Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / Урок "Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс" (9 класс)

Урок "Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс" (9 класс)



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Физика

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_7dc25a31.jpg









Сырман Сарагүл Кенжебайқызы

93 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Лақалы ауылы

Сабақтың тақырыбы: Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс.

Сыныбы: 9

Сабақтың мақсаты:

Білімдік - Тербеліс түрлерімен және олардың ерекшеліктерін түсіндіру арқылы резонанс құбылысын қарастыру.

Дамытушылық - Күнделікті өмірден мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту.

Тәрбиелік - Терең ойлауға, ғылыми ой қозғауға баулу.

Сабақтың типі - Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақтың көрнекілігі – интерактивтік тақта, кеспе қағаздар

Оқыту әдісі - түсіндіру, сұрақ-жауап, есептеу, салыстыру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу. Сынып бөлмесінің және оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

А)Үйге берілген тапсырма бойынша оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды.

Бhello_html_1f85da3d.gif) Формула түрлендіру

1hello_html_m40dae91.gif.

hello_html_25d975ea.gif

2.

hello_html_m348a1421.gif

3.

hello_html_4834de38.gif

4.

hello_html_6b523cbe.gif

5.

6. hello_html_611b511c.gif

7. hello_html_m53d4ecad.gif

hello_html_11c45ddc.gif

8.

hello_html_m106800d3.gif

9.

hello_html_m362152e1.gif

10.

hello_html_766279f0.gif

11.


ІІІ. Жаңа сабақ


1. Еркін тербеліс.

а) Қозғалысын қарастырып отырған денелер тобын денелер жүйесі деп атайды.

жүйеге енетін денелер арасындағы әрекет ететін күштер ішкі күштер, ал жүйеге еңбейтін денелер тарапынан жүйе денелеріне әрекет ететін күштерді сыртқы күштер дейді.

ә) Еркін тербелістің периоды, жиілігі және анықтамасы.

Жүйе тепе - теңдік күйден ауытқығаннан кейін ішкі күштердің әрекетінен тербеліс пайда болады және ол еркін тербеліске жатады.

А: Еркін тербеліс деп дене тепе-теңдік күйінен шығарылғаннан соң сыртқы күштің әрекетінсіз болатын тербелісті айтады.

Еhello_html_m5ac89451.gifскерту:

Т=

hello_html_1a803f7.gif => еркін тербелістің периоды.

Т=




Еркін тербелістің жиілігі меншікті тербеліс жиілігі деп аталады.

Мhello_html_263b8ee5.gifhello_html_3b3d08c4.gifhello_html_m4a6b5ffa.gifеншікті жиілік


математикалық тербелмелі жүйенің серіппелі

hello_html_7d39bd93.gifhello_html_f7f1eb5.gif маятник қасиетіне тәуелді маятник


l - ұзындығына m - массасына,

k - қатаңдығына


2. Еркін тербелістің пайда болуы және өшуі

а)Пайда болуы

hello_html_3502833c.gif Маятник

hello_html_7da6db82.gifhello_html_57679143.gif

Серіппелі Тербелмелі жүйеде ұқсас Математикалық

hello_html_7d39bd93.gifhello_html_7228a17f.gifмаятник күштер әрекет ету керек маятник


Fcep Fa мен Fс

Fx= -kx тең әрекетті күші

hello_html_m6d7455ce.gifhello_html_4650b13b.gif

1.Осы күштің проекциясы

дененің ығысуына пропорционал.

2.Бұл күш дененің тепе-теңдік

күйіне қарай бағытталады

ә)Еркін тербелудің өшуі

Шарты:Үйкеліс күші әрекетінен болады

Себебі:

Тербеліс тез өшеді.

Үйкеліс күші қозғалысқа қарсы бағытталған.

Үйкеліс күші әрекетінен теріс жұмыс өндіріледі.

Механикалық энергия азаяды, ал амплитуда кемиді.

Ескерту:Өшетін тербеліс гармоникалық тербеліске жатпайды.

3. Еріксіз тербеліс.

а) Пайда болу шарты

Тербелісті өшпейтін ету үшін үйкелісті жеңуге кететін энергияны

толықтыру керек.

Энергияны сыртқы периодты өзгеретін күштермен әрекет етіп

толықтыруға болады.

Энергия сыртқы күш жұмысы есебінен толығады.

Мәжбүр етуші күш әсерінен еріксіз тербеліс пайда болады.

а) Анықтамасы: Еріксіз тербеліс дегеніміз – сыртқы периодты күштің

әрекетінен болатын тербеліс

б) Ерекшелігі:

Күштер периодты түрде әсер ету арқылы жүйенің периодты

қозғалысын тудырады.

Мысалы: есік периодты түрде ашылып-жабылады.

Қорытынды:

1. Периодты түрде өзгеретін күш әсерінен тербелмелі жүйеде периодты қозғалыс – еріксіз тербеліс болады.

2. Еріксіз тербелістің периоды мәжбүр етуші күштің периодына тең.

4. Еркін және еріксіз тербелістің айырмашылығы.


Тhello_html_m45185be4.gifhello_html_m41d5c566.gifербеліс


Еркін Еріксіз

1.Энергия шығыны 1. Мәжбүр етуші күш әрекетінен

әсерінен өшеді периодты қозғалыс жасайды

2.Энергия тек 2.Энергия үнемі толығып отырады

қозғалыс басында 3.Орныққан еріксіз тербеліс жиілігі

ғана беріледі сыртқы күш жиілігіне тең

5. Резонанс

а) Мәжбүр етуші күштің тербеліс жиілігі мен тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі дәл келгенде еріксіз тербеліс амплитудасының кенет арту құбылысы резонанс д.а

ә)Пайдасы мен зияны:

hello_html_m16508394.gifhello_html_3f9ede5c.gifРезонанс


Пhello_html_57679143.gifhello_html_57679143.gifайдалы Зиянды


hello_html_70d7db4a.gifhello_html_70d7db4a.gifРезонансты арттыру Кеміту


Қолданылуы Тербелістің меншікті жиілігі

Жол құрылысы сыртқы күш жиілігіне дәл

Үй ірге тасын құйғанда келмейтіндей ету

вибратор - тығыздағыш Көмір.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:

1) а) эксперименттік тапсырма орындау;

б)23-жаттығудың 1-есебі

2) Сұрақты тап

1. а) Дене сыртқы күштің әрекетінсіз тербеледі;

б) Механикалық энергия азаяды, ал амплитуда кемиді;

в) Тербеліс тез өшеді.

2. а) Мәжбүр етуші күш әрекетінен периодты қозғалыс жасайды;

б) Дене сыртқы күштің әрекетінен тербеледі;

в) Үйкелісті жеңуге кететін энергия үнемі толықтырылып отырады.

3. а)Үйкеліс күші қозғалысқа қарсы бағытталған;

б) энергия шығыны әсерінен өшеді;

в) энергия тек қозғалыс басында ғана беріледі.

4. а) жол құрылысында;

б) үйдің іргетасын құйғанда;

в) құйматасты немесе сусыма нәрселерді тығыздау үшін пайдаланылады.

3) Шындық па, жалған ба?

1. Жүйеге енетін денелер арасында әрекет ететін күштер ішкі күштер; (ш)

2. Еркін тербеліс дене тепе-теңдік күйден шығарылғаннан кейін сыртқы күштің әсерінсіз болады; (ш)

3. Еркін тербелістер уақыт өтуіне қарай тоқтамайды; (ж)

4. Еріксіз тербеліс сыртқы күштің әрекетінен болады; (ш)

5. Тербелістің меншікті жиілігі жүйенің қасиеттеріне байланысты емес; (ж)

6. Тербелісті өшпейтін ету үшін үйкелісті жеңуге кететін энергияны толықтырып отыру қажет; (ш)

7. Еріксіз тербелістің периоды мәжбүр етуші күштің периодына тең; (ш)

8. Үйкеліс күшінің тербеліске еш қатысы жоқ; (ж)

9. Резонанс пайдалы да, зиянды да болады; (ш)

10. Терезе әйнегінің дірілдеуі, шыныаяқтардың сылдырауы еріксіз тербеліске мысал болады. (ж)

Ү. Қорытынды (ертегі тыңдау)

Ерте, ерте , ертеде Тербеліс деген қарапайым қарт адам болыпты. Қарттың екі баласы болған екен. Олардың біреуінің аты Еркін, екіншісінің аты Алаңсыз екен.

Бірінші баласы айтқанға елп ете қалатын жақсы азамат болып өсіпті. Оны жұрт ата тегін қоса айтып Еркін Тербеліс деп атайды. Ал екіншісі жалқаулау, айтпаса ештеңе істемейтін, істеседе еріксіз амалсыздан істейді екен. Оны жұрт Еріксіз Тербеліс деп атапты.

Еркін де Алаңсыз да жұмсаған жерлеріне уақытымен барып, уақытымен қайтып отырыпты. Сондықтан оларды қатал тәрбиеленген периодты балалар деп атапты. Олар істеген істерін аз болсын, көп болсын күнделік қылып жазып отырыпты. Сондықтан жұрт гармониялық тербелістер деп атапты. Яғни әдепті жанұя деген сөз екен.

Кейбір кездері ағайындылар келісе алмай жанжалдасып қалатын кездері де болады екен. Бұл жағдайларды резонанстық сәттер деп атаған.

Өмірдегі небір қиындықтарды көріп, жұмыс істемесе ешкімге керек болмағанын білген Алаңсыз «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген халық сөзін есіне түсіріп, ешкімнің көмегінсіз-ақ өзінің күш жігерін жинап еңбек ете бастайды. Бұны көрген туыстары, дос жарандары оны енді Автотербелістер деп атапты Авто-өзіндік күш-қуаты мол деген сөз екен. Тербеліс қарттың балалары ер жетіп үйленіп, Толқын атты немересі болыпты .Ол туралы ертегіні келесі толқындар тарауын оқығанда айтып беремін....

ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма: §28. №23-3







































Тақырыбы: Физика пәнінің үздігі

Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру. Пәнге қызығушылығын арттыру. Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта

Сайыстың шарттары:

І кезең. Білгенге маржан

ІІ кезең. Сандар сыры

ІІІ кезең. Кім не деді?

ІҮ кезең. Адасқан әріптер

Ү кезең. Қызықты тәжірибелер

Барысы:

І кезең. Білгенге маржан

Бұл кезеңде әр оқушыға 2 сұрақтан қойылады. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.

  1. Магниттің күшін қалай жоюға болады? (Сарымсақ пен алмас тастар арқылы)

  2. Пизадағы көлбеу мұнарадан әр түрлі заттарды тастау арқылы еркін түсу үдеуін кім анықтаған? (Галилео Галилей)

  3. Үйкелісті қалай азайтаға болады? (Жанасатын беттерді майлау арқылы)

  4. Үйкеліс неден туындайды? (Бір дене екінші дене бетімен сырғанағанда немесе домалағанда, кедір-бұдырлар бір-бірімен ілініседі де, дене қозғалысын бәсеңдетеді)

  5. Шыбын қабырғамен қалай жүреді? (Бұл бір жағынан үйкеліске байланысты және оның аяқтарында ұсақ ілгіштер болады. Олардың жабысқақ аяқтарының шын құпиясы жүздеген ұсақ, дымқыл түктермен жабылған жұмсақ табандарында)

  6. Энергияның қандай түрлерін білесің? (Потенциалдық, кинетикалық, химиялық, жарық, жылу, электр, ядролық)

  7. Жердегі тіршілік үшін қажетті энергияны қайдан аламыз? (Күннен)

  8. Жылжымайтын тіреуден айнала қозғала алатын қатты дене не деп аталады? (Рычаг)

  9. Ең биік секіру қашан болды? (1960 жылы тамызда, ұшқыш Джозеф Киттенгер (АҚШ) гелиймен толтырылған шармен 31 330 м биіктіктен секірді, бұл Эверест шыңынан 3,5 есе биік)

  10. Ұшу үшін пішіннің қайсысы жақсы? (Қанаттардың ұзын болуы ұшақтың ұшуына тиімді, қанаттардың қысқалығы түрлі қозғалыстар жасауға ыңғайлы )

  11. Шар қабырғаға неге жабысады? (Шарды үйкегенде электрондар шарды теріс зарядпен зарядтайды. Шарды қабырғаға жанастырғанда ондағы электрондарды итеріп, оның бетін оң зарядтайды.)

  12. Найзағай неден болады? (Электр зарядтарынан пайда болатын табиға құбылыс)

  13. Найзағайдың көлемі қандай? (найзағай жарқылының ені небәрі 2-3 см-ді құрайды. Ол сағатына435 км жылдамдықпен зымырай отырып, ауаны 28 000 0С-қа дейін қыздырады. )

  14. Ядроның магниттік қасиеті неше градуста жойылады? (1000 градуста)

  15. Күннің магниттік қасиеті бар ма? (Күннің магниттік қасиеті Жердегіден қуаттырақ)

  16. Қай магниттің магниттік қасиеті күшті? (неодим)

  17. Неодим магниттің магниттік қасиеті темір магниттен неше есе артық болады? (20)

  18. Жылуды бір денеден екінші денеге берудің неше тәсілі бар? (3)

  19. Неге металл суық, ал ағаш жылы болады? (Жылуды нашар өткізетін заттар ұзағырақ сақталады)

  20. Жылу мұзтауда көп бола ма, әлде бір кесе шайда ма? (Бір кесе шайдың температурасы мұзтау температурасына қарағанда жоғары, бірақ мұзтауда жылу көбірек, өйткені оның атомдар саны көп)

  21. Ашық ғарыштағы температура неше градус болады? (-270)

  22. Ауа неше градуста сұйыққа айналады? (-196)

  23. Жердегі ең суық ауа райы (-89)

  24. Темір неше градуста балқиды? (1538)


ІІ кезең. Сандар сыры

1. 354-322 ж.ж. (Аристотелдің өмір сүрген жылдары)

2. 1507 (Н. Коперниктің әлмнің кіндігі Күн, Жер Күнді айнала қозғалады деген пікір айтты)

3. 1590 (Г. Галилей Пизадағы көлбеу мұнарадан шарларды тастап, тәжірибе жасады)

4 1609 (Алғашқы телескоп ойлап табылды)

5. 1642 (Галилей үй тұтқынында отырып қайтыс болды)

6. 1817 («Денни Хорс» деп аталатын әлемдегі алғашқы велосипед ойлап табылды)

7. 1872 («Өрмекші велосипед» жасалды)

8. 1960 (ұшқыш Джозеф Киттенгер (АҚШ) гелиймен толтырылған шармен 31 330 м биіктіктен секірді)

9. 287-212 ж (Архимедтің өмір сүрген жылдары)

10. Б.з.д. 240-жыл (Әлемнің кіндігі Жер деген пайымдау айтылды)

11. 1700 (ғалымдар статикалық электрдің қуатты ұшқынын тудыратын машиналарды қалай жасау керектігін ойлап тапты)

ІІІ кезең. Кім не деді ?

1.Әр адамның бойында білімге деген құштарлық бар. (Аристотель)

2.Шындықтың бәрі ашылғаннан кейін түсінікті; мәселе олардың ашылуында. (Галилей)

3.Егер мен қандайда бір жаңалыктар ашсам, ол таланттың емес, төзімді ықылас танытуымның ғана арқасында мүмкін болды. (Ньютон)

4.Егер табиғат заңдылықтарына қайшы келмесе, әділдіктен асқан нәрсе жоқ. (Фарадей)

5.Жасалған нәрсені ешкім байқамайды, бәрі тек әлі жасалып бітпеген нәрсені көреді. (Кюри)

6.Егер дәйектер теорияға сәйкес келмесе, онда дәйектерді өзгертіңдер. (Эйнштейн)

7.Бүкіл ғылымды физикаға және марка жинауға бөлуге болады. (Резердфорд)

8.Біздің материалдық денелер және күштер деп қарастыратындарымыз – тек кеңістіктің болмысы мен құрылымы. (Шредингер)

9.Ғылымда әркім бұған дейін беймәлім болып келген нәрсені түсінсін деген ниетпен адамдарға жеткізгісі келеді. (Дирак)

10. Өзінің табысына шаттанып «Эврика» деп айқайлаған ғалым кім? (Архимед)

11. Ол адамдадан көңілі қалып, көп уақытын жалғыз өткізеді. Мектепте достары да көп болмады. Бос уақытында ойыншықтар құрастырумен шұғылданды. Әсіресе оның кішкентай жел диірмені балаларды ғана емес, үлкендерді де таңдандырды. Бұл пікір кім туралы айтылған? (Ньютон)

ІҮ кезең. Адасқан әріптер

  1. етрмаяи

  2. неитгмамз

  3. атицваргя

  4. апнса рфесаыс

  5. ышөрентқпа

  6. мнэспрекиет

  7. рицняие

  8. селкоетп

  9. ійсекүл

  10. олидпвесе

  11. янегриэ

  12. джыдлақмы

  13. ажй имхазмне

  14. ыагчр

  15. траысылт

  16. еэртолкн

  17. кравк

  18. ярод

  19. окневцяик

  20. уенсуллеә

Ү кезең. Қызықты тәжірибелер

1. Тиынды судан алу

Тәрелкеге су құйылып, ішіне тиын салынады. Осы тиынды қолыңды суға салмай алу керек. Қағаз, стакан, шырпы беріледі.

2. Секіргіш адам

Жұқа қағаздан қиылған адам бейнелері және үрленген шар беріледі. Шарды 30 секундтай шаштарыңа үйкеңдер, содан кейін фигураларға жақындатыңдар. Не байқадың?

3. Сиқыр жылан

Жұқа қағаз бетіне спиралдың суретін салып, қиып алыңдар. Пластмасса қаламсапты шаштарыңа үйкеп, спиралдың ортасына жақындатыңдар да, жоғары қарай көтеріңдер. Не болғанын айтып беріңдер.

4. Суықтай қайнаған су

Қажетті құралдар: қол сүлгісі, таза стакан, резеңке.

Қол сүлгіні суға малып, оны сығып ал. Стаканды шетіне дейін сумен толтыр. Оның бетін қол сүлгісімен жауып орап, резинкамен бекіт. Орамалдың ортасын суға 2-3 см түсетіндей етіп қолмен батыр. Стаканды көтер де, оның түбінен ұстап төңкер. Екінші қолмен орамалдың астынан ұста. Бос қолыңмен стаканның түбін қағып-қағып қой немесе стканды төмен сілкіп жібер. Не байқадың?

5. Жұмыртқа суда жүзе ала ма?

1. Суы бар стаканға жұмыртқаны ептеп, қасықпен сал. Не байқадың?

2. Жұмыртқаны судан алып, стаканға 5 қасық тұз салып, ерігенше араластыр. Содан соң жұмыртқаны суға сал. Не байқадың?



ҮІ. Қорытынды

Сайыс қорытындыланып, жеңімпаз анықталады.




hello_html_4e185d2f.jpg



















57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 29.08.2016
Раздел Физика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров34
Номер материала ДБ-169570
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх