Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Урок "Менің атым Қожа" 1 сынып

Урок "Менің атым Қожа" 1 сынып

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Бекітемін:

Уақыты:

Пәні: ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Бас әріптен басталатын сөздер.

Б.Соқпақбаев. «Менің атым Қожа»


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бас әріпттен басталатын сөздер туралы түсінік беру, Бердібек Сокпақбаев жайлы мағұлмат бере отырып «Менің атым - Қожа» повесінен үзінді оқу, ондағы кісі аттарының жазылуын түсіндіру, ойын жеткізе білуге үйрету;
2. Сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру;
3. Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі:
сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: «Заттың атын білдіретін сөздер» слайд, «Сен білесің бе?» айдарынан көмір мен мұнай туралы бейне ролик, «Бас әріптен басталатын сөздер» кестесі, Б.Соқпақбаевтың өмірі, “Менің атым Қожа” фильмінен үзінді, «imektep» сайтынан алынған материалдар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
«Жүректен - жүрекке»

Күнге қолымды созамын
Күн жылуын аламын
Жүрегіме басамын
Айналама шашамын.
2. Үй тапсырмасын сұрау :

  1. Слайдттан мамандық иелері мен заттар көрсетіледі, оқушылар

суреттерге қарап сұрақтар қоя отырып ережені шығарады. Заттың атын білдіретін сөздерге Кім? Не? Кімдер? Нелер? деген сұрақтар қойылады.

  1. «Көмірдің кереметі». Тақтада көмірдің пайдасы туралы

сурет көрсетіледі, оқушылар көмірдің қолданылуы мен пайдасы туралы айтады?

Жаңа сабақ.

Бас әріптен басталатын сөздер.

1 тапсырма – поездың вагондарында буындар жазылады, оқушылар сол буындардан сөздер құрайды:

Ай-бар, Ай-дар, Ай-дос, Ай-дын

2 тапсырма: Ер-кін, Ер-мек, Нұр-бек, Нұр-ай, Нұр – гүл.

Балалар, бұл сөздердің қалай жазылатынын байқадыңдар ма? Бұлардың барлығы кісі аттары, олар үлкен әріптен басталып жазылады.

3 тапсырма. Енді, поездға мініп Қазақстанды аралағыларың келеді ме?

Қазақстанның қалаларына барады. Атырау, Қарағанды. Әр қалаға келгенде «Сен білесің бе?» айдарынан сол жердің пайдалы қазбалары мен ерекшеліктері туралы мәліметтер тыңдалады.

Бұл жерде не байқадыңдар?

Жер – су аттары бас әріптен басталып жазылады.

4-тапсырма: Енді Жайлаудағы атамызға барамыз. Жайлаудағы Ақтөс, Тайбурыл, Бөрібасар ендігі үлкен болған шығар? Көріп қайтамыз ба?

Не байқадыңдар?

Үй-хайуанаттарының аттары да бас әріптен басталады.

Кісі аттары, жер – су аттары мен үй хайуанаттарының аттары әркез бас әріптен басталып жазылады. Кестеден түсіндіру.

ІІ. «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді. Балалар, бұл қай кино, білесіздер ме?

Әңгіме авторы: Бердібек Сокпақбаев
Бердібек Сокпақбаев туралы слайд.
Қожаның сөзі тыңдалады, ондағы кісі аттарының жазылуы сұралады?

ІІІ. Оқулықпен жүмыс. 98-жаттығу. Менің атым – Қожа.

Мәтінді тізбектеп оқу.

Кісінің аты – жөнінің бірінші әрпі қандай әріптен жазылғанын айтыңдар.

Сергіту сәті.

Аяқпенен топ – топ – топ,

Қолымызбен хлоп-хлоп-хлоп.

Бір оңға, бір солға

Айналайық кел мұнда.

Қолымызды сілкейміз,

Басымызды шайқаймыз.

Бір оңға, бір солға

Айналайық кел мұнда.

Орнымыздан секіріп,

Қолымызды созамыз.

Бір оңға, бір солға,

Дос болайық кел мұнда.

IV. Дәптермен жұмыс.

99 – жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып көшіріп жазыңдар.

V. Жаңа сабақты бекіту.

Тақтағы гүлдің жапырақтарына сөздер жазылады, оқушылар көбелектерді бас әріптен басталып жазылатын сөздерге апарып қондырады.
Қандай сөздер бас әріптен басталып жазылады?

Бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма: Ереже жаттау. Мәтінді оқып, мазмұнын айту.











Қоғабай Сәрсекеев

http://alashainasy.kz/userdata/%D2%9A%D0%BE%D2%93%D0%B0%D0%B1%D0%B0%D0%B9%20%D0%A1%D3%99%D1%80%D1%81%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D0%B5%D0%B2.jpg



Қоғабай Сәрсекеев  1939 жылы 1 сәуірде Қостанай облысының Жанкелдин ауданы, Торғай ауылында туған. Ы.Алтынсарин атындағы мектептің түлегі. 1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген соң, 1963–1967 жылдары республикалық «Қазақстан пионері» («Ұлан»), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде әдеби қызметкер, 1967–1982 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, 1983–1986 жылдары «Кітап жаршысы» — «Друг читателя» газетінің редакторы, 1986–1990 жылдары «Жалын» баспасының бас редакторы, республикалық «Қазақкітап» бірлестігінің бас редакторы, республикалық Кітап таратушылар қауымдастығының президенті, 1990–2006 жылдары «САҚ» АҚ-ның президенті қызметтерін атқарған. Қазір «Қазақ» ұлт газетінің бас редакторы. 

Алғашқы әңгімелері 1950 жылдардың ортасынан бастап шыға бастады. «Кілт» (1967), «Қараша қаздар» (1974) деп аталатын әңгіме-повестер жинағы жарық көрді. «Қол мерген», «Кесте орамал», «Ыбырай Алтынсарин», «Мұңлық-Зарлық», «Фатима», «Ашудас», «Сарбаздар» сияқты пьесалары республикалық театрларда қойылған. Халық батыры А.Иманов туралы романының алғашқы бөлігі 1979 жылы, жалғасы саналатын «Заманақыр» кітабы 1990 жылы «Жазушы» баспасынан, орыс тілінде «Смута» деген атпен «Жалын» баспасынан жарық көрді. «1937 жыл» дейтін әңгімесі 1998 жылы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жеке кітап болып шықты. «Жол үстіндегі әңгіме», «Ұлы ұстаз немесе – Ахмет Байтұрсынов жайлы ой түйін», «Портреттер», «Үш арыс», «Үш таным», «Өзге емес өзім айтам өз жайымды» деп аталатын әңгіме-эсселері мен екі томдық таңдамалы жинағы (1999) жарық көрді. 

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. Қостанай, Торғай қалаларының Құрметті азаматы. Халықаралық ақпараттану академиясының, Халықаралық Еуразия академиясының академигі, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Б.Майлин атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты, Францияның «SPІ» алтын медалі мен Халықаралық ақпараттану академиясы алтын медалінің иегері.

Толығырақ: 
http://alashainasy.kz/omir/kogabay-sarsekeev-50020/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі



Бекітемін:

Уақыты:

Пәні: Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Құстарым келіңдер. Заттың атын білдіретін сөздер.

Сабақтың мақсаты: 
Білімділігі: Мамандықты білдіретін сөздерге сұрақ қоя білуге үйрету.
Дамытушылығы: Көктем жайлы білімін тереңдете отырып, байланыстырып сөйлеу, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Құстарға қамқорлық жасауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Плакат, ұя макеті, суреттер
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, топтастыру, әңгімелеу
Техникалық құралдар: компьютер.
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру бөлімі
1. Сәлемдесу.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы күн балалар,
«Алақан жылуы» ойыны
2. Үй тапсырмасын тексеру.
- Өткен сабақта қай тарауды бастап, қандай тақырып өттік?
- Жақсы балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
«Жазғытұрым» І. Жансүгіров
өлеңді жатқа айтқызу.
Сабақты пысықтау.
Көктем туралы тақпақтар айтқызу.
Жаңа сабақ.
Сабақты сұрақ қоюдан бастаймын
Қазір жылдың қай мезгілі?
Көктемнің қай айы?
Наурыздың нешесі?
Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Көктемнің алғашқы мерекесі?
- Дәптерге бүгінгі күнді жазып қойдыру.
Ән тыңдату.
Көрніс «Құстар келді».
Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы заттаң атын білдіретін сөздер тарауының «Келіңдер, құстар» тақырыбы:
Ережемен таныстыру.
Кім?, Не? Кімдер?, Нелер? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді суретімен көрсету.
Жаттығулар орындау.
85 - жаттығу. Тапқырлыққа талас жоқ,
Орнына қойып сөйлем жаз.
1. Көктем, келді, көрікті.
2. Ери, қар, бастады.
3. Жел, жылы, соқты
86 - жаттығу. Түсініп оқыңдар.
Әкем менің – құрылысшы.
Ағам менің – мұнайшы.
Тапсырма: мамандықты білдіретін сөздерді тауып, оларға сұрақ қойыңдар.
87 - жаттығу. Өлеңді оқып алайық, сұраққа жауап табайық.
Өлеңді мәнерлеп оқып шығамын.
Қ. Ыдырысов туралы айту.
Оқушыларға өлеңді оқыту.
Қанатты құстар әдемі,
Қызық - ау құстар әлемі.
Құстар күні 1 - сәуір. 1906 жылыоларды қорғау туралы халықаралық конвенцияға қол қойылды. Қазақстанда құстың 490 түрі бар. Қызыл кітапқа 49 түрі енгізілген.
Құстар қыстайтын және жыл құстары болып бөлінеді.
Қыстайтын құстарға шымшық, қарға, суықторғай, тоқылдақ, құр, сауысқан, қырғауыл жатады.
Жыл құстарына қаз, тырна, үйрек, қараторғай, қарлығаш т. б құстар жатады.
Құстар атын білейік, ойлана жауап берейік.
«Кім көп біледі?»
Құстар атын жаздыру.
Құстар туралы тыйым сөздер
Құстар туралы тыйым сөздер
Құсты атпа!
Құстың ұясын бұзба!
Құстың жұмыртқасын алма.
Құсты қорға.
Жұмбақ.
Тал басында
Түндіксіз отау. (ұя)
Ұя макетін көрсету.
Ойын. «Құстар қалай дыбыстайды?»
Сауысқан - Қарқылдайды.
Қарға - Шықылықтайды.
Бүркіт - Тоқылдайды.
Тоқылдақ - Шаңқылдайды
Қорытынды.
Жинасақ ойдың түйінін
Не ұғындың, не білдің?
Сұрақтар қою.
Бағалау.
Үйге тапсырма. “Келіңдер, құстар” өлеңін жаттап келу.




Бекітемін:

Уақыты:

Пәні: Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: «Сауысқан мен көкек». Заттың атын білдіретін сөздер.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға ертегідегідей негізгі оқиғаны, идеяны ұғындыру. Құстар туралы білімділерін кеңейту. Заттың атын білдіретін сөздер туралы білімдерін жетілдіру. Ой қозғау стратегиясын пайдалана отырып, оқушыларға сұрақ қою арқылы жан - жақты ойлауға үйрету.
Дамытушылық. Балалардың сын тұрғысынан ойлауын, болжау стратегиясын пайдаланып, дәлелді сөйлеуге, дискуссия жүргізе білуге үйрету. Оқушылардың есте сақтау танымдық қабілеттерін дамыту. Сөйлеу мәдениетін, оқу мен жазу дағдыларын арттыру.
Тәрбиелік. Оқушыларды жаман әдеттен (еріншектік, жалқаулық) аулақ болуға, керісінше еңбекқор, әскер, жұмыскер, тиянақты, мейірімді болуға тәрбиелеу.
Оқытудың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, ойын, өзіндік жұмыс, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, тест тапсырмалары.

Пәнаралық байланыс: дүниетану.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау
Балалар, алдыңғы сабақтарда біз көктем, құстар туралы әңгіме, өлең оқыған болатынбыз. Міне, біздің жаққа да көктем мезгілі келіп жетті. Сонымен бірге құстар да келіп жатыр.
Біз құстарға көктемде қандай көмек жасаймыз? (ұя жасап ілеміз, жем береміз)
ІІІ. Жаңа сабақ.
«Ой сананы жетілдіру»
1 - топ: Мына өлеңнің ұйқасын тап!
Ала қанат... /сауысқан/
Өлексе жеп.../тауысқан/
2 - топ: Жұмбақтың шешуін тап.
Қайталап атымды
Ән салып аламын
Кез – келген ұяға
Жұмыртқа саламын /көкек/:
«Сауысқан мен көкек» /ертегі/
Сауысқан – құс, қара ала түсті болады
Көкек – құс, сұр түсті болады
а) Оқулықпен жұмыс. /Ертегіні тізбектей оқыту/
- Сауысқан мен көкек не жайында әңгімелесіп отыр екен?
- Көкектің қандай ойы болды?
- Сауысқан ұяны қалай салды?
- Ол қандай құс? Көкек қандай құс?
б) Ой қорыту.
- Ертегіден қандай ой түйдіңдер?
/жалқау болмай, еңбекшіл, іскер болу керек/
Сергіту сәті. «Көкек» әні
Д) Дәптермен жұмыс 88 - жаттығу
«Мектеп ауласына тал отырғызайық» ойыны арқылы орындалады.

Кім? Не?
Егінші Соқа
Бақташы Трактор
Сауыншы Сиыр
Ұста Тырма

V. Бекіту.
Тестімен жұмыс.
№1. Сөйлем неден құралады?
А) сөзден ә) әріптен Б) дыбыстан

№2 «Жолбарыс» сөзінде неше буын бар?
А) 3 ә) 2 б) 4

№3 Жуан дауыстылар қатарын белгіле:
А) а, ә, ы, у.
Ә) а, е, о, у, ы
Б) а, о, ы, ұ
№4 Тасымалдауға болмайтын сөздің қатарын тап

А) аю, ою, ұя
Ә) астық, арқа, тауық
Б) ер, шығыс, алтын

VІ. Үйге тапсырма.
VІІ. Бағалау. Оқушылардың білімдерін саралап бағалау






















Бекітемін:

Уақыты:

Пәні: Ана тілі.

Сабақтың тақырыбы: Көмірдің кереметтері

Мақсаты: а).Оқушыларға заттың атын білдіретін сөздер бойынша алған білімдерін пысықтау, көмірдің кереметі туралы түсінік беру.
ә).Оқушылардың сабақ барысында логикалық ойлау қабілетін, сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту.
б).Табиғатты сүюге, оның пайдалы, қазыналарың пайдасы мен сырын аша білуге үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: суреттер, көмір, пайдалы қазбалар.
Әдіс тәсілі:сұрақ жауап,әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс:дүниетану
Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі: Қар ериді, нөсер жаңбыр жауады, артынан. Күн шығады. Бұл қай кез?
Ендеше, осы көктемгі күн біздің сабағымызға нұрын төге берсін деп сабағымызды жақсы өлең жолдарымен бастайық.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай аламын.
Ізгі, әрі нәзік, жарық, мейрімді,
Болып кетер, сонда дереу жан жағым.
2.Үй тапсырмасын тексеру. Ойын «Гүл теру» (гүлдердің артындағы сұрақтарға жауап береді).
3. Жаңа сабақ: Алтын деген не (сары түсті металл). Біздің елімізде өте қажет астықты «алтын дән», «алтын астық» дейді.
Ақ ұлпа мақтаны «ақ алтын» дейді,өйткені, одан жіп иіреді, жіптен мата тоқиды, матадан неше түрлі киімдер тігіледі. «ҚАРА АЛТЫН» деген не? Неге Қарағанды қаласын «қара алтынның қоймасы » деп атайды. «Қара алтын» - ол көмір. Оның түсі қара болғанымен пайдасы өте мол.
Бүгінгі сабағымызда біз табиғаттың пайдалы қазынасы –көмір жайлы білетін боламыз. Автор жайлы мағлұмат беру.
(Шерхан Мұртаза).
1.Мәтінді оқимын.
2.Оқушыларға оқытамын.
3.Сөздік жұмыс
КӨМІР-өсімдіктің қалдықтарынан пайда болатын, жанатын қатты тас.
ШАХТА-жердің қойнауына жету үшін қазылады. Көмірді жердің астынан қазып алатын жер.
ШОЙЫН-темір мен көмірдің қоспасы. Үлкен «ДОМНА» пешінде қорытады.
ОТЫН, ДӘРІ, МАЙ, МАТА, ДӨҢГЕЛЕК,
КӨМІРДІҢ ҚАНДАЙ ПАЙДАСЫ БАР
ПЛАСТМАССА , БОЯУ, ЖАРЫҚ
-Балалар, біздің туған жеріміз, атамекеніміз қай жер (Қазақстан). Біздің жер ұлан байтақ. Сол жеріміздің қойнауы барынша пайдалы қазбаларға бай. Пайдалы қазбалар-жердің астындағы, адамға өте қажет тау жыныстары.
ҚАНДАЙ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ БІЛЕСІҢДЕР?
Мұнай, әктас, көмір, темір, мыс, алтын т.б
Біздің өзіміз тұратын жерде не өндіріледі ?
Дәптермен жұмыс 97-жаттығуды орындау.
Сөздердің орындары ауыстырылған. Сөйлем құрап, тыныс белгілерін қояды.
Неше сөйлем құрадық
Шығармашылық тапсырма өлеңнің ал-ғашқы жолдары берілген, көп нүктенің орнына тиісті, ұйқас сөзді тауып жазу керек. \

Сұрақтар арқылы сабақты қорыту.

Бағалау.















































Бекітемін:

Уақыты:

Пәні: қызықты математика

Сабақтың тақырыбы: Әріпті өрнектер. Қызықты есептер
Сабақтың мақсаты: Білімділік: өрнектерін шешіп жаттықтыру өрнектің мәнін таба білуге үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың математика пәніне қызығушылығын
тудыру, олардың білім, білік және дағдыларын дамыту. ой – өрісін
кеңейту, таным қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа,
тапқырлыққа, ізденімпаздыққа өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың типі: Ойын сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру әдісі, кубизм стратегиясы.
Сабақтың көрнекілігі. слайдтар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Әріпті өрнектер ----------------------- Санды өрнектер
а + 5 ---------------------- 4 + 3
а + 6 ---------------------- 7 – 2
2 + а ---------------------- 6 – 4
9 – а ---------------------- 3 + 5
Жаңа сабақ.
Балалар бүгінгі біздің сабағымыз қызықты есептер мен ойындарға құрылған. Біз бүгін Сабағымызды алтын қақпа ойынын ойнаймыз. ойынның шарты мынадай балалар. Алтын қақпа ойынында үш қақпа бар. Тас қақпа, күміс қақпа, алтын қақпа. Алтын қақпаның алтын сандық бар, ал алтын сандықтың ішінде алтын ақшалар бар. Сол ақшаларды алғыларын келеме?Ол ақшаны алу үшін әр қақпанын және алтын сандықтың тапсырмалары бар екен. Тас қақпаның тапсырмасын орындасақ. тас қақпа ашылады. Тас қақпаны ашу үшін сендер мені тыңдап жаңа тақырыпты меңгеріп алуларын керек. Енді бәріміз тас қақпаның тапсырмасына назар аударайық.
Тас қақпа
А мен 3 санының қосындысын және айырмасын қарастырмақпыз.
А + 3, а – 3 өрнегі қандай өрнек. Әріпті өрнек.
Әріпті өрнек дегеніміз не ? - Математикада белгісіз санның орнына әріп жазады.. Сондықтан оны әріпті өрнек дейміз.
Кестеде а – ның мәні берілген, соларды қойып өрнек жазайық
А – о – ге тең болған жағдайда, а + 3 қосындысын жазып, мәнін табу. а – 10 – ға тең болған жағдайда, 10 – 3 айырмасын жазып, мәнін табу.
Келесі а – 2, а – 3, а – 8, а – 9 мәндерін пайдалана отырып кестені оқушыларға толтыру тапсырылады. қалған сандардан қосынды, айырма құрып, мәнін табу орындарында отырып шығаруға беріледі.
Тас қақпа ашылады.
Күміс қақпа
Қыздың ұшып кеткен шарларын жинап берейік.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сандарды тура, кері санау.
Шарты: Ұл - 3
Қыз – 4
Сұрағы: оқушылар қаншаға кеміді?
Шешуі: 3 + 4 - 7
Жауабы. оқушылар 7 – ге кеміді.

Шарты: Ұл – 3
Қыз – 4
Сұрағы: Неше оқушы шығып кетті?
Шешуі. 3 + 4 - 7
Жауабы. 7 оқушы шығып кетті.

Күміс қақпаның екінші тапсырмасы
Жаңа тақырып бойынша түсінгендерін зерттеу.
Мысалдарды сызық арқылы өз жауабымен қос.
4 + 3 ----------- 7
10 – 3 --------- 7
6 – 3 ----------- 4
6 + 3 ----------- 9
8 – 3 ----------- 5
8 – 2 ----------- 6

Сергіту сәті.
Тұп тұнық таза суда,
Балық жүзіп ойнауда
Біресе керіледі, біресе жиырылады.
Бірде құмға тығылады.
Күміс қақпа ашылады.
Алтын қақпа 3 тапсырмасы
Қалып қалған амал таңбасын қою.
5 - 3 - 1 - 1
4 + 1 - 2 - 3
1 + 6 - 3 - 4
2) 1 + 4 + 2 - 7
Алтын қақпаның екінші тапсырмасы.
Логикалық есептер
Ағашта 4 құс отыр, 2 торғай, қалғаны қарға. неше қарға отыр? - 2 –
Терезеде үш жасыл қызанақ жатыр еді, бір күннен кейін олар қызарды. неше жасыл қызанақ қалды?
Сен, мен және біз. Нешеуміз?
Аслан 4 жаста, дариға 9 жаста. Кім үлкен, кім кіші.
Бірінші назар базарға бара жатыр, екінші назар базардан келе жатыр. Қай назар тауар алды. қай назар тауар алған жоқ.
5 жұмыртқа 5 минут піседі, 1 жұмыртқа пісіру үшін неше минут керек?
Көлден ұшты 7 қаз
Қайтып қонды 2 қаз
Қонбады оның нешеуі.
Алтын қақпа ашылды.
Алтын сандық.
Шығармашылық тапсырма.
Үйірме дүйсенбі сейсенбі сәрсенбі бейсенбі жұма сенбі жексенбі
Би + + +
Шахмат + +
Алтын сандықтың екінші тапсырмасы.
Бекіту. Бағалау.
Үйге тапсырма.



Бекітемін:

Уақыты:

Пәні: Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Бәйшешек. Жауқазын.
Мақсаты: а) оқушыларда заттың атын білдіретін сөздер туралы ұғымды меңгерту. Гүлдердің қасиеті, мәні туралы әңгімелеп, балалардың эстетикалық сезімдерін қалыптастыру.
ә) оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Шапшаң ойын қорыта алуға, ұқыпты жаза білуге дағдыландыру.
б) табиғаттың әсем көрінісін бақылата отырып, жүйелі сөйлеуге, туған жердің табиғатын сүйе білетін құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: оқыту, жаздыру, сұрақ - жауап, түсіндіру, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: сюжетті суреттер, гүлдердің суреті, топшамалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Бүгін біз топқа бөлініп жұмыс жасаймыз.
- Өздеріңе ұнаған гүлдерді алыңдар.
Бәйшешек, Жауқазын.
(өз топтарына барып отырады)
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем.
- Көктем мезгілінде неше ай бар? Үш.
- Көктем айларына қандай айлар жатады?
- Наурыз, сәуір, мамыр.
- Қазір көктем мезгілінің қай айы?
- Наурыз.
- Табиғатта қандай өзгерістер болып жатыр?
- Көктем. Ол қандай?
- Көктем бізге күннің мол шуағымен келеді ғой. Ендеше осы күн сәулесінің тұсына көктем туралы білетінімізді жаза қояйық.
Күн мен түн теңеледі
Малдар Көктем қар ериді
төлдейді
күн жылынады.
- Дұрыс, балалар, көктемнің ерекшеліктерін жақсы біледі екенсіңдер.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жұмбақ.
Өзі сондай нәзік, Су құйсаң кетеді
Алақаның жайып. (гүл)
- Балалар, мен сендерді екі топқа бөлдім. Топтарының аты қандай?
Бәйшешек. Жауқазын.
- Бұл қандай гүлдер? - деп ойлайсыңдар?
- Бұлар көктем мезгілінде шығатын алғашқы гүлдер.
- Гүлдер – туралы не білеміз?
- Гүлдің пайдасы туралы не айтамыз?
- Гүлді қандай жағдайда пайдаланамыз?
- Гүлдер – туған еліміздің болашағы, олар оттегін бөліп шығарып, айналадағы ортаны жақсартады, ауаны шаң - тозаңнан тазартады. Гүл – сұлулық, гүл - әсемдік, гүл – нәзіктік. Олардың кейбіреулерінің емдік, дәрілік қасиеттері де болады.
- Оқулығымыздағы Бәйшешек, Жауқазын өлеңімен танысамыз.
ІҮ. Оқулықпен жұмыс.
Бірінші өзім оқып беремін.
Ү. Сөздік жұмысы.
1. Оқушыларға іштей оқыту
2. Дауыстап оқыту
3. Өлеңмен жұмыс.
- Өлеңді ақындар қандай көңіл - күйде айтқан?
- Қуанышты.
- Өздерің көктем келгеніне қуанасыңдар ма?
- Бәйшешек, Жауқазын қандай гүлдер?
Сергіту сәті.
Ойын: Ол кім? Бұл не?
Мақсаты: Жекелеген заттардың суреті арқылы оларға кім? не? Сұрақтарының қойылатының білдіру.
1. Мынау не? 2. Мынау кім?
Қандай ереже шығарамыз?
- Адамға қатысты сөздерге кім? кімдер?
- Ал, жануарларға басқа да заттарға не? Нелер? Деген сұрақтар қойылады.
І топ. Бәйшешек.
Осы сөзде неше дыбыс, неше буын бар?
Сөз қалай айтылады? (жіңішке неге?)
ІІ топ. Жауқазын.
Осы сөзде неше дыбыс, неше буын бар?
Сөз қалай айтылады? (жуан)
Неге?
Сергіту сәті.
ҮІ. Дәптермен жұмыс.
Ізденушілік деңгейдегі жаттығу.
92 - жаттығу. Көктем, ағаштар, мал туралы айтылған сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.
1. Көктем болды. Ағаштар бүршік жарды. Мал көкке жайылды.
2. Не? Нелер? Сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.
Ойын: «Өз орныңды тап».
Мақсаты: Кім? Кімдер? Не? Нелер? Деген сұраққа жауап беретін сөздерді анықтауға жаттықтыру.
(І - ІІ топқа суреттер беріп, І Кім? Кімдер?
ІІ Не? Нелер? Деген сұраққа жауап беретін сөздерді кәрзеңкелерге салу).
93 - жаттығу.
І топ. Туыстықты білдіретін сөздер (ата, әже, апа, қарындас)
ІІ топ. Кәсіп иесін білдіретін сөздер (шопан, тракторшы)
(мағыналарын түсіндіру)

Қорытындылау.
«Кім жылдам» ойыны.

Үйге тапсырма. Бағалау.

Бекітемін:

Уақыты:

Пәні: математика

Сабақтың тақырыбы: Санды өрнек және әріпті өрнектер.
Сабақтың мақсаты: Білімділік:Санды және әріпті өрнектер туралы түсінік қалыптастыру.Әріпті теңдіктерді құру,оқу және жазуымен таныстыру,оларды бір-бірінен ажырата алуға үйрету.
Дамытушылық:Оқушылардың математикалық ойлауын дамыту,есеп шығару білігін тиянақтау. Тәрбиелілік:Танымдылық қабілетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар, компьютер .
Оқыту әдісі: түсіндіру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақ: 6+4, 10-7 – бұлар санды өрнектер.

а+4, а-4 – бұлар әріпті өрнектер
Әріпті өрнектің мәнін бірден таба алмаймыз.
а=4 болғанда 4+4=8

Оқулықпен жұмыс:

1. 6+4—10, 10-7 --3
№ 2.а+4, а-4. а=5

IV.Сергіту сәті.
Көк аспанға қараймын,
Кеткен құсты санаймын,
Үшбұрыш болып тырналар,
Көк жүзінде сырғанар.
№3. Санды өрнектер: 9-4, 3+7, 2-2, 5+4

Әріпті өрнектер: а+4, 8-а, а-4, 7-а,

4.Өсіп тұр – 6 алма ағашы

Отырғызылғаны – 2 алма ағашы.

Барлығы - ? 6+2=8

Кел, ойнайық!

Тиісті жемісті тауып жеуге көмектес

VIII. Сабақты қорытындылау.
– Біз не істеуді үйрендік?
ІХ.Бағалау.Мадақтау.

 

«Ана көрікті қызымен, қызы жүрер ізімен»

Сайыстың бөлімдері:

Таныстыру (Анасы бастап, қызы аяқтайды)

Наурыз мерекесіне арналған көркем сөз немесе өз өнері

Шебердің қолы ортақ. (Қол өнер сайысы)

Білімді мыңды жығар... (сұрақ – жауап)

Қыз қылығымен тәтті (Өз қызының мінезін жете біліп, тануын бағалау)

Ас бөлмеде...

Үй тапсырмасы (көрністер)

«Бүрмелі көйлек..» сән үлгісі


«Үш ана» көрнісі

Жүргізуші Ерғали

Ойыннан келген Айгерім,

Қуырщағын іздеді.

Столдың астынан тапты да,

Хал сұрауды көздеді.

Айгерім Қайнар

Қызым, менің қалайсың,

Томсырайып қарайсың.

Қарның ашып отырмай

Тамақ ішсең жарайсың.

Егер тамақ ішпесең,

Қу сүйек боп қаласың.

Отыр қане қасыма,

Тамақтанып аласың.

Жүргізуші:

Айгерімнің осы сәт,

Анасы үйге кіреді.

Тағат таппай қызының

Қалын сұрап біледі.

Анасы: Ақылбек

Айгерімжан бүгін сен,

Тамағыңды іштің бе?

Қызықтап әлде ойынды,

Кешке дейін жүрдің бе?

Күнде саған ұмытпай,

Тамағыңды іш деймін.

Тіл алмайсың қырсығып,

Осы сені не істеймін?

Жүргізуші:

Анасының артынан

Аптығып әже кіреді.

Ол да өз қызының,

Қалын сұрап біледі.

Әжесі: Алдияр

Айналайын алтыным,

Шаршадың ба жарқыным.

Ішпедің – ау тамақ та,

Жайын ойлап жалпының.

Қарашығым қарағым,

Түсінкі ғой қабағың.

Сөткеменен тұрып жұмыста,

Болмай қалды – ау тамағың.



Жүргізуші:

Аналардың барады,

Ет бауыры елжіреп.

Әрқайсысы мейіріммен,

Өз қызына қарады.



Қандай қиын қараңдаршы,

Қырсық мінез бала болу.

Бәрінен де оңай емес,

Білсеңіздер ана болу.


Қандай қиын қараңдаршы,

Қырсық мінез бала болу.

Бәрінен де оңай емес,

Білсеңіздер ана болу.

Қандай қиын қараңдаршы,

Қырсық мінез бала болу.

Бәрінен де оңай емес,

Білсеңіздер ана болу.

Арыстан:

Әлпештеген аялаған,

Ақ сүт берген апатайым.

Сәлем жолдап бүгін саған,

Мерекеңмен құттықтаймын!

Медет.

Ел жатқанда жатпаған,

Мен деп тыным таппаған.

Бақыт үшін баланың,

Аман сау жүр ақ мамам.

Диас:

Мамаларды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Ерасыл:

Жарқын жүзді жан анам,

Сендей болсын бар адам.

Сендей болса бар адам,

Шаттық кетпес баладан.

Ерхан

Бал бөбегін баптаған,

Мамам үшін мақтанам.

Аялайтын біздерді,

Көп жасасын ақ мамам.



Қасым Аманжолов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп















Тақырыбы: «Ана көрікті қызымен, қызы жүрер ізімен!»









Орындаған: Рамазанова Ж.Х

1 «ә» сыныбы.

Автор
Дата добавления 23.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров461
Номер материала ДВ-476014
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх