Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру
кезеңі
Тыныштық
сәтi.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.
Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.
Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Қазір
біз тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Біз терең тыныс алғанда біздің ойымыз
тынышталады. Демді ішке алғанда жүрегімізді ішкі тыныштық пен қуанышқа
толтырамыз. Ал, демімізді сыртқа шығарғанда мазасыздықты сыртқа шығарамыз.
Ал, балалар дайындалайық. Көзімізді жұмамыз. Арқамызды тік ұстап,
қол-аяғымызды айқастырмаймыз. Қолымызды үстелдің үстіне немесе тіземізге
қоюға болады. 9-10 рет, баяу жасалады
– Балалар жазғы демалысымыз да
аяқталып, жаңа оқу жылы басталды. Балалар, енді сендер екінші сынып оқушысысыңдар.
Ер жетіп, ақылдарыңа ақыл қосылды. Сендерді алда қызығы мен шаттығына,
жақсылығы мен жаңалығына толы «Өзін-өзі тану» сабақтары күтіп тұр. Ол
сабақтарда өз бойларыңдағы жақсы қасиеттерің мен жаңа мүмкіншіліктеріңді
білетін боласыңдар, сондай-ақ адами қарым-қатынаста шыншылдықпен танылып,
адамгершілік құндылықтар мен денсаулықты бағалай білесіңдер. Табиғат
перзенті, Отан ұланы екендеріңді мақтан тұтасыңдар.
2.
Тапсырма
Оқушылардың
«Өзін-өзі тану» пәнінен үйренген жақсы әдеттері мен қылықтарын жазғы
демалыста қалай көрсете алғандарын білу мақсатында төмендегідей тапсырма
беріледі.
Оқушыларға суреттерге қарап, «Менің жазғы демалысым»
тақырыбына әңгіме құрастыру тапсырылады.
Оқулықтағы
суреттерде балалардың жазғы демалыста бау-бақшаны күтуге қарасқандары;
табиғат аясында серуен құрғандары; саяхат-сапарларға шыққандары; аулада
ойнаған кездері бейнеленген. Балалар осы суреттерге қарап отырып және
өздерінің демалыс кездерін естеріне түсіріп, басқа қызықты істері, есте
қаларлық оқиғалары туралы әңгімелеп береді.
3. Дәйек сөз:
Өзіңді
танығанда ғана өзгені білесің
А.Пивен
Бүгінгі
сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіріледі.
Оқушыларға
2 – 3 рет қайталатып, жатқа сұралады.
Сұрақ:
Өз бойларыңда қандай жақсы қасиеттер бар
деп білесіздер?
Мұғалім қорытынды жасайды:
- «Өзіңді тану
арқылы өмірдің ақиқатын түсінесің» делінген халық даналығында үлкен
мән бар. Шынайы өмірде жағымды да, жағымсыз да құбылыстар, әрекеттер кездесуі
мүмкін. Соларды ажырата білу аркылы өмірдің жағымды жақтарын бойымызға
сіңіріп, жақсы өмір сүруге, адамдарға және айналамызға қуаныш, бақыт сыйлай
білуге үйренеміз.
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.