Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Урок для проведения воспитательной работы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Урок для проведения воспитательной работы

библиотека
материалов

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Әлемнің теңдесі жоқ құдіреті »
Сабақтың мақсаты: Білімділігі 8 - наурыз аналар мерекесі жайлы мағлұмат беру.
Оқушыларды наурыз айының ерекшелігімен таныстыру. Ананың қадір қасиеті туралы мағлұмат беру.
Дамытушылығы: Балалардың ой өрісін танымын, анаға деген сүйіспеншілігімен
құштарлығын одан әрі дамыту.
Тәрбиелігі: үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу. Ананың махаббатын аялауға, ана мейрамын бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Шығармашылық ізденіс сабағы.
Сабақтың түрі: Кездесу сабағы.
Көрнекі құралдар: Буклет, плакат, кеспе қағаздар, нақыл сөздер, тарихтағы аналар суреті.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, әңгімелесу, сұрақ - жауап.

Сабақтың барысы: І кезең ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім: Қадірменді ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің жиналып отырған себебіміз – алда келе жатқан көктемнің шуақты мейрамы – Халықаралық әйелдер мерекесі – 8 наурыз! Сондықтан алғы сөзіміз – қасиетті Ана туралы.
Абзал аналар, апа - қарындастар, ару қыздар!
Аймақты нұрға бөлеп, жылы леппен аялап, өңірімізге көгілдір көктем де келді. Халық осы күнді асыға күтеді. Өйткені, көктем жаңарудың басы, тіршіліктің қайта түлейтін шағы. Табиғат ананың осынау мерейлі мезгілінің аналар мейрамымен қатар келуінде терең мән бар. «Ізгілік атаулының бәрі күннің нұры мен ананың ақ сүтінен жаралған» - дейді халқымыз. Ана – тіршіліктің алтын арқауы.Сіздерді байлығы көктем мерекесі, аналар мерекесі, ізгілік, сұлулық, махаббат мерекесімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Асыл ана туралы қасиетті де құдіретті сөздер, аңыз - әңгімелер жеткілікті. «Жәннат – ананың табанының астында» - деген қасиетті хадисте. Осы сөздердің астарында теңіздей терең мағына жатқаны аян. Өмірдің мәні мен сәніне айналған ардақты аналарға берілген ең лайықты баға«Әйел, бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» - деген халқымыз. Қандай нақтылы айтқан ой десеңізші. Шындығында әйелдер қауымынсыз, мына әлемді елестету мүмкін емес. Иә, құдайдан кейінгі құдірет иесі – ана. Адамзатқа әлемнің жарығын сыйлаған ана алдында бәріміз де бас иеміз. Бүгінде ұрпақ өсіруімен қатар, ел еңсесін көтеруде өз үлестерін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандай құрметке болса да лайық.Қарға тамырлы халқымыз әрқашанда нәзік жанды әйел затын қастерлеген, шаңырақтың ұйытқысына, ырыс пен ынтымақтың алтын діңгегіне балаған.Ұлт басына күн туған замандарда ер азаматтардың жігерін жанып, жүрегіне от берген де әйелдер, қаһарман қазақ қыздары.Егер тарихқа үңілсек, аналар қандай ауыртпалықты да халқымен бірге көтерген. Жаугершілікте ерлермен бірге атқа қонып, қолына қару алса, бейбіт кезеңде бесік тербетіп, ұл - қыздарын даналық пен көрегендікке, ізет пен ілтипатқа баулыған. Халық эпосындағы Гүлбаршын мен Құртқа, Ақжүніс пен Назым, бергі дәуірдегі Домалақ ана мен Айша бибі, ұлы Абайды тәрбиелеген Зере мен Ұлжан, қол бастаған Бопай, ел билеген Айғаным, Ұлпан аналарымыз сол әйелдердің шоқ жұлдыздай бір шоғыры. Ал бертін келсек, 1986 жылдың ызғары желтоқсанында мұз құрсауында алау болып жанып, әділдікті талап етіп, әміршіл жүйеге қарсы шыққан жастарымыздың дені – қайтпас, қайсар, қаршадай қазақ қыздары болды.
Бүгінде жасампаз Жолдауымен халық жігерленіп отырған Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен түйіндесек: «Тәуелсіз еліміздің керегесін нығайтып, шаңырағын биік көтеруші тағы да - әйелдер, аналар!». Олай болса ауылымыздың батыр анасы атанған асыл анамыз Нұрғожаева Рая анамызға сөз береміз.




Мұғалім: Міне аналар мейрамы да күлімдеп көктемде келіп жетті. Жер бетінде бүкіл адамзатқа ең қымбат жан - ол ана. Ананың орнын ешкім де баса алмайды. Анаға ән арнамаған әншіде күй арнамаған күйші де жоқ шығар бәлкім.

Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ!

О, аналар осындайсың бәріңде,
Осындайсың жасын, дағы кәріңде,
Сыйынатын осы өмірде құдірет,
Сыйынар ем ана деген тәңірге,



Мұғалім:
Пейілі кең, сезімі терең көлден,
Ананы кем көрмеймін кемеңгерден.
Жақсылықты анадан бастаудың да,
Тәжірибесі қазақта дәлелденген.
Абай оқу бітіріп келген кезде,
Әуелі анасына сәлем берген.
Өміріміз соларға ұқсаса егер,
Өнегеміз озады бар елдерден!

О, анашым, Таянышым, тірегім, Бар бақытты бір басыңа тіледімМен жақсы болса екен деп қашан да, Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің. Туған жердің, Жайнап тұрған даламның Өзіңе деп гүлін үзіп алармын. Жүрек сырын өзіңе арнап жинадым, Міне, гүлім! Мен де гүлдей балаңмынАрдақты ана, аяулы ана, қымбаттым, Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың. Өміріме нәрін берді ақ сүтін, Кең құшағың аясындай гүл бақтың. Ер жеткізіп елге берген баласын, Ақылдысын, ардақтысын, данасың! Қарайтыным қас - қабағын бір сенің, Қайратыңнан қайта көрме, анашым! Аналар, ақ пейілін жайғандарым, Сіздер – менің ең сыйлы меймандарым. Арыстай талай перзент тудыңыздар, Алаштың асқақтатқан айбарларын. «Алдымен жақсылық ет анаңа» деп, Хадисте текке айтпапты Пайғамбарым. Сіздердің арқаңызда еркектер жүр, Сипатып ескен желге айдарларын. Жарық дүние сыйға тартып сәбиге, Мол бақытқа бөленеді ана әрине. Адамзатқа бұл өмірді сыйлаған, Ана сөзі ұлы дайым фәниде. Жас өмірін құрбан қылып бала үшін, Барлығынан артық көрген баласын. Бұл өмірде сыйлап өтем мәңгілік, Қартаймаңдар қасиетті Аналар!!! Бұл жерде таппай тұрмын тіпті байыз. Бар дейсің бұл күндері тіп - тік қай із. Наурызда аналарға сый ұсынып, Жылына бір - ақ рет құттықтаймыз. Аналарға күн сайын алғыс айтпай, Олардың жағдайынан түк те ұқпаймыз. Аналарды ардақтап өту керек, Егер де өссін десек ұлттық пайыз.


Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағың, жыламағың!
Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасындамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз - өзіңнен шашылмағың,
Байырғы берекеңді қашырмағың.
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.
(Тәңірім кеше көрсін кесірімді)
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…
(М. Мақатаев)
Мұғалім:
«Сыйынар ем ана деген тәңірге» тақырыбындағы тәрбие сағатымыз өз мәресене жетті. Бізде қонақта болған аналар ұл - қыздарыңыз бен немерелеріңіздің қызығына тоймай мейрамнан мейрамға аман - есен, дендеріңіз сау болып жете беріңіздер! Қызықты әңгімеңізге үлкен рақмет!
Ана туралы нақыл сөздер
"Ата - ананың қадірін балалы болғанда білерсің"
"Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада"
"Ата - асқар тау, ана - етегіндегі бұлақ, бала - жағасындағы құрақ"
"Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, парызыңнан құтылмассың"
"Атаға қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер"
"Ана аяғының астында жұмақ жатыр"
"Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер"
"Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды"
"Атасы тұрып, ұлы сөйлегеннен без, шешесі тұрып, қызы сөйлегеннен без"
"Баласы атқа мінсе, үйде отырған шешесі тақымын қысады"
К. Д. Ушинский: «Әйелдің өз перзентін үйретіп, өсіруге ұмтылуы қанында бар және оған мұнымен бірге осыған сай қабілет бар».
Б. Г. Белинский: «Ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді».
В. Гюго: «Нәзіктік атаулының жиынтығы - ананың алақаны, сондықтан да ол - сәби үшін ең жылы ұя».
О. Бальзак: «Ана көрегендігінің теңдесі жоқ».







Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы

Тобанияз атындағы орта мектеп







«Әлемнің теңдесі жоқ құдіреті...»



Сыныбы: 10 «А»

Уақыты: 25.02.2015ж.

Сынып жетекшісі: Бегейбаева Ш.Ж.

Оқу жылы: 2014-2015ж.





Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 29.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров107
Номер материала ДВ-393297
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх