Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Конспекты / Урок "Қышқылдар" конспект урока

Урок "Қышқылдар" конспект урока



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Химия

Поделитесь материалом с коллегами:


Ғ. Жұмабаев атындағы Боровской орта мектебі








Қышқылдардың жіктелуі,

алынуы,химиялық

қасиеттері.

Сыныбы: 8

Өткізген: Жолмагамбет М.Ж.

Химия пәнінің мұғалімі











Күні:

Сыныбы: 8 .Химия

Тақырыбы:§47 Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері.

Типі: Жаңа білімді меңгерту

Мақсаты: Білімділік:Оқушылардың қышқылдар жайлы алған білмдерін еске түсіру

арқылы, жіктелуі, алыну жолдары, қасиеттері жайында түсінік

қалыптастыру.

Дамытушылық:Өз бетінше жұмыс істеу қабілетін, химиялық

сауаттылығын,ойлай білу дағдысын дамыта отырып

оқыту.

Тәрбиелігі:Оқушылардың дүниетанымын, өзіне қажетті білімді өзі іздеп

тауып ала алатындай тұлғаны тәрбиелеу.Оқушының тұлғалық

қалыптасуын дайындау арқылы, қышқылдардың

өмірде, тұрмыста, қолдануын білуге тәрбиелеу.

Түрі: Демонстрациялық

Әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, талдау

Көрнекілігі:Слаидтар, интерактивті тақта, реактивтер т.б

Барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

3.Жаңа сабақты түсіндіру

4.Жаңа тақырыпты бекіту

5.Үйге тапсырма беру

6.Бағалау

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Елбасы жолдауында 2020жылға дейінгі даму стратегиялық жоспары бойынша алдағы бес жылда химия кешендерінің дамытатындығын айтты.Ол үшін химиялық сауатты,білімді,саналы ұрпақтардың қажет екендігін баса назар аударып сөз етті.Сондықтан біз ел басының сөзіне назар аударып, химия пәнінен терең білім алып ел басы сөзіне лайықты болуға тиіспіз!

Жаңа сабақты бастамас бұрын бүгінгі сабаққа қажетті өткен сабақтардағы мағлұматтарды еске түсірейік.

2. Ұй тапсырмасын сұрау.

Ой-қозғау.(өтілген тақырыпты пысықтау)

І. Сұрақтарға жауап алу

1. Бейорганикалық қосылыстар қалай жіктеледі?

2. Оксидтер дегеніміз не?

3. Негіздер дегеніміз не?

4. Тұздар дегеніміз не?

5. Қышқылдар дегеніміз не?

ІІ. «Адасқан формулаларды» табыңдар.

Оксидтер

CaO

HCІ

CaCO3

Қышқылдар

BaO

Zn(OH)2

H3PO4

Негіздер

H2SO4

K2O

KNO3

Тұздар

NaOH

MgCІ2

AІ(OH)3

Жауабы:

Оксидтер:CaO,BaO,K2O

Қышқылдар:HCІ,H3PO4,H2SO4

Негіздер:Zn(OH)2,NaOH,AІ(OH)3

Тұздар:CaCO3,KNO3,MgCІ2

3. Жаңа сабақты түсіндіру: қышқылдарды қандай белгісіне байланысты жіктей аламыз?

1-тапсырма: Сіздердің алдарыңызда 2 қатарда формулалар тізілген,әр қатардан тек қышқылдарды теріп алайық.

HCІ,NaCІ, HNO3, SO2, K2О, H2SO4

Ca3 (PO4)2,AІ2O3,Cu(OH)2,H3PO4,HF, H2S

Жауабы: HCІ, HNO3, H2SO4, H3PO4,HF, H2S

Сұрақ: Қандай заңдылық байқадыңыз ? Қышқылдардың құрамы қандай болады екен?

Жауап: Тізіп жазып алынған кейбір қышқылдардың құрамында оттегі болса, ал кейбіреуінде оттек элемент жоқ.

Осы белгісіне байланысты қышқылдарда 2 топқа жіктейміз:






hello_html_3d727f1e.gif










Енді қатардан теріп алған қышқылдарды оттек атомына байланысты жіктелуіне мысал етіп жазамыз.



hello_html_14f9bd90.gif









Қышқылдар сонымен қатар сутек атомының санына байланысты бір,екі,үш негізді болып бөлінеді.


Қышқылдардың алынуын «кім зерек» ойынымен жүзеге асырамын. Ол үшін тақтаға реакция теңдеуін мәтінмен жазамын, ал оқушылар сол мәтін бойынша тиісті реакция теңдеуін жазып шығады.


«Кім зерек» ойыны

1.Қышқылдық оксид +су→ қышқыл

2.Тұз+қышқыл→ жаңа тұз +жаңа қышқыл

3.Сутек газы + бейметалл → қышқыл


Қышқылдардың химиялық қасиеттерін жақсы түсіну үшін химиялық тәжірибелер жасаймыз.

1-тәжірибе: Белсенді металл +қышқыл→ тұз+сутек газы


2- тәжірибе: Белсенді металл оксиді +қышқыл → тұз+су


3-тәжірибе: негіз+қышқыл→ тұз+су


4-тәжірибе: Тұз+қышқыл→тұз+су+көмірқышқыл газы


Тәжірибелер нәтижесін оқушылар өздері шығарады.

Бекіту: Оқушылар 3 топқа бөлініп,жасырын сөз жасырылған карточкалар

таңдайды.

І топ: «Сенім»

ІІ топ: «Делегат»

ІІІ топ: «Сайлау»

«Сенім» карточкасын алған топтан топ жетекшісі сұрап оқушыларды өзі бағалайды, мұғалім сенеді, журналға бағасын қояды.

«Делегат» карточкасын алған топ бір оқушыны өздері есеп шығаруға делегат ретінде жібереді.

«Сайлау» карточкасын алған топтан мұғалім өзі бір оқушыны сайлап тапсырма береді.

Үйге тапсырма: §47

Баға алу үшін:

«3»-1,3 жаттығу

«4»- 4,6 жаттығу

«5»- 7,9 жаттығу





















Сабаққа өзіндік талдау.

Мектеп: Ғ. Жұмабаев атындағы Боровской орта мектебі.

Мұғалімнің аты – жөні: Жолмағамбет Меңдігүл Жақияқызы

Пәні: Химия

Сынып: 8

Сабақтың тақырыбы: Қышқылдар жіктетелуі, алынуы, химиялық қасиеттері.

Мен, 8сыныпта химия пәнінен сабақ бердім.

Оқулық авторлары-

Сабақтың білімділік мақсаты қышқылдар жайлы алған білмдерін еске түсіру арқылы, жіктелуі, алыну жолдары, қасиеттері , күнделікті өмірде қолдану салаларымен таныстыра отырып, алған білімдерін жадында сақтау, ойлау қабілетін дамыту; тіл шеберлігін, білімге құштарлығын, дүниетанымдық көзқарасын арттыру.

Оқушыларға эвристикалық тапсырмалар беру арқылы логикалық ой қабілетін дамытуды қарастырсам деңгейлік тапсырмалар арқылы шығармашылық жұмысына басшылық жасадым.

Сонымен қатар оқушылар теориялық білімін практикада ұштастырып, болашақ өміріне қажетті мәліметтер алды.

Сабақта түрлі әдіс тәсілдер қолданылып, топпен жұмыстан жеке жұмыстарға дейін жүргізіліп, оқушылар тез ойлап, есте сақтау әрекеттерін дамытуға толық қатысты.

Сабақта алдыма қойған мақсатыма жеттім, оқушылар осы тақырып бойынша теориялық және практикалық білім негіздерін алды. Өз бетімен ізденіп, шығармашылық жұмыс істеуге машықтанды.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 22.10.2015
Раздел Химия
Подраздел Конспекты
Просмотров143
Номер материала ДВ-086146
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх