Инфоурок Другое КонспектыУрок "Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы

Урок "Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы

Скачать материал

Сынып: 9

Пән: қазақ әдебиеті

Тақырыбы: Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы.

Сабақтың мақсаты:

1.     Білімділік. Ыбырай Алтынсарин өмірі, шығармашылығы мен ағартушылық

қызметі бойынша шолу жасау арқылы оқушылардың білімдерін кеңейту.

2.     Дамытушылық. Мәтінмен жұмыс істеу арқылы оқушылардың сөйлеу

дағдыларын дамыту, сөздік қорын байыту, жұртшылық алдында өз ойларын еркін жеткізуге үйрету.

3.     Тәрбиелік. Қазақ халқының ұлы адамдарды білуге, оларды құрметтеуге, шығармалары

арқылы оқушыларды өнер-білімге, еңбекшілікке, Отансүйгіштікке, адамгершілік-ке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру

Қолданылған әдістер: баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелесу, топтық жұмыс.

Көрнекіліктер: Ыбырай Алтынсариннің портреті, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернаттың, мұражайдың, кесенесінің, шығарған оқулықтардың суреттері.

Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабақ.

-         Сабақты келесілең жолдарымен бастайын:

Өнер-білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып-жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды.

-         Осы өлеңнің авторы кім?

-         Сонымен, сабақтың тақырыбымыз – Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен

шығармашылығы. Бүгін біз қазақ халқының атақты ұлының өмірбаянына, шығармашылығына, ұстаздық – ағартушылық қызметіне шолу жасаймыз.

         Біріншіден, біз үш топқа бөлінеміз, әр топтың өзіндік бағыты болады. Жаңа тақырыпқа аса назар аударыңыз, өйткені сабақ соңында берілген мәтіметтен әр топ өз бағыты бойынша сұрақ қойып, топ басшылары өз топ мүшелерін бағалайды. Бүгін Ы. Алтынсариннің өмірбаянды естерімізге түсірейік.

-         Алдымен, сабақтың жаңа сөздерімен танысып қояйық.

Кіріспе сөз. Ыбырай Алтынсарин өзінің ағартішылық, ақын-жазушылық қызметі мен зор талантын, қайрат-жігерін жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеуге бар күшін жұмасған. Қазақ жерінде жаңа үлгідегі мектептер ашып, қазақ тілінде оқу құралдарын жасаған. Ыбырай бұл жолда сан алуан қиындықтарды жеңе отырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Ы. Алтынсарин – ағартушы, педагог, қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы, ақын, жазушы, туған халқының мақтан тұтатын ардақтысы.

         Ыбырай 1841 жылы 20-қазанда қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді.

         1850 жылы Орынборда жаңа ашылған орыс-қазақ мектебінде оқып жүрген Ыбырайға жолдаған өлең-хатында атасы Балғожа былайша білдірген.

Үміт еткен көзімнің нұры – балам,

Жаңына жәрдем берсін Хақ тағалам.

Атаң мұнда анаңмен есен-аман,

Сүйіп, сәлем жазады бүгін саған.

Атаңды сағындым деп асығарсың,

Надан боп білмей қалсаң, аһ ұрарсың.

Шырағым, мұнда жүрсең не етер едің,

Қолыңа құрық алып кетер едің.

Тентіреп екі ауылдың арасында

Жүргенмен, не мұратқа жетер едің?!

-         Бұл өлеңдегі Ыбырайдың атасы өз мақсаты, өз арманы туралы айтқан.

Өйткені, немересі болашақта білімді, мәдениетті, өз халқы үшін қызмет етуші ретінде көруді аңсаған. Атасы мен анасының үмітін ақтап, 1857 жылы оқуын өте жақсы бағамен бітіріп, 1859 жылдың тамызына дейін өз туған елінде тілмаштық қызметін атқарды.

-         Жаңа тақырып бойынша мәтіндермен танысайық. Бірінші топқа Ыбырай

Алтынсариннің ағартушылық – педагогикалық қызметі туралы, екінші топқа – оның әңгімелері туралы, үшінші топқа – поэзиясы туралы мәтіндер беріледі. Берілген тақырыппен 7 минут шінде танысып, сұрақтарды дайындау және басқа топтарға әңгімелеп беру керек.

-         Берілген уақыт аяқталды, сөз кезегі бірінші топқа беріледі.

1.     Торғай мектебі қай жылы ашылды? (1864 ж.)

2.     Ыбырай Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне қай жылы тағайындалды? (1879 ж.)

-         Екінші тақырып бойынша дайындықтарыңды тыңдайық.

1.     Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы?

2.     Ыбырайдың қандай әңгімелерін білесіңдер?

-         Үшінші топ, сөз кезегі сендерде.

1.     Ыбырай өлеңдеріндегі тақырыптар?

Сабақтың жаңа тақырыпты бекіту.

-         Енді дайындаған сұрақтарыңызды бір-біріне қоясыңдар. (әр топтан 2-3 сұрақ)

Сабақты қорыту.

1.     Ыбырай Алтынсарин кім болған?

2.     Оның туған жері?

3.     Ы. Алтынсарин біздің жерлесіміз болғандықтан, облысымызда оның атымен

нелер аталды?

Үй тапсырма беру.

-         «Ы. Алтынсарин білім беру жүйесінің дамуына қосқан үлесі» тақырыптағы

эссе жазу.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок "Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по безопасности

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 527 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.04.2017 1467
    • DOCX 16.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Барамбаева Карлыгаш Айтбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Барамбаева Карлыгаш Айтбаевна
    Барамбаева Карлыгаш Айтбаевна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 21
    • Всего просмотров: 67267
    • Всего материалов: 26

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой