Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Урок на теме "Үркер"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Урок на теме "Үркер"

библиотека
материалов

http://argymaq.kz/wp-content/uploads/2014/06/040123023.jpg



Әбіш Кекілбаев 1939 жылы 6 желтоқсанда Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды ауылында дүниеге келген.

Ол - көрнекті қазақ жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

Алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962 жылы жарық көрді. Содан бері проза, әдеби сын саласында көптеген жинақтар шығарды. Шығармаларының негізгі арқауы- белгілі бір тарихи жағдай, халық ахуалы, тағдыры, олардың бір-біріне ықпалы, бүгінгі күн тұрғысының берер бағасы.

Негізгі шығармаларының қатарында «Бір шөкім бұлт», «Дала балладалары», «Тырау-тырау тырналар», «Бір уыс топырақ » т.б. бар.











https://pp.vk.me/c622625/v622625452/9401/NLQ3l1P1Vhk.jpg







































Әйтеке жарып айтады. Қазыбек қазып айтады. Төле тауып айтады. Үш арыс қазақ оларды сөйлетіп қойып, қақаған қаңтарда арқар сорпасын ішкендей бусанып, тал бойы түгел еріп, балбырап отырар еді-ау! Тіпті қаралар дау қаралып, шешілер түйін шешіліп біткесін де, тарағылары келмей үш бидің аузына қарап тамсанып бағар-ды.

Осы жолы да әз Тәукені күллі қазаққа ортақ хан сайлап, сұпы Әжіні күллі қазаққа пір сайлап, жеті жарғының жосығын қабылдаған ұлы жиын аяқталғасын да жиылған жұрт.

  • Жұрт: «Ертең елге барғанда айта баралық. Үш би бізге не дейді екен? Соны естіп кеткіміз келеді».

  • Тәуке хан: Сонда үш биден не сұрайсыздар?

  • Жұрт:

  • Үш би бізге ең әуелі заман құлқынан үш ауыз сөз айтсын!

Сонда төбенің басына қамшысын ұстап Төле би:

  • О, әлеумет, қалай осы, жылқы біткен көп кісінесіп кеткен жоқ па, әйел біткен көп кісімсініп кеткен жоқ па?

Одан кейін төбеге Қазыбек би көтеріліп, сонау мұнарытқан көкжиекке қарап тұрып:

  • Жылқы біткен көп кісінесе, ел шетіне бір дүбір жетейін деп жүргені болмасын, әйелдер көп кісімсінсе, қадірлерінің өтейін деп жүргені болмасын! – дейді.

Әйтеке би қамшысын көкке көтеріп:

https://pp.vk.me/c622625/v622625452/9429/TaRciSt6VAk.jpg





















  • Ел шетіне дүбір жетсе, атыңның жалы панаң болар, көк сауытың – қатын, көк найзаң балаң болар !

Қарақұрым халық үн-түнсіз бастарын шұлғыған-ды.

  • Тәуке хан:

  • Енді не сұрайсыңдар?

  • Жұрт:

  • Енді үш биге бізге кәрілік пен жастық қақында не мәслихат қосады екен? – деген жиылған көп.

  • Төле би:

  • Үй сыртында төбең болса – ерттеулі тұрған атың ғой, ел ішінде қарияң болса – жазулы тұрған хатың ғой.

  • Қазыбек би:

  • Жалтылдайды екен деп жастықты сөкпе – бәріңнің шыққан тегің сол; қалтылдайды екен деп қарттықты сөкпе – ертеңгі жетер шегің сол!

  • Әйтеке би:

  • Ар сатып алған атақтан тер сатып алған мал артық, сақалын тосқан кәріден еңбегін тосқан бала артық!

  • Тәуке хан:

  • Тағы не білгілерің келеді?

  • Жұрт:

  • Енді бізге үш би: жомарттықтың қандайы жаман, сараңдықтың қандайы жақсы- соны айтсын.

  • Төле би:

  • Жомарттықта суайттың куәге жомарттығы , молданың дуаға жомарттығы жаман.

  • Қазыбек би :

  • Жомарттықтың және бір жаман түрі: еркектің жетекке көңілшектігі. https://pp.vk.me/c622625/v622625452/941f/UEZxGjMwKFs.jpg https://pp.vk.me/c622625/v622625452/9429/TaRciSt6VAk.jpg

Әйтеке би:

  • Дуаға жомарт молда малынан қағылар, куәге жомарт суайт абырой-арынан қағылар, жігіттің көңілшектігі – атының соры, ең жаман жомарттық – уәдеге жомарттық.

  • Төле би қамшысын қолына қайта алып.

  • Ең жақсы сараңдық: қасын сұрағанда «барға» сараңдық, досың сұрағанда «жоққа сараңдық»

  • Қазыбек көп алдына қайта шығып :

  • Көрсе қызардың алдында – жарына сараңдық, айналдырған аурудың алдында жаныңа сараңдық лазым.

  • Әйтеке би :

  • Тамыр мен тамырдың арасында боқшаға сараңдық, дос пен достың арасында бопсаға сараңдық.

https://pp.vk.me/c622625/v622625452/9415/0jhC9zI0YUE.jpghttps://pp.vk.me/c622625/v622625452/940b/Sn0Q5dkNLNE.jpg

Жұрт бұл жолы бір-біріне бас изесіп желпінісіп қалысты.

- Тәуке хан:

- Тағы қояр сұрақтарың бар ма?

  • Жұрт:

  • Енді үш би бізге ұл мен қыз қақында не айтар екен?

  • Төле би :

  • Ұл өссе – ұрпақ, қыз өссе – өріс.

  • Қазыбек би:

  • Ұл бала аптыққаннан өлсін, қыз бала тұншыққаннан өлсін.

  • Әйтеке би:

  • Дәулетіңнің қадірін ұлың өскенде білерсің, абыройыңның қадірін қызың өскенде білерсің.

  • Жұрт:

  • Енді үш жорға ерлі-зайыпты екеу туралы бірдеңе айтсын.

  • Төле би:

  • Жарақтыдан құтқарса – атың мұра, жалғыздықтан құтқарса – қатын мұра.

  • Әйтеке би:

  • Азынаған айғырды үйірінде көр, аңқылдаған жігітті үйінде көр .

Қарақұрым халық тағы да гу-гулей жөнелді.

  • Тәуке хан:

  • Енді де сұрақтарың бар ма? .

  • Жұрт:

  • Үш би бізге енді бізге адам құлқынан үш ауыз сөз айтсын!

Қамшысын алып Төле би қайта ортаға шығып:

  • Биікке шықсаң – көңілің ашылар, жақсымен тілдессең – зейінің ашылар.

Қазыбек қамшысын ұстап тұрып:

  • Аты жаманның арманы кетер, баласы жаманның дәрмені кетер.

Әйтеке жұртқа қарап:

  • Ниеті жаманның иманы кетер, әйелі жаманның мейманы кетер, алланың сүйгені – азан, халықтың сүйгені – қазан. Күлтөбеге жақын ауыл біздікі екен. Жиналған көп әлеумет, жүріп дәм татыңдар!

Бұл жолы жұрт гуілдесіп ала жөнелді.

Жұрт:

  • Оу, жамағат, не байқадыңдар? Қазақтың игі жақсысын жиып, батасын алып, исі Алаштың ырыс-несібесін Жанарысқа қалдырп кетсін деп тұр ғой бұл сығыр!

  • Қазыбек би:

  • Төке, жол үлкеннен, қызмет кішіден деген ғой. Жолымыздан қалмайық! – деп төбе басынан түсе берді.















Өтес орта мектебі ММ







«Үркер»

Әбіш Кекілбайұлы – 75 жыл!

«Тығырық» әңгімесінен үзінді















2014-2015 оқу жылы







Көріністі қойғандар:



  1. Тәуке хан – Бердімұрат Сұлтан

  2. Төле би - Төреғалиұлы Расул

  3. Қазыбек би – Нұрланұлы Жандос

  4. Әйтеке би – Жанайс Ербұлан

  5. Ауыл адамдары: 1.Бердібек Мадияр

2.Қыстаубайқызы Аяжан

3. Біржанұлы Жангелді






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 21.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров135
Номер материала ДВ-364089
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх