Инфоурок Логопедия, Дефектология КонспектыУрок "Есімдік туралы түсінік. [с-ш] – дыбыстарының артикуляциясы."

Урок "Есімдік туралы түсінік. [с-ш] – дыбыстарының артикуляциясы."

Скачать материал

БҚО, Теректі ауданы, Подстепный №1 ЖОББМ

Мұғалім-логопед Ескалиева Азида Сагындыковна

Сабақтың тақырыбы: Есімдік туралы түсінік. [с-ш] – дыбыстарының артикуляциясы.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:  Есімдік туралы түсініктерін пысықтау, білімдерін бекіту. Балаларды с-ш дыбыстарын сөзде, буында, сөйлемде дұрыс, анық айтуға баулу. С-ш дыбыстарын жасалу орнына қарай және тіл ұстарту жаттығулары арқылы  үйрету.  Артикуляциялық аппараттарының қимыл-қозғалысын,фонематикалық есту және қабылдау қабілеттерін,байланыстырып сөйлеуін дамыту.

Дамытушылық:  Оқушылардың ойлауын дамыту, зейін көлемін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілетін және өзіндік көзқарасын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, шыдамдылыққа, мейірімділікке үйрету. Бір – біріне көмек беруге, татулыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, карточкалар, жүрек.

Сабақтың әдістері: көрсету,ойын, түсіндіру, практикалық,көрнекілік.

Сабақтың типі: жалпылау, жүйелеу сабағы.

Сабақ барысы:

I.                   Ұйымдастыру бөлімі

Сәлемдесу. Назарларын сабаққа аудару.

1.      Психологиялық – педагогикалық дайындық.

Қайырлы күн, балалар

Қайырлы күн, қонақтар

Сәлем-сөздің анасы,

Сәлем берер әр қазақтың баласы- демекші, қош келдіңіздер құрметті қонақтар.

Балалар, бәрін алдарында тұрған ғажайып ленталарға қараңдаршы. Осы ленталарды сол қолдарыңа ұстап, оң қолдарыңды жүректің тұсына қойып, өз жүректеріңнің қандай екенін айтыңдаршы!

Жүрегім менің: қуанышқа толы, мейірімді, ыстық, батыл, пәк, адал, жылы, жұмсақ, таза, нәзік.

Балалар осы жүректен шыққан жылуды қонақтарға сыйлайық. (алақандағы лентаны үрлеу).

Жақсы балалар, олай болса, сабағымызды бастамас бұрын алдымен қазір жылдың қай мезгілі екенін есімізге түсіріп жіберейік.

Сұрақ – жауап:

-          Жылдың қай мезгілі?(слайд)

-          Жылдың қыс мезгілі

-          Қыс мезгілін атаңдар(слайд)

-          Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

-          Бүгін ақпанның нешесі?

-          Бүгін ақпанның он тоғызы.

-          Аптаның қай күні(слайд)

-          Бүгін сәрсенбі.

Дәптермен жұмыс.

Ендеше дәптерге бүгінгі күнді жазамыз.

Өткенді қайталау.

            Баяғы елді мекенде сөз табы деген орман болыпты. Сол ну орманның ішінде алып бәйтерек өседі екен. Сол бәйтеректің діңгегі есімдік деп аталады. Есімдік діңгегінен жан-жаққа бұталары таралған, осы  бұталарынан 7 жапырақ өркен жаяды. Бірақ бұл ағаштың жапырақтыры бір – біріне мүлде ұқсамайды екен. Бірінші жапырағы, жіктеу есімдігі- ол барлық зат атауын жіктейді.

М –лы: мен оқушымын, сен оқушысын, ол да оқушы. Менің қаламым.  

      Екінші жапырағы, сілтеу есімдігі- оның мақсаты біреулерді нұсқап, көрсетіп, анықтап тұру. М-лы: мынау- Бейбітшілік көшесі. Мынау сыныптың терезесі. Анау сыныптың есігі.

      Үшінші жапырағы, сұрау есімдігі-  сұрақ белгісі арқылы жазылады. Барлығынан өзі сұрайды, өзінен ешкім сұрамайды. Аты айтып тұрғандай сұрақ қойғанды ұнатады.

М-лы: сыныпта неше оқушы бар? Сенің атын кім? Сенің үйің қай көшеде? Сен партада кімме отырасың?

      Төртінші жапырағы, өздік есімдіктері- ол өзімшіл, өзінен басқаны ойламайды. Әр сөзде өзін қыстырып қолданады. М-лы: өзімнің үйім. Өзімнің отырғышым.

      Бесінші жапырағы, белгісіздік есімдігі- ешқашан, ешкімнің атын атамайды. Оның орнына қайсыбір, әлдекім, әркім, әрқалай, біреу деген сөздерді қолданады. М-лы: әлдекім есікті ашты. Көрші үйден біреу келді.

     Алтыншы жапырағы, болымсыздық есімдіктері- ол болымсыздық мағынаны білдіреді. М-лы: сенің жақсылығыңды ешқашан ұмытпаймын. Жол бойында ешқандай із болмайды.

    Жетінші жапырағы, жалпылау есімдігі- ол көпшіл, әрі көңілшек, ештемені бөліп жармайды. Көптік ұғымды береді. М-лы: сыныпта барлық оқушы белсенді. Бүгін бәрі сабаққа келді.

Жалпылау, жүйелеу сабағы.

Жарайсыңдар, балалар, өткен сабағымызды есімізге түсіріп алдық. Ал енді, алған білімдерімізді сайысқа түсу арқылы көрсетейік. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» демекші бүгінгі біздің қатысушыларымыз да білімімен мыңды жыға алатын талапты балалар. Балалар, алда бес кезең бар. Сол кезеңдерден сәтті өтулеріңді тілеймін. Барлық сұрақтарға батыл жауап берулеріңді сұраймын. Әйтпесе қарсыластарыңыз алға озып кетеді.Ол үшін біз  «Бірлік» ұраны: «Бірлік  жоқ болса, ұйым жоқ. Ұйым жоқ болса, күйің жоқ» әрі «Ынтымақ»  ұраны: «Ынтымақ жүрген жерде, ырыс бірге жүреді» деген тобы болып 2 топқа бөлінеміз. Сайысымыз қызықты өту үшін, әр тапсырманы орындаған сайын әр топқа 1 ұпайдан беремін. Ал енді балалар бүгінгі күнімізге, сабағымызға сәттілік тілей отырып «Білгенге маржан» атты бірінші айналымды бастаймыз.

1.      Дидактикалық ойын «Сәйкестендір».

Карточкамен тарату.

«Бірлік тобы»

Менің      добың

Сенің      добым

Сіздің     добы     

Оның      добыңыз

 «Ынтымақ тобы»            

Біздің            доптары

Сендердің     добымыз

Сіздердің      доптарың

Олардың       доптарыңыз

2.      «Тапқыр болсаң, тауып көр»

Есімдіктерді көпше және жекеше түрде жазыңдар.

Қалғандарымыз бос отырмай қимамен жұмыс істейміз. Қай жақта тұрғанын ажырат: Көшелерің, еліміз, орындықтарыңыз, оқушымын, мұғалімсің, оқушылар, оқушымыз.

Сергіту сәті:

Аспанға қарап ай көрдік,

Төменге қарап жер көрдік.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдік.

Бір, екі, үш

Бойға жинап күш.

Айтқан тілді аламыз,

Біз бақытты баламыз.

3.      «Ойлы болсаң,озып көр».

Сөйлемнің ішінен есімдіктерді тауып, астын сыз. Әр топтан кезектесіп шығамыз.

 Көз гимнастикасы

Қане балалар көзімізді бір демалтып алайық. Алдымен жасырған жұмбағымның жауабын тауып алыңдар.

Шыр-шыр етеді,                                    С

Құлағыңнан өтеді.          А                                               Т

Ұстай алсаң,                                          Ғ

Сөйлеп кетеді.                                                   А

Оқушылар көздерімен тақтада жазылған адасқан әріптерді қосып жауабын табады

4.      Жүйрік болсаң, шауып көр.

Жаңылтпашты оқып, есімдікті табу.

(оқушылар с-ш дыбыстарын дұрыс айтуға үйренеді).

Бізде қанша мысық бар?

Бізде қанша күшік бар?

Менде бар

Бір мысық,

Сенде бар-

Бір мысық.

Менде бар да көк күшік,

Сенде мүлде жоқ күшік.

Бізде: қанша мысық бар?

Бізде: Қанша күшік бар?

Шешуін тез таба алсаң,

Сен мендегі күшікті ал!

Қорытынды: - Ал, балалар, сабағымыз аяқталуға жақын қалды, енді істеген жұмысымызды қорытындылап жіберейік. Бүгін біз көп жұмыс жасадық. Жарайсыңдар, балалар, берген тапсырмаларды жақсы орындадыңдар. Енді қай топ қанша ұпай жинады. Ұпай саны екі топтада бірдей екен. Сол себепті екі топты бөліп жармаймын. Сабаққа өте жақсы қатысқандарын үшін тосын сыйымды тарту етемін.

Бағалау: оқушылардың сабақтағы жетістіктері атап айтылады.

Үйге тапсырма: Жаңылтпашты  жаттау, с-ш дыбыстарын дұрыс айтуға машықтану.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок "Есімдік туралы түсінік. [с-ш] – дыбыстарының артикуляциясы.""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель ремонтной службы

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 436 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.05.2016 585
    • DOCX 22.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ескалиева Азида Сагындыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ескалиева Азида Сагындыковна
    Ескалиева Азида Сагындыковна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8797
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

ФГОС ДОО. Развитие поисковой активности, инициативы и познавательной мотивации методом экспериментирования у детей дошкольного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 542 человека

Курс повышения квалификации

Теория и практика психологического консультирования в сексологии

72/144/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 151 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 407 человек

Курс повышения квалификации

Энергосбережение и энергоэффективность

72 ч.

1750 руб. 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 69 человек

Мини-курс

Занимательное обучение русскому языку: основы орфоэпии и тайны русской орфографии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Классики русской педагогической мысли

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы финансовой отчетности

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе