Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Урок классному руководителю на тему "Менің тұңғыш Президентім"

Урок классному руководителю на тему "Менің тұңғыш Президентім"



  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_2276ca6e.gif


Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім
Мақсаты: оқушыларға Қ. Р. Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру. Оқушыларға президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі – өнеге ету. Оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Президенттің суреттері, буклеттер, слайд, шарлар, бейне таспа

Барысы.:

Кіріспе.
Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.
Мұғалім: оқушылар Елбасы еңбектерінің қандай тақырыптарын оқысаңдар да, ел экономикасын, ел тарихын, ұлт рухын, халықтың салт – санасын дүр сілкіндіріп оятқан ойлар, мол өмірлік тәжірибе, ғибратты тағылым жатқанын көре аламыз. Сондықтан да еліміздің болашақта үміт күтетін ұрпағы сендер, Елбасының «... садағаң кетейін, айналайын халқым! Сенің жолыңда бойда қуат, ойда нәр – бәрін аянбай сарп етуге пейілмін» немесе «Менде қазақтың елдігін, Қазақстан Республикасының мемлекеттігін нығайтудан басқа мақсат та, арман да жоқ», - деген сияқты сертпен тең тегеурінді ойларын, елім деп еңіреген ерінің жасампаздыққа толы жан сырын, қанатты қағидаларын және өмір жолдарын біліп жүрулерің қажет деп ойлаймын.
1-жүргізуші: Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

2 - жүргізуші:
Қазақ халқы қаншама тар жол, тайғақ кешулерден өтсе де, әрқашан қадір - қасиетін жоғалтпай, ар - намыс, абыройын төкпей шығып отырды.
Соның бәрінде оған жігер қосқан, рухын көтеріп, арманын асқақтатқан халықтың еркіндікті, тәуелсіздікті аңсауы, соған деген ұмтылыс, құштарлығы еді. Осы өшпес рухани қасиет әкеден балаға мирас болып, әрдайым алға жетеледі.

1-оқушы:
Бекасылсұлтан:
Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6-шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туылған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.

Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол станциясына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

2-оқушы:
Ол ерте есейді. Орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін, бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып, металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.


3-оқушы:
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.

4-оқушы: Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

5-оқушы. 1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.

6-оқушы: 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.

7-оқушы: 1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.

8-оқушы: Шаңырақ –Отан отбасынан басталады. Ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.


9-оқушы: Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.

2006 жылы 7-қаңтарда Әнұран қабылданды.
Егемен елім әнұраны жанарды,
“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.

10-оқушы:1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
Құт-береке болшы бір елге келген.
Өз туы, елтаңба, әнұраны бар
Айтыңдаршы, енді елім кем де неден?

11-оқушы:
1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
«Ата Заң»
Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.
Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға:
“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”
Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,
Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.
Ермек Өтетілеуұлы.

12-оқушы:

Астана - ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы - Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.



13-оқушы: 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.
Ән: “Астана – бас қала”

Арайжан:
Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік қоясың,
Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың.
Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндері,
Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.
Халықтың мұңы мұңдайтынын да, халықтың жыры жырлар жыр,
Көкірегіңде көнермей әлі өткен де кеткен жылдар жыр,
Соңына ердік сол ғана бізді жеткізеді деп бақытқа,
Бақытқа баста байтақ еліңді, бақытсыздықтан құр қалдыр.
Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен,
Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.
Сүйеміз сені, санамыз, сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.
Жесірге пана, қашанда қамқор боп жүрсің жетімге,
Ананың тілі, баланың тілі сөйлей білесің не тілде.
Қалам тербесек жүрек берді есеп басынан өткен жылдарға

C:\Users\ыч\Desktop\Менің тұңғыш Президентімтәрбие сағат суреттері\Фото0246.jpg

Бекасылсұлтан: «Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!


C:\Users\ыч\Desktop\Менің тұңғыш Президентімтәрбие сағат суреттері\Фото0238.jpg

Мағжан:
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.


Сара:
Тұманбай Молдағалиев «Есіл ер»
Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік қоясың,
Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың.
Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндері,
Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.
Халықтың мұңы мұңдайтынын да, халықтың жыры жырлар жыр,
Көкірегіңде көнермей әлі өткен де кеткен жылдар жыр,
Соңына ердік сол ғана бізді жеткізеді деп бақытқа,
Бақытқа баста байтақ еліңді, бақытсыздықтан құр қалдыр.

Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен,
Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.
Сүйеміз сені, санамыз, сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.
Жесірге пана, қашанда қамқор боп жүрсің жетімге,
Ананың тілі, баланың тілі сөйлей білесің не тілде.
Қалам тербесек жүрек берді есеп басынан өткен жылдарға,
Саған сенбесек, кімге сенеміз осынау жердің бетінде...


Айда:

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тек Президент, қоғамдық қайраткер ғана емес, Қазақстандағы үлгілі бір отбасының отағасы. Жұбайы Сара Алпысқызы – Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады.
Елбасының да үкілеп, мәпелеген үш қызы бар. Тұңғышы Дариға – саясат ғылымдарының докторы, Динара – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады, ал, кенжесі Әлия – бизнеспен айналысады.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – еліміздің 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының, Қазақстан Республикасы Әнұранының жаңа мәтінінің, «Ғасырлар тоғысында», «Жер кіндігі», «Нарық және әлеуметтік – экономикалық даму» тәрізді бірнеше кітаптардың, ғылыми еңбектердің авторы. Бос уақытында үлкен тенниспен айналысады, өлең шығарады, сүйікті әндерін тыңдайды.

1 - жүргізуші:
Мемлекеттік тәуелсіздігімізді жария еткен алғашқы сәттен бастап – ақ бүгінгі күнге дейінгі жеткен жетістіктеріміз, пайымдап отырсақ елімен етене Елбасының еңбегімен байланысты екен.

2 - жүргізуші:
Иә, оның себебі – Нұрсұлтан Әбішұлының жаһанның жаңа кезеңінде қазақ елінің жаңа дәуірін, ұлт рухының шарықтап, қайта өркендеп өркениетке ұмтылуын кемеңгерлікпен ұйымдастыра білуінде.

1 - жүргізуші:

Әр сөздің астарына осы арада,
Жастарым, ой жіберіп жете қара!
Тәуелсіз Қазақстан тарихында,
Тұлғасы Елбасының жеке дара!
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!


Барлығы біргеОсы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
Ән: «Елім менің» (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов

C:\Users\ыч\Desktop\Менің тұңғыш Президентімтәрбие сағат суреттері\Фото0241.jpg


Ән: «Жаса Қазақстан!» (Бағдат Мақсымхан)


C:\Users\ыч\Desktop\Менің тұңғыш Президентімтәрбие сағат суреттері\Фото0239.jpg


Би: «Гүлдер» тобы




1 - жүргізуші:
Елбасы қазақ елінің әлемдік бәсеке дәрежесіндегі даму жарысына батыл араласып, ғасырлар тоғысында мың құбылған толқындардың дүрмегіне ілеспей, ерекше дараланып, әлемдік аренада өз орнын, өз жолын таба білуі жолында еңбек сіңірді. Осы ойларымызды қазақ және шетел зиялылырының зайырлы сөздерімін өрнектесек.
Даласында достық іздеп жүр екен,
Дуалы ауыз, басқан ізі гүл екен.
Өз халқының кең пейілі сияқты,
Күллі әлемді құшаққа алған – Нұрекең!

2 - жүргізуші: Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.

Біз – бейбіт елміз, бай елміз, бақытты елміз! Осы қасиетті рухымыз әрбірімізге Отанды сүюге, елді қорғауға, білімді болуға жол бастап, Тәуелсіз Қазақстан алдында азаматтық үлесімізді өрістетуге тұмар болсын, шыңға шығар шынар болсын! Ел көркейіп, Елбасымыз бізді бұдан да жарқын өмірге бастай берсін! Көріскенше күн жақсы!


Қорытынды. Мұғалім: Біздің президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен Отанымызды әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатынымызға күманданған жандар болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.





C:\Users\ыч\Desktop\Менің тұңғыш Президентімтәрбие сағат суреттері\Фото0251.jpg

10 «Ә» сынып оқушылары



C:\Users\ыч\Desktop\Менің тұңғыш Президентімтәрбие сағат суреттері\Фото0253.jpg

10 «Ә» сынып жетекшісі Махымова Гүльжаухар оқушыларымен бірге



C:\Users\ыч\Desktop\Менің тұңғыш Президентімтәрбие сағат суреттері\Фото0248.jpg

Оқу ісі орынбасары: А.Қасымбеков

C:\Users\ыч\Desktop\Менің тұңғыш Президентімтәрбие сағат суреттері\Фото0249.jpg

Тәрбие ісі меңгерушісі: Қ.Маликова



«Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі







Ашық тәрбие сағат























Орындаған: Махымова Гульжаухар




































































































Автор
Дата добавления 15.12.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров120
Номер материала ДВ-262147
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх