Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Урок "Мәңгі жасар өмір" 3 сынып

Урок "Мәңгі жасар өмір" 3 сынып


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Мәңгі жасар өмір

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың Сәкен Сейфуллин туралы білімдерін толықтыру.Әңгіменің негізгі ойын,идеясын ашу.Қазақ халқының басынан кешкен репрессия жөнінде қысқаша мағлұмат беру.

Дамытушылы:Оқушылардың сөздік қорын дамыту,тілін ,ойлау,көру, есте сақтау , қабылдау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларды өз халқының біртуар азаматтарын құрметтеуге,елін жерін сүюге ,өз ана тілінде сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру

Сабақтың түрі: интеграциялық сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап , түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, бейне көрініс

Пәнаралық байланыс: Музыка

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Сабағыңа жөндеп

Әзірленсең-еңбек.

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Интернат қоймасы» (Шерхан Мұртаза) мазмұнын айту

ІІІ. Жаңа сабақ

Өткен сабақты жаңа сабақ пен байланыстыру.

- Сонымен балалар көптеген халықымыздың зиялы өкілдері « репрессия» деп , «халық жауы» деп тұтқынға алынған болатын.

Солардың бірі - Сәкен Сейфуллин біздің бүгінгі сабағымызға арқау болмақ.

1937-1938 жылдары қазақ зиялылары Кеңес үкіметіне қарсы үгіт насихат жүргізді деген айыппен қудаланып,репрессияға ұшырады.105 мың адам қамауға алынып,оның 22 мыңы атылды.Репрессия –мемлекеттің өз азаматтарына қолданатын қатаң жазалау шарасы. Бүгін біз Тұрсынбек Кәкішевтің «Мәңгі жасар өмір » деген шығармасымен танысамыз.

( Слайд арқылы автор туралы дерек беру)

Тұрсынбек Кәкішов – 1927 жылы 15 тамызда Ақмола облысы,Бұланды ауданы,Бөрлі ауылында дүниеге келген.Әдебиет зерттеушісі,ғылым докторы және профессор.Қазақ Кеңестік Социалистік республикалар одағының еңбек сіңірген ғылым қайраткері.1944-1945 жылдары Ақмола облыстық Қазақ драма театрында актер болған. Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізген.

Оқулықпен жұмыс:

1.Мәтінді мұғалім оқиды.

2Тізбектеп оқу (оқушыларға мәтінді оқыта отырып ,талдау жасату)

Мәтіннің 1-2-ші бөлімі бойынша топтау стратегиясы құрылады.

-Балалар енді осы шығармадғы Сәкен Сейфуллин туралы білімімізді толықтырайық ( Сәкен Сейфуллин туралы слайд көрсетіледі)

Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин 1894 жылы Жезқазған өңіріндегі) бұрынғы Ақадыр ауданындағы Қарашілік қыстауында дүниеге келген . Қазақ әдебиетінің негізін салушы , мемелекеттік қайраткер .1916 жылы ұлт азаттық көтеріліске тілектес өлеңдерін жазған .1918 жылдың 4 маусымында ақтардың көтерілісі болып Ақмола Совдегі тұтқындалған .Атаман Анкеновтвң азап вагонында 47 күн ажалмен арпалысып ,1919 жылы 3 сәуірде Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып шығады. «Өткен күндер» атты өлеңдер жинағыы бар. «Бақыт жолында» пьесасын жазған. 1920 жылы 7 мамырда Ақмолаға қайтып оралып атқару комитеті мүшесі болып сайланады.

-Балалар ,енді осы мәтінде қандай ән туралы айтылған.?

-Сәкен кім?

-Мәтінде қандай ән жайында баяндалады?

-Ол кімнің әні?

-Ендеше осы әнді барлығымыз тыңдасақ.

«Тау ішінде » әні орындалады.

Сөздік жұмыс

Ақталу-қылмысты емес деп есептелу.

Елгезек-тіл алғыш.

Біртуар-сирек туатын ,ерекше адам

Суретпен жұмыс

-Суретті қалай атар едің?

-«Халық жауы» деген жаламен атылып кеткен кімдерді білесіңдер?

-Оларды атқан адамдарға өз көзқарастарыңды білдір!Берілген суретпен мәтіннің арасында қандай байланыс бар?

VІ Бекіту.

Оқушылардың білімін сұратар арқылы бекіту(сыныпты ІІІ топқа бөліп, жаңа сабаққа байланысты мақал-мәтелді аяқтату, талдау)

VІІ. Қорытынды

-Сонымен бүгін сабақтан не түсіндіңдер?

-Сәкен Сейфуллин деген кім екен?

-Ол не себепті қамауға алынған?

Сәкен Сейфуллиннің қандай шығармалары бар екен?

-Ақын мәтінді«Мәңгі жасар өмір» деп неліктен атаған деп ойлайсыңдар?

VІІІ. Үй тапсырмасын беру

Мәтінді түсініп оқып ,мазмұнын айту

VІV. Бағалау











34 орта мектеп











Ана тілі(3 сынып)

Сабақтың тақырыбы:

Мәңгі жасар өмір



















2015-2016 оқу жылы


Автор
Дата добавления 25.10.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1263
Номер материала ДВ-094107
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх