Инфоурок / Другое / Презентации / Урок казахского языка на тему "Өмір маған ақыл айтты – сол ізгі" (8 сынып)

Урок казахского языка на тему "Өмір маған ақыл айтты – сол ізгі" (8 сынып)

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов
Сабақ барысы: І . Ұйымдастыру бөлімі. ІІ. Ынтымақтастық атмосферасын орнату...
Үй тапсырмасын тексеру. Кімнің сөзі……. "Әпке" пьесасындағы кейіпкерлерді анық...
 Өмір дегенді қалай түсінесіңдер ? Өмір сөзін тағы қалай айтуға болады?
Әбілхасан Рудаки (858 - 941) «Өмір маған ақыл айтты – сол ізгі» Әлем әдебиеті...
Сабақтың мақсаты: - Әлем әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі Әбілхасан Рудаки өм...
Адасқан сөздерді табу. 1. Әбілхасан Рудаки Самарқан маңындағы Парсы – тәжік а...
Парсы-тәжік классикалық әдебиетінің негізін салушы Философ Заманында «Ақындар...
«Өзара оқыту» әдісі бойынша оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды. «Өмір маған ақыл...
Әр топ екі шумақтан компазициялық талдау жасау керек. Өмір маған ақыл айтты-...
Тапсырма: Әңгімелесу. Өмір тек бақытты кездерден тұра ма? І. Есенберлин мен Б...
Сабақты бекіту: Дискуссиялық карта. р/с Мысалдар Ия , Жоқ 1. Әбілхасан Рудак...
Ең бастысы – жүрегің таза болсын; Өмір - сенің мүмкіндігің,пайдалана біл; Өм...
Өміріңе немқұрайлы қарама Тыңда, досым, мен айтайын от тілек, Дүниеден кетті...
Үйге тапсырма 1. Әбілхасан Рудаки өлеңінен өзіңе ұнаған жолын жаттау. 2. Өмі...
Өмірді аяла Өзіңе сен,өзіңнің күшіңе сен, Қос қолыңмен істелген ісіңе сен. Ал...
15 1

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Сабақ барысы: І . Ұйымдастыру бөлімі. ІІ. Ынтымақтастық атмосферасын орнату
Описание слайда:

Сабақ барысы: І . Ұйымдастыру бөлімі. ІІ. Ынтымақтастық атмосферасын орнату мақсатында «Сәттілік сәті» «Мен сізге тілеймін» атты шырмауық ойыны. ІІІ. Топтың атына түсінік беру. «Қазақ әдебиеті» және «Әлем әдебиеті» ІV. Топты бағалау туралы түсінік беру.

№ слайда 2 Үй тапсырмасын тексеру. Кімнің сөзі……. "Әпке" пьесасындағы кейіпкерлерді анық
Описание слайда:

Үй тапсырмасын тексеру. Кімнің сөзі……. "Әпке" пьесасындағы кейіпкерлерді анықтау. Илансаң бар ғой, әпке, таңертеңнен бері Гаухар екеуміз дым сызған жоқпыз. Ойбай – ау, сендердің қарындарыңның аш екенін білмей қалдым ғой, тамақты мол жасайтын едім. О,о, біздің уйде той боп жатқан – ау шамасы. Бүгін екі жылдан бері бір заводта істеп келе жатқан менің ең жақсы досым Сұлтанның туған күні. Таба алмай жүрген асыңның, ит жегенін қайтесің, ретсіз бөлген дүниенің айтшы, құдай, төресін. Мен бейтаныс адамдардың алдында пікір айтпаймын. Жақында бір балаға мұғалім: «Екі алмаға үш компот қосқанда неше болады» деген сұрағына ойланбастан компот, деп жауап беріпті. Сенің жауабың осындай. Бірнеше күн жолынды тосқанымда, маған арнағаның осы бір – ақ сағат болғаны ма? Мен сені түсінемін. Бірақ, амалым не? Үйдегі төртеуі төрт азамат болмай, өз басымның қамын ойлауға хақым жоқ. Дегенмен, бізді ұнатпай қалғаны анық. Тілінің уы бар қыз екен. Таптырмайтын деликатес. Менің тілім міне, кішкентай – ақ. Төртеуіңе жете қояр ма екен? У –у неткен байлық. Ал, біз Гаухар екеуміз ақшаның жоқтығынан күні бойы тамақ та іше алмадық. Байлық еш уақытта жұртқа бірдей бөлінбейді. Жарайды, ас үйге барып бірдене әзірлесейін, жоғары мәртебелі тақсыр. Қазіргі заманда жұрттың бәріне ұнай беру шарт емес. ХХ ғасыр – ғылыми – техникалық прогрестің ғасыры ғана емес,субъективті пікірдің ғасыры. Ал, Сұлтан, бұл кісі – менің әпкем, өзім мамуля деп атап кеткем. Жігіттер, қыздар, жоғары шығыңдар. Ермекжан, сен өз бөлмеңе бара ғой, кәне. Наз, сен де осы үйдің қонағымысың? Мамуляға көмек бермейсің бе? Сен өз сұрағыңа өзің жауап беріп отырсың ғой. Мен өз пікірімді айтсам, демек ол субъективті пікірім, ал көпшілікке ұнайтын ойымды айтсам, ол объективті пікір. Егер жұмысқа сен орналастырсаң, мен саған борышты боламын. Тұрмысқа шықпаймын деп айту қиын боп қалады. Бейнероликке назар аударайық! (Мотивация) Не туралы?

№ слайда 3  Өмір дегенді қалай түсінесіңдер ? Өмір сөзін тағы қалай айтуға болады?
Описание слайда:

Өмір дегенді қалай түсінесіңдер ? Өмір сөзін тағы қалай айтуға болады?

№ слайда 4 Әбілхасан Рудаки (858 - 941) «Өмір маған ақыл айтты – сол ізгі» Әлем әдебиеті
Описание слайда:

Әбілхасан Рудаки (858 - 941) «Өмір маған ақыл айтты – сол ізгі» Әлем әдебиеті үлгілерінен

№ слайда 5 Сабақтың мақсаты: - Әлем әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі Әбілхасан Рудаки өм
Описание слайда:

Сабақтың мақсаты: - Әлем әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі Әбілхасан Рудаки өмірбаянымен таныстыру, шығармашылығына талдау жасау. Өмір туралы көзқарастарын ортаға салу, өмір құндылығын түсіндіру - Өлеңді талдау барысында жас жеткіншектерді адамгершілік қасиеттерге баулу, өмірдің мәнін түсінуге тәрбиелеу, үлгі-өнеге ету; - Шығармашылық ізденіске бағыттау,ой бөлісуге, топта жұмыс жасауға үйрету, өз ойын көркемдеп еркін айтуға баулу, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, ізденімпаздыққа төселу, өмірге құштарлықтарын дамыту

№ слайда 6 Адасқан сөздерді табу. 1. Әбілхасан Рудаки Самарқан маңындағы Парсы – тәжік а
Описание слайда:

Адасқан сөздерді табу. 1. Әбілхасан Рудаки Самарқан маңындағы Парсы – тәжік ақыны аталатын таулы Панжрудак өлкеде туған. 2. Ибн Синаның әл – Фараби Атақты Әбунасыр мен замандасы. 3. Ақынның бәйіттері тұратын бай мұрасынан мыңға жуық жүз мың бәйіттен жеткен. 4. Оның«Калила мен Димна» деп аталған ішінде үндінің ертегілер кітабынан жасаған аудармасы, тағы басқа рубай, лирикалық дастандарынан үзінділер, өлеңдері бар. 5. аса қабілетті Рудаки бала болған. 6. Құранды Сегіз біліп жасында өлең жатқа, жазған. 1. ойларымен жұртты Салмақты таң қалдырған, музыкалық аспапта ән айтқан, ойнаған. 2. Осы Хорасанның қабілет – оны өз талантының арқасында билеушісі сарайына шақырады. 3. Рудаки араб Иранның халифатының қол астында болған ұлттық мүддесін, тіл дербестігін тәуелсіздігін, қолдаған. 4. Өмірдің Өлеңдері сан алуан тақырыбын адамшылық пен қозғап, ізгілікке жол салады. 5. Шығыстың Рудаки санаулы ақындарының ұлы бірі ретінде танылған. 6. «Атасы Ақындардың Адам» атанған.

№ слайда 7 Парсы-тәжік классикалық әдебиетінің негізін салушы Философ Заманында «Ақындар
Описание слайда:

Парсы-тәжік классикалық әдебиетінің негізін салушы Философ Заманында «Ақындар атасы» атанған. Атақты Әбунасыр әл-Фараби мен Ибн Синаның замандасы Жасынан аса қабілетті Парсы - тәжік ақыны Сегіз жасында Құранды жатқа біліп, өлең жазған. Иранның ұлттық мүддесін, тәуелсіздігін, тіл дербестігін қолдаған. «Хорасан бұлбұлы» атанған Бір деректерде ол соқыр боп дүниеге келген, ал кей деректер оның Самани әмірінің бұйрығымен соқыр боп қалған.

№ слайда 8 «Өзара оқыту» әдісі бойынша оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды. «Өмір маған ақыл
Описание слайда:

«Өзара оқыту» әдісі бойынша оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды. «Өмір маған ақыл айтты – сол ізгі» ұнаған шумағын постерге түсіріп, өлең жолдарының мазмұнын ашатындай мақал не афоризм айту. Өлең жолдарынан автор сөзі мен төл сөзді табу. Тапсырма: Кітаппен жұмыс

№ слайда 9 Әр топ екі шумақтан компазициялық талдау жасау керек. Өмір маған ақыл айтты-
Описание слайда:

Әр топ екі шумақтан компазициялық талдау жасау керек. Өмір маған ақыл айтты- сол ізгі, Қарап тұрсаң, өмір- ақыл теңізі. Өмір айтты: бақытты деп өзгелер, Күйінбесең, саған рақат тез келер. Үш күндік бұл пәни ге келген пенде, Байлама жүрегіңді, пейіл берме. Бәрібір жатар жерің- сыз қара жер, Жібекке оралсаң да, керіп кеуде. Не пайда қармалап жұрт қазір жүрсе, Қу басың қара жерге жалғыз кірсе? Біліп қой, көлгірсіген тұрмыс қалар, Достарың - көрде құрт пен құмырсқалар. Болса да шашың сүмбіл, басың бұйра, Болса да сансыз алтын, күміс солар. Қуарып жатқанында қаусап бәрі, Мұздар- ау жүрегі де, мәңгі солар.

№ слайда 10 Тапсырма: Әңгімелесу. Өмір тек бақытты кездерден тұра ма? І. Есенберлин мен Б
Описание слайда:

Тапсырма: Әңгімелесу. Өмір тек бақытты кездерден тұра ма? І. Есенберлин мен Б.Бұлқышевтың өмір туралы толғанысын оқу. (өз ойларын пайымдау) 1.Өмір жолы көшкен керуен соқпағы тәрізді.Оның бұлтарысы да ,жазығы да көп. Асуы қиын асқарымен қатар,төмен қарай құлдырап өтер ылдиы да болады. Керуен жолы кейде ұзақ, кейде қысқа келеді. Бірақ қауіп-қатерсіз, қиындықсыз болмайды.Ойламаған жерден жел тұрып,сұрапыл дауыл соғады,қалың жауын нөсерлей құйып,бұрын суы толарсақтан келер тайыз жыра,кенет сарылдай аққан,өткел бермес,долы өзенге айналады,көшті бөгейді. Бұндай бөгеттен тек шаршамайтын,талмайтын керуен ғана өте алады. Тоқтамай көшіп, өзінің деген жеріне жетеді. 2. Міне, мен кішкене өмірімді тағы бір тексеріп,әр күнімнің ізіне түсіп отырмын,алыстан бастап дәл бүгінгі күнге жеттім. Көз алдымнан өзіме сонша таныс жиырма жылдық өмірім өтті. Біріне-бірі жалғасып келіп,біріне-бірі айқасып жатқан әдемі шақ,қымбат күндер жүрегіңді жүз бұрап,сол күйінде қайтадан есіңе түседі. Бір тізбегі - сегіз жылдық бақытты шағың,бала кезің;одан соң оқумен өткен он жылың,одан кейін - армия, майдан. Шынын айтқанда менің өмірім,- қазақтың жас жігітінің өмірі жаңа ғана басталды. Міне,тап бүгінгі түнде,таңертеңгі ұрыс алдында,туған елім мен барлық халқыма,тіпті барлық адам баласына: «Мен өмірден алатын еншімді алғаным жоқ әлі,мен өмірімді қатты сүйемін,менің өмір сүргім келеді!» - деп бар дауысыммен айқайлағым келеді. Оқушылар өмір туралы тақпақтарын жатқа айтады.

№ слайда 11 Сабақты бекіту: Дискуссиялық карта. р/с Мысалдар Ия , Жоқ 1. Әбілхасан Рудак
Описание слайда:

Сабақты бекіту: Дискуссиялық карта. р/с Мысалдар Ия , Жоқ 1. Әбілхасан Рудаки қазақ ақыны ма? 2. Ол Панжрудак аталатын таулы өлкеде туған ба? 3. Жеті жасында Құранды жатқа білген бе? 4. Хорасанның билеушісі оны өз сарайына шақырды ма? 5. Рудаки ақындардың Адам атасы ма? 6. Ол араб халифатының қол астында болған ба? 7. Иранның ұлттық мүддесін, тәуелсіздігін қолдаған ба? 8. Әл – Фараби, Ибн Синаның замандасы ма? 9. Өмірінің соңғы жылдары ханның қудалауына ұшырай ма? 10. 40 жыл бойы Бұхар ханының сарайында бас ақын болды ма? Сабақты бекіту:

№ слайда 12 Ең бастысы – жүрегің таза болсын; Өмір - сенің мүмкіндігің,пайдалана біл; Өм
Описание слайда:

Ең бастысы – жүрегің таза болсын; Өмір - сенің мүмкіндігің,пайдалана біл; Өмір - сұлулық,сүйсіне біл; Өмір - арман,жүзеге асыр; Өмір - парыз,орындай біл; Өмір - ойын,ойнай біл; Өмір - байлық,бағалай біл; Өмір - махаббат,ләззат ала біл; Өмір - құпия,сырын аш; Өмір - қайғы,көтере біл; Өмір - күрес,жеңе біл; Өмір - бақыт,баянды ете біл. Қорытындылау Жүректен жүрекке. «Өміріңе немқұрайлы қарама» әнін бірге орындау.

№ слайда 13 Өміріңе немқұрайлы қарама Тыңда, досым, мен айтайын от тілек, Дүниеден кетті
Описание слайда:

Өміріңе немқұрайлы қарама Тыңда, досым, мен айтайын от тілек, Дүниеден кетті бай да, өтті бек. Өміріңе немқұрайлы қарама Дәулетіңмен тұрсаң-дағы көк тіреп. Әр күн сайын тек сен үшін атып таң, Зерлі шапан киінсең де жақұттан. Өміріңе немқұрайлы қарама Шақша басың айналса да бақыттан. Қайырмасы: Бақ құсыңды қонған кезде бағала, Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала. Кенелсең де, досым, қанша шаттыққа, Өміріңе немқұрайлы қарама. Тұсау салып, бастатқызбай көш дара, Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба. Өміріңе немқұрайлы қарама, Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да. Сын сағатта сақтау үшін өз басын Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың. Өмірңе немқұрайлы қарама Айдын көлге айналса да көз жасың. Қайырмасы: Бақ құсыңды қонған кезде бағала, Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала. Қанша азап көрсең-дағы, бауырым, Өміріңе немқұрайлы қарама.

№ слайда 14 Үйге тапсырма 1. Әбілхасан Рудаки өлеңінен өзіңе ұнаған жолын жаттау. 2. Өмі
Описание слайда:

Үйге тапсырма 1. Әбілхасан Рудаки өлеңінен өзіңе ұнаған жолын жаттау. 2. Өмірдің әр сәтін өзіне түртіп алып, соның біреуіне өлең, мақал, ой толғау жазу немесе сурет арқылы бейнелеу. Б А Ғ А Л А У

№ слайда 15 Өмірді аяла Өзіңе сен,өзіңнің күшіңе сен, Қос қолыңмен істелген ісіңе сен. Ал
Описание слайда:

Өмірді аяла Өзіңе сен,өзіңнің күшіңе сен, Қос қолыңмен істелген ісіңе сен. Алысыңда сыйлайды, жақыныңда, Өзіңді өзің төменге түсірмесең. Өз қайығың, бар болса өз ескегің, Өмірде мен сені осал десем едім. Қимылдай бер, тарта бер ескегіңді, Шыдады алдан жап-жарық келешегің. Қозғалмасаң, тоңазыр көлеңкең де, Ескегіңді ес, бір мезет тоқтай көрме. Өз қайығың болғаны қандай жақсы, Қашан, қайда барсаң да өз еркінде. Өкінсең де өткенің оралмайды, Өшкен отың қайтадан жана алмайды. Сен жасаған күнәні бір досың да Бөліп-жарып өзіне ала алмайды. Сенім Еңбек етсем,ертеңгі Бақытыма сенемін! Мақсатыма жеткізер, Уақытыма сенемін! Достық іспен қасты да, Жеңеріме сенемін! Ақыл сана білім мен Өнеріме сенемін! Арым таза, ақ көңіл, Адалдыққа сенемін! Абыройлы ақ ниет Адамдыққа сенемін!

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДБ-066602
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>