Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Музыка / Конспекты / Урок музыка: "Өнерін өрлеткен топ" 6 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Музыка

Урок музыка: "Өнерін өрлеткен топ" 6 сынып

библиотека
материалов

Музыка 6 сынып

Күні:
Сабақтың тақырыбы: Өнерін өрлеткен топ.

Сабақтың мақсаты: Өнерін өрлеткен топ жайлы әңгімелеу.
Білімділік: Өнерін өрлеткен топпен таныстыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық - іс әрекетін дамыту, мелодиялық ерекшеліктерін сезіну қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Өнерін өрлеткен топпен таныстыру арқылы Отанын сүюге, рухани адамгершілікке, өз ісіне сенімі мол, еңбекқор, мейірімді, өнерлі, заманына сай тұлғаны тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақ
Әдіс – тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру,сергіту сәті, шығармашылық жұмыс.
Көрнекілігі: Сурет,үнтаспа,әуен.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, өнер,музыка тарихы.
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылығын ояту.
1. Әнұранды орындарынан тұрып, жатқа айту.
2. Психологиялық тренинг.
- Мен мықтымын,
- Мен әдемімін,
- Мен өнерлімін,
- Мен білімдімін,
- Мен қиындықтың бәрін былай жеңемін!


Өнерін өрлеткен топ.

«Қазақстан камератасы» ансамбілі 1997 жылы құрылған. Профессор Гауһар Мырзабекова консерваторияның ең мықты 16 түлегінен тұратын талантты жас музыканттардың басын қосып,камералық ішекті аспаптар ансамбілін жасақтайды. Ансамбльдің атын «Камерата» деп атайды. Камерата– италияның «camera» деген сөзінен шыққан яғни «бөлме» немесе «палата» деген ұғымды білдіреді. Бұл

ансамбльдің ерекшелігі әрбір музыкант жеке солист болуымен қатар өте шебер орындаушы болып саналады.

«Қазақстан камератасы» жас музыканттардың ұжымынан тұрса да олар өздерінің жоғарғы кәсіби деңгейін көрсете білді. Ансамбльдің репертуарының ауқымы кең. Ансамбль көне классикалық шығармалардан бастап, жаңа заман туындыларын орындап келеді. Оркестр әртістерінен ең жоғарғы орындаушылық шеберлік талап етіледі. ХVIII ғасырдың көне скрипкаға арналған шығармаларын орындау үшін ансамбль музыканттары ақсүйектер заманынан жеткен аса сыпайылық пен тәрбиелілікті ұстана отырып, сол уақыттағы музыка орындау шеберлігін көрсетуге талпынады. Тыңдаушылар мен көрермендер болса, ұлы Вивальди мен Гайднның туындыларындағы ішкі сезім әлеміне бойлап, сол заманның көңіл-күйін сезіне алған.Неміс композиторы Франц Шуберттің «Ажал мен қыз» атты шығармасы орындаушыдан ерекше психологиялық көңіл-күйді талап етеді. Музыканттар ауыр оқиғаны бастарынан кешіріп, өздері жан-тәнімен сезінгендей шығарманы терең тебіреніспен орындайды.Ал, ХХ ғасырдың жаңа заман композиторы Альфред Шниткенің күрделі Сонатасын орындағанда музыканттардың келбеті мүлде өзгеріп қоя береді. Скрипка аспабы осы заманның алай-дүлей қарқынын сезінгендей

бірде қатқыл, бірде шапшаң, бірде баяу, бірде бәрін жайратып салғандай әсерге бөлейді.«Камерата» ансамбілінің репертуарында– Тілес Кажғалиев,Мансұр Сағатов, Алмас Серкебаев,Қуат Шілдебаев, Серік Әбдінұров сынды қазақ композиторларының шығармалары бар. Ансамбль бүгінгі заманның шығармаларын үлкен ықыласпен орындап келеді. Қазақ композиторларының шығармалары тек Қазақстан

тыңдармандарын ғана емес, шет мемлекеттердің де тыңдармандарының

қызығушылығын арттыруда.«Қазақстан камератасы» ансамблінің жоғарғы деңгейдегі орындау мәдениеті оларды тек қана Қазақстанда ғана емес, әлемнің көптеген мемлекеттерінде танымалдылыққа жеткізді.Ансамбль Венгрия,Чехия, Германия, Македония, Түркия, Ұлыбритания, Франция, Жапон мемлекеттерінде өнер көрсетіп үлкен абыройға ие болды.

Музыка тыңдайық:

«Қазақстан камератасының» орындауында В.А.Моцарт Рондо аллегро«Маленькая серенада»

Біліп ал!

XVI—XVIII ғасырларда Еуропа мәдениетінде «камералық музыка» дейтін ұғым ақсүйектерге ғана қатысты болған. «Камералық музыка» екі немесе онан да көп музыканттар орындайтын аспаптық және вокалдық музыка болып табылады. Көбіне-көп камералық музыка бөлмелерде немесе кішігірім залдарда орындалатын. Сол себепті «камералық музыка» яғни «бөлме музыкасы» деп аталып кеткен.

XVII ғасырдан бастап камералық музыка ақсуйектердің қонақ бөлмелерінде шағын тыңдаушылардың ортасында орындалатын болған. Камералық ансамбльдер дуэт түрінде – скрипка мен фортепианоның, трио – скрипка, альт, виолончель және квартет яғни төрт аспаптың қосылуымен орындалған. Концерт залдары үлкейе келе ансамбль құрамы да ұлғайып квинтет – бес аспаптан құрылған ансамбль, секстет – алты аспаптан және септет – жеті аспапқа дейін жетеді. XIX—XX ғасырларда камералық оркестр пайда болады. Оркестр құрамы 15-20-ға жуық музыканттармен

толықтырылады.

Сұрақтар:

1. «Қазақстан камератасы» ансамбілі қашан құрылды?

2. Ансамбльдің құрамында кімдер болды?

3. Ансамбль қандай шығармаларды орындады?

4. Не себепті «Камералық музыка» деп атайды?

Тапсырма:

1. «Өнерін өрлеткен топ» тақырыбын оқып кел.

2. «Біліп ал» бөлімі бойынша оқып, талдау жасап кел.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 12.02.2016
Раздел Музыка
Подраздел Конспекты
Просмотров378
Номер материала ДВ-446566
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх