Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Урок казахского языка в 11 классе
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Урок казахского языка в 11 классе

библиотека
материалов

Солтүстік Қазақстан облысы

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан

Раисовка ауылы

КММ «Раисовка орта мектебі»





«Ғабит Мүсірепов-ардақты ат!»

қазақ әдебиетінен 11-сыныпта жүргізілген

ашық сабақтың жоспары

























Жүргізген: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі:

Мұхаметкалиева Жанна Тоқтағұлқызы





Бүгінгі оқыту жүйесінде әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Ғабит Мүсіреповтың -110 жылдығына арналған жүргізген сабақта мынадай әдістерді қолдандым: «Даналық ойдан дән ізде», «Сөз мерген», «Бұл қай шығарма?», «Мені түсін», «Мағынаны таныту», көрініс көрсету.Бұл әдістер оқушылардың жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеумен қатар баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату, танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, білімін кеңейтуге жағдай жасайды. Мұндай сабақтарда инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудырып, белсенділігін арттырады.

































Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, оқушыларға жаңа білімді өздігінен игеру арқылы тақырыбы мен идеясын ашу.2.Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін дамыту. 3.Тәрбиелік: ақын шығармашылығына деген ықылас, сүйіспеншілік, құрметтеу сезімдерін тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: баяндау, слайдтар қолдану, ойын, әңгімелесу, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Ғабит Мүсіреповтің портреттері, қосымша материалдар, суреттер, интерактивті тақта, шығармалары, сынақ тест.

Пәнаралық байланыс: тарих, орыс әдебиеті.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

II.Сабақтың мақсатын-міндетін түсіндіру

III.Жаңа сабақ

Сабақтың ұстанымы: «Өлмес мұра, өшпес өнеге»

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

-Құрметті қонақтар, оқушылар! Биыл біздің қазақ әдебиетінің көрнекті жазушыларының бірі-Ғабит Мүсіреповке -110 жыл. Енді бүгін сабақта, біз ақынның өмірі мен шығармашылығын, жан-жақты талдап, алған білімімзді көрсетуіміз керек. Сабақ интерактивті тақта арқылы өтеді, ендеше тақтаға назар аударайық. Ғабит Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығы туралы суреттер көрсетіліп және ақын туралы жазған дәйек сөздермен танысамыз.

1-кезең: «Баяндама»

Бір оқушы сабаққа Ғабит Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығы туралы дайындап әкелген баяндамасын оқиды, сонымен қатар интерактивті тақтада жазушы туралы дайындалған слайдтар көрсетіліп тұрады.

2-кезең: «Даналық ойдан дән ізде»

Интерактивті тақтамен жұмыс. Ғабит Мүсірепов туралы айтылған пікірлер:

Н.Назарбаев: «Халқымыздың өткен ғасырда бастан кешкен сан қилы күрделі тағдыры Мүсіреповтің құдіретті қаламы арқылы көркемдік бейнесін тапты. Оның әдебиеттегі зор еңбегі көзі тірісінде-ақ өзінің жоғары бағасын алды».

Ш. Мұртазаев: «Ғ. Мүсірепов көркем әдебиетте де, театрда да, кинода да өнердің тағы қандай түрі бар, бәрі-бәрінде де сұлулықтың гимн дәрежесіне көтеріліп келе жатқан классик».

З.Қабдолов: «Ғабит Мүсірепов –ардақты ат! Мүсірепов туралы мың сөзден «Мүсірепов» деген бір сөздің мағынасы әлдеқайда терең , мазмұны әлдеқайда бай. Ғабит Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ. Онымен мақтануымыз керек».

С. Шаймерденов: «...Әлі де талай –талай замандар өтеді.Талай-талай толқындар кезекпен ауысып, талай-талай ұрпақтар келеді. Сол кезде халқымыздың осы бір тұтастығы бел-белесіне үңілер адам болса, Мүсірепов шығармаларына соқпай кете алмайтыны айдан анық».

3-кезең: «Сөз мерген»

Ақынның ойларын оқушылар дұрыс құрастырып тақырыбын анықтау керек.

  1. Ойға қонар ой өлмейді. 2. Көркем сөз-жанның сәулесі

«Ақыл-ой туралы» «Асыл сөз туралы»

қонар


көркем


ой


жанның


өлмейді


сәулесі


ойға


сөз




3.Тіл-салақ сөйлегеннен бұзылады. 4.Елің үшін-мақтан,елің үшін қайғыр

«Тіл туралы» «Туған жер туралы»

салақ


мақтан


сөйлегеннен


елің үшін


тіл


қайғыр


бұзылады


елің үшін




5. Байлықты малдан емес, адамнан 6. Қазаққа ар-ұят ең жоғары саналады.

іздеген жөн.

«Байлық-кедейлік туралы» «Ар-намыс, ұят туралы»

малдан емес


ар-ұят


байлықты


қазаққа


іздеген


ең жоғары


адамнан жөн


саналады




4-кезең: «Бұл қай шығарма?»

Оқушыларға интерактивті тақтада жазушының әңгімелерінен, романдарынан үзінділер көрсетіледі, ал олар қай әңгімеден немесе қай романнан алынғанын атап көрсетеді.

  1. Мен қара мрамор, қара таспын, айлар өтті, жылдар өтті, мен оны санай алмаймын. Мәңгілік уақытты ғана білемін

«Тастың әңгімесі»

  1. Мақтасақ-әйелді мақтайық та, құрметтейік те әйелді. «Әйел-ана», барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, көзді бұлақ емес пе!..

«Өлімді жеңген ана»

  1. Тамақ табу үшін Шеген, Бораш, Қайрош, базар халқына келіп әр түрлі өнер көрсетеді екен.

«Қазақ солдаты»

  1. Ұлпан құйындатып жөнелді. Ат пен бірге жаралғандай ұшып барады. Барыс иесіне көрінбей кетті.

«Ұлпан»

  1. Қыз ұнамай, өз еліңнен жүрсе саған,

Төлеген сүйінші бер енді маған,

Елі бар Ақжайықта Алты шекті

Аласың жақсы қызды барсақ соған

«Қыз Жібек»

  1. Мен ескіше жыл басы деп есептелетін «Наурыз күні» киіз үйде туыппын.

«Афтобиографиялық әңгіме»

5-кезең: «Мені түсін»

Оқушыларға Ғабит Мүсірепов туралы мәтін беріледі, мәтіннің бөлігін оқиды да, түйінді сөздерін дәптерлеріңе жазып алады. Мұғалім оқушылардың мәтінді жабуын, қолдарына парақ алып, осы мәтіннің негізгі ойын білдіретін он шақты сөз жазуларын талап етеді. Соңынан мұғалім парақтарды жинап алып, өзі алдын ала даярлаған түйінді сөздермен салыстырады. Кімнің осы түнұсқамен сәйкес келген сөздері көп болса, сол оқушы жеңімпаз аталады.

6-кезең: «Мағынаны таныту»

Көрініс «Өлімді жеңген ана»

Дүниеде әйелді құрметтеп, әйелді нұрға бөлейік те! Әйел-ана, дүниедегі жалғыз күш қой: оның алдында Азияның айбарлы арыстаны Темір де, Темірді жеңген өлім де бас иеді!

-Тыңда, өлімнің егіншісі Темір! Сен менің алдымда кінәлісің. Менімен есептеспей тұра алмайсың да. Менің алдымда күнәнді жусын деп келдім. Сенің бағынғаның «Күш әділдікте!» деген ұран дегенді айтты. Мен бұған иланбаймын. Бірақ сен маған еріксіз әділ боласың. Өйткені мен-ана! Сен өлім сепсең, мен дүниеге өмір себемін. Сені жеңем! Сондықтан сен маған әділ бола аласың!-деді.

Құрметтейік, көтерейік те әйелді! Ана әйелді құрметтейік! Оның сүюі таусылама. Адам да не қасиет болса, бәрі күннің көзі мен ананың ақ сүтінен алынған қасиет. Ананың құрметі әлі жеткен жоқ!

-Адам деген бала ғой. Өйткені, ананың жанына көз салсаң, жүз есе бала, адам қашан да анасының баласы. Әркімнің анасы бар. Сен шал, білесің бе, сені әйел тапты. Сен құдайдан бас тарта алмайсың, шал!- дейді әйел.

Бұл шындық қой. Өйткені қай анадан сұрасаң да:

-Біз өлімнен күштіміз: біз дүниеге ақан да, ақылды да, данышпан да, ер де береміз. Өлім адам баласын құртуға тырысса, біз оны жеңіп, адам баласын көбейттік!-демей ме!

7-кезең: «Поэзия минуты»

«Сарыарқа» күйі орындалып тұрады.

Росные туманы и рассветы

На лугах пахучая трава.

Здесь увидел свет Габит Мусрепов

Здесь сказал он первые слова

Под высоким Казахстанским небом

Расцветают нежные слова

Человек живет не только хлебом

Создал он и песни и мечты.....

Говорят живем не по приметам.

Ничего не приказать судьбе,

Но родиться мог Габит Мусрепов

Только здесь и более нигде!

8-кезең: Сабақты бекіту:

Сабақтан алған білімдерін «Сынақ тест» арқылы тексеріледі.

Оқушылардың білімдерін бағалау.

Автор
Дата добавления 25.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров460
Номер материала ДВ-186538
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх