185692
столько раз учителя, ученики и родители
посетили официальный сайт ООО «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыУрок Мейірімділік -асыл қасиет

Урок Мейірімділік -асыл қасиет

IV Международный дистанционный конкурс «Старт» Идёт приём заявок Для дошкольников и учеников 1-11 классов 16 предметов ОРГВЗНОС 25 Р. ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

Тақырыбы: Мейірімділік-асыл қасиет

Мақсаты:

білімділік: балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;

дамытушылық: оқушылардың психологиялық ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету;

тәрбиелік: оқушыларды мейірімділікке,қайырымдылыққа,кішіпейілдікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

-мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

-өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

-мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Бейнефильм, слайдтар,оқулық,суреттер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

-оқушылардың назарын сабаққа аударту;

-психологиялық дайындық;

-шаттық шеңбері,сәлемдесу.

Мұғалім:

-Саламатсыздар ма құрметті оқушылар және ұстаздар!Бүгінгі біздің өзін-өзі тану пәнінен «Мейірімділік-асыл қасиет» тақырыбындағы ашық сабағымызға қош келдіңіздер.Сабағымызды бастау үшін балалар барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық. Енді балалар  менің  айтқанымды қайталап қимылмен көрсетеміз. (баяу музыка қосылып тұрады)

Мұғалім:

-Қуанамын мен де, (өзін көрсетеді)

Қуанасың сен де, (көршісін көрсетеді)

Қуанайық достарым, (қолдарынан ұстайды)

Арайлап атқан күнге. (қолдарын көтереді)

Ән: «Күлімде, күн, күлімде»

Мұғалім:

-Балалар бір-бірімізге ризашылығымызды білдіріп қол соғып қояйық.

-Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Мейірімділік-асыл қасиет», Біз бүгінгі сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейір шапағаты -әдептілік белгісі , сол туралы білеміз.

-Балалар сендер мейірімділік дегенді қалай түсінесіңдер?

(балалар жауабы)

Мұғалім: Адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.

«Болады-болмайды» тренингі

(оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды)

-Мейірімді болуға …. (болады),

Кешірімді болуға …. (болады),

Қатыгез  болуға …. (болмайды),

Тәртіпті болуға …. (болады),

Әдепті болуға …. (болады),

Ұрысқақ болуға…. (болмайды),

Сыпайы болуға …. (болады),

Қайырымды болуға …. (болады),

Бұзық болуға …. (болмайды),

Бауырмал болуға …. (болады),

Ақылды болуға ….. (болады),

Мақтаншақ болуға …. (болмайды),

Шыншыл  болуға …. (болады),

Арам болуға …. (болмайды),

Маман болуға …. (болады),

Жаман болуға …. (болмайды),

Айтпақшы,

Жаман болуға ….! (болмайды).

Мұғалім:

-Балалар жаңа өздерің мультфильмде көргендей сары тауық балапандарына бір-біріне адал, қамқор,мейірімді болуды үйретіп жатыр, ал сендерге балалар жақсы болуды, мейірімді болуды кім үйретеді?

(оқушылар жауабы)

Дұрыс балалар, сендерге мейірімді болуды мектепте ұстаздарың, үйде  аналарың үйретеді. Ендеше сол  өзіміздің  аналарымыз туралы айтайық, ол қандай адам?



кішіпейіл                     мейірімді                       бауырмал





сыпайы                                                                 кешірімді

Ана







әдепті                        жақсы                    жанашыр

 

Мұғалім тақтадағы   «Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық даналығын жазып қояды және оның мәнін түсіндіреді.

Ана — халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғаттың жаратқан иесі адамды дүниеге әкелуші — Ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалуы өз қолында.

Тапсырма:«Кім және не мейірімді?» түсіп қалған сөздерді орнына қою керек. (баяу музыка ойнап тұрады)

Күлімдеген …. мейірімді. (күн)

Кіршіксіз ақ ….  мейірімді! (қар)

Таза мөлдір….  мейірімді!  (су)

Бәрімізді көтеріп түрған  …. мейірімді!  (жер)

Аяулы …. мейірімді! (анам)

Қадірлі …. мейірімді! (әкем)

Әлпештеген …. мейірімді! (әжем)

Еркелеткен ….  мейірімді! (атам)

Жылы жүзді  …. мейірімді! (ұстазым)

Тату-тәтті …. мейірімді!  (достарым)

Жағдаяттарды шешу:

1-жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?

2-жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай  шықты , сен не істер едің?

3-жағдаят: Сенің  анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті,сенің әрекетің?

4-жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты, сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды, сен не істер едің?

 Мұғалім:

-Балалар  сендер өздеріңді мейірімді баламын деп санайсыңдар ма? Ендеше  бәріміз бірге «Мейірімділік ағашын» өсірейік, ол үшін сендер өздеріңді не үшін мейірімді санайтындарыңды айтып, «мейірімділік ағашына»  жемістерді ілеміз.

Сабақты бекіту:

-Балалар бүгін сабақта адам бойындағы тағы бір асыл қасиет мейірімділік туралы білдіңдер. Осы сабақта өздеріңе не алдыңдар, үйрендіңдер?

(оқушылар жауабы)

-Дұрыс балалар, адамдар  бір-біріне  әрқашан қамқоршы, адал, қиын жағдайда қол ұшын беруі керек, әр күнін  күлімдеп қарсы алып, өзін қоршаған  адамдарға,бауырларына  мейірімділік таныта білуі керек.

«Жүректен-жүрекке» шеңбері

-Балалар барлығымыз шеңберге тұрып бір-бірімізге жүрек жылуын білдірейік. Балалар  бір-біріне кезектесіп есімдеріна сай  жылы сөздер айтады, мысалы «Ғазиза сен ғажайыпсың, Ақжол сен ақкөңілсің т.б».

Рахмет осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар.





Курс профессиональной переподготовки
Учитель начальных классов
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
ВНИМАНИЮ УЧИТЕЛЕЙ: хотите организовать и вести кружок по ментальной арифметике в своей школе? Спрос на данную методику постоянно растёт, а Вам для её освоения достаточно будет пройти один курс повышения квалификации (72 часа) прямо в Вашем личном кабинете на сайте "Инфоурок".

Пройдя курс Вы получите:
- Удостоверение о повышении квалификации;
- Подробный план уроков (150 стр.);
- Задачник для обучающихся (83 стр.);
- Вводную тетрадь «Знакомство со счетами и правилами»;
- БЕСПЛАТНЫЙ доступ к CRM-системе, Личному кабинету для проведения занятий;
- Возможность дополнительного источника дохода (до 60.000 руб. в месяц)!

Пройдите дистанционный курс «Ментальная арифметика» на проекте "Инфоурок"!

Подать заявку
IV Международный дистанционный конкурс «Старт» Для дошкольников и учеников 1-11 классов Рекордно низкий оргвзнос 25 Р. 16 предметов ПОДАТЬ ЗАЯВКУ

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Методика преподавания информатики в начальных классах»
Курс профессиональной переподготовки «Организация образовательного процесса для обучающихся с ограниченными возможностями здоровья»
Курс повышения квалификации «Организация проектно-исследовательской деятельности учащихся в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Воспитание и социализация учащихся в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Сетевые и дистанционные (электронные) формы обучения в условиях реализации ФГОС по ТОП-50»
Курс «Сопровождение детского отдыха. Школа вожатых»
Курс повышения квалификации «Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация инклюзивного обучения в сфере образования»
Курс повышения квалификации «Мотивация учебной деятельности в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС»
Курс повышения квалификации «Техники креативного мышления как инструмент формирования общих компетенций по ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Оказание психолого–педагогической помощи лицам с ОВЗ»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.