түйенің бірнеше түрі болады. Айыр түйе- қос өркеш түйе тұқымының бір түрі.Аруана-сыңар, яғни жалғыз өркешті түйе.Аруана айыр түйедкн тгөрі ыстыққа төзімді,сүті де мол, бірақ жүні аз болады.

Түйе сүтінің майлылығы сиыр сүтінен әлдеқайда жоғары. Шұбат-өкпе,асқазан,ішек ауруларына ем. Шудасы-буын, құяң, бүйрек ауруларына ем.Радиациялық сәулелерді өткізбейтін қорғаныштық қасиеті мол түйе жүні ғарышкерлерімізге қорған болып ғарышты да шарлап жүр.

ІІІ топ.Сиырдың сүті- тілінде.

Сиыр малы осыдан 7-10 мың жыл бұрын Жерорта теңізі маңындағы елдерде қолға үйретілген.Қазіргі кезде дүние жүзінде сиырдың 250-ге жуық түрі бар.

Ірі қара сиыр қолтұқымдары: Қазақтың ақ бас сиыры, Әулиекөл сиыры, Қырдың қызыл сиыры, Алатау сиыры, Қарала, Әулиеата т.б түрлері өсіріледі.

Ертеде қазақ халқы сиырдың терісінен құдықтан су тартатын ыдыс қауғалар, қымыз ашытатын сабалар мен сусын құятын торсықтар жасады.Сиырдың тезегін отын ретінде пайдаланды.Сиырдың еті-салқын, майлы, желдің қызуын қайтарады.Сиырдың сүті несеп ауруларына емОйды ұшқырлайды.Сары май әл ауқатты арттырады.

ІҮ топ. Қой шаруашылығы.

Қой бұдан 10-11 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Қой шаруашылығы- мал шаруашылығының басты саласы.Қой қазақтың ең басты байлығы саналды. Қазақтар қылшық жүнді әрі құйрықты қой тұқымын өсірді. Ол ыстыққа да, суыққа да шыдамды.Қой мен ешкінің иленген терісі түрлі сырт киімдер мен аяқ киім тігуге пайдаланылды. Қойдың жүнінен киіз басылды, жіп иіріліп, шекпен тігілді, арқан-жіп есілді, баушулар жасалды. Кілем тоқылды.Қойдың қолтұқымдары: Еділбай, Бағаналы, Қарқаралы, биязы жүнді қой арқар-меринос. Арқар меринос қойы еліміздің Шығыс Қазақстан облысында өсіріледі.

3-тапсырма. Мал өнімдерін жарнамалау.

І топ. «Қамбар ата» тобы. Жылқы өнімін жарнамалау.

Қазы қарта, жал, жая,

Сүрет, шұжық балдац,ә?!

Қақтыратын таңдайды,

Бал қымызы қандайды. ( Біз сіздерге жылқы етінен жасалған қазы ,қарта, жал, жая мен шұжығымызды, балдай тәтті қымызымызды жарнамалаймыз)

ІІ топ. «Ойсыл қара» тобы. Түйе өнімін жарнамалау.

Маң-маң басқан, маң басқан.

Шудаларын шаң басқан.

Шөл даланың кемесі.

Төрт түліктің төресі.

Дертке дауа болатын

Шұбаты бар киелі.(Біз сіздерге түйенің шұбатын жарнамалаймыз.Шұбат-өте нәрлі және емдік қасиеттерге толы сусын. «Ақ тұрған жерде ауру тұрмайды» дегендей шұбат дертке дауа болсын демекпіз)

ІІІ топ. «Зеңгі баба» тобы. Сиыр өнімін жарнамалау.

Ыстық-ыстық сүт ішсең,

Дәмі кетпес таңдайцдан.

Бой жадырап кенеттен,

Буы шығар маңдайдан.

Малды бақсаң,сиыр бақ,

Сүт кетпейді шарадан.( Біз сіздерге сиыр сүтінен жасалған айран, сары май, ірімшік, кілегей, құртымызды жарнамалаймыз.Әжелеріміз сүзбені айраннан жасайды.Сүзбеден құрт жасайды. Кейбіреулер оны қатық деп атайды)

ІҮ топ. «Шопан ата» тобы.Қой өнімін жарнамалау.

Мал өсірсең қой өсір,

Өнімі оның көл көсір,

Кисең киім, ішсең ас.

Іздесең мұндай табылмас.(Біз сіздерге қой жүнінен жасалған бұйымдарымызды жарнамалаймыз. Қой жүнін иіріп алаша, кілем тоқып, сырмақ сырған. Жылы киімдер бас киім, жемпірлер,шұлық тоқыған.)

4-тапсырма. Білгенге маржан … (Сұрақтарға жауап алу)

І топ Төрт түлік төлдері қалай аталады?

Жылқы төлі- құлын деп аталады.

Түйе төлі-бота деп аталады.

Сиыр төлі-бұзау деп аталады.

Қойдың төлі -қозы, ешкі төлі- лақ деп аталады.

ІІ топ Төрт түлік қалай дыбыстайды?

Жылқы кісінейді.

Түйе боздайды.

Сиыр мөңірейді.

Қой маңырайды, ешкі бақырады.

ІІІ топ Төрт түлікті қалай шақырады?

Жылқыны құрау-құрау деп шақырады.

Түйені көс-қөс деп шақырады.

Сиырды әукім-әукім деп шақырады.

Қойды пұшайт-пұшайт деп, ешкіні шөре-шөре деп шақырады.

ІҮ топ Төрт түлік өз төлдерін қалай сүйеді?

Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп,

«Ештеңені білмеген момыным « деп.

Сиыр сүйеді баласын «торпағым « деп,

«Қараңғыда баспаған қорқағым» деп.

Түйе сүйеді баласын «боташым» деп

« Жаудыраған көзіңнен тоташым» деп.

Ешкі сүйеді баласын «лағым» деп,

Тастан тасқа секірген шұнағым «деп.

Жылқы сүйеді баласын «құлыным» деп,

« Тұлпар болар жүгірген жұрыным» деп

Төрт түлік туралы қандай өлеңдер білесіңдер?

І топ Торы құлын

Жағы қалақтай,

Мойны садақтай,

Төбелі жұлдыздай,

Жүні құндыздай.

Жалы жібектей,

Саны білектей.

Көзі моншақтай,

Өзі жұп-жұмыр,

Құйрығы шашақтай

Ерні жып-жымыр,

Даусы шіп- шіңгір,

Басы құп-құлдыр.

Жұтынып жүруші еді,

Бұлтиып тұрушы еді.

Далаға шығып ап,

Құйрығын тігіп ап,

Асырды салар еді,

Айнала шабар еді.

Төрт түлік туралы қандай мақалдар білесіңдер?

І топ. «Қамбар ата» тобы

Жылқының сүті шекер, еті бал.

Жылқы құлыннан көбейер,Ақша тиыннан көбейер.

Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме.

Жылқыда өт жоқ,Құста сүт жоқ.

Тай мінген балаға жарасар.

Ат-ердің қанаты. Тұлпардың өз тұяғы өзіне дәрі.

ІІ топ. «Ойсыл қара» тобы

Соңғы түйенің жүгі ауыр.

Түйенің бурасы жақсы, Сөздің турасы-жақсы.

Түйе ботасымен жарасты, Тамақ батасымен жарасты.

Нар жолында жүк қалмас

ІІІ топ. «Зеңгі баба» тобы.

Ары тартсаң өгіз өледі, Бері тартсаң арба сынады.

Өгізге туған күн Бұзауға да туады.

Сиыр сипағанды білмейді, Жаман сыйлағанды білмейді.

Түйе-шудасын,Жылқы-жалын, Сиыр- мүйізін төсейді.

Өлеңді жерде өгіз семіреді,Өлімді жерді молда семіреді.

ІҮ топ. «Шопан ата» тобы

Құтты қонақ келсе қой егіз табады.

Қойдың еті қорғасын ,Қойды соққан оңбасын

Қойдың қойдан несі артық, Қол басындай еті артық.

Мал өсірсең қой өсір, Өнімі оның көл көсір.

Бір қозы туса, бір түп жусан артық өсер.

Қой еті-қоян еті.

Қойшы көп болса, қой арам өледі.

Екі қошқардың басы бір қазанға симайды.

Төрт түлік туралы қандай жаңылтпаштар білесіңдер?

Құлыншақтай ұрыншақты Ши тоқыдым шиеден,

Қуыршаққа ұрғыздым. Клуб, шахта тұрғыздым.

Құрықшадан қырық шақты, Күйме жасап инеден,

Теңіз кештім түйемен. Үй тұрғыздым түймеден.

Төрт түлік туралы жұмбақтар шешу.

1.Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (Қой)

2.Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар. (Сиыр)

3. Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,

Міңсең қанат, сүті дәрі, еті- тамақ.(Жылқы)

4.Иір-иір денесі,

Сахараның кемесі.

Ащы шөптер-тамағы,

Шөлге шыдап бағады. (Түйе)

Төрт түлік туралы ертегілер өте көп. Бес ешкі, Ешкі мен қасқыр, Жеті лақ, Зеректік, т.б

Көрініс: Төрт түліктің кеңесі. Ертеде қой, сиыр, Жылқы,Түйе –төртеуі жиылып отырып кеңеседі.» Қайсымыз қандай жерге қандай кісіге бітсек, жақсы болар еді?» деп айтысады.

Сиыр: -Қалың қорыс нуға бітем, Қой: -Күнгейлі қара тасқа бітем, Жылқы:-Бетегелі белге бітем,

Қоры үзілген қуға бітем. Шаруа қуған басқа бітем. Найза ұстаған ерге бітем. Түйе:-Жалмаң құлақты сорға бітем,

Ел ішіндегі зорға бітем.-депті.

Төрт түлік малдың бағасы қандай?

І топ Жылқы-сәндік.ІІ топ Түйе-байлық ІІІ топ Сиыр-ақтық .ІҮ топ Қой-мырзалық,Ешкі-кедейлік

Төрт түлік туралы тыйым сөздер.

  1. Малды басынан ұрма.
  2. Ақты төкпе.
  3. Түнде мал санама.
  4. Малдың жусауын, өрісін бұзба.
  5. Жылқыны қазыққа байлама.
  6. Мал қора ішіне дәретке отырма.
  7. Сауар алдында малға зекіме.
  8. Ауылға атпен шауып келме.
  9. Қойдың мүйізін,жүнін отқа жақпа.
  10. Малдың сүйегін далаға тастама.

Төрт түлік туралы мысал айтыс, айтыс, ән айту (Өнер сайысы)

І топ Иесі мен сиырдың айтысы.ІІ топ Қыз бен жігіт айтысы.

ІІІ топ “Қошақаным “ әні ІҮ топ “Төлдер” әні

Төрт түліктің жасына,түріне қарай атаулары.

І топ Жылқы жасына,түріне қарай: құлын,жабағы,тай,құнан,байтал,сойтал,дөнен,қулық, бесті,бие,ат,сәурік,айғыр деп ажыратады

ІІ топ Түйе өсу жолымен: бота, тайлақ,буыршын, буырлыш,науша,бұзбаша, інген,атан, бура деп аталады. .

ІІІ топ Сиыр жасына қарай: бұзау,баспақ,торпақ, тана,тайынша, қашар, құнажын, дөнежін,сиыр, өгіз,бұқа деп аталады.

ІҮ топ Қой түріне,жасына қарай: қозы, марқа, тоқты, бағылан,тұсақ,азбан,ісек,ақауыз,қой, қошқар,саулық деп аталады.

Қазақ халқы малды топтап бағады.Мал тобы қалай аталады?

І топ Жылқы тобы- үйір. Сиыр,түйе тобы – табын. Қой-ешкі тобы-отар.

Жегін көліктерді жеккенде, байлағанда пайдаланатын жіптердің атаулары қалай аталады?

ІІ топ Түйеде- мұрындық,бұйда.Жылқыда-ноқта.Сиырда-басжіп.Қойда, ешкіде-көген.

Төрт түліктің атына қатысты шөптер қалай аталады?

ІІІ топ. Жылқы атына қатысты шөптер: атқұлақ, атқонақ,атшоқай,айғырқияқ,айғыржуа,жылқышөп

Сиыр атына қатысты шөптер:бұзаубас,бұзаусораң,сиырбұршақ,сиыржоңышқа,өгізтіл

Түйе атына қатысты шөптер: түйежоңышқа,түйежапырақ,түйеқаран,түйесораң,түйесіңір.

Қой, ешкі атына қатысты шөптер: қозықұлақ,қозықұйрық, қозыгүл,қойжуа, қойқұлақ,

текесақал,ешкімия,ешкітал,ешкісабақ

ІҮ топ. Жыл мезгілдеріне қарай төрт түлік малды қайда бағады?

Малды ауыл жаз жайлауға, күз күзекке,қыс қыстауға көшеді.Үйренген мал өз жайлауын, суатын іздейді.Мал өз иесін,қорасын төлін таниды.Ірі мал басқа жаққа сатылғанда немесе жіберілгенде өзі туып-өскен жерін іздеп табады. Әр мезгілде малдың жүнін, қылын, түбітін алудың да атауы бар.Мысалы, түйені жүндейді, жылқыны күзейді, қойды, ешкіні қырқады,түбітін тарайды.

І топ Малдың негізгі ауруларын атаңдар:Түйеде-ақшелек,қатпа. Сиырда-аусыл,қарасан.

Жылқыда-жамандату,шеміршек,маңқа.Қой,ешкіде-топалаң,кебенек.

ІІ топ Төрт түлікке қатысты салт-дәстүрлер.Көгентүп.

Көгентүп-салт. Туыс,ілік,жұрағат адамдардың қонаққа келгенде оның баласына ескерткіш,сый ретінде берілетін мал.(қозы,қой,бұзау, құлын, тай, бота, тайлақ)

Бұл бала үшін сый,қуаныш болса,оның ата-аналары үшін құрметтеудің белгісі десе де болады.

ІІІ топ Ашамайға мінгізу.

Ашамайға мінгізу-салт. Жас бала есі кіріп 6-7 жасқа келген соң оған жеке тай атап, ашамай істетіп қамшы өріп”сен азамат болдың” деген сенімін ұялатып,үйретілген жуас тайға әсем ашамай ерттеп мінгізіп,жүргізеді.Бұл баланың көңілін өсіреді, басқа балалар алдында мерейі көтеріліп, мақтаныш сезімде болады.Осы қуанышты сәтте баланың атасы:

Ал ақ тілек,ақ тілек,

Атқа тоқым сал білек,

Атқа да жақсы шаба біл,

Жасыңнан малды баға біл,

Өнеге ,өнер таба біл,

Аймағыңа жаға біл.

Атқа міндің, ақ жол болсын-деп бата береді

ІҮ топ Бәсіре

Бәсіре-дәстүр.Бала туған кезде немесе есі кіріп,оң-солын таныған соң,”сүндет тойына” немесе мектепке барғанда атасы, өз әке-шешесі оған тай атайды.Оны “бәсіре” тай дейді.Бала оны ерекше күтімге алады,бағады, үйретеді. Және сол арқылы мал бағуға, еңбекке үйренеді. Өз қатарына

“ бәсіре тайым бар” деп мақтанып, өсіп жүреді.

Сайыс соңында оқушылар шығармашылығы (төрт түлік туралы салған суреттері,өлеңдері,жұмбақ, өтірік өлеңдері)слайдтан көрсетіледі. Жеңімпаз топ марапатталады.

І орын Боталы түйе ІІІ орын Бұзаулы сиыр

ІІ орын Құлынды бие ІҮ орын Қозылы

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок для 2 класса по литературе Төрт түлігім-ырысым"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Администратор баз данных

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 606 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.09.2016 669
    • DOCX 28.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдраимова Гульфира Абдикаримовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9681
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 32 регионов

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 15 регионов

Мини-курс

Управление стрессом и эмоциями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 20 регионов

Мини-курс

Политология: теория, практика, законодательство

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление проектами и стоимостная оценка в современном бизнесе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе