Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Урок "Қыз тәрбиесі ұлт тәрбиесі"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Урок "Қыз тәрбиесі ұлт тәрбиесі"

библиотека
материалов

Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі

Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті – мультимидиялық кабинет жабдықтарын пайдалану.

Әдісі: пікірлесу, әңгімелесу, сұрақ-жауап, салыстыру

Түрі: пікірталас

Безендірілуі: Шарлар, гүлдер, тақырыпқа орай жасалған көрме, ұлағатты сөздер жазылған қағаздар

Тренинг: мектеп жантанушысы Зайнулина Ф.А.

Жүргізуші:

Қыз бала – бойжеткен, келін, ана,

Бәрі де дер кезінде дара тұлға.

Ұрпағыңның ойласаң болашағын,

Қызды сыйла, жамағат, қызды сыйла!

Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар, кешіміздің қонақтары! Бүгін мектебімізде осынау нәзік жандар, әсем арулар тақырыбына арналған «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» атты шарамызға қош келдіңіздер!

Келе жатқан халықаралық әйелдер мерекесі құтты болсын! Бүгінгі тілге тиек болар әңгіме жастарға, оның ішінде қыз балаларға беріліп жатқан тәрбие. Сөз басын елбасымыздың Нұрсұлтан Әбішұлының «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман елдерінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі де – біздің қазақ » , – деген сөзбен бастайық.

Халқымыз «қыз – қонақ» деп, төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген. Жалпы бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Ата-бабаларымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қанша ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек ата-анасы жауапты емес, бүкіл ауыл, ел жауапты болып отыр.

Келесі видео фильмге назар аударыңыз «Қыз тәрбиесі»

Осыған орай бүгінгі шарамызды ІІІ топқа бөлу арқылы пікір алмасамыз.

І топ Аналар тобы

ІІ топ: Ұстаздар тобы

ІІІ топ: Қыздар тобы

Сұрақ: ата бабамыздың тәрбиесі мен қазіргі тәрбиенің айырмашылығы бар ма? Бар болса неде?

Жауап:

Мұғалім:

Мектеп өмірінде өнегелі істер мен сыпайылық қарым- қатынасқа тәрбиеленген қыздар, болашақта да ертең еңбек еткенде де жақсы жақтарымен көпшілік құрметіне бөленуі сөзсіз. Қыздардың бірі - жаңа буырқанған бұлақтың бастауы болса, екіншілері - ағысы қатты арналы өзен сияқты, бірі момын да, жуас , енді бірі өткір де өжет. Қыз баланың физиологиялық, психологиялық даму кезеңдерін басшылыққа ала отырып жүргізілетін тәрбие жұмыстары өз нәтижесін бермей қоймайды.

Бастауыш сыныптағы қыз бала ұқыптылыққа, тазалыққа, үлкенді және достарын сыйлауға , мектепте өзін-өзі ұстауға тәрбиеленсе, 5-7 сыныптар аралығындағы қыз балалар тәрбиесі алғашқы кезеңдегі тәрбиені жалғастырады. Қыздардың мінез тұрақтылығын қалыптастыра отырып инабаттылыққа, әдептілікке, ізет пен мәдениеттілікке тәрбиелеу қажеттілігі тууда.

8-11 сыныптар арасындағы қыз баланының қоғамның белсенді мүшесі екенін ұғынуға, адал достықты , таза махаббатты түсінуге тәрбиелеу. Өнерге, мәдениеттке, өткен тарихқа, отаншылдыққа өз көзқарастарын тәрбиелей отырып, отбасының алтын арқауы - негізі болуға үйрету. Мейірімділік пен қамқорлық қасиеттерін, ізеттіліктерін қалыптастыру. Өйткені қыз бала алдында қоғамның, елдің, ұлттық тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғанын олардың санасына жасынан құйып, әдеп пен сыпайылық, тазалық пен адамгершілік нәрімен сусындатып, білікті, білімді, жан-жақты жетілген қыз баланы тәрбиелеуіміз керек.

Сұрақ:

Біздің халқымызда «қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, жан- жақты сұлулықтың рәмізі ретінде қолданылады. Қазіргі кезде мектептегі кейбір қыздарымыздың тәртібінің төмендеп бара жатқандығы. Яғни ибалы қыздарымыздың арасындағы келеңсіз жағдайлар оқу – тәрбие жұмыстарына кесірін тигізіп жатқаны рас. Оқушыларымыздың осындай теріс жолға түсуіне бірден -бір себепші кінә – теледидар. Себебі оның қай арнасын қоссаң да қантөгіс, кісі өлтіру, тыржалаңаш әйелдердің ерсі қылықтары. Бұны көрген бала оған еліктеп көргенін істегісі келеді. Одан қала берді ұялы телефон. Оның әр түрлі хабарласу түрлері бар. Онымен айналысқан бала оның жағымды жақтарынан гөрі жағымсыз жақтарына құмар. Осыған шектеу қойатын бірден бір адам, ол ата- ана.

Бірінші сұрақ: Аналар тобына:

Қыздарыңызға не себепті қымбат ұялы телефон сатып әпересіз?

Жауап:

Балаңыздың немен шұғылданатының білесіз бе?

Жауап:

Қандай сайттарға кіреді?

Жауап:

Ұялы телефон не үшін керек деп ойлайсыздар?

Ұстаздар тобына:

Мектепте ұялы телефон ұстаған дұрыс па?

Жауап:

Оқушылардың әртүрлі желілерде отырғаны дұрыс па?

Жауап:

Мектепте оқушы немен шұғылдануы керек?

Қыздар тобына:

Қымбат ұялы телефонды не үшін ұстайсың?

Жауап:

Мектептің ережелеріне жүгінесің бе?

Жауап:

Қандай желілерде отырған ұнайды?

Жауап:

Үйдегі баланың немен шұғылданып жатқанына бір мезгіл көңіл бөліп, сабағына қараса.Ұлы мен қызын тек тамақтандырып, киіндірумен шектелмей халқымыздың әдет-ғұрпын үйретіп , үлкенді сыйлауға, кішіге ізет етуге тәрбиелеу басты мақсат болуға тиіс. Сондай- ақ қыз баланы кішкентайынан еңбекке баулыса ертеңгі күні нағыз маман дайындалатыны анық. Баласының болашағына әрбір ата-ана жауапты болғаны ләзім.

Біздің  халықта ежелден  келе  жатқан  ұғым – тәлімде өнегелі  қыздың ер  жетіп  өсуі ата-анаға және  оның  тәрбиесіне  байланысты. Данышпан  ақын  Жүсіп  Баласағұн  өзінің  «Құтты  білек» деген  еңбегінде  « Қызға үлгі  көрсет , ерлік  ізгілікті басшылықа ала отырып, әдеп  пен инабаттылықты  үйрет.  Сұрағанын  бер, көз  алдыңнан  таса  қылма, мықтап  күзет. Мезгілі  жеткенде  тұрмысқа  бер» дей  келе қыз  баланың  барлық  талап – тілегін орындау  арқылы қатал  ұстауды   міндеттеген.

Сонда  ғана  мына  келеңсіз  жағдайлар  азаятыны  анық. Шынында  мына  заманда  бала  тәрбиесіне бейтарап қарауға болмайды. Баланы  сәт  сайын қадағалап, сабағын  тексеріп,жүріс  тұрысын  бақылап  отыру  қажет. Бала  тәрбиесі  мектеп  кезінде  ғана  емес, мектеп  жасына  дейін де, одан кейін  де  басты  назарда болуы  шарт. Үйдегі  бір-екі баланың  тәрбиесімен  айналыса  алмасақ, онда  қандай  ата-ана болғанымыз.   Ал мұғалімдердің қарауында  қаншама оқушылар  бар.  Олардың  әрқайсысының мінездеріне, еркеліктеріне төзіп, олардың  әрқайсысына сабақ  үйретудің өзі  оңай  емес. Кейбір  ата-аналар «Бала  тәрбиесіне  ұстаздар  жауапты, олар  сол үшін  айлық  алады»  деп бар  жауапкершілікті  мұғалімдердің    мойнына  арта  салады. Тәрбиесі  қиын, үлгерімі нашар оқушыларымыздың  ата- анасымен сөйлесейік деп  шақыртсақ, олар  уақыттыры  жоқтығын  айтып  келмейді. Тіпті  мектептің  табалдырығын  аттамайтын  ата- аналарымыз  да  бар. Сөйте  тұра  баланы  дұрыс  оқытпайсыңдар  деп  мұғалімдерді  кінәлайды. Сабақтан  соң  бала үйде  болады  12 сағатыңыздың 1 сағатын ғана балаңызға  қисаңыз, сіздің балаңыз тәртіпті  де, озат оқушыға айналуы мүмкін.

Ортақ сұрақ: Бала тәрбиесіне ұстаздар жауапты, әлде ата ана жауапты ма?

Видео ролик: Қыз тәрбиесі

Қазір  мектепте   « мектеп формасы»  дегенімізге  4-5 жылдай  болып  қалды. Бірақ кейбір оқушыларымыз дженсий шалбар мен  тырысып қалған , түрлі жылтырақтары  бар юбкаға (белдемшеге) құмар – ақ.  Оны әперетін  кім?  Әрине  ата-ана. Неге « мектеп па,  мектеп  формасын ки» -деп  айта алмаймыз. Сол  ақшаға мектеп  формасын әперіп , баламызды киіндіріп  қоймаймыз. Мектепте бір  іс-шара өткізетін  болса  көптеген  оқушы  қыздарымыз  тырыстырып  шалбармен келеді.Тіпті  көшеде  де белдері  мен  кіндгін көрсетіп шалбар киген қыз  баланы көреміз.

Ұстаздар тобына:

Мектеп формасы қандай болу керек?

Жауап:

Аналар тобына:

Ал сіздердің ойларынызша мектеп формасы қандай болу керек?

Жауап:

Сіздерге тыртиған шалбар мен джинсий шалбар неліктен ұнайды?

Жауап:

Қыз балалардың көрiктi болып өсуiне ертеде аналары ерекше көңiл бөлген. «Аттың көркi – жалы, арудың көркi – шашы» деп ұққан аналар қыздың шашын дұрыстап күтiп-өсiрудi өнер санаған. Шаштарын қос бұрым немесе бестемше етiп өру бойжеткен қыздардың көркi болған. Халық жырларында аруларды «Шашының ұзындығы iзiн басты» немесе «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты» деп сипаттаған.

Ортақ сұрақ:

Ал қазіргі таңда қыздарымыз шаштарын жалбыратып, жайып жібереді. Бұрынғы кезде ата бабаларымыз шаштарын үйде біреу қайтқанда жалбыратқан , ал қазіргі қыздарымыздың бұл қылықтары дұрыс па?

Жауап:

Өмірдің бар қызығы бала деген. Өміріміздің қызығы- балаға дұрыс тәрбие бере алмасақ, оның келешегіне де үміт артпай-ақ қояйық. Күндіз –түні тынбай еңбектенсеңіз мол ақша  табуыңыз мүмкін, ал есейген  балаңыздың бойына сіңіре алмаған тәрбиені күндіз  қолыңызға шырақ алып іздесеңіз де  таппайсыз. Сондықтан  да басты назарды бала  тәрбиесіне аударайық. Ағашыңыздың жемісін  жегіңіз  келсе, шыбық кезінде  дұрыстап қараңыз. Сонда  ғана еңбегіңіз  еш кетпейді.

«Қызым үйде, қылығы түзде» дейді екен бұрынғылар. Қыз баланың бойына асыл қасиеттерді дарыту тек құлаққа құюмен, ақыл айтумен не болмаса «Қызды қырық үйден тыюмен» шектелмейді, мәселе қай

кезде, қандай жағдайда орынды ақыл ұсынып,үлгі -өнеге көрсету қажет. Ізеттілік, көргенділік нәресте кезінен ана сүтімен бойға сіңеді. Қатты күлмеу, айқайлап сөйлемеу, үлкеннің жолын кеспеу,

ыдыс аяқты салдырлатпау, алдымен кіріп, артымен шығу, есікті теуіп ашпау, босағаны кермеу, ұсынған кесені төмен қарап беру, үлкендерден жоғары отырмау тәрізді тіпті қыз баланың отырысына, жүрісіне, аяқ басқанына, киім киісіне, қимыл- қозғалысына, дауыс ырғағына дейін мән берудің өзі қыз бала тәрбиесіне аса зор мән беріп, көңіл қоюдың жауапкершілігін сездіреді.

Ортақ сұрақ: «Қазіргі қазақ қыздары бұзылу қаупін кешіруде» - дегенге не дейсіз? 

Мектебіміздегі қыздардың тәрбиесіне көңіліңіз тола ма?

Постер толтыру:

ІІІ топқа бірдей сауал: Қазіргі заман қыз тәрбиесі Өткен ғасырдағы қыз тәрбиесі тәрбиесі

Бүгін біз қыз бала тәрбиесіне қатысты көптеген ойларымызды ортаға салдық, ендігі кезек «Жағдаяттан қалай шығасың?» ситуациялық сұрақтар

«Жағдаяттан қалай шығасың?»

Аналар үшін:

І. Сіз көшеде өтіп бара жатырсың. Көшеде екі қыз бала төбелесіп тұр. Сіз оларға не айтасың немесе қасынан өтіп кете бересің бе?

ІІ. Сіз қоғамдық орында келе жатырсың. Алдыныздан екі қыз темекі тартып, жерге қоқыстарды лактырып келе жатыр. Сіз қандай күйде боласың. Қоқыстарын жинатасыз ба? Қандай әрекет жасайсыз?


Ұстаздар үшін:

І. Қыз бала тәрбиелеуде мектеп пен отбасының қайсысының міндеті көбірек, неліктен?

ІІ. Қыздардың барлығын да «әдеміліктің, әдептіліктің, сұлулықтың символы» деп айтуға бола ма?

Қыздар үшін:

І. Сен үйде жалғызсың. Бір мезетте саған достарын мектепке шұғыл бару керектігі туралы хабарласып, телефон шалды. Сен ата-анана звандап ескертейін десең телефондарын үйге тастап кеткен. Сен не істейсің? Ескертпей кете бересің бе немесе үйде қалып қоясың ба?

ІІ. Сенің үйіне қонақ келіп қалды, ата анаң жоқ, сен қандай әрекет жасайсың?

Жүргізуші:

«Қыз- ұлттың жаны» демекші, ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы, даламыздың гүлі, өміріміздің сәні бола беріңіздер!Әдемі болыңдар, әсем болыңдар! Ақылды болыңдар! Сұлу да сымбатты болыңдар! Саналы болыңдар! Қыздар ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ, ұрысқақ болмаңдар!Инабатты, ілтипатты, ұйымшыл болыңдар! Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тұтқасы – сендерсіңдер!

Қыз баланың бүгінгі алған тәлімі – ата-ананың, бүкіл бір аталы рудың мерейі, қазақтай ұлттың айнасы. Сондықтан да ар мен абыройдың алдында қашанда тәрбиелі болыңдар.

Бойында намыс оты ойнаған, ұлт тәрбиесін сіңірген, иманды да инабатты, тәрбиелі, ана тілін ардақтаған қазақтың текті қыздары көп болғай! Дей отырып бүгінгі отырысымызды Дәулетбек Шұғыланың « » әнімен аяқтаймыз.



























Қазіргі заман ағымына сай қыздар тәрбиесінде төмендегідей басты мәселелерге көңіл бөлінуін баса айтқым келеді:

  • Ата-аналармен тығыз байланыста болу, баласы туралы пікір алмасып әңгіме жүргізіп отырып тәрбиелеу өз нәтижесін бермек. Себебі, қай бала болса да (қыз, ұл) алдымен тәрбиені отбасынан алады, ата-анасына еліктейді, соларды қайталағысы келеді, ал бала жас шыбық тәрізді, қалай баулыса солай қарай бой түзейді.

  • «Қызға қырық үйден тыйым» деп, қыз баланың әлдебір іс-әрекетіне үзілді-кесілді тыйым салу, жылылық танытпай ұрысып, зеку зиян, керісінше баланың жағдайымен санасып сеніміне кіру, сырласып дос бола білу керек.

  • Отбасы  дұрыс, мәдениетті қарым-қатынаста болуы.

  • Өз ұлтының намысын жоғары қоя білетін, елінің сөзін сөйлейтін жас ұрпақты баулып,тәрбиелеу үшін «мұны білуге әлі ерте, оған тыйым салынады» деген тежеулерді алып тастап, баланы бұғаулы ойдан, шектеулі ұғымдардан құтқару қажет, қайта баланы ойын еркін айта білуге жетілдіріп, білігіне жетелеп отыруымыз керек.

  • Жас ұрпақты адамға тән табиғи сезіммен өмірді, табиғатты сүйе білуге, құрметтеуге үйрету.

  • Жаратылыстың ақиқатын, болмысты ашық, бүкпесіз көрсетіп ұғындыруға арналған мектеп — шындықты үйрету мектебі болуы керек.













Автор
Дата добавления 03.03.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров271
Номер материала ДВ-502139
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх