Инфоурок Другое Другие методич. материалыУрок казахского языка по теме "Асханада" (8 класс)

Урок казахского языка по теме "Асханада" (8 класс)

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:   Асханада.   (8 сынып)

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: жаңа тақырып негізінде білімдерін жан-жақты кеңейту, алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту. Жаңа сөздерді пайдаланып, сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық:  тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың тапқырлықтарын, ізденпаздықтарын қалыптастыру, сөздерді дұрыс байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдыларын дамыту.

Тәрбиелілік: оқушыларды тапсырма орындату барысында ұйымшылдыққа үйрету, дұрыс тамақтануға бейімдеу, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың әдісі:  әңгімелесу, сұрақ-жауа, іздендіру, практикалық тапсырмалар

Жұмыс формалары: жеке, жұптық

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, кеспе қағаздар,

                        үлестірмелі қағаздар                                        

                                         Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

1) Кезекшімен сұхбаттасу:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Сыныпта кім кезекші?

-Сабақта кім жоқ?

-Бүгін нешесі? Аптаның қай күні?

-Бүгін ауа райы қандай?

2) Сабаққа психологиялық ахуал:

-Сабаққа барлығымыз дайынбыз ба?

-Көңіл-күйлерің қалай?

(Музыка ойнап тұрады.) Мұғалім: - Оқушылар, көзімізді жұмамыз да қайталаймыз «Менің көңіл-күйім жақсы. Мен мейірімді, шыдамды бола аламын. Мен бәрін орындауға үлгеремін. Мен сабақта ұқыпты болуға тырысамын».

- Сабақ сіздерге тек қуаныш әкелсін.

- Енді парталас көршілеріңе бұрылып, жимиыңдар. Алақандарыңды бір-бірлеріңе тигізіп, қайталаңдар «Мен саған сабақта сәттілік тілеймін. Қиын болса, көмектесемін».

II. Жаңа тақырыпты меңгерту:

1. Жаңа тақырыпқа әкелу

1) «Асхана» тақырыбына байланысты «Асханада болған оқиға» атты видеоролик көрсетіледі, оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды.

2) Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды.

3) Сұрақ-жауап әдісі арқылы сұхбаттасу:

-Біздің мектепте асхана нешінші қабатта?

-Сендер асханадан тамақтанасыңдар ма?

-Асханада қандай тамақ түрлері сатылады?

-Асхананың тамағы сендерге ұнайды ма?

2. Сөздікпен жұмыс жасау:

а) Берілген сөздердің оқылуымен, аудармасымен, қолданылу аясымен таныстыру

ә) Сөздерді хормен оқытып шығу

тамақ ішу – кушать                  ас мәзірі – меню

кіреберісінде – у входа                қою – густое

сұйық – жидкое                           ботқа – каша

сорпа – суп                                    палау – плов

тұшпара – пельмени                    дүнген кеспесі – лапша

мәнті – манты                             даяшы – официант

сүт қатқан шай – чай с молоком

өзіне-өзі қызмет етеді – самообслуживание

 б) Оқушылар кезекпен сөздерді оқып не сөз тіркесі құрастырады, не сөйлем құрастырады

3. Мәтінмен жұмыс жүргізу  (88-89 беттер)

- оқулықта берілген мәтінді оқушыларға кезекпе-кезек оқытқызу

- бірнеше минут уақыт беріледі, мәтінді оқушылар өз бітімен қарап шығып,

   мазмұнын ашады  (Слайдта таймер болады)

 4. Дәптермен жұмыс кеспе қағаз бойынша:

Сөйлемдердің дұрыс не бұрысын анықтап, сөйлемдерді дұрыстап жазу

1.     Асхана екінші қабатта орналасқан.

2.     Ас мәзірінде сұйық тағам мен қою тағам жазылған.

3.     Біріншіге палау, тұшпара, мәнті береді.

4.     Мен сүт қайнатқан шайды жақсы көремін.

5.     Біздің асханамызда даяшы жоқ, сондықтан әркім өзіне-өзі қызмет етеді.

  Дәптерлерін ауыстырып, бір-бірін бағалайды. Әр дұрыс жауап 1 бал.

5. Шығармашылық жұмыс (жеке оқушылар жауабы):

«Асханада» тақырыбына қосымша мәлімет дайындау

Әлемге танымал диетологтар ең пайдалы, денсаулықты жақсартатын тағамдары бар асханаларды анықтады. Үштікке алыс шығыс елдері еніп отыр. Олар: Жапония, Сингапур және Қытай.

Мәртебелі бірінші орынды  Жапония  асханасы  иемденіп отыр. Күншығыс елінде халықтың бар болғаны 1,5%-ы ғана май басудан зардап шегеді. Сондай-ақ, ондағы адамдардың орташа өмір сүру жасы – 82 жас. Жапондықтардың тамақтанатын ең негізгі азық-түліктері: көкөніс, балық, теңіз балдыры, соя (бұршақ тұқымдас өсімдік), қарқұмықтан жасалған кеспе. Тағы бір айта кетерлігі, жапон асханасында азық-түлік өңдеу дәрежесі тыңғылықты жүргізіледі. Нәтижесінде, тағамның құрамындағы дәрумендер жақсы сақталады. Жапондар тағамды аз жейді және қантсыз көк шәйді көп ішеді.

Екінші тізімде Сингапур тұр. Орташа өмір сүру жасы да Жапониядан қалыспайды. Олардың  да көр-

сеткіші 82 жас. Алайда, артық салмақ  мәселесімен 1,8% халық күресуде. Сингапурлықтардың басты тағамдары: күріш, көкөніс, жеміс және балық. Мұнда ет өте аз желінеді. Сол себепті, зиянды холестерин жоқ десе де болады.                             .

Тізімді аяқтайтын – өзінің ұлттық асханасымен танымал Қытай елі. Сингапур секілді Қытайда да халық 1,8% артық салмаққа душар болып отыр. Орташа өмір сүру жасына келетін болсақ, қысық көзділердің көрсеткіші 73 жасқа жетіп отыр. Қытайлар тағамдарына ағзадағы зат алмасу үдерісін күшейтетін зімбірді көп қосады. Мұнан басқа да сарымсақ, тамыр сабақ секілді түрлі шөптерді қосуды әдетке айналдырған.           .
6. Жекелеген жұмыс:

Қосымша мәлімет бойынша бекіту тапсырмасы. Үлестірмелі қағазда сөйлемдер берілген, көп нүктенің орнына келетін ел атауын қойып көшіру:

1.     ... елінде адамдардың орташа өмір сүру жасы – 73 жас.

2.     ... елінде халықтың 1,5%-ы ғана май басудан зардап шегеді.

3.     ... елінде артық салмақ  мәселесімен 1,8% халық күресуде.

4.     ... елінде тағамды аз жейді және қантсыз көк шәйді көп ішеді.

5.     ... елінде ет өте аз желінеді.

   Слайд бойынша тексеріп, өздерін бағалайды. Әр дұрыс жауапқа 1 бал.

 

III. Үй тапсырмасын тексеру: Ас туралы тыйым салған ырымдарды табу.

                                                        Әр оқушыға айтқызу.

Үлгі:    Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.

            Тамақты жатып ішуге болмайды.

            Ас ішкенде ыдысты төңкеріп қоюға болмайды.

            Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды.

            Тамақ ішіп отырып, кітап оқуға, теледидар көруге болмайды...

ІV. Үйге тапсырма беру: 92 беттегі сұхбат негізінде диалог құрастыру.

V. Бағалау:  Суммативті  бағалау  жүргізу,  түсінік беру.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок казахского языка по теме "Асханада" (8 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель образовательной организации

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 729 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.02.2016 977
    • DOCX 302.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дюсембаева Махаббат Манатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Дюсембаева Махаббат Манатовна
    Дюсембаева Махаббат Манатовна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1118
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 846 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 473 человека из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 319 человек

Мини-курс

Современные тенденции в искусстве: от постмодернизма до поп-культуры

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Формирование социальной ответственности и гармоничного развития личности учеников на уроках

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление и стратегическое развитие высшего образования

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе