Инфоурок Другое КонспектыУрок-"Кешенді географиялық аудандастыру. "

Урок-"Кешенді географиялық аудандастыру. "

 

Бөлім:

6. Елтану

6.1 Дүниежүзі аймақтары

Педагогтің аты-жөні:

 

Күні:

 

Сыныбы:10 А

Қатысушылар саны:                   Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Кешенді географиялық аудандастыру

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

10.6.1.1 дүниежүзінің түрлі белгілер бойынша физикалық географиялық, тарихи-мәдени, саяси-географиялық, геосаяси аудандарға бөлінуін түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Білім алушылар дүниежүзін түрлі белгілер бойынша физикалық-географиялық аудандарға бөлінуін біледі.

Көпшілік білім алушылар:

«Аймақ» және «аймақтану» ұғымдарымен, аймақтардың типтерімен танып біледі.

Құндылықтарға баулу:

 «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке  деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

8 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

Сыныппен сәлемдесу

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Тақырыппен,  ОМ және ЖК   таныстыру. 

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

 

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді.  Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе

 

 (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты  байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.

 

 

 

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. Аймақтану дегеніміз не?

 

2. Аймақтану ілімі кімдердің ғылыми еңбектеріне сүйене отырып дамыды?

 

Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады

Берілген мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз

  1. Дүние жүзі тарихи-географиялық аймақтарға бөлудегі негізгі қағидаларды анықтаныз
  2. Тарихи-географиялық аймақтарды атаңыз.

Елдердің бірлігіне әсер етуші факторларды сипаттаңыз

 

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен  ынталандыру. 

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

30 мин.

№1-тапсырма:

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді.

Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

1. Қазақстан жері физикалық- географиялық тұрғыдан қандай аймақтарға жіктелген?

 

2. Физикалық-географиялық аудандастыру қандай ұғымдардан тұрады?

 

3. Физикалық-географиялық аудандастыру жіктемесі қандай бірліктерден тұрады?

 

3.       Жергілікті жердегі физикалық-географиялық аудандастырудың бірліктеріне мысал келтіреді.

Топтық жұмыс

  1. Батыс Еуропа
  2. Оңтүстік-Батыс Азия, Оңтүстік Азия, Шығыс Азия
  3. Солтүстік Америка (Англо-Америка)
  1. Латын Америкасы
  2. Аустралия және Мұхит аралдары

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және Шығыс Еуропа

 

 

Дескриптор:              Жалпы - 3 балл.

-тапсырмаға түсініктеме береді

-сұрақтарға жауап береді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Постерге қойылатын талаптар

Ұқыптылық

Ақпараттың толық болуы

Безендірілуі

Жүйелілік

Шынайылық

 

10-сынып оқулығы, жұмыс дәптері

№2-тапсырма:

Оқулықта берілген талдау  айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1. Мәдени географиясын мәдениеттанудан қандай айырмашылығы бар?

 

2. Тарихи кезендерде неліктен өркениеттердің дамуында өзгерістер болады?

 

3. Дүниежүзін өркениеттік негізде аудандастырудың физикалық- географиялық аудандастырудан қандай айырмашылықтары бар?

 

4. Қазақстанда қандай өркениеттердің үйлесуін байқауға болады?

Берілген таратпа және 10 сынып атлысын қолданып сұрақтарға жауап беріңіз.(Постер құру!)

ТГА - Тарихи-географиялық аймақ

1.       Кескін картаға тарихи-географиялық аймақты (ТГА) белгілеңіз;

2.       ТГА-қа кіретін елдерді анықтаңыз;

3.       Аймақтың күшті және әлсіз жақтарын сипаттаңыз(экономикалық, саяси, әлеуметтік);

Аймақта туындауы мүмкін қауіптерді аңықтап, шешу жолын ұсыңыңыз.

Дескриптор:              Жалпы – 4 балл.

-өз пікірлерін айтады;

- тапсырманы дәлелдейді

-айырмашылықтарын айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорғау реті:

  1. Тарихи-географиялық аймақты кескін картада көрсетіңіз.
  2. Тарихи-географиялық аймаққа кіретін елдерді атаңыз.
  3. Тарихи-географиялық аймақтың экономикалық, саяси және әлеуметтік ерекшеліктерін сипаттап беріңіз.

Тарихи-географиялық аймақтың туындауы мүмкін қауіптерді сипаттап, шешу жолдарын ұсыныңыз.

10-сынып оқулығы, жұмыс дәптері

№3-тапсырма:

Оқулықта берілген синтез айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1.Оқулық мәтіні мен тарих пәнінен алған білімдерін пайдайдаланып, адамзат дамуындағы индустрияға дейінгі кезенде қалыптасып, дамыған өркениеттердің басты ерекшеліктері туралы эссе дайындайды. Бұл тапсырамны орындау үшін мына тіізмнен біреуінен таңдап алуға болады:

- Азияның көшпенді өркениеті;

- Ежелгі Рим өркениеті;

- Месопотамиялық өркениет;

- Ежелгі Грекция өркениеті;

- Ежелгі Үнді өркениеті;

- Мая өркениеті.

Дескриптор:              Жалпы - 3 балл.

- Эссе жазады.

 

10-сынып оқулығы, жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Еркін микрофон»  әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

 

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

 

Мұғалім оқушыларды  «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Рефлексия:

 

https://fsd.multiurok.ru/html/2018/10/02/s_5bb3d3fa1a424/961901_6.png

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау.  Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


 

«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».

 

Саралау тапсырмаларды  іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

 «Мадақтау сөз» әдісі.

1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

 

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені  анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

  2:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабаққа шолу

Сенің білетінің:

·         дүниежүзі аймақтарының аудандастырылуы.

Сенің меңгеретінің:

·         дүниежүзі елдерін түрлі белгілері бойынша аудандастыру.

Сабақтың мазмұны

·         Кешенді географиялық аудандастыру.

Кешенді географиялық аудандастыру.

Бұл тақырыпта дүниежүзін түрлі белгілері бойынша физикалық-географиялық және тарихи-мәдени аймақтарға бөлу қарастырылады. Алдымен физикалық-географиялық аймақтарға бөлу ерекшеліктері мен заңдылықтарына тоқталып өту керек.

Аймақ – аймақтану ғылымының зерттеу нысаны. ХІХ ғасырда Ф. Ратцель мен К. Риттердің ғылыми еңбектері негізінде аймақтану ілімі дами бастады. Аймақтарды жіктеудегі жүйелік ұстанымында аймақты табиғи, әлеуметтік-экономикалық кешен деп атауға болады.

Әлемде аймақтарды жіктеуде ресейлік географ Ю.Н. Гладкийдің сатылы жіктемелері үшке ажыратылады. Олар жекеленген, бірнеше белгісі бар және табиғи, антропогендік факторлары қамтылған аймақтар деп бөлінеді. Жекеленген белгілері бойынша ажыратылатын аймаққа бір ғана басты белгісі бар, мысалы мақта егілетін аймақ жатады.

Жер шарының беткі бөліктерін табиғатының ортақ белгілері мен ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі деңгейлердегі аумақтарға бөлу жүйесі физикалық-географиялық аудандастыру деп аталады. Сонымен бірге физикалық-географиялық аймақтарға бөлу кезінде зоналық, азоналық факторлар, географиялық қабықты құраушылардың біртектес болуы мен әр аймақ табиғат компоненттерінің түрлі болуы күрделілікті туғызады.

Қазақстан территориясын физикалық-географиялық аудандарға аудандастыру кезінде негізге алынған заңдылықтарға жер бедерінің шығу тегі мен тау жыныстарының құрылымы, климаттық көрсеткіштерінің жақындығы, күрделі геологиялық құрысының ұқсастықтары жатады. Ел аумағын 1913 жылы Л.С. Берг алғаш рет аудандастырудың теориялық негіздерін жасады. 1970 жылдары Б.А. Федорович 8 физикалық-географиялық ауданға бөліп ажыратты. Кейіннен Жетісу Алатауы мен Сауыр-Тарбағатай ажыратылып, 9 физикалық-географиялық аудан болып нақтыланды. Сарыарқаның физикалық-географиялық аудандастырудағы ерекшеліктеріне палеозойлық кристалды фундементтегі орны, жер бедерінде ұсақ шоқылардың болуы және ескі тау жоталары жүйесінің жиынтығы жатады.

Аудандастыру барысындағы ең шағын аудан – географиялық ландшафт. Географиялық ландшафт дегеніміз географиялық шығу тегі мен климаты, табиғат зоналары, ішкі сулары мен гидрологиялық жағдайы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, топырақ жамылғысы біртектес болып келетін жер бетінің шағын ауданы. Еліміздің физикалық-географиялық аймақтарында әртүрлі ландшафт түрлері таралған. Мысалы, Тянь-Шань тауында ортатаулық пен биіктаулық, Тұран жазығының оңтүстігінде шөлдік ландшафт кеңінен таралған. Ал Солтүстік Қазақ жазығының ойпатты жазықтарында орманды-далалы ландшафт түрлері кеңінен таралған.

Келесі дүниежүзін тарихи-мәдени аймақтарға жіктеу мен ажыратудың ерекшеліктеріне тоқталсақ. Қазіргі таңда әлем елдерін тарихи-мәдени тұрғыдан аудандастырғанда мынадай принциптерге басымдық береді: шекараларын ежелгі өркениеттердің қалыптасуымен, географиялық ерекшеліктері мен физикалық-географиялық аймақтардың шекараларына негіздеп жүргізу.

Дүниежүзінің жекеленген тарихи-мәдени аймақтарының сипаттамасы. Солтүстік Америка – еуропалық қоныс аударушылар мекені, Латын Америка – үш нәсілдік мәдениеттердің үйлескен аймағы, Шығыс Азия – айрықша ұлттық, діни-мәдени көзқарастар мен оқшау даму аймағы және Солтүстік Африка – ислам құндылықтары мен мәдениеті дамыған аймақ. Батыс Еуропа дәстүрлі еуропалық мәдениеттік отаны, Тропиктік Сахара өзіндік дәстүрлі мәдениеті сақталған аймақ болса, Оңтүстік-Шығыс Азия ежелгі өркениеттерден бастау алып өзіндік мәдени бейнесі бар аймақ.

Тарихи-мәдени аймақтың жекеленген аудандарының ерекшеліктері:

·         Үнді өркениетінің ерекшеліктеріне өркениеттің бейбіт, рухани сипатының болуы, касталық құрылымның сақталуы мен түрлі діндік, тайпалық мәдениеттердің тоғысуы жатады;

·         Қытай өркениетінің басты ерекшеліктеріне дәстүрлі конфуцийлік құндылықтардың халық сенімінде жоғары болуы, конфуцийлік құндылықтар мен коммунистік идеологияның үйлесуі және Қытай философиясының әлем халқына таралуы жатады. Осылайша халық қоныстанған, өзіндік мәдениеті бар аймақтардың барлығының жеке ерекшеліктері болады.

Дүниежүзін өркениеттік негізде аудандастырудың физикалық-географиялық аудандастырудан айырмашылықтарына ежелгі өркениеттердің шекаралары, аймақ халқының ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүр ерекшеліктері және мәдениеттерінің дамуы мен діни-мәдени қалыптасулары жатады.

Кешенді географиялық аудандастыру.

Жауабын жасыру

ХІХ ғасырда өздерінің ғылыми еңбектері негізінде аймақтану ілімін дамыта бастаған ғалымдарды ата.

Ф. Ратцель мен К. Риттер

Д. Каботт пен А. Веспуччи

Нуньес де Бальбоа

К. Линней мен У. Айзард

Білгенің жөн!

Бұл ғалымдар өз еңбектерінде қоғам мен халық мәдениетін, шаруашылығы мен тұрмысын олар өмір сүретін табиғат жағдайларымен байланыста қарастыруды ұсынды.

Түсіндіру

ХІХ ғасырда Ф. Ратцель мен К. Риттердің ғылыми еңбектері негізінде аймақтану ілімі дами бастады.

Кешенді географиялық аудандастыру.

Жауабын жасыру

Жекеленген белгілері бойынша ажыратылатын аймаққа мысал келтір.

машина жасау мен химияға мамандаған аймақ

мақта егілетін аймақ

өндірістің барлық түрі дамыған аймақ

мал шаруашылығы аймағы

Білгенің жөн!

Әлемде жекеленген басты белгілері бар аймақтарға ажыратылатын көптеген аймақ бар. Мысалы, банан өсіру, қант қызылшасы, ірі қара өсіру және т.б.

Түсіндіру

Жекеленген белгілері бойынша ажыратылатын аймаққа бір ғана басты белгісі бар, мысалы мақта егілетін аймақ жатады.

Кешенді географиялық аудандастыру.

Жауабын жасыру

Жауабын жасыру

Дүниежүзінің жекеленген тарихи-мәдени аймақтарын оның сипаттамаларымен сәйкестендір.

Сәйкестендіру саны: 4

·         Солтүстік Америка

·         Латын Америкасы

·         Шығыс Азия

·         Солтүстік Африка

·         Айрықша ұлттық, діни-мәдени көзқарастар мен оқшау даму аймағы

·         Ислам құндылықтары мен мәдениеті дамыған

·         Үндіс, еуропалықтар мен африкалық мәдениеттің үйлескен аймағы

·         Еуропалық қоныс аударушылар мекені

Білгенің жөн!

Әлемде ұлттық діндер мен оқшау тілдердің ең кең таралған аймақтары бар. Мысалы, жапон мен корей тілдері әлемдегі санаулы оқшау тілдердің бірі, ал синтоизм, конфуций, даосизм діндері өзге дәстүрлі діндермен салыстырғанда өзіндік қатаң заңдары мен ерекшеліктері бар дін.

Түсіндіру

Дүниежүзінің жекеленген тарихи-мәдени аймақтарына сипаттама: Солтүстік Америка – еуропалық қоныс аударушылар мекені, Латын Америка – үш нәсілдік мәдениеттердің үйлескен аймағын, Шығыс Азия – айрықша ұлттық, дині-мәдени көзқарастар мен оқшау даму аймағы және Солтүстік Африка – ислам құндылықтары мен мәдениеті дамыған аймақ.

·         Артқа

·         Латын Америкасы

·         Шығыс Азия

·         Солтүстік Африка

·         Айрықша ұлттық, діни-мәдени көзқарастар мен оқшау даму аймағы

·         Ислам құндылықтары мен мәдениеті дамыған

·         Үндіс, еуропалықтар мен африкалық мәдениеттің үйлескен аймағы

·         Еуропалық қоныс аударушылар мекені

Білгенің жөн!

Әлемде ұлттық діндер мен оқшау тілдердің ең кең таралған аймақтары бар. Мысалы, жапон мен корей тілдері әлемдегі санаулы оқшау тілдердің бірі, ал синтоизм, конфуций, даосизм діндері өзге дәстүрлі діндермен салыстырғанда өзіндік қатаң заңдары мен ерекшеліктері бар дін.

Түсіндіру

Дүниежүзінің жекеленген тарихи-мәдени аймақтарына сипаттама: Солтүстік Америка – еуропалық қоныс аударушылар мекені, Латын Америка – үш нәсілдік мәдениеттердің үйлескен аймағын, Шығыс Азия – айрықша ұлттық, дині-мәдени көзқарастар мен оқшау даму аймағы және Солтүстік Африка – ислам құндылықтары мен мәдениеті дамыған аймақ.

Кешенді географиялық аудандастыру.

Жауабын жасыру

Тарихи-мәдени тұрғыдан аудандастырғанда үнді өркениетінің ерекшеліктерін анықта.

Дұрыс жауап саны: 3

әртүрлі діни, тайпалық мәдениеттердің тоғысуы

аралас нәсіл өкілдерінің көп кездесуі

қоғамның әлеуметтік таптарға айқын ажыратылуы

өркениеттің бейбіт, рухани сипаты

батыстық мәдениеттің жоғары енуі

синтоизм мен христиан сенімдерінің терең ұштасуы

үнді-араб өркениетінің кең таралуы

қоғамдағы касталық құрылымның сақталуы

Білгенің жөн!

Бір-бірімен өзара тығыз байланыста, ірі табиғи бірлікте болуына қарамастан үнді философиясының алты классикалық мектебі де адамның әлемге дүниетанымдық қарым-қатынастарының сан саласын қамтып, танып-білудің түрлі әдістерін қарастырады. Мысалы, миманса діни салт-жораларды түсіндірумен айналысады және діни құрбандықтар шалуды жақтайды

Түсіндіру

Үнді өркениетінің ерекшеліктеріне өркениеттің бейбіт, рухани сипатының болуы, касталық құрылымның сақталуы мен түрлі діндік, тайпалық мәдениеттердің тоғысуы жатады.

Кешенді географиялық аудандастыру.

Жауабын жасыру

Дүниежүзіндегі жекеленген тарихи-мәдени аймақтардың өзіндік сипаттамалары туралы тұжырымдардың ақиқат не жалған екенін анықта.

1. Батыс Еуропа – ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі еуропалық мәдениеттің отаны. 

Ақиқат

2. Мұхит аралары – еуропалық пен африкалық өркениеттердің тоғысқан аймағы. 

Жалған

3. Таяу Шығыс – иудаизм діні мен дәстүрлі діндердің өркендеген орталығы. 

Жалған

4. Сахараның оңтүстік бөлігіндегі Африка – өзіндік дәстүрлі мәдениеті сақталған аймақ. 

Ақиқат

5. Латын Америкасы – майя мен инктер өркениеті шаруашылықта басым болып келетін жалғыз орталық. 

Жалған

6. Оңтүстік-Шығыс Азия – ежелгі өркениеттерден бастау алған өзіндік мәдени бейнесі бар аймақ. 

Ақиқат

Білгенің жөн!

Сахараның оңтүстік бөлігіндегі Африка елдерінде жергілікті діни наным-сенімдер әлі күнге дейін сақталған, сонымен бірге халықтың күнделікті шаруашылығында маңызды рөлге ие болып отыр. Жергілікті дәстүрлер көптеген экономикалық шектеуге, демографиялық дамуға, өркениетті елдер қатарына қосылуға өзінің жоғары әсерін тигізіп жатыр. Бұл ерекшелік мұхит аралдары елдерінде де айқын көрініс табады.

Түсіндіру

Дүниежүзінің жекеленген тарихи-мәдени аймақтарына сипаттама: Батыс Еуропа – дәстүрлі еуропалық мәдениеттің отаны, ал Тропиктік Сахара – өзіндік дәстүрлі мәдениеті сақталған аймақ болса, Оңтүстік-Шығыс Азия – ежелгі өркениеттерден бастау алып өзіндік мәдени бейнесі бар аймақ.

Кешенді географиялық аудандастыру.

Жауабын жасыру

Сарыарқаны физикалық-географиялық аудандастырудағы ерекшеліктерді анықта.

Дұрыс жауап саны: 3

кембрийге дейінгі фундаментінің қалыптасуымен

аумағының басым бөлігінің теңіз деңгейінен төмендігімен

палеозойлық кристалды фундаменттегі орнымен

рельефінің төбелі жазықтығымен

аймақта құмды топырақтың көптігімен

жер бедерінде ұсақ шоқылардың болуымен

жас таулардың кең таралуымен

ескі тау жоталары жүйесімен

Білгенің жөн!

Сарыарқа «Қазақтың ұсақ шоқысы» деп те аталады. Батыс жағы біршама тегістеу, Ұлытаудың таулы жерлері (1133 м) және Көкшетау үстірті (947 м, Көкше тауы) салыстырмалы биіктігімен ерекшеленеді. Сарыарқаның геологиялық жасы көне тауға жатады, яғни жылдар бойы мүжіліп бірте-бірте шөгіп жатқан кəрі тау. Салыстырмалы түрде елдің шығысындағы Алтай тауы жас тауға жатады.

Түсіндіру

Сарыарқаны физикалық-географиялық аудандастырудағы ерекшеліктерге палеозойлық кристалды фундаменттегі орны, жер бедерінде ұсақ шоқылардың болуы және ескі тау жоталары жүйесінің жиынтығы жатады.

Кешенді географиялық аудандастыру.

Жауабын жасыру

Дүниежүзін өркениеттік негізде аудандастырудың физикалық-географиялық аудандастырудан айырмашылықтарын тап.

Дұрыс жауап саны: 3

аймақтардың геосаяси дамуы мен шаруашылық табыстары

жер бедерінің әртүрлілігі мен ландшафтысының өзгеруі

аймақ халқының ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүр ерекшеліктері

мемлекеттердің саяси шекараларының орналасқан орнымен

мәдениеттерінің дамуы мен діни-мәдени қалыптасулары

басты критерий – ежелгі өркениеттердің шекаралары

ішкі сулары мен трансшекаралық өзендерінің қалыптасуы

халықтың географиялық қоныстануы мен санының өсу ерекшеліктері

Білгенің жөн!

Әлем елдерін физикалық-географиялық аймақтарға бөлгенде басымдық қоршаған орта, табиғат ерекшеліктеріне беріледі. Сонымен бірге аймақтың геологиялық біртұтастығынан бастап, рельефіне, географиялық орналасуы мен климаттық жағдайларының ұқсастықтарына, географиялық зоналықтарының таралу заңдылықтарына басымдық беріледі.

Түсіндіру

Дүниежүзін өркениеттік негізде аудандастырудың физикалық-географиялық аудандастырудан айырмашылықтарына ежелгі өркениеттердің шекаралары, аймақ халқының ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүр ерекшеліктері және мәдениеттерінің дамуы мен діни-мәдени қалыптасулары жатады.

Кешенді географиялық аудандастыру.

Жауабын жасыру

Қазақстан территориясын физикалық-географиялық аудандарға аудандастыру кезінде негізге алынған заңдылықтарды көрсет.

Дұрыс жауап саны: 3

жер бедерінің шығу тегі мен тау жыныстарының құрылымын

күрделі геологиялық құрылысы, ежелгі географиялық тарихымен және табиғат байлықтарымен ерекшеленетін аудандары

ауа райы мен желдің бағыты, жылдамдығы мен ылғалдылығы

өсімдіктер жамылғысы мен топырақ түстерінің бірегейлігі

климаттық белгілері бойынша өте жақын аудандарды біріктіру

тек топырақ жамылғысының түрлері негізге алынады

тау жасалу қатпарлықтарының кезеңдеріндегі пайда болулары

орман ағаштарының ұқсастықтары мен санаты

Білгенің жөн!

Қазақстанның кең байтақ жерінің табиғаты алуан түрлі, бір-бірін қайталамайтын табиғат кешендерінің тұрады. Қазақстан аумағы екі дүние бөлігін біріктіріп жатыр. Осыған сәйкес қайталанбас көркем табиғаты мен үлкен массивті құмдарымен, жазира даласымен, қарлы биік тауларымен, құрғақ климаты сияқты түрлі көріністерімен ерекшеленеді.

Түсіндіру

Қазақстан территориясын физикалық-географиялық аудандарға аудандастыру кезінде негізге алынған заңдылықтарға жер бедерінің шығу тегі мен тау жыныстарының құрылымы, климаттық көрсеткіштеріның жақындығы, күрделі геологиялық құрысының ұқсастықтары жатады.

Кешенді географиялық аудандастыру.

Жауабын жасыру

Қазақстан аумағының физикалық-географиялық аудандастырылуына қатысты тұжырымдарды талда. Үш дұрыс жауапты таңда.

Дұрыс жауап саны: 3

47 ландшафттық провинция мен төрт табиғат зонасы бар

1970 жылдары Б.А. Федорович аймақ жерін сегіз физикалық-географиялық ауданға бөліп ажыратты

қазіргі таңда Жетісу Алатауы мен Сауыр-Тарбағатай ажыратылып тоғыз физикалық-географиялық аудан болып нақтыланды

1840 жылы Семенов Қазақстан жерін Тянь-Шань тауларымен қоса аудандарға ажыратты

Тоғыз физикалық-географиялық аймақ бар

ел аумағы 2 физикалық-географиялық аймаққа ажыратылады, жазықтар, таулар

Ең алғаш аудандастыруды Ш. Уәлиханов негіздеп, орыс географиялық қоғамында бекітті

аудандастырудың теориясын 1913 жылы Л.С. Берг ұсынды

Білгенің жөн!

Қазақстан жеріндегі физикалық-географиялық аудандар: Шығыс Еуропа жазығы, Тұран жазығы, Батыс Сібір жазығы (Солтүстік Қазақ жазығы), Сарыарқа (Қазақтың ұсақ шоқысы), Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань тауы болып 9 ауданға ерекшеліктері бойынша бөлінген.

Түсіндіру

Қазақстан аумағын 1913 жылы Л.С. Берг алғаш рет аудандастырудың теориялық негіздерін жасады. 1970 жылдары Б.А. Федорович 8 физикалық-географиялық ауданға бөліп ажыратты. Кейіннен Жетісу Алатауы мен Сауыр-Тарбағатай ажыратылып 9 физикалық-географиялық аудан болып нақтыланды.

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

5 874 490 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.05.2022 53
    • DOCX 3.9 мбайт
    • 0 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Субебаева Нуржаныл Маликовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Пожаловаться на материал
  • Автор материала

    Субебаева Нуржаныл Маликовна
    Субебаева Нуржаныл Маликовна
    • На сайте: 5 дней
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 68
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой