Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Урок казахского языка на тему "Көп мағыналы сөздер" (5 класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Урок казахского языка на тему "Көп мағыналы сөздер" (5 класс)

библиотека
материалов

Пән: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Көп мағыналы сөздер

Сынып: 5

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Көп мағыналы сөздер туралы түсінік беріп, жаңа тақырыпты мысалдар арқылы меңгерту. Лексикалық талдау жасата отырып, сөздердің мағыналарын таныту.

Дамытушылық:Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық, ойлау қабілеттерін арттыру, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуін дамыту.

Тәрбиелік: Ана тілін сүюге, қадірлеуге баулу, сөз өнерін құрметтеуге, тіл құрметін сезіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдістері: сұрақ - жауап, баяндау, талдау.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет

Сабақ көрнекілігі: кесте, венн диаграммасы.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылардың сабаққа қатысуын, даярлығын тексеріп, назарларын сабаққа аудару;

2.Үйге берілген тапсырманы сұрау.

Пысықтау сұрақтары

1. Сөз деген не? Белгілі бір ұғым берілген атау.

2. Сөз мағынасы деген не? Сөздің ішкі жағы, яғни мазмұны.

3. Сөздің қандай мағыналары болады? Тура және ауыспалы мағыналары.

4. Сөздің тура мағынасы деген не? Негізгі, бастапқы мағынасы.

5. Сөздің ауыспалы мағынасы деген не? Келтірінді мағынасы.

58 – жаттығу. Мәтінді оқып, мазмұндаңдар.

Достарың мен жолдасарыңының болғаны қандай жақсы! Олармен бірге жүргенде өзіңе-өзің сенімді боласың. «Көп көтерген жүк жеңіл»,-дейді халық мақалы.

Сен бірде ауырып, оқуға бара алмай қалдың делік. Бірнеше күн өткеннен кейін зерігіп, жалғызсырай бастайсың. Көңіліне сағыныш ұялап, достарыңды көргің келеді. Бұл сезімің түсінікті де:өйткені ешкімде жалғыз өмір сүре алмайды. Ал достарың көңіл күйіңде сұрауға келгенде, төбең көкке жеткендей қуанасың.

Достан жасырар сырың жоқ. Ол қашан да жан-күйінді бірден түсінеді. Егер сенің осындай досың болса, оны қадір тұтып бағала, ұсақ-түйекке бола онымен ренжіспе, орайы келгенде оған жәрдем етуге әрқашан да әзір бол. Адалдық –достықтың ұлы заңы.

Тапсырмалар:

1қатар

*жүк, күн, жан, ұлы сөздерінің әр түрлі мағыналарын ашатындай сөз тіркестерін құрап жазыңдар.

2 қатар:

*Мәтін мазмұнына сүйене отырып, өз досың туралы шағын мәтін құрап жазыңдар.

3 қатар:

*Дос, жолдас сөздеріне анықтама беріп көріңдер.

ІІ. Жаңа сабақ.

Көп мағыналы сөз

Сөздер өзінің негізгі мағынасынан басқа да мағынада қолданыла береді. Бірнеше мағынада қолданылатын сөздерді көп мағыналы сөздер дейді.

Көп мағыналы сөздер көркем шығармаларда жиі қолданылады. Өздерінің шығармаларында ақын-жазушылар кейбір сөзді екі не үш мағынасында қатар алып жұмсай береді.

Көп мағыналы сөздер мен омонимдерді шатастыруға болмайды. Көп мағыналы сөздердің әр мағынасы бір-біріне жақын, бір-бірімен байланысты болса, омоним сөздердің мағыналары бір-бірімен байланысты емес, мағыналары бүтіндей бөлек болады.



Мысалы:

hello_html_4717aa64.jpg

Адамның басы;

hello_html_m800bdb7.jpg

Шөптің ең жоғары жағы;

hello_html_10c5b0de.jpg

айуанның басы;

hello_html_mf57ccc.jpg

ағаштың ең жоғары жағы;

hello_html_m1eccaa02.jpg

жәндіктің басы

hello_html_4b40ba0a.gif

бұлақтың басталған жері;

hello_html_3e370c3f.gif

өзеннің басталған жері.

III. Салт-дәстүр: Оқушыларға суреттер беріліп, сурет бойынша мәтін құрастыру керек. Мәтінін ішінде көп мағыналы сөздер болуы керек.


hello_html_m469d3d21.jpghello_html_6b1513eb.jpg

hello_html_m2b548643.jpg

IV. Жаттығулар жұмысы

51 – жаттығу. Оқып шығып, көп мағыналы сөздердің бәрі де бір сөз табына қатысты болатынына көз жеткізіңдер.

Төмендегі сөздердің қосымша туынды мағаналарын анықтап, кестені толтырыңдар.

55– жаттығу. Мәтінді көшіріп жазыңдар.

1. Атадан бала туса игі, ата жолын қуса игі, бетіне келер ұятын өзі біліп жуса игі.

2. Көп баланың ішіндегі қарт бала болар, көп қарттың ішіндегі бала дана болар. 3. Білген кісі тауып айтады, білмеген кісі қауып айтады.

4. Ас қадірін білмесең, ашаршылық берер сазаңды; ат қадірін білмесең, жаяушылық берер сазаңды.

5. Сиыр сипағанды білмес, жаман сыйлағанды білмес.

  • Адамның қандай қасиеттері айтылған?

  • Мәтіндегі көп мағыналы сөздердің астын сызыңдар.

  • Ауыспалы мағыналы сөздерді қолданып, сөйлем құраңдар.

V. «Коллаж» әр топқа суреттер берілді.

Бірінші топ: салт-дәстүрлер;

Екінші топ:ұлттық ойындар;

Үшінші топ:ұлттық тағамдар.

VI. «Буындық лото» ойыны.

Сөз құрау.

Бе, жа, ас,кө

Бас, кілт, құлақ, бел

VII. Бекіту:

1. Балалар бүгін біз сабақта қандай тақырып өтік?

2. Көп мағыналы сөз дегеніміз не?

3. Көп мағыналы сөздердің омонимдердің қандай айырмашылықтары бар?

4. Сабақтан алған әсерлерінді жүрекке жазып беріндер. hello_html_m767edcb2.png

VIII. Үйге тапсырма беру. 60 – жаттығу.

IX. Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан балаларды бағалау.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 09.10.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров128
Номер материала ДБ-248584
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх