Инфоурок Иностранные языки ТестыУрок 10,11 кл "Изложения"

Урок 10,11 кл "Изложения"

Скачать материал

8 9 10 11-сыныпқа арналған олимпиада тапсырмалары (Орыс тілінде оқытатын мектептер)

                     8-сыныпқа арналған олимпиада тапсырмалары

                             (Орыс тілінде оқытатын мектептер)

І тур

 

Мазмұндама

                                                            Не тәтті?

 

Жиренше шешен бір күні жолда бір баланы көріпті де, былай деп сұрапты:

      Дүниеде ең тәтті не, балам?

Сонда бала былай жауап беріпті:

      Бал тәтті, - деген екен.

      Ал жұмсақта не жұмсақ?

Мамық жұмсақ.

 -    Қаттыда не қатты?

      Тас қатты.

Бұл баланың жауабын екінші бала тыңдап тұрыпты. Ол Жиренше шешенге былай депті: «Осы сұрақтарға мен де жауап берейінші, рұқсат етіңіз».

      Ал, айта ғой, не тәтті? - депті Жиренше шешен.

      Ананың сүті, - деп жауап беріпті бала.

      Не жұмсақ?

Ананың қолы.

Ал енді не қатты?

 Әкенің жүрегі, - депті бала.

Жиренше шешен екінші балаға риза болыпбалаға батасын беріпті. (30 ұпай)

 

8-сынып

Тест

  1. «Оңай» деген сөздің антонимін табыңыз.

а)ауыр  

ә)қысқа  

б)қиын  

в)ұзын

  1. Тәуелдік жалғаулы сөзді көрсетіңіз

а)айттым   

ә)киімім  

б)білім 

в)жүзім

  1. Тура мағынадағы сөз тіркесін табыңыз.

а)биік ой  

ә)биік ағаш  

б)биік тұлға 

     в)биік арман

  1. Қай сөз тіркесі дұрыс?

а)кең алма  

ә)кең бөлме  

б)кең тіс   

в)кең шаш

  1. Асты сызылған сөзге қандай сұрақ қоюға болады? Мен ертең үйде боламын.

а)қалай?   ә)қандай?   

б)қашан   в)қанша?

  1. Жедел өткен шақтағы етістігі бар сөйлемді табыңыз.

а)Бүгін кешке мен теледидар көремін.

ә)Сен осы жерде тұрасың ба?

б)Оқушылар мұғалімді тыңдап отыр.

в) Мен үйге автобуспен келдім.

  1. Мақалды аяқтаңыз: Күлме досыңа ...

а)ойлап сөйле   ә)өз тіліңді құрметте б)қызыл тіл  в)келер басыңа

  1. Пысықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз.

а)Оқушылар мұғалімді тыңдап отыр

ә)Кешке дейін ініммен үйде болғым келеді

б)Халық батырына риза болады

в)Менің анам -тамаша адам.

  1. Қай сөздің жазылуында қате бар?

а)мұрын   ә)кереует  б)бөлме  в)құлақ

  1. Жіктік жалғау 2 жақ, көпше тұрған сөзді табыңыз.

а)барамыз  

ә)барасыңдар   

б)барасыз   

в)барады (20 ұпай)

2 - тур

 

 

 

  1. Мәтінді оқыңыз. Мазмұны бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

            Ыбырай Алтынсарин Қостанай облысында туған. Ол – қазақтан шыққан тұңғыш ұстаз. Қазақ балаларына арнап алғаш рет мектеп ашып, өзі ұстаз болған.

            Балаларды оқу-білімге шақырып, өлең, ертегі, әңгімелер шығарды. Өзінің бүкіл өмірін ұстаздық іске арнаған ол «Қазақ хрестоматиясы» деген оқулық жазды.

  1. Берілген тақырыпқа әңгімелеп беріңіз.
  2. Асты сызылған сөйлемдегі сөздерге жазбаша түрде морфологиялық талдау жасаңыз.
  3. Өзіңізге ұнайтын өлеңді мәнерлеп жатқа айтыңыз.

 

 

                8 – сыныпқа берілген арнаулы тақырыптар

 

 

  1. Менің сүйікті жануарым
  2. Менің сүйікті тағамым

 

  1. Менің арманым

 

  1. Білімнің өмірдегі маңызы туралы.

 

  1. Менің сүйікті кітабым (50 ұпай)

 

                 9-сыныпқа арналған олимпиада тапсырмалары

Облыстық олимпиада I тур

9 сынып

Мазмұндама

 

Жақсылардың жақсысы

 

Баяғыда бір ақылды қарияның жалғыз қызы болыпты. Қария бірнеше бөлмелі, жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйінің айналасы бау-бақша екен. Қарияның кішкене қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды. Қыз кірмеген жалғыз ғана бөлме қалады. Ол бөлме жабық тұрады екен.

Бір күні қыз қарияға:

-  Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда, жақсырақ қой деп ойлаймын, - дейді.

-  Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың. Өскенде бұл бөлмені саған беремін. Сен оған өмір бойы риза боласың, - деп жауап қайтарады әкесі.

Ай өтеді, жыл өтеді, қыз есейіп бой жетеді. Қария қызына жабық бөлменің кілтін ұсынады. Қыз қуанып есікті ашып жібереді. Сонда оның көргені – ұршық пен өрмек және кітап. Олардан өзге түк жоқ. Қыз әкесіне жылап келіп:

-  Әке, сен жабық бөлмеде жақсылардың ең жақсысы бар деген едің. Мен одан ұршық, өрмек, кітаптан басқа еш нәрсе таппадым, - дейді.

-  Міне, жақсылардың жақсысы деген – осылар, қызым! Ұршық пен өрмек болса, еңбегің жанады. Ал кітап оқысаң, білім артады. Дүниеде бұдан артық жақсы жоқ. Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, біліммен табылады, - деп түсіндіреді қария. (30 ұпай)

 

 

Тест сұрақтары

  1. «сұлу» деген мағынаны білдіретін фразеологизмді табыңыз

а)көзді ашып жұмғанша   

ә)көзі көрген  

б)ай десе аузы, күн десе көзі

в)ит өлген жерде

  1. Мақалды аяқтаңыз: Өнер алды ...

а)ойлап сөйле  

ә)өз тіліңді құрметте  

б)қызыл тіл  

в)келер басыңа

  1. Тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз.

а)көзді ашып жұмғанша 

ә)көзіңді аш  

б)көзіңді жу  

в)тез бар

  1. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. ... көріп келдім.

а)өзіне

ә)өзінде

б)өзін

в)өзінің

  1. «жаман» сөзінің синонимін табыңыз.

а)олақ

ә)тамаша

б)тәуір

в)нашар

  1.  Мақсатты келер шақтағы етістігі бар сөйлемді табыңыз.

а)Кеше кешке мен теледидар көрдім

ә)Сен осы жерде тұрасың ба?

б)Мен ауылда болғанмын

в)Мен бүгін үйге ерте бармақпын

  1. Септік жалғауы бар сөзді анықтаңыз.

а)сыныбында  ә)баяғыда   б)ұмытпа   в)арманда

  1. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны табыңыз.

а)лар   ә)ның  б)пін  в)хана

  1. Айтылуы бойынша дұрыс жазылған сөзді табыңыз

а)Айтбек  ә)өсүмдүк   б)басшы   в)көзқарас

  1. Мына сөйлемнің дұрыс аудармасын табыңыз. Олжас хотел учиться.

а)Олжас оқуға барды.

ә)Олжастың оқығысы келді.

б)Олжас оқуды армандады.

в)Олжас оқығысы келеді.(20 ұпай)

 

9-сынып

ІІ тур

 

Мәтінді оқыңыз. Оған қандай ат қоюға болады? Мазмұнын айтып беріңіз.

            Қазақстан Республикасының жері кең-байтақ. Оның биік таулары мен айдын көлдері, қалың ормандары мен жасыл жайлауы бар. Жер астында орасан зор табиғи байлықтар жатыр.

            Республикамыздың астанасы – Астана қаласы. Ол еліміздің бас қаласы. Қазақстанда көптеген әсем қалалар бар. Олар: Алматы, Қарағанды, Шымкент, Семей, Атырау, Орал, Түркістан, Қостанай, т.б.

  1. Берілген тақырыпқа әңгімелеп беріңіз.
  2. Асты сызылған сөйлемдегі сөздерге жазбаша түрде морфологиялық талдау жасаңыз.
  3. Өзіңізге ұнайтын өлеңді мәнерлеп жатқа айтыңыз.

 

9-сыныптың 2-ші тапсырмасы бойынша арнаулы тақырыптар

 

 

1.Менің мектебім

 

2.Менің сүйікті мейрамым

 

3.Менің сүйікті пәнім

 

4.Маған ұнайтын спорт түрі

 

5.Қазақстан табиғаты (50 ұпай)

 

 

 

                                                  Облыстық олимпиада I тур

10 сынып

         Мазмұндама

                                                             Ала мысық

 

Бекежан оянғанымен, жылы төсектен тұрғысы келмеді. Тұруға ерініп, көзін бір ашып, бір жұмып, ұйқылы-ояу маужырап жата берді. Ол бір сәт көзін ашып жатып, бір нәрселер ойлаған болып еді, көзі өзінен-өзі жұмылып, мызғып кетті. Әлгі ойы түс сияқты бұлдыр тұманға айналды. Содан қайта ояна беріп, тағы бір нәрсе ойлайын деп еді, құлағына жіп-жіңішке үн ызың ете түскендей болды. Сергіп алып, құлағын түріп еді, үн жалғыз емес, бірнешеу болып үзік-үзік естілді және дәл өз төсегінің астынан шықты. Бекежан әп-сәтте жерге қарғып түсіп, етпеттеп барып, төсектің астына үңілді. Түкпірге таман, өзінің ала мысығының бауырында қыбыр-қыбыр етіп жатқан қызылшақа балаларды көрді. Ала мысықтың бір баласын қолына алып, аялағысы келді. Еңбектеп жақындайын деп еді, ала мысық көзі оттай жанып, пыр-пыр етіп, айбат шекті. Бекежан ала мысықтың бұл мінезіне әжептәуір ренжіп, не істерін білмей тұрып қалды. Кетейін десе, оларды қимайды, жақындайын десе, ала мысық жолатпайды.(30 ұпай)

 

 

 

 

Тест сұрақтары

 

1. Жедел өткен шақтағы етістігі бар сөйлемді табыңыз.

a)      Бүгін кешке мен теледидар көремін.

b)      Сен осы жерде тұрасың ба?

c)      Оқушылар мұғалімді тыңдап отыр.

d)     Мен үйге автобуспен келдім.

e)      Мен Астанада болғанмын.

2. Мақалды аяқтаңыз: Күлме досыңа, ...

a)      Ойлап сөйле

b)      Өз тіліңді құрметте

c)      Қызыл тіл

d)     Келер басыңа

e)      Өзің түсесің

3. Пысықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз.

a)      Оқушылар мұғалімді тыңдап отыр.

b)      Кешке дейін ініммен үйде болғым келеді.

c)      Халық батырына риза болады.

d)     Менің анам – тамаша адам.

e)      Мектеп ауласы таза.

4. Қай сөздің жазылуында қате бар?

a)      Мұрын

b)      Кереует

c)      Бөлме

d)     Құлақ

e)      Мұғалім

5. Жіктік жалғау 2 жақ, көпше түрде тұрған сөзді табыңыз?

a)      Барамыз

b)      Барасыңдар

c)      Барасыз

d)     Барады

e)      Барайық

6. Септеулік шылауды көрсетіңіз.

a)      Және

b)      Сондықтан

c)      Ау

d)     Ғана

e)      Туралы

7. Жақты сөйлемді табыңыз.

a)      Менің киноға барғым келеді.

b)      Сабаққа үнемі дайындалу керек.

c)      Ауылдың шетінде құс фермасы бар.

d)     Денсаулықты жас кезіңнен сақтауың керек.

e)      Оның ештеңе істегісі келмейді.

8. Қай сөйлемде жанама толықтауыш бар?

a)      Оспан ешкімнен қорықпайды.

b)      Мен кітап оқыдым.

c)      Сабақ оқыдық.

d)     Даланы суреттеп отыр.

e)      Мен досымды шақырдым.

9. Еліктеу сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

a)      Еһе, бұл қиын жұмыс қой.

b)      Үйде адам бар ма?

c)      Әрине, талабың күшті болса, жеңесің.

d)     Баяғы заманда бір шал болыпты.

e)      Қоңырау шылдыр етті.

10. Түбір мен қосымша аралығындағы ілгерінді ықпалды көрсетіңіз.

a)      Отрядқа жаңа адам қабылданды.

b)      Сәнқойлық – талғампаздықтың бір түрі.

c)      Сөзшең адамның бәрі шешен емес.

d)     Түнгі самал егін басын тербейді.

e)      Өзен жағасына бардық. (20 ұпай)

 

                                                         10  сынып

                                                         2 - тур

1 . Мәтінді оқып, мазмұнын өз сөзіңізбен айтып беріңіз. Мәтінге қандай ат қоюға болады? Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыз.

Біреудің екі баласы бар екен. Бірі еріншек екен. Тек «жатсам» дей береді екен. Екінші баласы ерінбейді екен. Үнемі «жүрсем», «қыдырсам» дей береді екен. Ағайынды екеуі осылай «жатсам», «жүрсем» деп ерегеседі. Ағалы-інілі екеуі әкесіне барып жүгінеді. Әкесі оларға былай депті.

            Жатқанға жан жуымайды, жүргенге жөргем ілінеді. (добыча найдется)

  1. «Қазақ тілі не үшін керек?» тақырыбына диалог құрастырыңыз. Достық туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіз?
  2. 1-тапсырмадағы мәтінде асты сызылған сөйлемге жазбаша түрде синтаксистік талдау жасаңыз.
  3. Өзіңізге ұнайтын өлеңді немесе прозалық шығармадан үзіндіні мәнерлеп жатқа айтыңыз. (50 ұпай)

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок 10,11 кл "Изложения""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Научный сотрудник музея

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 773 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.02.2016 1427
    • DOCX 40.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шуманова Айслу Хайдаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шуманова Айслу Хайдаровна
    Шуманова Айслу Хайдаровна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 27015
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания русского языка как иностранного

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 19 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Итальянский язык: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель итальянского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания немецкого языка с учетом требований ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 19 регионов

Мини-курс

Проектный подход к рекламе: эффективные стратегии и инструменты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии B2C маркетинга: от анализа до взаимодействия с клиентом

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические аспекты родительства и развития ребёнка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе