Инфоурок Начальные классы КонспектыУрок "Гүл – ғажайып дүние"

Урок "Гүл – ғажайып дүние"

Скачать материал

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

«ШАҢЫРАҚ» КӨПСАЛАЛЫ МЕКТЕП – ГИМНАЗИЯ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ







Авторы: Шарипова Дильназ Азаматовна



Сынып: 3 «б»



Тақырыбы: «Гүл-ғажайып дүние»



Бағыты: Дүниетану



Жетекші: Бірінші санаттағы бастауыш сынып мұғалімі

Иксанова Шынар Оралбековна













Риддер қаласы

2013 - 2014 оқу жылы





«Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

3 «б» сынып оқушысы Шарипова Дильназдың «Гүл - ғажайып дүние» атты ғылыми жұмысына жазылған

Пікір.

Дильназ «Гүл – ғажайып дүние» тақырыбына жазған ғылыми жұмысында көп еңбектеніп, көп ізденгенін байқауға болады.

Оқушы зерттеу жұмысын жақсы деңгейде жүргізе білді. Зерттеу жұмысын дұрыс жүргізу жолдары таныстырлғаннан кейін оқушы мұғаліммен бірлесе жоспар мен зерттеу кезеңдерін құрып алды. Оны үнемі сақтап, кезең бойынша жұмыс жасады. Оқушы барлық материалдарды өз бетімен таба біліп, зерттеу жұмысын да өзінің еңбекқорлығы мен қызығушылығының арқасында жүргізе алды. Үлкендердің ақыл-кеңестерін дұрыс бағытта қолдана білді. Әр нәрсені жауапкершілікпен орындап отырды.

Жұмысында қосымша деректер көп пайдаланған. Кітапханамен үнемі байланыста болып, газет-журналдардан әр түрлі энциклопедиялардан керекті мәліметтерді ала білген.

Оқушы ізденіс барысында гүлдің шығу тарихы, гүлдің түрлері, ерекшеліктері, адам өміріне пайдасы туралы анықтады.

Дильназдың ізденістерінің, дәлелдемелерінің, тапқырлығының, еңбекқорлығының арқасында алдына қойған мақсатына жеткендігі аңғарылды. Зерттеу жұмысы өте ауқымды. Осы жұмыспен таныса келе жоғары баға бердім. Себебі, өз тақырыбын жақсы деңгейде аша білген.

Ғылыми жетекшісі:

Иксанова Шынар Оралбековна

«Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

3 «б» сынып оқушысы Шарипова Дильназдың «Гүл - ғажайып дүние» атты ғылыми жұмысына жазылған

Аннотация

Шарипова Дильназ өз жобасында көптеген қосымша деректерге сүйене отырып, гүлдің пайдасы, ерекшеліктері, ғажайып дүние екендіктерін көрсете білді. Өзінің жас ерекшелігіне сай салыстыру, дәлелдеу, зерттеу жұмыстарын жасағаны көрініп тұр.

Алынған тақырып өте ауқымды болғандықтан, жан-жақты іздене келе, мәселенің шешімін тауып, дәлелдеу жолдары қарастырылған. Зерттеу барысы төмендегідей бөлімдерге бөлінген:

  1. Кіріспе

Зерттеу нысаны: «Гүл – ғажайып дүние» екенін зерттеу

  1. Негізгі бөлім: «Гүлдердің ерекшеліктері мен адам өміріндегі маңызы»

  2. Қорытынды бөлім:



Оқушының таңдаған тақырыбы бастауыш сынып оқушылары үшін қызықты және тілі түсінікті.Оқушылар гүлдің пайдасы туралы тереңірек білсе,оны қорғауға және табиғатты сүюге үйренеді.











Ғылыми жетекшісі:

Иксанова Шынар Оралбековна

Ғылыми жұмыстың тақырыбы: «Гүл – ғажайып дүние»

Ғылыми жұмыстың өзектілігі:

Гүл туралы деректер анықталып, осы тақырыптың оқушы білімі үшін маңыздылығы.

Ғылыми жұмыстың мақсаты:

Гүлдің түрлерін және адам өміріне, табиғатқа тигізер пайдасын ашып көрсету.

Зерттеу міндеті:

Гүлдердің басқа өсімдіктерден ерекшеліктерін зерттеу. Гүлдердің түрлерін, олардың шығу тарихын білу. Адам өміріндегі пайдасының зор екендігін ұғыну.

Зерттеу болжамы:

Егер адам баласы – гүлдің сұлулығын, нәзіктігін көре білсе, келешекте оның жаны да, тәні де сұлу, ақжүрек тұлға болады.

Зерттеу жұмысының жаңашылдығы:

Гүл ғажайыптары туралы қызықты мағлұматтар жинастыру.

Зерттеу нысаны:

Айналаны қоршаған ортада, негізінен Қазақстанда кездесетін гүлдердің құрылымының ерекшеліктері зерттеу нысаны болып табылады.

Зерттеу әдісі:

Байқау, іздену, салыстыру, мысал келтіру арқылы дәлелдеу, қорытындылау, нәтиже шығару.

Зерттеудің дерек көздері:

Энциклопедиялар, оқулықтар, ғаламтор көздері.

Жұмыстың мазмұны:

1.Кіріспе Зерттеу нысаны: «Гүл – ғажайып дүние» екенін зерттеу

2.Негізгі бөлім: Гүлдердің ерекшеліктері мен адам өміріндегі маңызы.»

3 Қорытынды бөлім

Оқушының таңдаған тақырыбы бастауыш сынып оқушылары үшін қызықты және өзекті.



Пайдаланылған әдебиеттер:



1.Жасыл әлем сырлары.К.Сыбанбеков.Алматы.Рауан.1990ж

2.Хрестоматия.Астана.Арман-ПВ.2007ж

3.Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы.Алматы.Кітап.2007ж

4.Қазақстан табиғаты 1-том,Алматы.2008ж































Кіріспе

Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя бесігі. Ал адам үшін табиғат ең қасиетті де, қастерлі ұғым. Қазақ халқының бар өмірі табиғатпен тікелей байланысты өтіп келеді. Сұлу табиғатты көзбен көріп, жаныңмен сезініп, сол қалпында сүйе білу қандай ләззат!

«Гүл өссе - жердің көркі, қыз өссе - елдің көркі» дейді қазақ. Адам баласы әдемілік пен сұлулық атаулыны әсем жаратылған өсімдікпен өлшейді. «Өмірдің гүлі», «Гүлдей жайна!», «Гүлдей бер!» секілді сөз тіркестері де соның дәлелі. Яғни, гүл әдемілік өлшемінің шыңы. Мейірімділік, махаббат, қуаныш пен ілтипат секілді сезімдерді жеткізуде гүлдің алар орны ерекше. Гүл – жақсылықтың, бақыттың нышаны іспеттес. Гомердің «Гүл берудің ғана артында ешқандай жаман ой тұрмайды. Өйткені оның өзі бар нәрседен хабар беріп тұрады» - деген сөзі ойға орала кетеді. Демек, гүлді ізгі ниет-пейілдің жан жылуының белгісі десек артық айтпаймыз. «Гүл – ғұмыр» - деген тіркестің өзі бойына терең, әрі тұнық мағына сыйдырып тұрғандай.

Гүл адам көңілін үнемі өзіне аударады.Әр түрлі діндегі халықтар гүлдің құдіретін әр түрлі бағалаған.Гүлден алынатын тәтті нәр-киелі болып саналған.Оның дәмін татқан адам мәңгілікке қартаймайды деген аңыз бар.Кейін ғалымдар гүлдердің құпиясын тауып , оны ғылыми түрде түсіндіруге тырысты.Гүлдердің түрлі түсті әдемілігі жануарлар назарын өзіне аударуға арналған екен.

Сондықтан мен осы жер бетіндегі сұлулықтың негізі – гүл туралы тереңірек білгім келіп, гүлдер туралы мағлұматтар жинап, зертттеулер жүргіздім. Алдымен гүлді өсімдіктер, олардың топтары туралы оқып білдім

Сондықтан,осы жер бетінің сұлулығын келтіретін гүлдің құдіретін,табиғатқа және адам денсаулығына тигізер пайдасын ашып көрсету зерттеу тақырыбымның өзектілігі болып отыр.

Ғылыми жұмыстың мақсаты:

Гүлдің түрлерін және адам өміріне, табиғатқа тигізер пайдасын ашып көрсету.

Зерттеу міндеті:

Гүлдердің басқа өсімдіктерден ерекшеліктерін зерттеу. Гүлдердің түрлерін,

олардың шығу тарихын білу. Адам өміріндегі пайдасының зор екендігін

ұғыну.

Зерттеу болжамы:

Егер адам баласы – гүлдің сұлулығын, нәзіктігін көре білсе, келешекте оның

жаны да, тәні де сұлу, ақжүрек тұлға болады.

Зерттеу жұмысының жаңашылдығы:

Гүл ғажайыптары туралы қызықты мағлұматтар жинастыру.

Зерттеу нысаны:

Айналаны қоршаған ортада, негізінен Қазақстанда кездесетін гүлдердің

Құрылымының ерекшеліктері зерттеу нысаны болып табылады.

Зерттеу әдісі:

Байқау, іздену, салыстыру, мысал келтіру арқылы дәлелдеу, қорытындылау,

нәтиже шығару.



  1. Негізгі бөлім:

    1. «Гүлдердің пайдасы мен ерекшеліктері»

Алдымен гүлді өсімдіктер, олардың топтары туралы оқып білдім

В.Циммерманның пікірінше гүлдің пайда болу процесі вегетативтік органдардың пайда болу процесімен қатар жүрген.Бірақта жабық тұқымдылардың шығу тегі туралы гипотезалардың ешқайсысы да мынадай таңқаларлық фактіні түсіндіре алмайды.Ч.Дарвиннің сөзі бойынша жабық тұқымдылардың солтүстік ендікте көп мөлшерде және түрлерінің саны жағынан алуан түрлі болып барлық континенттерде бір мезгілде пайда болуын,сонымен бірге олардың алғашқы рет қай жерде пайда болғандығы белгісіз болып отыр.1954жылы белгілі ботаник-географ М.Г.Попов жабық тұқымдылардың эволюциясының проблемаларын шешуге жол салған бұл теорияға бор дәуірінің бас кезінде басталған, туыстығы жағынан бір-бірінен алыс жатқан түрлер мен туыстардың арасында жүрген будандасу процесстері негіз болды

Гүлді өсімдіктердің алуан түрлілігі таңқаларлықтай. Гүлді өсімдіктер жабық тұқымдылар түрінің ең жоғарғы тобы. Жабық тұқымдылар бөлімі осы кездегі өсімдіктер дүниесінің ішіндегі жақсы жетілгендерінің бірі. Олардың 250 000-дай түрі бар. Жабық тұқымды өсімдіктерде гүл көбею мүшесі болып табылады. Олардың бір-бірінен мөлшері, пішіні, түсі және құрылысы жағынан айырмасы болады. Гүлді өсімдіктердің тұқымы жемістің ішінде жетіледі. Сондықтан бұл өсімдіктерді жабық тұқымдылар дейді. Олардың 450 тұқымдасқа бірігетін 12,5 мың туысы және 250 мыңнан астам түрлері белгілі. Қазақстанда 125-тей тұқымдасы 1000-нан астам туысы, 6000-дай түрі кездеседі.

Гүлді өсімдіктер қосжарнақтылар класы және даражарнақтылар класы болып екіге бөлінеді. Өсімдіктің қай класқа жататындығын оның ұрығының, тұқым жарнағының санына қарай анықтайды.

Осы тақырыпты зерттеу барысында гүлдің де түр-түрі, ерекшеліктері және әр адамға ұнайтын, жағымдысы болатынын анықтадым. Сол арқылы өзіме де ерекше ұнайтын, жаныма жақын гүлдер тобы анықталды.

Мысалы: Раушан гүлі. Оның 3000-нан астам түрі бар. Біздің елімізде 32 түрі өседі. Римде 1 күнді раушан күні деп ерекше қадірлеп, тойлаған. Сондықтан раушан нәзіктіктің символы, рухани күш беретін ерекше шабыт көзі деп бағаланған Қызғалдақ «Тюльпан» негізінен түрік сөзі, бас киім деген ұғымды білдіреді. Осы уақытқа дейін қызғалдақтың Отаны Голландия болып саналатын,2001 жылы Алматы қаласында «Қызғалдақ және Адам» атты халықаралық фестиваль өткізілді. Осы фестивальда қызғалдақтың бірінші Отаны Қазақстан, ал екінші Отаны Голландия деп хабарланды. Ұлы Жібек жолы кезінде қызғалдақ әлем елдеріне таралғаны дәлелденіп отыр.

Қызғалдақтың қорғауға алынған түрлері: Альберт қызғалдағы, Грейг қызғалдағы, Кауфман қызғалдағы, Леман қызғалдағы, Регель қызғалдағы, Шымған қызғалдағы, Шренк қызғалдағы.

Тұңғиық – бұл су өсімдігі. Бір қасиеті – бұл өсімдіктің тез өскіштігі. 3 күн сайын жаңа жапырақ шығарады. Гүлдері жаңбыр алдында жабылып, саяхатшыларға белгілер береді.

Гүлді өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы орасан зор. Гүлді өсімдіктерді халық ғылыми медицинада кеңінен қолданады. Гүлді өсімдіктердің ішінде көкөністік, жеміс-жидектік, эфир майлы, шыны майлы және техникалық түрлері бар. Гүлді реңі, пішіні, аңқыған хош иісі үшін мәдени түрде гүлзарларда өсіреді. Гүлдердің хош иісі бөлініп шығатын эфир майына байланысты. Гүлдер медицина мен парфюмерияда кеңінен қолданылады. Медицинада түймедағы, қырмызыгүл және тағы басқа шипалық қасиеті болғандықтан оларды кептіріп, дәрінің құрамына қосады немесе тұнбаларын пайдаланады.

Дәрілік гүлдердің емдік қасиетін Ежелгі Египетте, Үндістанда, Қытайда, Грекияда және тағы басқа елдердің емшілері білген.

Мысалы: Мені анам суық тиіп ауырған кездерімде түймедағы гүлінің тұнбасымен емдейді.Түймедақ гүлінің тұнбасы денсаулыққа өте пайдалы.

Қазіргі заманда үлкен қалалар мен өнеркәсіп орталықтарының көбеюі және адамдардың ұзақ уақыт кеңседе жұмыс істеуі бөлме өсімдіктеріне деген сұранысты арттырды. Бөлме өсімдіктері бөлмеге таза ауа мен хош иіс, оның ішкі жабдықталуына өзіндік жарасымдылық, әдемілік және үйлесімділігін береді. Мен өз үйімде және сыныбымда бөлме өсімдіктерінің көп болғанын қалаймын және оларға күтім жасауды ұнатамын.

Қала көшелері, жол жиектерін, гүлзарларды әдемілік үшін гүлдердің түр-түрімен әсемдейді. Бұлай әсемдеу қалаға көрік береді және ауаны тазартады. Табиғаттың әсемдігі кез-келген адамның көңіл-күйіне жақсы әсер береді.


Гүлдерді парфюмерияда кеңінен қолданады. Олардан алынған хош иісті майлардан әр түрлі иіс сулар, ауа тазартқыштар, бетке, қолға арналған сықпа майлар, сусабындар дайындайды.

Балаларға арналған сықпа майларын үнемі қолданамын

Раушан гүлінің күлтесінен май алынады. Раушан майы – өте бағалы май. Қош иісті заттар алуға пайдаланылады.Раушан гүлі С дәруменіне өте бай екен.35кг раушан жемісінен 6кг таза С дәруменін алуға болады.Раушан гүлі мен жемісінің тұнбасы денедегі жараны тез жазуға көмектеседі және раушан майынан әр-түрлі хош иістер алады.

Тіпті, тағамдарға да тіл үйірерлік дәм беру үшін қолданады. Макты тәтті тоқаштарға, тәтті нандарға, торттарға қосады.Мысалы: Анам мак дәндерін қосып үнемі тәтті тоқаштар пісіреді.Дәмі тіл үйіреді.

Кактус – адамды жағымсыз әсерлерден қорғайды. Сондықтан оын компьютердің, теледидардың қасына қояды. Себебі, кактус олардан шыққан зиянды энергияны өзіне сіңіріп, адамды шаршатпайды.

Сонымен қатар әлемтану айдары бүгін өз оқырмандарына жер бетіндегі ең құпиялы және ең жұмбақ өсімдіктер – жыртқыш гүлдер туралы  әңгімелейтін болады. Ал сіздің осы бір тылсым жаратылыс иелері туралы бұрын-соңды естуіңіз бар ма? Бұл сұрақ мені де қызықтырды. Сондықтан осы сұраққа жауап іздеуге кірістім.

Әдетте өсімдіктер күн сәулесінен, сонымен қатар тамыры арқылы топырақтан  нәр алып өседі. Ал шыбын-шіркей, құрт-құмырсқаларды аулап, соларды қорек ететін таңғажайып өсімдіктерді табиғат ананың тағы да бір таңдай қақтырар құдіреті екендігін мойындамасқа шара бар ма?

Жыртқыш гүлдер әдетте Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Азияда, Африка мен Аустралияда жиі ұшырасады. Алайда таңсық әрі ерекше өсімдіктерді сүйетін көпшіліктің бағына орай қазіргі таңда мұндай «сүйкімді жыртқыштарды» қарапайым пәтерде де өсіруге мүмкіндік туып отыр.

Барлық жыртқыш гүлдерді өз олжаларын ұстау жолдарына қарай үш үлкен топқа бөліп қарастыруға болады: 1)тұзақ-өсімдіктер; 2) жабысқақ-өсімдіктер; 3)құмыра-өсімдіктер;

Сонымен ең кең таралған жыртқыш гүлдермен таныс болыңыздар:

Шыбыншы Венерина

http://www.massaget.kz/userdata/uploads/u51387/1338496580_muholovka3.jpg

Бұл өсімдіктің атауы - өсімдіктер мен махаббаттың патшайымы Венераның құрметіне берілген. Ағылшынша атауы: Venus flytrap. Олар табиғатта өрмекші, құрт-құмырсқа және ұлулармен қоректенеді. Негізінде бұл өсімдіктер АҚШ-тың Атлантикалық жағалауындағы (Флорида штаты, Оңтүстік және Солтүстік Каролина, Нью-Джерси) ылғалды климатта өседі. Сондай-ақ, бөлме өсімдігі ретінде де өсіруге әбден болады.

Шықшылдықhttp://www.massaget.kz/userdata/uploads/u51387/drosera1.jpg

Шықшылдақ - ет қоректі өсімдіктердің тұқымына жатады. Шалшықта, батпақта, құмдақта, тауда – кез келген жер қыртысында өсуге бейім келеді. Шықшылдақ – көпжылдық өсімдіктер қатарына жатады және көктемде гүлдейді. Негізгі қорегі – құрт-құмырсқалар.

Раффлезия

http://www.massaget.kz/userdata/uploads/u51387/69020827_img_4175.jpg

Раффлезия таңғажайып-гүлі тоғышар өсімдіктер тұқымына жатады. Ерекше әрі сирек кездесетін бұл өсімдік Малакка түбегінде, Суматра, Ява, Калимантан, Филиппин аралдарында өседі.

Гүлдің ерекшелігі – оның көлемі 60 сантиметрден 1 метрге дейін жетеді. Гүлдің атауы - өсімдікті ең алғашқы ашқан Т.С. Раффлзің және атақты натуралист Д.Арнольдтің құрметіне берілген. Олар алғаш рет өсімдікті Суматра аралының оңтүстік-батысынан  тауып, дәл сол жерде оған өсімдіктер әлемінің «ұлы кереметі» деп баға береді.http://www.massaget.kz/userdata/uploads/u51387/2743_original.jpg

Раффлезияны орман шыбындары тозаңдандырады. Гүл оларды өзінің келбетімен және иісімен баурап алады. Иісі мен келбеті керемет екен деп ойлап қалмаңыз! Гүлден іріп-шіріген еттің иісі шығады, ал келбеті қызыл, улы-қызыл, қоңыр түсті, яғни бір қарағанда бұзылған етке ұқсас келеді.

Африкандық гиднора

http://www.massaget.kz/userdata/uploads/u51387/0923bc0b87e6a62ef8487218a13bd86a.jpg

Африкандық гиднора – әлемнің қайталанбас өсімдіктерінің бірі. Аталған гүл өте сирек кездесетін болғандықтан, Африка шөлін жай ғана аралап жүрген адамға оны ұшырата салу өте қиынға соғады. Осы бір табиғат тамашасының кескініне қарап кәдімгі өсімдік деп айта алмайсың. Бір қарғанда саңырауқұлаққа ұқсас келеді. Жалпы өсімдіктің гүлі ашылғанша саңырауқұлақ деп атау дәстүрге айналып кеткен. Шындап келгенде гүлдің атауы саңырауқұлақтың құрметіне берілген. Гиндор – грек тілінен аударғанда «саңырауқұлақ» деген мағынаны білдіреді. Гүлдің көлемі – 10-15 сантиметрді құрайды.

Дүңгіршек

http://www.massaget.kz/userdata/uploads/u51387/puzirchatka.jpg

Жәндікқоректілер тұқымдасына жататын бұл гүл Антрактида және мұхит аралдарынан басқа әлемнің барлық жерлерінде өседі. Өсімдіктер жылдың суық маусымдарында шарпішінді бүршік кейпінде өмір сүреді. Дүңгіршектер – құрт-құмырсқамен қоректеніп суда өседі. Бір таңқаларлығы – дүңгіршектердің тамырлары жоқ.

Өсімдіктің гүлсидамы немесе жапырақсыз бөлігі - 15-41 сантиметрді құрайды және өсімдік су бетіне  5-15 шақты ашық-сары түсті гүл шығарады. Дүңгіршектің тұқымы шар пішіндес болып келеді.

Непентес

http://www.massaget.kz/userdata/uploads/u51387/nepenthes_061.jpg

Бүгінде Непентес гүлінің 120-ға жуық түрі анықталған. Түрлерінің көп бөлігі тропикалық Азияда, әсіресе Калимантан аралында өседі. Сонымен қатар Мадагаскарда, жаңа Гвинеяда, Солтүстік Аустралияда, Жаңа Каледонияда кең тарлаған. Өсімдік атауы – ежелгігрек мифологиясындағы «непенфа» атты ұмыту шөбінің құрметіне берілген.

Мұндай өсімдіктердің басым бөлігі бұталы немесе жартылайбұталы шырмауық түрінде келіп, ылғалды климатта өседі.



Қорытынды

Бәріміз дерлік көктемді гүлімен, жазды жылы күнімен жақсы көреміз. Күн жылысымен дереу гүлді көйлек киюді ұнатамыз. Сол арқылы өзіміздің көтеріңкі көңіл-күйімізді көрсеткіміз келеді. Гүлдің, гүлді ортаның адам баласына әсері зор. Кез-келген адам сияқты мен де сұлулықты ұнататын жанмын. Осыған дейін баарлық гүл маған бірдей, әрі барлығы да әсем болып көрінетін.Енді гүлдердің түрлері,ерекшеліктері туралы білімімді нығайттым.

Гүл - көңілді жайландыруға, ойды демалдыруға таптырмас құрал. Ол тіптен кейде кейбір дерттерді емдейді. Адам гүлге қалай қарым-қатынас жасайды, оны өсіруге қаншалықты ықыластанады, гүл де адамға солай жауап береді. Гүлді адам өз қолымен егіп, күтіп-баптағаны дұрыс. Гүлді шын ықыласыңмен күтіп-баптасаң, ол өскен соң, денсаулығыңа, отбасыңа оң әсерін тигізеді. Ал гүлдердің қасында 1 сағаттай отырсаң, көңіл-күйің көтеріліп, барлық жаман ойдан арылады екенсің.

Сонымен қатар, гүлдер мына бізді, өсіп келе жатқан ұрпақты әсемдікке, ізгілікке тәрбиелейді. Елбасының халыққа жолдаған «Жасыл ел» бағдарламасын орындау жолында өз үлесімізді қосуымыз қажет. Ол үшін табиғаттағы гүлдерді, сыныптағы, үйдегі бөлме өсімдіктерін күтіп-баптап, аялап отыруымыз керек. Өз сыныптас құрбыларым мен достарымның осы тақырып арқылы сондай дұрыс бағытта екендігіне көзімді жеткіздім, білмегендеріне зерттеу барысында білгенімді түсіндіріп, олар да қазір оң көзқараста. Бұлардың бәрі де, зерттеумен айналысуым да мені жан рахатына, көтеріңкі көңіл-күйде болуыма, сол арқылы нәтижелі жұмыс жасауыма өз септігін тигізді. Сондықтан зерттеу барысында қойған мақсатыма жеттім деп есептеймін.

«Гүл» дегенің жүрегі ғой даланың,

Сұлулығы туған жердің қаланың.

Жан тербейтін нәзік, сұлу гүлдерді,

Күтіп баптап аялайтын баламыз.



Жеріміз көрікті,ауасы таза болсын десек жерімізді гүлдендірейік, достар!







































Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок "Гүл – ғажайып дүние""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Интернет-маркетолог

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 973 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.02.2016 3000
    • DOCX 353.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Иксанова Шынар Оралбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Иксанова Шынар Оралбековна
    Иксанова Шынар Оралбековна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6976
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 117 человек

Курс профессиональной переподготовки

Подготовка детей к школьному обучению в условиях вариативного дошкольного образования и реализации ФГОС НОО

Учитель по подготовке к школе (педагог)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 306 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 611 человек

Мини-курс

Основы инженерной подготовки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Готовимся к ЕГЭ по литературе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные стратегии успешного взаимодействия: от понимания до саморазвития

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе