Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Презентации / Урок " Көркем әдебиет стилі"

Урок " Көркем әдебиет стилі"


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ СТИЛІ
Көркем әдебиет стилі немесе көркем сөз — ойды және сезімді образ арқылы бейне...
Тіл адам баласының іс-әрекеттерінің барлық жақтарын тегіс қамтиды. “Тілдің қи...
Қөркем шығармада көптеген кейіпкерлер болады. Олар жағымды, жағымсыз образдар...
Мысалы: Азуы — алмас, тілі — у, Арам көңіл, ала ту, Кең жемсаулы, кең қарын,...
Көркем шығарма тілі — проблемалық мәселе. Көркем шығар-маны жасайтын — жазушы...
Қөркем әдебиет — “сөз арқылы әдемі түрде суреттелетін ис-кусство”. Әдебиетшіл...
Жазушының стилі — көркем шығарма жазу үстінде қалыпта-сатын әр жазушының өзі...
Көркем шығарма тілінін, осы уақытқа шейін қалай зерттеліп келгені туралы акад...
Көркем шығарма тілін зерттеуде кездесетін бір қиындық — оның проза, драма, п...
Тіліміздегі басқа стильдерге қарағанда, көркем сөз стилінің аясы кең. Мұнда б...
1 из 11

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ СТИЛІ
Описание слайда:

КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ СТИЛІ

№ слайда 2 Көркем әдебиет стилі немесе көркем сөз — ойды және сезімді образ арқылы бейне
Описание слайда:

Көркем әдебиет стилі немесе көркем сөз — ойды және сезімді образ арқылы бейнелейтін айрықша өнер. Тіл көркем шығармада ерекше эстетикалық қызмет атқарады.

№ слайда 3 Тіл адам баласының іс-әрекеттерінің барлық жақтарын тегіс қамтиды. “Тілдің қи
Описание слайда:

Тіл адам баласының іс-әрекеттерінің барлық жақтарын тегіс қамтиды. “Тілдің қимыл өрісі шексіз”. Адам өз ойын жеткізу үшін ғана сөйлесіп қоймайды, көңіл күйін, эмоциясын білдіру арқылы басқа адамдардың да сана-сезіміне әсерін тигізеді. Ол әсер сөйлеу тілімізде айтушының өз түсінігі бойындіа, өз ойын тіл құралы ар-қылы жеткізе білуінен болса, көркем шығармалар— жазушының өмір тануына, дүние сезінуіне, көзқарасына сол өмір фактісін жи-нақтап, қорытып бейнелі тілмен жазу мәнерінен болады.

№ слайда 4 Қөркем шығармада көптеген кейіпкерлер болады. Олар жағымды, жағымсыз образдар
Описание слайда:

Қөркем шығармада көптеген кейіпкерлер болады. Олар жағымды, жағымсыз образдарға бөлініп, топталады. Олардың әрқайсысының өз алдына жеке-дара сырт пішіні — портреті — жасалып, іс-әрекеттері, ой-өрісі, өмір тануы суреттеледіондағы қайталаусыз жасалған әр алуан образдар мен өмір құбылыстарыньщ картиналары бейнелеулер арқылы көрінеді.

№ слайда 5 Мысалы: Азуы — алмас, тілі — у, Арам көңіл, ала ту, Кең жемсаулы, кең қарын,
Описание слайда:

Мысалы: Азуы — алмас, тілі — у, Арам көңіл, ала ту, Кең жемсаулы, кең қарын, Найзадай түйреп қолдарын Қорқау қасқыр — “жан” жүрді.

№ слайда 6 Көркем шығарма тілі — проблемалық мәселе. Көркем шығар-маны жасайтын — жазушы
Описание слайда:

Көркем шығарма тілі — проблемалық мәселе. Көркем шығар-маны жасайтын — жазушы. Шығармадан жазушының өзіндік ерекшелігі, шеберлігі, стилі байқалып отырады. Шеберлік мәселе-сін шығарманын, тілінен бөлек алып қарауға болмайды. Шеберлік мәселесі тілге тікелей қатысты. Сондықтан да жазушының ше-берлігі жайында сөз еткенде, ең алдымен оньщ, тілінен бастаған жөн.

№ слайда 7 Қөркем әдебиет — “сөз арқылы әдемі түрде суреттелетін ис-кусство”. Әдебиетшіл
Описание слайда:

Қөркем әдебиет — “сөз арқылы әдемі түрде суреттелетін ис-кусство”. Әдебиетшілер болсын, тілшілер болсын көркем шығарма тілін сөз еткенде, екеуінің де негізгі объектісі — әдеби шығарма. Өйткені әдеби шығарманың негізгі құралы — тіл. Жазушылар да құрылысшылардьщ кірпіштен салған биік әсем мұнарасы сияқ-тандырып өмірдегі сан алуан қүбылыстарды бейнелі сөз өрнегі арқылы қиюластырып, көркем образдар жасайды. Көркем образ жазушының шеберлігіне, оньщ жалпы халыктық тіл байлығын жетік меңгеріп, шұрайлы сөз образдарын қолданып шебер суреттей білуіне байланысты. Сонымен бірге жазушы шығармасының тілі, онық стиль ерекшелігі шығарманьщ мазмұн, идеялық жақтарымен байланысты қарастыруды қажет етеді.

№ слайда 8 Жазушының стилі — көркем шығарма жазу үстінде қалыпта-сатын әр жазушының өзі
Описание слайда:

Жазушының стилі — көркем шығарма жазу үстінде қалыпта-сатын әр жазушының өзіндік мәнері, сөз қолдану тәсілдері. Жа-зушыньщ стиль ерекшелігі, оның өзінін, өмір тануына, шырарма-сының идеялық мазңұнына сай жалпы халықтық тіл қазынасын меңгеріп, оны қалай қолданғандығынан байқалады. Ал жазушы-лардың тілдік қүралды қолдану тәсілдері біркелкі. болмайды, Өмірдегі адамдар каншалықты көп болып, олардың түрлері бір-біріне ұксас келмейтіні тәрізді жазушылардың да жазу мәнерінде, стилінде ұқсастық бола бермейді. Әр ақын-жазушылардың өзіндік ерекшелігі болады. Ақын-жазушылардың өзіндік стиль ерекшелік-тері, жазу мәнері жалпы халықтық тілдің негізінде қалыптасып жетіледі.

№ слайда 9 Көркем шығарма тілінін, осы уақытқа шейін қалай зерттеліп келгені туралы акад
Описание слайда:

Көркем шығарма тілінін, осы уақытқа шейін қалай зерттеліп келгені туралы академик В. В. Виноградовтың “О языке художе-ственной литературы” деген кітабынан толық мағлұмат алуымызға болады. Автор бұл еңбегінде совет дәуіріндегі көркем шығарма тілінің зерттелуіне арналған ғылыми еңбектер мен мақалаларға талдау жасап, ондағы жетістік пен кемшіліктерді көрсетіп, көркем шығарма тілінің зерттелуі жайында құнды пікірлер айтқан. Ака-демик В. В. Виноградовтың аталран еңбегінің құндылығы — жазу-шының өзіндік стилі орыс әдебиетінін, даму заңдылықтарымен байланысты қаралуында. Бұл тәсіл — жазушының тіл ерекшелігін зерттеушілердің бұдан былайғы жерде айрықша көңіл бөлетін мәселесі.

№ слайда 10 Көркем шығарма тілін зерттеуде кездесетін бір қиындық — оның проза, драма, п
Описание слайда:

Көркем шығарма тілін зерттеуде кездесетін бір қиындық — оның проза, драма, поэзия сияқты жанрларды қамтып, көп жанрлы болып келуінде. Әр түрлі жанрлардың әрқайсысынын, өзіне тән тіл ерекшеліктерін зерттеу әдістері жөнінде белгілі бір нүсқау беру қиын. Шығарманың жанрлық ерекшелігіне қарай, тіл өзгешелігі болатындығы әдебиет теориясыньщ оқулықтарында және кейбір лингвистикалық еңбектерде тиіп-қашты айтылады. Ал арнайы жа-зылған еңбек әзір жоқтың қасы.

№ слайда 11 Тіліміздегі басқа стильдерге қарағанда, көркем сөз стилінің аясы кең. Мұнда б
Описание слайда:

Тіліміздегі басқа стильдерге қарағанда, көркем сөз стилінің аясы кең. Мұнда барлық стильдердің элементтері кездеседі. Тілдік тәсілдер көркемдік мақсатта жұмсалады. Образды сөздер жиі қолданылады. Әр жазушының өзінің талғамына қарай тіл ерекше-лігі, қолдану тәсілі болады. Ол ерекшеліктердің бәрі бір-бірімен арақатынас.та болып, көркем әдебиет стилінің басқа стильдерінде қайталанбайтын, айрықша жүйесін жасайды.


Автор
Дата добавления 09.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Презентации
Просмотров385
Номер материала ДВ-433592
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх