Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Урок "Кк дыбысы мен әрпі"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Урок "Кк дыбысы мен әрпі"

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: К к дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға К дыбысы мен әрпін меңгерту, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету. К дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, дұрыс айтуға үйрету. К дыбысының орнын анықтату, сөз, сөйлемдерді талдау жұмыстарын жүргізу.

2. Оқушылардың суреттер мен жұмыс істеу арқылы есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорларын молайту. Әр тұрлі ойындар арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. Дәптерге таза жазуға, шапшаңдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ- жауап, әңгімелеу, интерактивті тақта.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, текшелер, карточка, жапырық, жемістер.

Сабақтың барысы: І. Үйымдастыру кезеңі

  • Психалогиялық ахуал.

-Балалар, қазір бізде қандай жыл мезгілі? -Күз.

-Күз мезгілінде қандай құбылыстар болады?

-Күн суытады. Жапырақтар сарғайып жерге түседі.

-Жақсы, балалар, міне сол жапырақтар біздің сыныбымызға да түсіпті.

Қазір біз осы жапырақтарды еңбек сабағында аппликация жасау үшін, дүниетану сабағында гербари жасау үшін жинаймыз және де осы жапырақтарды кім көп жинаса сол бала сабақтың соңында өте жақсы деген бағамен бағаланады.Әр бір бала тапсырма орындаған сайын жапырақ жинап отырады.

-Балалар, қараңдаршы бізге таныс емес жаңа дыбысымыз тығылып қалапты. Ол дыбысты білу үшін мына жапырақтардың тапсырмаларын орындауымыз керек.

  • Өткенді пысықтау.

1 жапырақ. Шешен сөзін буынға бөл жаз.

2 жапырақ. Емен сөзіне сөйлем құра.

3 жапырақ. Шебер сөзін жаз, дыбыстық талдау жаса.

4 жапырақ. Е дыбысы ортасында келетін сөз ойла.

5 жапырақ. Сөз неден құралады?

6 жапырақ. Мына суреттердің ішінен е дыбысына басталатын суреттерді тап.

7 жапырақ. Кітап оқу.

  • Сергіту сәті. Тұп- тұнық таза суда,

Балық жұзіп ойнауда.

Біресе керіледі,

Біресе жиырылады,

Бірде құмға тығылады.

  • Жаңа сабақ.

-Балалар, жапырақтың астынан көбелек шықты ғой.

-Онда көбелек сөзін айтайықшы. (балаларға 2 рет айтқызу.)

-Бірінші қай дыбысты естіп тұрмыз?

-К дыбысы.

Онда бүгін біздің жасыранған дыбысымыз к дыбысы екен.

Енді бәріміз к-к-к деп айтайықшы.

-Қалай айтылып тұр? ( Созылмай, кедергімен айтылып тұр.)

Онда ол қандай дыбыс? (Дауыссыз дыбыс)

-Дұрыс айтасыңдар к дыбысы дауыссыз дыбыс, өйткені ол созылмай кедергімен айтылады.

К дыбысының баспа түрі былай жазылады.

Кдыбысы қай дыбысқа ұқсайды. Қ дыбысына.

К дыбысы мен қдыбысының айырмашылығы неде?

Енді балалар Көбелек сөзін буынға бөлейікші. Текшемен көбелек сөзін жазып жіберейік.

«Сөз ойла, тез ойла» ойынын ойнау.

І қатар. Кдыбысынын басталатын сөздерайтады.

ІІ қатар. Кдыбысы ортасында келетін сөздер айтады.

ІІІ қатар. К дыбысы соңында келетін сөздер айтады.

Сонымен балалар к дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі екен. (басында ортасында, аяғында.)

-Дұрыс айтасыңдар, кдыбысы сөздің обасында да, ортасында да, аяғында да кездесе береді екен.

  • Жұмбақ жасыру.

Жерде жүрер жөні жоқ,

Судан басқа жолы жоқ. (кеме)

Кеме сөзін буынға бөлейікші. Ке- ме 2буын.2дау/ты дыб. Неше дыбыс бар? 4дыбыс. Кім сөйлем құрайды?

Кит сөзін буынға бөлейікші. Кит 1буын.1дау/ты дыб. Неше дыбыс бар? 3дыбыс. Маралға мен осы кит туралы үйден ізденіп біліп кел деп тапсырма бергенмін. (Кит туралы айтады)

  • Жаңа сөздермен жұмыс.Мағынасын айту.

кеме терек мереке кебеже

кесе шелек береке текемет

  • Мәтінмен жұмыс.

Оқушыларға оқып беремін. Сұраққа жауап алу. Суретпен мәтінді құрастыру.

  • Өздік жұмыс

Жақсы. Енді мына суреттерге қарайықшы. Кебеже, кесе,шелек сөздерін буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау.

І қатар. Кебеже сөзін текшемен жазады

ІІ қатар. Кесе сөзін текшемен жазады

ІІІ қатар. Шелек сөзін текшемен жазады

  • Карточкамен жұмыс.

Қабілетті баламен жұмыс.

Қабілеті төмен баламен жұмыс.

  • Сергіту сәті. Ақ көгершін , көгершін,

Қолғанат құс сен едің

Бар, кезіп қайт ел ішін,

Кең дүниенің көлемін.

  • Дәптермен жұмыс.

  1. К дыбысының жазылуымен таныстыру.

  2. Ауада жазу.

  3. Ережені айту.

  4. К дыбысын дәптерге жазу.

  • Сабақты қорытындылау.

Себетке көкеністерді жинау ойыны.

  1. К дыбысы қандай дыбыс?

  2. К дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?

  3. Текемет сөзін буынға бөл?

  4. Кеме сөзіне дыбыстық талдау жаса.

  5. Кебеже деген не?

  6. Шелек сөзінде к дыбысы қай жерде кездеседі?

  7. Текемет сөзінде к дыбысы қай жерде кездеседі?

  8. Кесе сөзінде кдыбысы қай жерде кездеседі?

  • Бағалау.

Балалар кім қанша жапырақ жинады ? Бес жапырақ көп жинаған оқушылар өте жақсы, төрт жапырақ жинаған оқушылар жақсыдеген бағамен бағаланады.

Осы жинаған жапырақтарыңмен дүниетанусабағынба гербари , еңбек сабақтарында аппликация жасайтын боламыз. Осы жапырақтарды кітаптың ортасына салып кептіріп қойыңдар.

























hello_html_mdd2b9d9.png























Қазақ тілі

І нұсқа

1. Түбір сөзді тап.

а) әнші

ә) кітап

б) кәсіпкерден

2. Туынды сөзді белгіле.

а) көлшік

ә) өрнек

б) өнер

3. Жуан буынды сөзді тап.

а) үлгілі

ә) қуаныш

б) көршілер

4. Жіңішке буынды сөзді тап.

а) достық

ә) көлігі

б) бағала

5. Қосымшалы сөз қайсы?

а) жалқаулық

ә) жиек

б) қонақ

6. Зат есімді тап.

а) үлкен

ә) ақын

б) бесеу

7. Қосымшалы зат есім қайсы?

а) үйлер

ә) Әсел

б) адам

8. Негізгі зат есімді тап.

а) ыдыс

ә) күйші

б) ойыншық

9. Тәуелдік жалғау дегеніміз не?

а) заттың атын білдіреді

ә) заттың біреуге меншікті екенін білдіретін қосымшалар

б) заттың қимылын білдіреді

10. Көпше түрде тәуелденген сөз қайсы?

а) достарымыз

ә) бағбан

б) досы

11. Етістік сөзді тап.

а) бұтақтар

ә) секірді

б) сексен екі

12. Етістіктің сұрақтары?

а) Не істеді? Не істейді?

ә) Кім? Не?

Б) Қандай? Қай?

13. Дара етістікті тап.

а) ағып жатыр

ә) ағады

б) бара бер

14. Күрделі етістік қайсы?

а) бақылап тұр

ә) отырды

б) ұшыпты

15. Негізгі етістік қайсы?

а) шегеле

ә) жаз

б) тазала

16. Болымды етістікті тап.

а) бар

ә) барма

б) айтпа

17. Етістік дегеніміз не?

а) заттың қимылын білдіреді

ә) заттың атын білдіреді

б) заттың санын білдіреді

18. Сан есімді тап.

а) әдепті

ә) бес

б) анар

19. Негізгі сын есім қайсы?

а) жақсы

ә) әдепті

б) таудай

20. Сан есімді тап.

а)он бес

ә) әкелді

б) егіз

21. Сын есімнің сұрақтары?

а) Кім? Не?

ә) Қандай? Қай?

б) Не істеді? Қайтті?

22. Есептік сан есім деген не?

а) заттың реттік саны

ә) заттың топтау реті

б) заттың нақты саны

23. Қатені тап.

а) төртінші

ә) алтіншы

б) бесеу

24. Дұрыс жазылған сөзді тап.

А) вагон

ә) вакон

б) Ваган

25. Мәтінді тап.

а) Бұлт, ыдырап.

ә) Аспаннан нөсерлеп жаңбыр жауды.

б) Аспанды қою қара бұлт басты. Әуедегі құстар да көрінбейді. Күн қатты күркіреді. Найзағай да жарқ-жұрқ етті. Нөсер құйып кетті.







ІІ нұсқа

1.Түбір сөзді тап.

а) аға

ә) балалар

б) өнерпаз

2. Туынды сөзді белгіле.

а) көлге

ә) өнім

б) Абзал

3. Жуан буынды сөзді белгіле.

а) достар

ә) зергер

б) пілдер

4. Жіңішке буынды сөзді тап.

а) күзгі

ә) батылдық

б) қайратты

5. Қосымшалы сөзді тап.

а) жаңбыр

ә) балалар

б) ескек

6. Зат есімді тап.

а) тарақ

ә) семіз

б) қызыл

7. Түбір күйіндегі зат есім.

а) арқан

ә) балалар

б) үлкендер

8. Туынды зат есім қайсы?

а) кілем

ә) аяқ

б) жұмыскер

9. Тәуелді жалғаудағы сөзді тап.

а) сексен

ә) досым

б) Ақан

10. Көпше түрдегі тәуелдеулі сөз қайсы?

а) досыңыз

ә) достарымыз

б) бағбан

11. Етістік сөз қайсы?

а) елу екі

ә) отырды

б) әдемі

12. Етістіктің сұрақтары қайсы?

а) Кімдер? Нелер?

ә) Қандай? Қай?

б) Не істеді? Қайтті?

13. Дара етістікті тап.

а) ағып жатыр

ә) ағады

б) бара бер



14. Күрделі етістікті тап.

а) бақылап тұр

ә) отырды

б) ұшты

15. Негізгі етістік қайсы?

а) шегеле

ә) жаз

б) тазала

16. Болымды етістікті тап.

а) келме

ә) кел

б) бар

17. Етістік дегеніміз не?

а) Кім? Не? Деген сұрақтар қойылады

ә) Заттың қимылын білдіретін сөз табы

б) Заттың сынын білдіретін сөз табы

18. Сын есімді тап.

а) үлкен

ә) елу екі

б) Асқар

19. Туынды сын есім дегеніміз не?

а) бұл түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есім

ә) бұл түбір сөзден болған сын есім

б) Кім? Не? Деген сұрақтар қойылады

20. Сан есімді тап.

а) қырау

ә) сегіз

б) еріншек

21. Сан есімнің сұрақтары қайсы?

а) Не істеді? Қайтті?

ә) Қандай? Қай?

б) Кім? Не?

22. Есептік сан есімнің сұрақтары?

а) нешінші

ә) Қанша? Неше?

б) Қаншау? Нешеу?

23. Реттік сан есімді тап.

а) үшеу

ә) екі

б) үшінші

24. Дауыссыз дыбыстар қатары:

а) ы, і, ұ, ү

ә) в, ч, щ, х, һ, б, г, д, ж, з, л, м, н, б.

б) а, о, ә, е.

25. Кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесін ..... дейміз.

а) бастауыш

ә) баяндауыш

б) тұрлаусыз мүшелер










Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 20.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров164
Номер материала ДВ-361573
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх