Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыУрок "XXI ғасыр көшбасшысы" (3 класс)

Урок "XXI ғасыр көшбасшысы" (3 класс)

Скачать материал

«ХХІ ғасыр көшбасшысы»
1 - жүргізуші: Мінекей залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қоштаймыз
Кешіккендерді тоспаймыз
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысын біз бастаймыз
2 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
1 - жүргізуші: «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ», «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» – деп халқымыз бекер айтпаса керек. Бүгінгі біздің мектебімізде 2 сыныптар оқушылары арасында өткелі отырған «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. (Әділқазылар мүшесімен таныстыру)
1.
2.
3.
1 - жүргізуші: 
- Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие - тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол – алда,- дегендей ой мен білім жарысына қош келдіңіздер! Сайыскерлермен таныс болыңдар.
2 - жүргізуші:
1 – ойыншы_________________– болашақта журналист болуды армандайды және ол арманына жету үшін бар күш жігерін аямайды.
2 – ойыншы _________________— өскенде халқына адал қызмет ететін полиция қызметкері болуды армандайды.
3 – ойыншы ________________— заң қызметкері боламын деген ойы бар.
4 – ойыншы ________________— эколог болып, Қазақстанды гүлдендіремін дейді
5 – ойыншы _______________— әлемге әйгілі ұшқыш болғысы келеді
6 – ойыншы ____________________ – заң қызметкері болуды армандайды.
7 – ойыншы ________________- болашақта ұстаз болуды армандайды
8 – ойыншы_________________ - болашақта адам жанының арашашысы дәрігер болғысы келеді
1 - жүргізуші: Енді сайысымызды бастаймыз. Сайысымыз
4 турдан тұрады:
1. Бәйге
2. Полиглот
3. «Сөз ойла, тез ойла»
4. «Жас қалам»
«Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» демекші баршаңызға сәттілік тілеймін!
2 - жүргізуші: I – тур «Бәйге»
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер –
деп білімді сарапқа салар сәтті бастайық
1 - жүргізуші: Шарты:
1. Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан 10 сұрақ беріледі.
2. Әр сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар.
3. 2 минут ішінде қойылған сұрақтың жауабын қолдарындағы параққа белгілеп, дұрыс жауапты тексеріп тұрасыңдар. Яғни тұсына «+» белгісін қойындар. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.
4. «Бәйгенің» сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлердің ұпайлары есептелінеді.
1. Қазақ алфавитіндегі әріптер санын көрсет.
а) 40 
б) 42 
в) 38
2. Қай сөзде қате кеткен?
А) Қариа 
б) қария қалам
3. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
А) 2 
б) 3 
в ) 4
4. Зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін қалай аталады?
А) сипаттау 
б) пайымдау 
в) әңгімелеу
5. Бірдеңе жайында хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді қалай атаймыз?
А) лепті 
б) хабарлы 
в) сұраулы
6. Жұрнақтың белгісін көрсет
а) 
б) 
7. Қай сөзге лар жұрнағын жалғауға болады?
А) кітап 
б) тау 
в) жазық
8. Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді қалай атаймыз?
А) туынды сөз 
б) түбір сөз 
в) жалғау
9. Жауын сөзіне дұрыс жалғанған қосымшаны көрсет
А) гер 
б) бек 
в) хана
10) Дұрыс буынға бөлінген буынды тап.
А) Жа - пы - рақ 
б) жап - ырақ 
в) жапыр - ақ
2 - жүргізуші: Келесі айналым – Полиглот. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ғылым біл» дегендей, өз ана тілімізбен қоса орыс, ағылшын тіліндегі білімдеріңіз сараланады.
1. Алыстан қарасаң, аппақ,
Татып көрсең, тәтті - ақ (Қант – сахар - sugar )
2. Жұдырықтай қызыл шар,
Тілді үірген шырын бал. ( алма – яблоко - аpple )
3. Бұл үйге көзсіз боп басың сұғасың,
Бұл уйден көреген болып шығасың.(мектеп - школа - school)
4. Кең әлемді кернейді,
Көзің бірақ көрмейді. ( ауа, воздух, air )
5. Қазақтардың қасиетті саны... «жеті, семь, seven»
6. Кеудесінде жаны жоқ,
Тамырында каны жоқ
Май жейді, су ішеді (көлік - машина - car)
7. Мамықтай ұлпа, қанаттай ақ
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады (Қар - снег - snow)
8. Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ.
Қолына алсаң шешен,
Ақылы асқан көсем
(Кітап - книга - book)
9. Ұшып - қонып тынбайды,
Тасқа соқсаң сынбайды.
Суға салсаң батпайды,
Түскен жерге жатпайды
(Доп - мяч -. ball)
10. Жолбарыстан аумайды
Пеш түбінде аунайды (мысық - кошка cat )
11. Ашылып жабылады
Әр үйден табылады
12. Жылт – жылт еткен
Жылғадан өткен (су – вода - water )
13. Жұпар иісі еседі,
жайнап бақта өседі ( гүл – цветок - flower)
14. Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег - snow)
15. Тар шеңберді айналып,
Тұр қазықта байланып.
Қаға берер таңдайды,
Әдетінен таңбайды.
(Сағат - часы - clok)
16. Бойын жерге жасырған,
Бұрымы бар жасылдан (Сәбіз - морковь - carrot.)
2 - жүргізуші: Әділқазылар есептеп ең аз ұпай жинаған 2 ойыншыны атайды. Оларға өмірде сәттілік тілеп, қош айтысамыз. Ойында жеңілгендеріңмен, өмірде жеңілмеңдер.
Келесі кезекте: «Білімпаз» бұл сайыста негізгі 4 пән бойынша сұрақтар беріледі. Математика:
1. Көбейтудің қасиеттерін ата? (ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімдік)
2. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
3. Ең үлкен 2 таңбалы санға бірді қоссақ неше шығады? (99+1=100)
4. Әлібек 1 күнде 2 ертегі оқыды. Ол 1 жұмада неше ертегі оқиды. Осы қарқынмен? (14 )
Қазақ тілі:
5. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді, олардың түрлері? (қатаң, ұяң, үнді)
6. Қарсы мағыналы сөздерді тауып ата: семіз – (арық), терең – (таяз), қою – (сұйық), қысқарды – (ұзарды)
7. Қандай зат есімді туынды зат есім дейміз? (түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есім)
8. Жұмбақты шеш. Өзім сөзден тұрамын
Біткен ойды құрамын (сөйлем)
Дүниетану:
9. Өсімдік бөліктерін ата? (тамыр, сабақ, жеміс, гүл, тұқым)
10. Дені сау адамның тамыры 1 минутта неше рет соғады? (60 – 80 рет)
11. Ауаның 1жерден 2 - ші жерге ауысуы? (жел)
12. Желдің күші мен бағытын анықтайтын арнаулы құрал? (флюгер)
Ана тілі:
13. Қазақтың көрнекті ақыны, жазушы, тұңғыш ағартушы ұстаз. Қостанай облысында туған. Қазақ балаларына арнап мектеп ашқан бұл кім? (Ыбырай)
14. «Дарабоз» атанған батыр? Кім қойды сол атты? Батырдың шын аты кім? Ол неге солай атанды? (Ерасыл – Қабанбай)
15. Бата дегеніміз не? (той - жиында, дастарқанбасында айтылатын тілек түрі)
16. Абайдың 5 асыл іс пен 5 дұшпанды атап шық?
5 асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым
5 дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ
1 - жүргізуші: «Сөз ойла, тез ойла» сайысына да келіп жеттік. Мұнда сендерге әріптер беріледі, сол әріпке байланысты берілген сұраққа жауап қатасыңдар. Мыс: С әрпі болса, с – дан басталатын жауаптар беріледі.
Сенің атың кім?
Сен нені армандайсың?
Қайда барасың?
Сен не ұнатасың?
Досыңа туған күнге не әпересің?
Қыста не болады?
Мектепке немен келесің?
Демалыста қайда боласың?
Алманың түсі қадай?
10. Достарыңа тілек
2 - жүргізуші: ең аз ұпай жинаған 2 ойыншы шығады
1 - жүргізуші: Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
әрқашанда осы өнерді сөндірмей,
біліміңмен шарықтай бер әрдайым.
2 - жүргізуші: Келесі кезекте 2 жеңімпаз берілген тақырып бойынша шағын эссе жазады.
1 - жүргізуші: Келесі сөзді әділқазы алқасына береміз
2 - жүргізуші: Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,
Бақ - дәулет шалқи берсін жерімізде.
Аман - сау болайықшы көріскенше
Көк байрақ, желбірей түс көгімізде!

 

XXI – ғасыр көшбасшысы (интеллектуалдық сайыс)

Жарияланды 5-05-2013, 17:53 Категориясы: Бастауыш сынып 

«XXI – ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысы
Мақсаты: Оқушыларды білімді, жан - жақты болуға баулу. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Әдісі: баяндау, ой қозғау, сұрақ - жауап
Түрі: Сайыс сабақ
Көрнекілігі: Тірек сызбалар, интерактивті тақта, балдық жүйе

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
- Құрметті оқушылар, әріптестер бүгінгі «XXI – ғасыр көшбасшысы» атты білім сайысына қош келіпсіздер! Бұл білім сайысының мақсаты екінші сынып оқушыларының білім деңгейін жетілдіру, дамыту. Оқулықтан тыс ақпараттармен оқушыларды қаруландыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

- Бүгінгі сайысымыз төрт кезеңнен тұрады. Әр кезеңнен кейін ұпайы аз екі оқушы шығып отырады.
1 - кезең: «Бәйге»
2 - кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»
3 - кезең: «Қызықты тоғыздық»
4 - кезең: «Жорға»

Негізгі бөлім:
- Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп сайысымыз бәйге сайысына кезек береміз.

1 - кезең: «Бәйге». Бұл кезеңде сендер берілген сұраққа бірінші жауап беруге тырысасыңдар. Жауаптарың дұрыс болмаса, келесі оқушы жауап бере алады. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай алуға мүмкіншілік бар. Сонымен, бірлеріңе сәттілік тілеймін!
- Ал, бастайық!

1. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)
2. Қазақ тарихында тұңғыш ғарышқа ұшқан кім? (Тоқтар Әубәкіров)
3. Қ. Р. рәміздерін атаңдар? (Ту, елтаңба, әнұран)
4. Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
5. «Оян қазақ» кітабын жазған жазушы?(М. Дулатов)
6. Екі тәулікте неше сағат бар?(48 сағат)
7. Қазақтың ұлы ақыны?(Абай)
8. Азиада ойындарының бойтұмары не? (Барыс күшігі Ирби)
9. Өсімдік мүшелерін ата? (Тамыр, сабақ, жапырақ, гүл)
10. Қ. Р. мемлекеттік тілі?(қазақ тілі)
11. Теңдеу құр және оны шеш: х пен 50 - дің қосындысы 60 - қа тең.(х+50=60 х=10)
12. 28 сағатта неше тәулік, неше сағат бар?(1 тәулік 4 сағат)
13. Аңыз дегеніміз не? (Өмірде болған, адам басына құрылған әңгімені аңыз дейміз)
14. Топырақтың құрамы? (Су, ауа, шірінді, құм, саз)
15. Түбірге жалғанатын бөлік не деп аталады?((Қосымша)
16. 2 минут 30 секундта неше секунд бар?(150 секунд)
17. Мақалды жалғастыр: Оқусыз білім жоқ,....................(Білімсіз күнің жоқ)
18. Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
19. Тамырлар сөзін сөз құрамына талда
20. а+35қай түріне жатады? (санды өрнек)

2 - кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»
Айыра біл, жақсы менен жаманды,
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағында өмірдің,
Айыра біл, үш тіліңді – дей келе кезекті сайысымыз «Жеті жұрттың тілін біл».
Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда сендер жұмбақтар жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде де әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі. Барлықтарыңа табыс тілеймін!
1. Қабат – қабат қаттама
Ақылың боллса аттама. (кітап – книга - book)
1. Футболшының алаңдағы ойын заты? (доп – мяч - ball)
2. Жүз теңгең болғанша,
Жүз....... болсын. (дос – друг - friend)
3. Әй, керемет бір ит бар
Үй бағады үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді.
Рұқсатсыз ол иттен
Ешкім үйге кірмейді. (құлып – замок - lock)
4. Жеті қазынаның бірі –
Адамды қорып жүретін досы.
(ит – собака - dog)

3 - кезең: «Қызықты тоғыздық»
- Бұл кезеңде сендер өздерің таңдап алған сұраққа жауап бересіңдер. Мына сызбаға назар аударайық! Жеңіл сұрақ алғыларың келсе 20 ұпайлық сұраққа жауап беру арқылы аласыңдар. Мұндағы ең күрделі сұраққа жауап беру арқылы 40 ұпай жинақтауға болады.
20 ұпай: Шоқан туралы көп жазған балалар жазушысы? (с. Бегалин)
20 ұпай: Үш кесіндіден тұратын фигура. (Үшбұрыш)
20 ұпай: 0 ондық 3 бірлік пен 5 бірліктің қосындысы?
30 ұпай: Тыңайту дегеніміз не?
30 ұпай: Лондон олимпиадасында неше алтын алды?
30 ұпай: Жазылуы бір, мағынасы әртүрлі сөз деген не? Мысал келтір.
40 ұпай: Үй тапсырмасына 24 сөз жазуға берілді. Әсел оның 10 сөзін оқыды. Әсел енді неше сөз оқуы керек?
40 ұпай: Қ. Р. Ұлтаралық тілі?
40 ұпай: Көкжиектің негізгі тұстарын ата?

4 - кезең: «Жорға»:
- Сендер бұл кезеңде дайындалған 20 сұрақтың қаншасына жауап берулеріңе қарай ұпай жинауға болады. 1 сұраққа 1 минут уақыт беріледі. 1 сұрақ 1 ұпай болып есептеледі. Барлықтарыңа сәттілік тілеймін!
1. Үш би?
2. Қ. Р. Президенті?
3. Қазақ тілінде неше әріп бар?
4. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
5. Сөйлем неден құралады?
6. «Қасқыр мен түлкі» ертегінің қай түріне жатады?
7. Төрт түлік малды ата?
8. 1 сағатта неше минут бар?
9. Өсімдік тіршілігіне не қажет?
10. «Үлгілі бала» кітабының авторы кім?
11. 1 дм неше см?
12. Жуан дауыстыларды ата?
13. Әкеңнің әкесі саған кім болады?
14. «Қазақ хрестоматиясы» оқулығының авторы кім?
15. Астанамыз қай қала?
16. Ұя салмайтын құс?
17. Абайдың әжесі?
18. Заттың санын білдіретін сөздер қалай аталады?
19. «Байлық пен ақыл» ертегінің қай түріне жатады?
20. 5 ондық пен 3 бірліктің қосындысы неге тең?

1. Орман дәрігері?
2. «Қартқожа», «Ақбілек» кімнің романдары?
3. 12 мен 5 - тің қосындысы неге тең?
4. Дауыссыз дыбыстар нешеу?
5. Балықшы сөзінің түбірін тап?
6. Түйенің төлі қалай аталады?
7. Қосымша нешеге бөлінеді?
8. 12 ай неге тең?
9. Абайдың анасы?
10. 7 ондық 0 бірлік неге тең?
11. Шаршы қандай фигура?
12. Түбір сөз дегеніміз не?
13. Тіктөртбұрыштың қасиеті?
14. «Сұлба» деген не?
15. Ауаның негізгі қасиеті?
16. Буын дегеніміз не?
17. Сапарғали Бегалин қай жақта дүниеге келген?
18. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы кім?
19. 1 метрде неше см?
20. Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған кім?

Қорытынды:
Сайысқа қатысқан оқушылардың арасынан көшбасшы анықталады - ол ұпайы ең жоғары сайыскер. Барлық қатысқан оқушылар белсенді қатысқаны үшін мадақтау.

 

 

 

ХХІ ғасыр көшбасшысы

Категориясы: Ұстаздарға

Сабақтың тақырыбы. XXI ғасыр көшбасшысы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жалпы алған білімдерін тексеру.Математика, ана тілі, қазақ тілі,дүниетану пәндері бойынша білімдерін дамыту.
Сабақтың түрі: Ашық тәрбие сағаты
Көрнекіліктер: Сұрақтар жазылған ұяшықтар,мақал-мәтелдер, карточкалар.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды 3топқа бөліп,топ басшысын тағайындау.
Кіріспе сөз. Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі XXI ғасыр көшбасшысы атты ашық сабағымызды бастайық.
1-ші жүргізуші:Ойынымыз 3турдан тұрады.
I.Бәйге
II.Дода
III.Ақырғы айналым.
2-ші жүргізуші:1-ші турда әр команданың топ басшыларына жеке-жеке сұрақтар қойылады.1 минут уақыт ішінде 7сұраққа жауап беріп үлгеруі керек.Сұрақтар математика,қазақ тілі,ана тілі,дүниетану пәндерінен алынған.Ендеше 1-ші турды бастайық.
Бәйге!
1-ші жүргізуші:
1. Атақты қазақ суретшісі кім?(Әбілхан Қастеев)
2. «Ау, қызғыш құс» кімнің өлеңі? (Махамбеттің)
3. Қазақстанның ең биік тауы (Хан тәңірі 6646 метр)
4.Жарты түзу не деп аталады?(сәуле)
5.Сөз таптарын атап бер (Зат есім, Сын есім, Сан есім, Есімдік, Етістік, Үстеу, Шылау, Одағай, Еліктеу сөздер.)
6.Кітапханада 90 кітап бар. Оның 24-і өлеңдер жинағы,38-і әңгімелер,қалғаны ертегілер. Ертегі кітап қанша?
7. Зат есім дегеніміз не?( заттың атын білдіреді)
2-ші жүргізуші:
1. «Бәйтеректің» биіктігі неше метр (97)
2.Қазақ тілінде неше септік бар?(7)
3. Ата Заң қашан қабылданды? (1995 жылы 30 тамызда)
4. Шоқан Уәлихановтың шын аты кім? (Мұхамедханафия)
5. Ең үлкен көлі (Каспий)
6.Сүті бар бидонның массасы 32 кг,сүтсіз 2 кг.Жартылай сүті бидонның массасы қандай?
7. А.Құнанбаев қай жылдары өмір сүрді? (1845-1904жж).
1-ші жүргізуші:Келесі тур- Дода.Бұл ойында тақтада тұрған 50,40,30 ұпаймен мен көрсетілген ұяшықты таңдап,сұрақтарға жауап береміз.Кезекті алдыңғы турда жоғары ұпай жинаған командадан бастаймыз.
1.50 ұпай: Бір кемпір: Сапырып-сапырып Сарманға бер,
Құйып-құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер
Өзің іш те маған бер деген екен.
Мұны естіген ұрылар –
«Қой мұнымыз болмас.
Бұл үй толы кісі болды,
әрі бізден екі есе артық екен,
кетейік»-деп кетіп қалыпты.
Кемпір тапқырлығымен
ұрылардан осылай аман қалыпты.
Сонда үйдегі адам нешеу, ұры қанша? ( 10 адам, 5 ұры)
2. Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақты қос ешкі
Төрт қозылы екі қой
Бәрін білсең санап қой. (17)
3. Сөз анасы не?
Су анасы не?
Жол анасы не?
4. Мемлекетіміздің астанасы Алматыдан Астанаға қай жылы
ауыстырылды?
5. Сөйлем мүшелерін ата.( бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш).
40 ұпай:
1. Қазақстанда қанша халық тұрады?
2. Қазақстанның ұлттық валютасы қай жылы айналымға шықты?
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранының авторларын ата.
4. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? Ол қай жылы ғарышқа ұшты?
5. «Невада-Семей» қозғалысын кім басқарды?
30 ұпай:
1.Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар? (6)
2.Қатар тұрған 3 санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең. Бұл қандай сандар? (1,2,3)
3.Жыр алыбы атанған ақын (Жамбыл)
4.Көп сөзінің антонимін тап (аз)
5. Қазақстан өз егемендігін қай жылы, қай айда алды?(1991 ж,16
желтоқсан)
1-ші жүргізуші: Қазақ халқы тіл өнеріне, шешендікке зор мән берген. Атақты билер мен шешендер, ақындар мен жыраулар дау шешіп, айтысқанда ұйқастыра өлеңдетіп сөйлеген.Осыған байланысты оқушыларымыздың тіл байлықтарын тексеру үшін 3-ші турды бастайық.
Ақырғы айналым!
2-ші жүргізуші: Бұл турда әр топ тіл , еңбек, туған ел тақырыптарында мақал – мәтел жазып , жарысады.
1) Тіл тас жарады,(тас жармаса,бас жарады.)
2) Ойлап сөйлесең де, (ойлап сөйле.)
3) Көп сөз- көмір, (аз сөз – алтын)
4) Тілі жеткенше сөйлеген шешен,
(Қолы жеткенше нұсқаған көсен.)
5) Тіліңмен жүгірме,
( Біліміңмен жүгір)
6) Ине көзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады).
7) Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).
8) Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ).
9) Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).
10) Шебердің қолы ортақ, ... (шешеннің сөзі ортақ)
11) Бас кеспек болса да, ... (тіл кеспек жоқ).
12) Айтылған сөз, атылған ... (оқпен тең).
13) Бал тамған тілден ... (у тамар).
14) Тауды, тасты жел бұзар, ... (адамзатты сөз бұзар).
15) Жақсы байқап сөйлер, ... (жаман шайқап сөйлер).
16) Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ... (ой өсіреді).
17) Жыланның уы тісінде, адамның уы ... (тілінді).
18) Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ... (шешен боларсың).
19) Сүңгі жарасы бітер, ... (тіл жарасы бітпес).
20) Ана тілін білмеген адам,
(Ештеңе сезбейтін надан.)

Сабақты қорыту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

XXI ғасыр көшбасшысы зияткерлік ойыны

Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар бүгінгі ХХІ ғасыр көшбасшысы интеллектуалдық сайысымызға қош келіпсіздер!!!Бүгінгі сайысымызға төрелік ететін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтсек.

Және әр турда әділ қазылар оқушылардың ұпай сандарын есептеп ұпай саны аз оқушыларды ойынымыздан шығарып отырады . Бүгінгі сайысымыз ІІІ турдан тұрады.

І – тур жалпы сұрақтар.  4 пәннен Қазақ тілі , Қазақстан тарихы, Математика, Физика пәндерінен қойылады.Ұпайды аз жинаған 2 оқушы ойынымыздан шығып отырады.

ІІ – тур Қазақ тілі , Қазақстан тарихы, Математика, Физика пәндерінен ұпайлармен сұрақтар жасырылған. Қай ұпайды таңдап сұраққа жауап берген оқушы сол ұпайға ие болады. Бұл сайысымызда да І турдағы секілді 2 ұпай саны аз оқушы ойынымыздан шығарылады.

ІІІ – тур зымыран сұрақтар ойынымзда қалған соңғы екі оқушыға қойылған 1 минут ішіндегі сұрақтарға қай оқушы көп жауап берсе сол оқушы ХХІ  ғасыр көшбасшысына лайықты деп саналады.    Ойынымыз соңында әділ қазы алқалары ойынымызға қорытынды жасайды.                          

Мақсаты: Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру, білімдерін көтеру.

I – тур

Жалпы сұрақтар

 1. ІІ жақтағы жіктеу есімдігі ?

 (жауап) сен, сендер

2. Есімшенің жұрнақтары ?

(жауап) ған, ген, қан, кен, ар, ер,

3. Қатаң дауыссыздар саны?

  (жауап)  11

4. Ашық буын деген не?

 (жауап) Бір дауыстының өзінен жасалған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталған буын.

5. «Сөз құрамын» «Сөз таптарын» зерттейтін сала?

        (жауап)  Морфология

1. Ұлттық валюта теңгенің айналымға енген уақыты?

         (жауап) 15 қараша 1993 жыл.

  • Қазақстан Республикасы БҰҰ на қашан мүше болды?

          (жауап) 1992 жыл, 2 наурыз.

  • Абайдың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде қашан тойланды?

          (жауап) 1995 жылы

4. Аға сұлтан неше жылға сайланады?

           (жауап)  3 жылға

5. 1680 жылы жоңғарлардың шабуылынан аман қалған қала?

            (жауап)   Түркістан

1. Үлкен хорда?

            (жауап) диаметр

  • Квадрыттық функцияның графигі?

 (жауап) парабола

3.  2006 мен 6002 арасындағы сандарды табыңыз?

(жауап) 4004

4. Барлық қабырғалары тең параллелограм?

 (жауап) Ромб

5. Қабырғалары 6, 8, 10 болатын ұшбұрыштың түрі?

(жауап) Тік бұрышты үшбұрыш

1.Дене пішінінің, V көлемінің өзгеруі?

(жауап)  деформация

2. Жылудың ауа және сұйық ағыны арқылы берілуі?

(жауап) конвекция

3. Дененің өзі алатын үдеуіне ықпал ететін қасиеті?

(жауап) инерттілік

  • Қозғалыстың шапшаңдығын және бағытын сипаттайтын физикалық шама?

 (жауап) жылдамдық

  • Итальян физигі, электр тогы туралы ғылымға жол салушы. Бірінші гальвани элементін жасаушы ғалым?

 (жауап) Вольта

ІІ – тур

1. Қазақ тілі мен Әдебиеті

10        ҰПАЙ

1 Ресми іс – қағаздар стиліне жататын қатар?

А) Газет – журналдар тілі                                                 

В) Өтініш, Сенімхат, Қолхат

С) Ғылыми шығармалар

Д) Көркем шығарма

20          ҰПАЙ

2. Зат есім орнына жұмсалатын есімдік?

А)кейбір

В) әрбір

С) қайсібір

Д) қайсібіреу

30          ҰПАЙ

3. Ілік септігі мен тәуелдік жалғауы арқылы байланыстың түрі?

А) меңгеру

В) қиысу

С) жанасу

Д) матасу

 

40         ҰПАЙ  

 

 

4. «Қандай қиын түйінді де  Әйтеке бауыздап, Қазыбек ұшалап, Төле мүшелеп берер еді»?

А) Ә. Кекілбаев

В) С.Негимов

С) Б. Адамбаев

Д) М.Мағауин

 

50         ҰПАЙ

 

 

5. Бүтіндік, бірлік ерсі боп,

    жатқанда мал жан енші боп

    Тіліміз жаңа тұрыпты,

    Елші боп, әрі емші боп

Осы өлең жолдарының авторы?

А) Т. Молдағалиев

В) Ж. Молдағалиев

С) Қ. Мырзалиев

Д) М. Шаханов

 

2. Қазақстан Тарихы

10         ҰПАЙ

 

1. Қазақстандық студенттердің шетелдік оқу орнында білім алуына мүмкіндік берген бағдарлама ?

А) Келешек

В) Болашақ

С) Даму

Д)  Өркендеу

 

 

20          ҰПАЙ 
 

2. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін 1 ші болып таныған мемлекет?

А) Чехия

В) Словакия

С) Индонезия

Д) Туркия

 

30           ҰПАЙ

 

3. 1997 жылы 10 қазанда қабылданған бағдарлама?

 А) Қ.Р. Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасы

В) Ұлттық валютаны айналымға енгізу

С)  Қ.Р. Рәміздерін қабылдау

Д)  Қ.Р  Президентінің сайлауы бағдарламасы

 

40             ҰПАЙ

 

4. «Ағам да, апам да жоқ, сондықтан менің өзімді майданға жіберуді өтінем» деген сөздерді айтқан кім?

 

А) Кеңес одағының батыры Ә.Молдағұлова

В) Кеңес одағының батыры Т.Бигелдинов

С) Кеңес одағының батыры М. Мәметова

Д) Кеңес одағының батыры М. Ғабдулин

 

50                ҰПАЙ

 

5. 1913 жылы «Қазақ  ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деп жазған кім?

 

А) Ә. Бөкейханов

В) М. Шоқай

С) Т.Рысқұлов

Д) А.Байтұрсынов

 

 

  • Физика

10         ҰПАЙ

  • Электр заряды жоқ бөлшек.

А) (нейтрон)

В) протон

С) электрон

20              ҰПАЙ 

2. Француз физигі және математигі, электр және магниттік құбылыстар арасының байланыс заңын, теориясын жасаған. Магнитизм табиғаты жөнінде гипотеза ұсынған. Физикаға «Электр тоғы» ұғымын енгізген. 

А) (Ампер)

В) Вольта

С) ОМ

30               ҰПАЙ

3. Қозғалыстың шапшаңдығын және бағытын сипаттайтын физикалық шама.

А)(жылдамдық)

В) жол

С) үдеу

40                 ҰПАЙ

4. Кебу процесіне кері процесс

А) (конденсациялану)

В) сублимациялану

С) жылу алмасу

50                  ҰПАЙ  

5. Б.э.д. 287-212 жылдары өмір сүрген ертедегі грек ғалымы, физик және математик. Рычаг ережесін тағайындаған, гидростатика заңын ашқан.  А(Архимед)

В) Аристотель

С) Демокрит

  • Математика

10       ҰПАЙ

1. Тең бүйірлі үшбұрыштың төбесіндегі бұрыш 110 градус қалған екі бұрышы неше градус?

А) 55

В) 45

С) 35

20        ҰПАЙ

2. Математик,  дәрігер, ақын, музыкант екінші Аристотель атанған шығыстың ғұламасы кім?

А) Омар Хаям

В)  Әл Фараби

С) Әл -  Беруни

30         ҰПАЙ

3.Тең бүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы табанынан 3 есе үлкен, ал периметрі  28 см.Үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар?

А)  12,12,4 см

В) 12,21,2 см

С)  15,13,5 см

40         ҰПАЙ 

4. Асан 3 –ке бөлінетін екі таңбалы сандардың ішінен ең кіші және ең үлкен сандардың қосындысын есептеп шығарды. Үсен  3- ке бөлінбейтін екі таңбалы сандардың ішінен ең кіші және ең үлкен сандардың қосындысын есептеп шығарды. Асанның саны Үсеннің санына қарағанда қаншаға көп?

 

А) 5

В) 3

С) 6

 

50        ҰПАЙ

 

5. егер бірінші 100 жұп натурал сандардың қосындысынан бірінші 100 тақ натурал сандардың қосындысын алсақ,онда қандай сан аламыз?

 

А) 300

В) 200

С) 100

ІІІ тур

Зымыран сұрақтар

1. Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы? пи

2. Іргелес жатқан катеттің гипотенузага қатынасы? Косинус

3. «Ақыл ойды тәртіпке келтіретін математика кімнің сөзі? М.В. Ломоносов

4. «Жас арбакештер одағы» құрылды: Петропавлда

5. «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға қатысқан билер: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би

6. Дүниедегі ең үлкен арал ( Гренландия)

7.Әр елдің туын зерттейтін  ғылымды қалай атайды (геральдика)

8 .Патша әйел Томирис қай тайпадан шыққан?(сақ)

9.Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы (домбыра)

10.Экология апатқа ұшыраған теңіз (Арал)

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок "XXI ғасыр көшбасшысы" (3 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Овощевод

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 929 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.12.2015 890
    • DOCX 54.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тойболдинова Арайлым Асхаткызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16681
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 142 человека из 37 регионов

Курс повышения квалификации

Методика повышения техники чтения у младших школьников с ОВЗ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 99 человек из 28 регионов

Курс повышения квалификации

Инклюзивное и интегративное образование детей с ОВЗ в условиях введения и реализации ФГОС НОО ОВЗ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 295 человек из 62 регионов

Мини-курс

Искусство переговоров: стратегии и тактики в различных сферах жизни

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 9 регионов

Мини-курс

Анализ эффективности проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Успешный педагог: навыки самозанятости, предпринимательства и финансовой грамотности

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 16 регионов