Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Конспекты / Урок "§1.1. Химиялық элементтердің периодтық жүйесін атом құрылысы тұрғысынан сипаттау. §1.2.Химиялық байланыстың түрлері." (11 класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Химия

Урок "§1.1. Химиялық элементтердің периодтық жүйесін атом құрылысы тұрғысынан сипаттау. §1.2.Химиялық байланыстың түрлері." (11 класс)

библиотека
материалов



Сабақтың тақырыбы: §1.1. Химиялық элементтердің периодтық жүйесін атом құрылысы тұрғысынан сипаттау. §1.2.Химиялық байланыстың түрлері.

Кененбаева Жадыра Жұманқұлқызы

Қазалы аграрлы – техникалық колледжінің

химия және биология пән оқытушысы




Сабақтың мақсаты: Оқушылардың перидтық заң, атом құрылысы тұрғысынан химиялық элементтердің периодтық жүйесі, атом құрылысы тұрғысынан химиялық элементтердің периодтық жүйесіне сипаттама беру, атомдағы, изотоптардағы электрондардың таралып орналасуы туралы білімді қайталау;

Оқушылардың химиялық байланыстың түрі және кристалл торлары туралы алған білімдерін жүйелеу;

Дамытушылық:

химиялық элементтердің периодтық жүйедегі орны, атом құрылысына тұрғысынан сипаттама беру, электрондық және графиктік формулаларын құру дағдыларын ары қарай дамыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

жай және күрделі заттардың қасиеттерінің химиялық байланыстың түріне тәуелділігіне болжам жасау, құрамы, қасиеттері және кристалл торы арасындағы байланысқа көңіл аудару, алған білімді жетілдіру; қорытынды жасау;

Тәрбиелік: сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақ типі: жаңа сабақ

Сабақ өткізілу түрі: кітаппен өз бетінше жұмыс , жаттығулар орындау

Құралдар мен реактивтер: Кітап, дәптер, интерактивті тақта, видеофрагмент көрсету

Ұйымдастыру кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

- сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

- оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу, оны өткізу жоспарын көрсету.

Үй тапсырмасын сұрау кезеңі:


Оқушыларды білімді , саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1.Сабақ тақырыбын хабарлау. Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою. Білімді жаңғырту. (Актуализация )

Білімділік міндеттері:

- оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.

- оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы, ой қорытындыларын жасауы, жалпылай және жүйелей білуі. Білімді жаңғырту.

Фронталды әңгімелесу:

1. Реттік нөмірі 21,23- ге сипаттама бер.

2. Реттік нөмірі 9,15- ке тең элементтердің электрондық, графиктік формуласын құрыңдар.

3. Химиялдық байланыстың қандай типтерін білесіңдер? Мысал келтіріңдер.



Жаңа сабақ түсіндіру кезеңі:20 минут

Атомның құрамына оң зарядты ядро мен теріс зарядты электрондар кіреді. Д.И.Менделеев ұсынған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі рет нөмірі сол элементтің атом ядросы зарядының мәнімен сәйкес келеді. Атом ядросы оң зарядты протондар мен заряды жоқ нейтрондардан тұрады. Әр элемент атомының ядро зарядына тең протондар саны тұрақты, ал нейтрондар саны өзгермелі болуына орай изотоптар шығады. Мысалы, табиғатта кездесетін көміртек екі изотоптан тұрады, олар: 126С, 136С. Сонымен қатар атмосфераның радиоактивті изотоптың 146С сілемі табылған. Бұл изотоптардағы нейтрондар саны 6,7,8-ге тең.

Атомдағы электрондар энергия мөлшеріне қарай белгілі бір квант қабаттарына (деңгейлерге) бөлінеді. Ондай энергетикалық деңгейлердің саны-7, олар кестедегі периодтар санына тең. Жалпы деңгейлер мен периодтар санының бірдей болуын атом құрылысы теориясы бас квант санының мәнімен түсіндіріледі.

Әр деңгейде бірнеше деңгейше бар. Деңгейшелер өз кезегінде орбитальдардан тұрады. Мысалы, бірінші квант қабатындағы (n=1) бір деңгейшеде 1s орбиталь, ал екінші қабаттағы деңгейшеде екі түрлі орбиталь 2s,2p, үшіншідегі үш деңгейшеде үш түрлі орбиталь 3s, 3p, 3d бар.

s-орбитальдардың пішіні сфера тәрізді, ал p-орбитальдардың пішіні гантель немесе көлемді сегіздік, d-орбитальдардікі одан да күрделі болып келеді. Әр деңгейшеде бір ғана s-орбиталь, x,y,z осьтері бойынша бағытталған пішіні бірдей үш p-орбиталь бола алады. Олардағы электрондарды да s-электрон, p-электрон деп бөледі.

Мысалы, реттік нөмірлері 3 литий және 6 көміртек атомдарының электрондық конфигурациясын формула түрінде бейнелейік:

3Li 1s22s1

6C 1s22s22p2

Негізгі топшаларда сыртқы қабатта 1-8-гедейін электрон болады бұлар s- р-элементтер; қосымша топшаларда d- және f-элементтер орналасады.


  1. Реттік нөмірі 4,15,31-ге тең элементтерге сипаттама бер.



4

15

31

Топ, период, қосымша топша номері

Бериллий, 2, 2, негізгі

Фосфор, 5, 3, негізгі

Галлий, 3, 4, негізгі

Электрондық формуласы

2,2

2,8,5

2,8,18,3

Графиктік формуласы

1s2

2s2

1s2

2s2 2 p6

3s23 p1

1s2

2s22p6

3s2 3p63d10

4s24p1


s-элемент

Р-элемент

Р-элемент



Атомдар өзара әрекеттескен кезде химиялық байланыс туып, соның нәтижесінде молекулалар, иондар, кристалдар, радиклдар түзіледі. Осыған сай химиялық байланыстың 4 типі бар, олар коваленттік, иондық, металдық, сутектік болып бөлінеді.

Коваленттік химиялық байланыс атомдардың арасында ортақ электрон бұлты түзіліп, ортақ электрон жұбы пайда болғанда шығады. Әрекеттесуге қатысатын атомдары тұрақты әрі тиімді 8 электронды конфигурацияға ие болады, тек сутек үшін 2 электрон жеткілікті. Коваленттік байланыс екі түрлі механизммен түзіледі: бірі – алмасу, екіншісі – донорлы-акцепторлы.

Алмасу механизмі атомдардың жұптаспаған электрондарының бұлттары өзара бүркесіп ортақ жұп түзгенде байланысады. Мысалы сутек молекуласында s – s орбитальдар бүркесіп, полюссіз коваленттік байланыс түзеді:

hello_html_m7ac427f3.jpg

Хлорсутек молекуласында s – және р – орбитальдардағы жалқы электрондардың бұлттары бүркесіп, полюсті коваленттік байланыс түзеді, өйткені ортақ бұлт электртерістігі үлкендеу хлор атомына қарай ығысады:

hello_html_m7ac427f3.jpg


Азот молекуласындағы үш ортақ жұп р – орбитальдардағы жалқы электронды бірдей бұлттардың бұркесуінен туатындықтан, полюссіз болып шығады:

hello_html_m7ac427f3.jpg


hello_html_m1b922bc2.jpg

Үш байланыстың біреуі (ядроны жалғастыратын сызық бойынша бүркесу) σ-, ал екеуі π- (көлденең бұлттарды бұркесу) байланыс болып саналады.

Мүнда еселі байланыстар органикалық қосылыстарда жиі кездеседі. Мысалы көмірсутектерді алайы:

hello_html_m1b922bc2.jpg

Донорлы – акцепторлы механизм бойынша коваленттік байланыс бір атомның дайын жұптасқан электроны екінші атомының бос орбиталіне орналасып, ортақ бұлттар түзгенде орналасады.



hello_html_m1b922bc2.jpg

Металдық байланыс. Металдың кристалдық торының түйіндерінде атомдар немесе олардың иондары орналасатыны белгілі. Металдық тордағы бостау күйдегі делокальданған электрондар көптеген ядролардың арасында өзара тарту күштерін тудырып, метелдық байланыс түзеді. Металдардың сыртқы деңгейіндегі валенттік электрондар саны аз болатындықтан, олардың иондарға айналуы қиын емес:


Ме - пе →Ме +п


Мұндай қабілетті металдар бос күйде де, химиялық әрекеттесу кезінде де көрсетеді. Бос күйдегі металдың белгілі физикалық қасиеттері: электр және жылу өткізгіштігі, қаттылығы, иілімділігі, созылғыштығы, өзіне тән жылтыры, т.б. бұлардың барлығы металдық байланысқат тәуелді.

Сутектік байланыс оң зарядты полюстікке ие болған сутек атомы мен теріс полюсті, электртерістігі күшті, бөлінбеген электрон жұбы бар (көбіне F,O,N, кейдеCL,S) атомдар арасында түзіледі.

Сутектік байланысқа белоктардағы кабонил тобы мен амин тобындағы сутектің арасында түзілген байланыс мысал бола алады:

\ δ- δ+ /

С = О... Н—Ν

/ \


Бұл полинуклеотидтер молекуласында іске асатын молекула ішіндік байланысқа жатады. Ал химияда көбіне молекула аралық сутектік байланыстар кездеседі. Оны этил спиртінің өзінен немесе оны суға араластырғанда жылу бөле жүретін процестен байқауға болады:


hello_html_m1b922bc2.jpg

Кіші молекулалы су, спирт, альдегид тәрізді заттардың қалыпты жағдайда сұйық күйде болуы сутектік байланыстың әсерінен. Сонымен қатар аммиак, фторсутек сияқты газ күйіндегі заттардың оңай сұйылуы олардың молекуласының арасында түзілетін сутектік байланыстарарқылы іске асырылады.

Сутектік байланыспен байланысқан заттар молекулалық кристалдық торға ие болады.

Иондық байланыс катиондар мен аниондардың арасында электростатикалық тартылу күшінің нәтижесінде пайда болады. Химиялық әрекеттескен атомдар 8 электронды тұрақты оттек қабатқа ие болып, катион мен анионға айналу үшін олар күшті металдар мен бейметалдарға жатуы тиіс. Мысалы:


К + · Ғ: → [: К: ]+ [ : Ғ : ]-



3s2 3p64s1 2s22p5 3s2 3p6 2s22p6


Мұндағы кали атомының s – орбитальндегі электрон бұлты түгелдей дерлік фтор атомының р –орбитальіне көшеді, сөйтіп түзілген екі ионның да сыртқы қабаты тұрақты оттекке айналады.

Білімді қорытындылау және жүйелеу:

Дәптермен жұмыс:

  • Коваленттік полюсті және полюссіз байланысқан молекулаларды бөліп жазыңдар:

CL2І, НІ, Вr2, BrCL3, I3N, CF3, S2, H2S, O2, XeO4, P4, C2H2.

  • Мынадай молекулаларды: Ғ2, NF3, BCL3, O2, HI, CH4, BeCL2, N2 , байланысқа

қатысқан электронның түріне сай (s – s , s – p , p – p ) саралаңдар.


VI. Бағалау.

Сабаққа қатысқан оқушыларды білімі мен белсенділігі бойынша бағалаймын.


Үй тасырмасы:

§1.1. Химиялық элементтердің периодтық жүйесін атом құрылысы тұрғысынан сипаттау.

§1.2.Химиялық байланыстың түрлері.

7, 10, жаттығу (8бет). 12 жаттығу (14 бет).


Автор
Дата добавления 13.12.2015
Раздел Химия
Подраздел Конспекты
Просмотров392
Номер материала ДВ-255548
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх