678150
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 5.520 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.200 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 70%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокНачальные классыДругие методич. материалыУрок на казохском языке по началных класса

Урок на казохском языке по началных класса

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Тақырыбы: Білім кілті бастауышта.

Мақсаты: Білімнің қайнар көзі, бастау бұлағы бастауыштан басталатындығын ұғындыру; білімге өнерге деген қызығушылығын арттыра отырып білім ордасын, ұстаздарды құрметтей білуге тәрбиелеу; білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздармен қоштастыра отырыпжоғары сынып мұғалімдеріне сіт сапар тілеп табыстыру.

Көрнекілігі: «Білім кілті бастауышта атты стенд, шарлар, нақыл сөздер

Мұғалім:

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда.

Мал озбас біле білсең білім озар,

Ақыры керек болар бір сасқанда деп Міржақып ақын айтпақшы тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жамнды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Білім кілті бастауышта» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

Қош келіпсіздер құрметті ата- аналар! Қымбатты әріптетер, оқушылар!Бүгінгі күн осында оырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып,қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

Бесіктегі баланың,

Күлгенін көрген- бір мұрат

Алдына түсіп анаңның – жүргенін көрген бір мұрат дегендей бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.

1 жүргізуші Альбина

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,

Өмір деген үлкен жолда тарландар.

Бүгінгі күн қоштасады бастауышпен балбұлақ,

Әні менен жырына тарландарым сал құлақ.

Кеше сәби, бүгін міне жас ұлан

Лаулап жансын болашағың шамшырақ.

2 жүргізуші Айбол

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

Алдарыңызда жауқазындай құлпырған

Бұл алаңсыз балғын шақты балалар.

Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай болашағын мәпелер.

Бүгінгі күн бастауышпен қоштасады,

Азамат боп кешегі сәби-еркелер.

Жүргізушілер: Қош келіпсіздер,құрметті қонақтар!

1 жүргізуші 2 сөзі

Армысыздар әжелер мен аталар ,

Ұрпғыңыз күнде өзіңнен бата алар

Ел дәстүрін мәңгісыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.

2 жүргізуші 2 сөзі

Армысың сен, алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр- алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мектебіме арналады бұл әнім!

1 жүргізуші 3 сөзі

Дұрыс айтасың, Айбол.бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің атам да, әжем де, әкем де,анам да енді мен де тәлім алудамын.

2 жүргізуші 3 сөзі

Иә мектебімізге қандай жыр арнасақ та жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық.

1 оқушы Гүлназ

Мектебім білім берер алтын ұям

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

2 оқушы Әсел Жұмабай

Армысың сен алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр-алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мақтан етем сені мәңгі мектебім.

Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя, ақ босаға киелі.

Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт саған басын иеді.

3 оқушы Нәзік

Мектебім,алтын ұям, нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

Мектеп-үйім, Ұстазым менің-ата –анам,

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек.

Тамырланып, сан тарапқа таралған.

4 оқушы Диана

Мектебім-сүйікті мектебім,

Бауырыңда түлеймін, көктеймін.

Сен-бұлақ, мен-қайың бүр ашқан,

Өзіңнен нәр алып көктедім.

5 оқушы Әсел Сапарбай.

Мектеп-кеме білім теңіз,

Барар жерге тез жетеміз.

Төрт жыл алған білім нәрін,

Азық етіп ер жетеміз

6 оқушы Бекзат

Мектеп сенсің адалдықты үйреткен,

Мектеп сенсің жамандықтан жиренткен.

Мектеп- сенсің жақсылықты ұран ғып,

Мектеп- сенсің мені жұртқа сыйлы еткен.

7 оқушы Нұрдәулет Ән

Мектеп деген-білім кені, жыр кені,

Мектеп деген-ғалымның ең үлкені.

Мектеп деген-тәрбиеші адамға,

Мектеп деген-даналардың мекені.

8 оқушы Аружан

Бастауышым- балбұлағым,

Алдым сенен балдың дәмін,

Әріп танып, білім алып,

Рахметімді жаудырамын.

Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым- балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

Хор. Ән: Мектебім.

1 жүргізуші Альбина 4 сөзі

« Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға », -деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып 42 әріпті танытып, білім нәрін сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстазға арнаған ән жырларын айтпас бұрын , ұстаз туралы не айтар едің Айбол?

2 жүргізуші Айбол 4 сөзі

Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз

« Мұғалім мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

1 жүргізуші Альбина 5 сөзі

Дұрыс айтасың Айбол, Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән-мағына, құдіретті күш, қасиетті ұғым жатыр.Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі.Өмірдегі қоғам қайраткерлері, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер,тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі-бәрі бір адамға қарыздар. Ол- Ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес.Адамды тәрбиелеп оны азамат атандырудың өзі үлкен күш.Сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек!


2 жүргізуші Айбол 5 сөзі

Иә, бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, ұстаз өсіреді»- деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!

9 Оқушы Ақниет

Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,

Бар асылын бізге жиып, мол береді

Қанатымен су себелеп асыл жан.

Әр шәкіртін баласынан кем көрмеді.

Тек үйреттің әділдікті, адалдықты,

Жирендік, ажыраттық жамандықты.

Жалғастырар ақ жолын сенің салған,

Бар деп ұққан әрқашан балаң мықты

10 оқушы Нұрболат

Жарқын күннен жылы жүзің елестер

Құлағымда өзің берген кеңестер.

Жанарымда алыс тартқан қара жол,

Көз жұмсамда көрнтұғын белестер.

Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай,

Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?

Мейірлене қарап қойып біздерге,

Күн астынан сабақ беріп тұрғандай.

11 оқушы Саят

Ақылшым- асыл ұстазым.

Жолымды айқын нұсқадың,

Қасыма кеп қанша сен,

Қамқор боп қалам ұштадың.

Жалықпай үйреттің де балаларды,

Өмірге тарту еттің даналарды.

Ізгілікке жол ашып көрсетумен

Қара шашың қыраулап ағғарады.

12 оқушы Нұрбек

Сен менің әкемдейсің, анамдайсың,

Ұстазым, сенен артық ақылшым жоқ,

Адалдық пен парасаттан жаралғансың.

Көңілін бар шәкірттің таба алатын

Кеуделерге намыс отын жаға алатын

Өзіңдей болса шіркін барлық ұстаз.

Жез таңдай, күміс көмей, сөзі алтын.

13 оқушы: Жазира

Ұлы өмірге жетелеп,

Ашқан білім есігін.

Құрметтейік міпелеп,

Ұстаздардың есімін.

Келешекке алтын бақ,

Қосар таудың үлесін.

Жасай берсін жарқылдап,

Ұстаз атты ұлы есім.

14 оқушы Ұлжалғас

Ұстаз деген қасиетті адам бар.

Біле білсең сенің екі анаң бар

Бірі сенің туған анаң болса егер

Екінші анаң ұстаз деген данаң бар

Туған анаң болмаса ойнамас ең

Ұстаз ана болмаса сен өмірдің

Мәні менен мағынасын білмес ең.

Хор: «Ұстазым» әні

1 жүргізуші Альбина 6 сөзі

Бізді болашаққа не бастайды?

Хормен:

Ұстаздың көрсеткен жолы

Ата-ананың ақылы.

Болашаққа деген сенім

2 жүргізуші Айбол 6 сөзі

Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңізді ынта қойып тыңдаймыз. Жан жақты білім бергені үшін әрбәр пән мұғаліміне алғысымыз шексіз.

Ұстаздарға арнау

15 оқушы Нәзік

Айымкүл апайға

Қолыма алғаш қалам ұстатқызған

Апайым Айымкүл апай қымбат маған

Сабырлы да салмақты қалпыменен

Қажымай үйретуден бір танбаған

Көреміз көзіңізден мейірімді,

Сеземіз анамыздың алақанын

Қыран ана секілді күтіп баптап

Ұшырған ұясынан балапанын

Айтамыз апай сізге көп-көп алғыс,

Қашанда қасықыздан табылармыз.

« Бастауыш-бар білімнің негізі » деп

Біз сізді әрқашанда сағынамыз

16 оқушы Саят

Алмагүл мен Айгүл апайларға

« Үш тұғырлы тіл» біздің ұранымыз.

Алмагүл мен Айгүл апайлардан көп сұраймыз

Орыс тілі мемлекеттік тілден кейін

Керек болар тіліміз, құмарымыз.

Бүгінде тілді білсек қор болмаймыз

Шүлдірлеп тұрсақ егер зор болмаймыз

Тілейміз Алмагүл мен Айгүл апайларға

Болашаққа сілтейтін жол болғайсыз

17 оқушы Диана

Камал ағай тәрбиелілікке оқытқан,

Санамызға қырын –сырын тоқытқан.

Ізгілік пен ізеттікке жетелеп,

Ақыл кенін болаттай ғып қорытқан.

18 оқушы Ақниет

Еңбек пәнінің мұғаліміне

Жаңабек ағай шебер-ақ,

Үйреткен өнері жып-жинақ.

Шәкірттері молайып,

Жемісін ылғи берер-ақ.

19 оқушы Нұрболат

Кім білмейді Заңғар ағайды,

Спорт десе жоқтан барды жасайды

Қашанда спорт залдан табылатын

Жұрт оны «денсаулыққа жаршы» атайды

Заңғар ағай ұл-қызыңыз жүлдегер боп,

Түсссінші алшысынан асығыңыз.

20 оқушы

Бағлан ағайға

Өмірдің мағынасы ән менен күй,

Одан артық болмайды ешқандай сый.

Бағлан ағай саналады жеке дара,

Мектепте онсыз өтпес ешбір шара.

Деніңіз сау болсын деп тілейді,

Әніңізді жаттаған әрбір бала.

Ән «Шіркін сурет сабағы» Хор

1 жүргізуші Альбина 7 сөзі

«Білім- аққан сел» дейді,

Бірақ оңай келмейді.

Ала білсең білім көп,

Ақыл ойға кен дейді.

Менің терең мәндерім

Мерейінде пәндердің

Мерекеде сөйлесін.

Мерекеде пәндерім.

Пәндерге сөз береміз

21 оқушы Қазақ тілі Аружан

22 оқушы Ана тілі Ұлжалғас

Көрініс: « Төле бидің төрелігі»

23 оқушы Математика Сәрсенкүл

24 оқушы Дүниетану Бақдәулет

25 оқушы Орыс тілі Жазира

26 оқушы Бейнелеу Саят

27 оқушы Ән- әуез Қуаныш

28 оқушы Денетәрбиесі Нұрбек

Пән бойынша сұрақтар қою

2 жүргізуші Айбол 7 сөзі

« Ана дегеніміз- әлемнің жан дүниесі. Оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы » деген екен Расул Ғамзатов ақын ағамыз.

Енді аналарға арнау айтамыз

29 оқушы Гүлназ

Ана жанын ана болсаң ұғарсың,

Алдыңдағы ол бір биік құз бен шың.

Балаң үшін кеуде керіп қуанып,

Балаң үшін биіктен де құларсың.

30 оқушы Жазира

Ана десем алғыс алам халқымнан

Ана десем теңіз болам шалқыған

Ана десем ашылады қабағым

Ана десем әділдікті ұғынам

31 оқушы Нәзік

Аяулы да, алтын нұрлы анашым,

Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.

Сен асқарың, сен аспансың,биіксің,

Сен дарасың, сен жомартсың, данасың.

32 оқушы Аружан

Мен өзіңмен қайда болсаң біргемін,

Махаббатың жірегімде жүр менің.

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің,

Қандай жақсы ортамызда жүргенің.

Ән. Ана. Тұратай Сәрсенкүл

Ән. Ұстазым.Бектас Ұлжалғас.

Би « Тойбастар»

Ән. Әсел

Би. Мектеп вальсі

1 жүргізуші Альбина

« Ұстаздық еткен жалықпас, үйретудер балаға деп Абай атамыз айтқандай ұстазымыз жыл бойы білім нәрімен сусындатты, хат танытты, еңбек ете білуге үйретті, білімге жетеледі, әдептілікке үйретті. Сондықтан да алғашқы ұстазымызға мың алғыс айтып басымызды иеміз.

Алдыңда ұзақ жолың бар,

Оқумен өсіп толыңдар.

Қиындыққа мойымай,

Аман-есен болыңдар.

Бастауышпен қоштасу ертеңгілігімізді әнмен аяқтаймыз.

Хор «Жас ұландар» әні.




Общая информация

Номер материала: ДВ-406196

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Методика преподавания информатики в начальных классах»
Курс повышения квалификации «Сетевые и дистанционные (электронные) формы обучения в условиях реализации ФГОС по ТОП-50»
Курс повышения квалификации «Сопровождение детского отдыха: от вожатого до руководителя детского лагеря»
Курс повышения квалификации «Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты профессиональной компетентности педагогических работников в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация инклюзивного обучения в сфере образования»
Курс повышения квалификации «Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы»
Курс повышения квалификации «Формирование мотивации учебной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности педагога-дефектолога: специальная педагогика и психология»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая диагностика в современном образовательном процессе»
Курс повышения квалификации «Разработка адаптированных образовательных программ в условиях ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Техники креативного мышления как инструмент формирования общих компетенций по ФГОС»
Курс повышения квалификации «Сурдопедагогика: организация обучения, воспитания, коррекция нарушений развития и социальной адаптации глухих, слабослышащих, позднооглохших обучающихся в условиях реализации программы Ф
Курс профессиональной переподготовки «Музыка: теория и методика преподавания в сфере начального общего, основного общего, среднего общего образования»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.