Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Урок на казохском языке по началных класса
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Урок на казохском языке по началных класса

библиотека
материалов

Әліппе, саған мың алғыс!

Мақсаты:
1. Әліппенің қадір - қасиетін меңгерту. Оқушылардың сауат ашу барысында алған білімдерін тиянақтау әр оқушының іс - әрекеттері арқылы икемділігін, шығармашылық мүмкіндігін ашу.
2. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Ата - аналарға баланың 4 айда қандай білім игергенін іс - жүзінде көрсету.
3. Ана - тілін сүйіп қастерлеуге, адамгершілікке, ұқыптылыққа, көпшілік алдындағы ұстамдылыққа, кеш барысында өзін - өзі мәдениетті көрсете білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Әліппе, саған мың алғыс!» сөзі жазылған плакат, шарлар, нақыл сөздер. Әсем безендірілген сахна.
Барысы:

Мұғалім:
Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Бүгінгі қуанышты күн – «Әліппемен қоштасу» мерекесі құтты болсын. Балалардың алдағы шығатын биік белестерінің ең алғашқысы - «Әліппемен қоштасу». Білім жолдағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіргім келеді. Енді қазір осы жарты жыл ішінде оқып үйренген білімдерін тамашалаңыздар. Сонымен «Әліппе, саған мың алғыс!» ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер! Балаларды қошеметпен ортаға шақырайық
1-жүргізуші:

Жиналыппыз сәтті күн бәрімізде,

Үлкен, кіші, жасымыз, кәрімізде.

Төрлетіңдер, қадірменді қонақтарым,

Гүл-гүл жайнап біздің мына төрімізге

2-жүргізуші:

Әліппемен қош айтысып,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз!

1-жүргізуші:

Әліппеге арналмақ,

Бүгінгі жыр әніміз.

Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

2-жүргізуші:

Әліппе білім бұлағы,

Әліппе өмір шығар.

Әліппе білім көзі,

Әліппе ұстазымның сан айтқан ақыл сөзі.

1-жүргізуші:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін сіздер 1а-сыныбы шәкірттерінің «Әліппе саған мың алғыс!» атты ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Балалардың ең алғаш бетін ашқан оқулығы әліппе. Бұл кітап білімге бастайтын алғашқы жол. Ендеше мерекемізді бастаймыз.

2-жүргізуші:

1а-сыныбы оқушыларының «Әліппе саған мың алғыс!» атты ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші:

Бүгін біз шексіз қуаныштымыз. Өйткені алғаш хат танып сауатымызды ашқан біздің жақын досымыз Әліппемен қоштасамыз.

2-жүргізуші:

Құрбым мектепке алғаш келгенімізді есімізге түсірейікші.

1-жүргізуші:

Иә, 1-қыркүйекте бәріміз кіп кішкентай болып, қорқа-қорқа мектеп есігін ашып, алғаш ұстазымызды көріп, мектеп табалдырығын аттағанымыз есімізде.

2-жүргізуші:

Алғашқы қоңырауды кім соғып еді?

1-жүргізуші:

Ақтоты соқты емес пе?

2-жүргізуші:

Сол қоңыраудың үнінін сабақ арасында күнде естіп жүрміз біз.

1-жүргізуші:

Бар білімнің бастауы,

Бар ғылымның бастауы,

Жас балаға нұр шашқан.

Қандай кітап тіл ашқан?

Оқушылар хормен«Әліппе»

2-жүргізуші:

Олай болса бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық.

Оқушылар хормен Әліппе,әліппе, әліппе.

Әліппе:

Армысыздар жас достар!
Армысыздар, ата - ана!
Болашаққа жол ашар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғалымның,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық.
Не үйрендік не білдік,
Қане, ортаға салайық!

Балалар сендер әліппе оқулығын кім жазғанын білесіңдер ме?

Оқушылар: Ол Ыбырай Алтынсарин атамыз

Әліппе: Сендерге қандай өсиет қалдырды?

Оқушылар: «Кел балалар оқылық!»

1-жүргізуші:

-Балалар сүйікті Әліппемізді ренжітпей рахметімізді айтып өзімізден кейінгі кішкентай бауырларымызбен қарындастарымызға табыс ету біздің міндетіміз.Сондықтан біз осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, ән-күймен, өлеңдерімен өрнектеп өнерімізді ортаға салайық.

1 – оқушы. Елжан
Ең алғаш алғанымда әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Ұстазым көз алдымда күлімдеді.
Күн сайын әріптердің атын білем
Сөз оқимын айырып әріпті енді.

2 – оқушы. Балғын
Әліппе – білім анасы
Әліппе – кітап данасы
Әліппе бетін ашпаған,
Адамның бар ма баласы?!
3 – оқушы. Нұрдос
Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріпте
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны әліппе

4 - оқушы Төрежан
Әліппем, менің әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.

5 – оқушы Еңлік
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес, ауыр жол,
Тырмысып бақ намысқа
6 – оқушы. Ақтоты
Оқуды көп ойладың
Қызығына тоймадық
Әріптерді үйреніп
Сауат аштық тойладық.
7 – оқушы.Илияс
Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға «Ана тілін» аламыз
Ата - ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
8 – оқушы. Ұлықбек
Алфавиттің
А тұрады басында.
Әрқашан да
Ә тұрады қасында.
Байқадың ба?
Б тұрады үшінші.
Ал осының
Сыры неде? Түсінші:
А деген ол - аналар ғой ардақты,
Ә деген ол - әкелер ғой салмақты,
Б деген ол - балалар ғой әдемі.
Біздің елде үшеуі де кәделі.
9 - оқушы Медет
Ана тілің - ертегің,
Ана тілің - өркенің,
Ана тілің - ертеңің.
Қадірле ана тіліңді -
Жүрегіңнің бөлшегін.
10 - оқушы Қарақат
Жақсы кітап - "Әліппе",
Үйретеді әріпке.
Қуыршақпен қоштастым.
"Әліппемен" достастым.
"А"- дан бастап әріпті,
Түгел маған танытты.
Ақыл - ойын дананың
Ана тілден аламын.
Анам тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның.

11 - оқушы Илияс
Өсірген ой, білімді
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді.
12 - оқушы Ұлжалғас
Бар кітапқа бас салған,
Әліппе – ғылым ағасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Мектебің мынау класың,
Осында он жыл тұрасың,
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың

Хор "Әліппе"

Әліппе: Рахмет достар! Сендер менен не оқыдыңдар, не үйрендіңдер?

Оқушылар хормен: Әріптерді,жұмбақтар, жаңылтпаштарды, ән, санамақ, өлеңдерді үйрендік.

Әліппе: Ендеше сандығымда сендерге арналған тапсырмалар бар.Сол тапсырмаларды орындасаңдар әліппені меңгергендерің болып саналады.

Тапсырмалар беріледі:

Ән: «Мұғалім ол біздің»

2-жүргізуші:

Жарайсыңдар олай болса ортаға әріптерді шақырайық. Балалар қазақ тілінде қанша әріп бар.

1-жүргізуші:

Алфавиттер шығыңдар,

Орындарыңа тұрыңдар.

Бастайық, қәне айтысты,

Жібермейік намысты.

Алфавиттер айтысы:

А- әрпі

А- ны айтқанда дауысым дірілдейді

Ұстазым көз алдында күлімдейді

Күн сайын әріптердің атын біліп,

Сөз оқимын айырып буынды енді

Ә-әрпі

Ә-дегенім дөңгелек,

Әңгелегім дөңгелек.

Әттең кіші бітімі

Ол қауынның бір түрі

Б әрпі

Б- дегенім бүлдірген,

Балдай дәмін кім білген

Бүлдіргенді шекерге

Батырып жер бір-бірден

Ғ әрпі

Ғимарат көп қаламда

Ғаламат көп ғаламда

Ғылым қуып жалықпай,

Ғалым болам қалайда.

Е әрпі

Ерлер аңсап еркіндік

Ел болуға бекіндік

Еңсесі биік , елімнің

Елордамыз – жер кіндік.

Ж әрпі

Ж дегенім

Жемістер,

Жасыл бақтан жеміс тер.

Жүзім, жидек көп өнсін,

Жиын-терім көбейсін!

И әрпі

Ислам –дінім, тірегім,

Иманға толы жүрегім,

Имансыздан сақтанып

Ибалы болып жүремін

Р әрпі

Рәміздерім –елдігімнің белгсі

Білу керек бала дағы ең кіші,

Рәміздерім –Әнұран, Ту, Елтаңба.

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

П әрпі

Парызың ақыл қосу кішіге ,

Парызың сәлем беру кісіге .

Парызың халін сұрау ауырса,

Парызың көмектесу бәріне.

Т әрпі

Торғай отыр тал басында

Тістегені құмырсқа

Тоқылдақта тоқ-тоқ соғып

Кірісіпті жұмысқа.

М әрпі

Мектеп және мұғалім

Мезгіл, мекен, мысықты

Мен ғана бастап тұрамын

Оған қарсы тұрар кім?

Қ әрпі

Қаламды алдым қолыма

Жаздым дәптер жолына

Қазақстан деген ұлы сөзді

Қадірлеп жаздым тағы да

С әрпі

Сабақты жақсы оқимыз

Санамызға тоқимыз

Сабырлы болып өсеміз

Сүйкімді біз ұл- қызбыз

Хор: «Шіркін сурет сабағы»

Көрініс: «Екі би»

2-жүргізуші:

Балалар біз Әліппеден оқу жаза білуді үйренсек, ал математикадан санауды, есептеуді, сандарды жаза білуді үйрендік. Ендігі сөзді математикаға берейік.

Математика

Мынау менің кітабым

Аса құрмет тұтамын

Шөліркесем ашып сан

Білім нәрін жұтамын

Біздің келер шамамыз

Беске үшті қосамыз

Оннан бесті аламыз

Жауабын тез табамыз.

1-жүргізуші:

Балалар математикадан осы уақытқа дейін не үйрендіңдер? Ендеше сандарды сөйлетіп көрейік.

Санамақ: Ұлжалғас

1 дегенім - бесік,
Шықтық содан өсіп.
2 дегенім - елім
Далам, тауым, көлім.
3дегенім - үміт,
Үміт артар жігіт.
4 дегенім - төзім,
Төзе білем өзім.
5 дегенім - бақыт
Бағалайтын уақыт.
6 дегенім - ақыл
Тыңдағаның мақұл.
7 дегенің - жалау,
Жүректегі алау.
8 дегенің - сөзің,
Серт беретін кезің
9 дегенің тоқтау
Елдің жоғын жоқтау.
10 дегенім - Отан,
Қорға соны ботам.


Санамақ: Шапағат

Тоғыз - торғын тоғайың, 
Бауыр, туыс, ағайын. 
Ұстаздарың, достарың, 
Шаттық толы маңайың.
Сегіз - деген салтанат, 
Ел жиналар анталап. 
Тәуелсіздік тойы бар, 
Сайыс құрар бар талант.
Жеті - туған жеріміз, 
Біз - туған жер төліміз. 
Жиі барсақ ауылға, 
Тола түсер кеміміз.
Алты - асау арғымақ, 
Мінсең шабар арқырап. 
Қиялдайды сондайды, 
Бәйге сүйгіш әркім - ақ.
Бес - қолыңда бес саусақ, 
Іске даяр тұр самсап. 
Тас қамалды бұзамыз, 
Жұдырықтай бір болсақ.


Санамақ: Қарақат

Төрт - атақты төрт түлік, 
Төрт түлікке тоқшылық. 
Жылқы, сиыр, қой, ешкі, 
Өсір бәрін көп қылып.
Үш дегенің - үй, 
Үйсіз оңбас күй. 
Үй - туған ел бөлшегі, 
Соны еске түй.
Екі дегенім - елім, 
Атамекен жерім. 
Ол - өзен, көл, кең дала, 
Ол - тауларым менің.

Ән хор: « Есеп сабағы»

2-жүргізуші:

Балалар біз математикадан да білімімізді көрсеттік. Ендеше Әліппемен де қоштасатын кез келді. Әліппе бізге қанша нәрсе үйреткен екен. Біз әліппенің арқасында жазуға, өз бетімізбен оқуға, сөз, сөйлем құрауға, дағдыландық ендеше Әліппеге не деуіміз керек.

Хормен «Әліппеге рахмет!»

Әліппе: Балалар сендер мені жақсы игеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын.Сау болыңдар!

1-жүргізуші:

Балалар сендер «Әліппе» бітірдіңдер. Енді сенің жаңа достарың Ана тілі оқулығы болады. Сондықтан әліппені қалай меңгерсеңдер, Ана тілін солай оқитын болыңдар. Ал енді Ана тілін ортаға шақырайық.

Төрежан: Ана тілі
Сәлеметсіздер ме, балалар.
Туған елдің тілімін
Ақылымен танылам
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен балам
Ана тілің – арың бұл
Ұяттың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте

- Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін. Мен де сендерге көп нәрсе үйретемін.

Хормен:

Әліппемен қоштастық,

Ана тілімен достастық.



2-жүргізуші:

Енді ана тіліне не үйренгенімізді, нені ажырата білетінімізді, нені сүйетінімізді, кім болатынымызды айтып берейік.

1.Біз нені үйрендік?

Хормен: Оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтуды, би билеуді. Үлкенді сыйлауды. Кішіге қамқор болуды. Елімізге жақсылық жасауды.

2. Біз нені ажырата білеміз?

Хормен: Жақсылық пен жамандықты. Ақ пен қараны. Адамдық пен адалдықты.

3. Біз нені сүйеміз?

Хормен: Отанды. Ата-ананы. Халқымызды. Достарымызды. Мектебімізді.

4. Біз кім боламыз?

Хормен: Адал азамат. Ақылды ару. Оқымысты ғалым.

Мұғалім:

Балалар сендер 4 ай ішінде көп нәрсе үйрендіңдер. Осының бәрін үйреткен кімдер?

Оқушылар хормен: Мектеп, әліппе, мұғалім, ата-ана.

Мұғалім:

Балалар сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң-қуанып, ренжісең- жұбататын асыл адамдар ата-ана!

Ол кісілер біз үшін ең ардақты адамдар. Ата-ананы сыйлау біздің парызымыз.

1-жүргізуші: Ата-анаға

Дүниеге әкелген ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын аман болсын анашым!

2-жүргізуші:

Өмірде бір-біріне серік болып,

Отбасының бақытына берік болып.

Ұрпағының амандығын тілеген

Әкелерім аман болсын көреген

Хормен Ата-анаға мың алғыс!

1-жүргізуші:

Той пердесін ашайық

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын шашайық

  1. Анашым Шапағат Қарақат

  2. Айналайын ақ мамам Ұлжалғас Ердос

  3. Көк тудың желбірегені Илияс Ұлықбек

  4. Қуыршағым Ақтоты Айкөркем

  5. Би мектеп вальсі

Мұғалім:

- Қымбатты оқушылар, сендерді мектептегі алғашқы жетістіктеріңмен құттықтаймын! Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын! Құттықтау сөзі:
1. Мектебіміздің директоры.
2. Ата - аналарда




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 02.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров110
Номер материала ДВ-406199
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх