Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Урок "Күй құдіреті" 2 класс

Урок "Күй құдіреті" 2 класс

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тәрбие сағаты 16. 02. 2016ж.

Сабақтың тақырыбы: Күй құдіреті

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мәні: Күйдің тарихымен түрлеріментаныстыру. Өз халқының күйшілерін тану. Өнер адамдарына деген құрмет сезімдерін туғызу

Тәрбиелік мәні: Өнерді құрметтеуге, өзін - өзі ұстауға, адамгершілікке, өнерді бағалай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық мәні: Оқушылардың ән - күйлерді тыңдай арқылы әуендік сезімталдығын арттыру, есте сақтау, қиялдау, ойлау қабілеттерін дамыту

Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, бейнелеу

Сабақтың көрнекілігі: Күйшілердің т. б. Суреті (А.Байтұрсынов, Қ.Сағырбаев, А.Құнанбаев), слайдтар, жасыл карточкалар (шкафта), аспаптардың суреттері (сыбызғы, шаңқобыз, жетіген), домбыра аспабы, күй аттары жазылған карточка.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

2. Психологиялық дайындық:

Үлкендерге сіз,

Кішілерге біз.

Әдеппенен бас иіп,

Сәлем бердік біз!

3. Жаңа сабақ.

1-слайд. «Триггерлік суреттер» әдісі арқылы жаңа тақырыпты ашу.

2-слайд. Сабақтың тақырыбы: «Күй құдіреті»

Күй» дегеніміз не?

Күй - домбырада және басқа да музыкалық аспаптарда орындалатын музыкалық шығарма.

Ол ертеде халықтың музыкалық сауаты жоқ кездері пайда болып, біздің заманымызға қолдан қолға үйрену арқылы жеткен.

Кез келген күйдің оны тыңдаған жанға әсері зор екен. Бірі тыңдаушысына екпінді күш-қуат берсе, енді бірі мұңға батырады немесе ой салады екен.

- Күйді шығаратын адамды кім дейді? (композитор)

-Күйді орындайтын адамды күйші дейді.

-Енді сендердің күй өнері және музыкалық аспаптар туралы қалыптасқан білімдеріңді еске түсіру үшін қазір топтық жұмыс беремін.





3-слайд. Топпен жұмыс

1-т. Қазақтың әйгілі күйші композиторын тап. Ол туралы не білесің?

2-т. Қай күй Құрманғазынікі? Ол туралы не білесің?

3-т. Ішекті аспапты тап. Ол туралы не білесің?

4-т. Қобызбен орындалған күйді тап.

5-т. Домбырада орындалған күйді тап.

Топтық жұмысты қорғау.



Күйді кез келген аспапта ойнауға болады.

Қазақ халқының музыкалық аспаптарымен таныстыру. (Слайдта музыкалық аспаптар суреттері көрсетіледі)

«Жигсо» әдісі арқылы музыкалық аспаптар таныстырылады. Әр топтан бір оқушы шығып қорғайды.

Кез келген күйдің шығу тарихы болады. Күй туралы айтқанда қазақтың біртуар перзенті, күйші, сазгер Н.Тілендиев есімімен сендерді таныстыра кетпесе болмас. Нұрғиса ағамыздың «Аққу» деген күйі бар. Сол күйдің шығу тарихына тоқталайын.

Қазақфильм киностудиясы «Қыз Жібек» фильмін түсіргенде ғашықтардың махаббатын қос аққуды көрсету арқылы түсіндірмек болып айдын көлге келеді екен. Түсіру тобынан, қорыққан аққулар үркіп ұшып кетіп қалады. Бірнеше күн аққуларды түсіре алмаған операторлар әбден шаршайды. Мүмкін музыканың құдіреті арқылы бізді байқамай қалар. Қандай музыка қойсақ болады деп Нұрғиса Тілендиевтен сұрауға барады. Олармен домбырасын алып көлге бірге келген Нұрғиса ағамызға қос аққуды көргенде шабыт бітіп, «Аққу» күйін шығарған екен. Күйдің құдіреті түсіру тобын таң қалдырыпты. Себебі олар күйге елтіген қос аққудың әсем көріністерін алаңсыз түсіре берген екен.

Қазір аққу күйін тыңдайық. (Күйді домбырада, содан кейін «Тұран» фольклорлы этнографиялық ансамблінің орындауында тыңдату)

Күй тыңдау барысында топтық жұмыс беріледі.

Топтық жұмыс.

1-топ. «Қиялдағы сурет»

2-топ. «Бес жолды өлең»

3-топ. «Тілші» (Көрермендерге сұрақ дайындайды)

4-топ. «Семантикалық карта»

5-топ. «Триггерлі сурет»

Семантикалық карта

аспаптар

ішекті

үрлемелі

ұрмалы

домбыра




сазсырнай




асатаяқ




жетіген




сыбызғы




дабыл





Мектеп оркестрі жайында айту.



Автор
Дата добавления 05.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров69
Номер материала ДБ-012177
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх