Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / Урок1: Excel кестелік процессоры

Урок1: Excel кестелік процессоры


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Excel кестелік процессоры

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды Microsoft Excel кестелік процессорының толық мүмкіндіктерін таныстыру, программаны іске қосу және жұмыс кестесінің элементтері туралы түсінік беру.
Тәрбиелігі: Жаңа тақырыпты түсіндіре отырып, оқушыларды шапшаңдыққа, ептілік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың білімділік, іскерлік дағдыларын арттыра отырып, олардың ой - өрісін дамыту. Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, , оқулық.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Оқушылардың назарларын жаңа сабаққа аудару;

4 Оқушыларды топқа болу
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
(сұрақ - жауап әдісі бойынша)

1.Microsoft Word мәтіндік процессорды қалай іске қосуға болады?
2. Редакциялау дегеніміз не?

3. Мәтіннің бөліктерін көшіру, қиып алу, қою әдістерін атап шығың?
4.Word мәтіндік редакторы дегеніміз не?

5. Мәтінді форматтау дегеніміз? Ожеговтың сөздігінде “абзац” мағынасы?

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар өз орындарына отырғызылады. Әр топта 7 оқушыдан болады және оның ішінде бірі топ басшысы ретінде сайланады.
ІІІ. Жаңа сабақ.

Тарихи шолу.
1979 жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін әдісті ойлап табуға ұйғарды. Олар тарихта бірінші рет кесте бағдарламасын жазып, оны Visible Calculator сөзінен қысқартып, VisiCalk (Көрсеткіш калькулятор) деп атады. Сондықтан электрондық кестелер бағдарламасы, оның ішінде Excel бағдарламасы Дэн мен Бобтың арқасында жүзеге асты.
1985 жылдың мамыр айында Microsoft компаниясы өздерінің электрондық есептеулерге арналған кестелік бағдарламасы МICROSOFT ЕXCEL ойлап шығарды. Үш айдан соң - ақ бұл бағдарлама барлық есеп жүргізушілерге таным болып қолданысқа енді.
1 топ. тапсырмасы

Microsoft Excel редакциясына жалпы мәлімет
Microsoft Excel - бұл құжаттарды тез арада кесте түрінде дайындауға мүмкіндік береді. Ол математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді жеңілдету үшін қолданылады. Сонымен қатар, қарапайым пайдаланушылар элементтер есептеулерді жүргізу үшін қолдана алады. (отбасы бюджеті, ақшалай қаражаттың кірісі мен шығысы). MS Excel - дегі ыңғайлы аспаптардың көмегімен алынған сандық мәндерді талдауға, сонымен қатар, олардың нәтижесін кесте түрінде беруге болады. Осы кестедегі мәліметтер негізінде әртүрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлауға болады. Excel бухгалтерияда қарқынды дамыған, яғни көптеген фирмаларда құжаттар мен есептеулерді дайындауда және әр түрлі есептеулер жүргізуде кеңінен қолданылады.
Excel жұмыс кітабы үнсіз келісім бойынша 3 жұмыс бетінен тұратын дискіде 1 файл сияқты сақталады. Жұмыс бетінің санын бір кітапта 255 бетке дейін көбейтуге болады. Жұмыс кестесі жол мен баған түрінде ұйымдастырылған. Әр - бір бет 256 бағаннан және 65, 536 жолдан тұруы мүмкін. Бағандар латынның А, В, С, Д әріптерімен белгіленеді. Жолдар көмірленеді.
Кестенің жұмыс бетінің ауыстырылуы.
Кестенің қажетті бетін экранға шақыру үшін беттерді ауыстырудың екі әдісі бар.
1. Терезенің төменгі жағындағы қажетті кестенің таңбасын шертеміз. Терезенің төменгі сол жақ бұрышына беттерін таңбаларын айналдыруға мүмкіндік беретін айналдыру батырмасы бар.
2. F5 пернесін басамыз. Переход диалогтік терезесіндегі Ссылка өрісіне таңбаның атын, леп белгісін және ауысу қажет болатын ұяшық тың координаталарын енгізіп, ОК батырмасын шертеміз.
Кестеге жұмыс беттерін қосу үшін, Вставка Лист командасын орындап немесе таңбаны маустың оң жақ батырмасынан шертеміз және Довавить лист белгісінде маусты екі рет шертеміз.
Кестенің бетінің таңбасымен атын өзгерту.
Таңбаның атын өзгерту үшін, келесі әрекеттерді орындаймыз:
1. Қандай да бір таңбада маустың оң жақ батырмасын шертіңдер.
2. Переименовать командасын таңдаймыз. Сонда таңба қара түспен ерекшеленеді
3. Жаңа атауын енгіземіз.
4. Кестенің кез - келген ұяшығына шертіңдер.
Microsoft Excel - дегі деректермен жұмыс істеу.
Деректерді Excel - де енгізу.

2 топқа тапсырма
Microsoft Excel кестелік процессоры деректермен қандай операциялар орындауға болады?
1. Кесте құруға және оларға ат қойып, дискіге сақтауды.
2. Сақталған кестелерді ашуға және оларға түзету жасауды.
3. Кестеден жол, баған немесе ұяшық қосуды.
4. Кестеден жол, баған немесе ұяшықтарды алып тастауды.
5. Жол, баған немесе ұяшықтар ішіндегін көшіруді немесе орын ауыстыруды.
6. Ұяшықтар ішіндегісін өсуі немесе кемуі бойынша сұрыптауды.
7. Пайдаланушының өзі құрастырған формулалар бойынша немесе кестелік процессорда бар дайын формулаларды есептеп жүргізуді.
8. Кесте деректері бойынша диаграмма құруға және оларды кестеге кірістіруді.
9. Кестеге графикалық объектілерді, яғни стандартты суреттер қорынан суреттер кірістіруді.
10. Кестелерді баспаға, яғни принтерге шығаруды.

IV. Практикалық жұмыс
1 - тапсырма
Жұмыс бетінің таңбаларының атын өзгертіңдер. Мыс: Табл1, План сведения (1 - кесте, Жоспар, мәлімет)
2 - тапсырма
1. Пуск/Программы/ Microsoft Excel командасын орындаңдар.
2. А1, В1, С1, Д1 ұяшықтарына баған аттарын, яғни мәтін енгізіңдер.
3. А1 ұяшықтан А8 ұяшығын қоса жол аттарын, яғни мәтін енгізіңдер.
4. А, В және Д бағандарының енін маус көмегімен өзгертіңдер.

V. Қорытынды бөлім.

Өрмекші стратегиясы
1. Microsoft Excel кестелік процессоры деректермен қандай операция орындауға мүмкіндік береді?
2. Жұмыс кестесінің негізгі элементтерін атаңдар
3. Жұмыс кітабы немесе жұмыс беті дегеніміз не?
4. бағанның ені мен жолдың биіктігін қалай өзгертуге болады?
5. Microsoft Excel кестелік процессорын қалай іске қосамыз?
VI. Үйге тапсырма
Microsoft Excel кестелік процессоры.
Excel – дегі деректермен жұмыс істеу тақырыбын оқып келу.
VII. Бағалау.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 01.03.2016
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров72
Номер материала ДВ-496185
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх