Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Урок на теме "Жапырактар"

Урок на теме "Жапырактар"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Жапырақтар.Жапырақтар күзде неге сарғаяды?»

Сабақтың мақсаты: Өсімдік мүшелерінің ішіндегі жапырақтың атқаратын қызметімен таныстыру, түрлері жайында мағлұмат беру. Сөзжұмбақ орындату арқылы ойлау қабілеттерін дамыту,сөздік қорларын молайту.Өсімдіктер әлеміне оқушылардың сүйіспеншілігін ояту, қоршаған ортаға қамқор болуга, табиғатты сүюге баулу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру,талдау,ойын.

Көрнекілігі: Жапырақтар. Сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

-Оқушылар сабақты бастамас бұрын бір-бірлеріңе қандай тілек айтасыңдар?

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-Сабақ мәтінін оқу және сұрақтарға жауап беру.Ол үшін оқушылар үш топқа бөлінеміз.Әр топқа тапсырмалар беріледі.Сол тапсырмаларға дұрыс жауап беру керек.

Бірінші топ. Сіздерге тапсырма өсімдік туралы.

Өсімдік мүшелеріне нелер жатады?/тұқым,тамыр,сабақ,жапырақ,гүл,жеміс/

Өсімдік қандай ағза? /өсімдік тірі ағза/

Өсімдік тіршілігі үшін қандай жағдайлар қажет? /су ,ауа/

Екінші топ.Сіздерге тапсырма тамыр туралы.

Тамыр кайдан пайда болады? /тұқымнан/

Тұқымнан тікелей пайда болатын тамырды қандай тамыр дейді? /негізгі тамыр/

Тамырдың қандай түрлерін білесіңдер? /жіңішке,шашақ тамыр,өте ұзын тамыр/

Үшінші топ. Сіздерге тапсырма сабақ туралы.

Сабақ өсімдіктің қандай мүшесі? /маңызды мүшесі/

Неге маңызды мүшесі? /сабақ өсімдіктің барлық мүшелерін бір-бірімен байланыстырып тұрады/

Сабақтың қандай түрлерін білесіңдер? /салбырап,тік тұру,оралып,шырмалып/

-Жақсы балалар тапсырманы барлығымыз ойдағыдай жақсы орындап шықтық.

-Балалар біз өсімдіктің тамыры мен сабағын білеміз.Өсімдіктің сабағына көрік беріп тұратын не деп ойлайсыңдар? Ендеше барлығымыз тақтаға назар аударайық. Мына сөзжұмбақты дұрыс шешсек,жаңа сабағымыздың тақырыбы шығады.

Сөзжұмбақ шешу:

-Оқушылар сөзжұмбақтың сұрақтарының барлығы өсімдікке байланысты болады.

1.Ең ыстық мезгіл? /жаз/

2.Өсімдіктің үш түрінің бірі? /ағаш/

3.Өсімдік өсетін жұмсақ борпылдақ қабат? /топырақ/

4.Күзде себілетін дән? /тұқым/

5.Өсімдіктің жер асты мүшесі? /тамыр/

6.Өсімдіктің барлық мүшесін бір-бірімен жалғастырып тұратын мүшесі? /сабақ/

7.Ағаш түрі? /қайың/

-Балалар қандай сөз шықты? Жапырақ.

-Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Жапырақ.Жапырақтар күзде неге сарғаяды?»

Дәптерге күннің жадын жазып,тақырыпты жаздыру.

-Сабағымыздың мақсаты: Жапырақтың түрлері мен атқаратын қызметі жайында оқып білеміз.

-Оқушылар жапырақ-бұл өсімдіктің жер үсті ме немесе жер асты мүшесі ме?

-Сендер қалай ойлайсыңдар,өсімдікке жапырақ не үшін қажет?

-Оқушылар Абай атамыз жапырақсыз сидыйып тұрған өсімдік туралы қалай айтқан «Күз» өлеңінде қане бір шумағын кім айтып береді?

ІІ. Оқулықпен жұмыс:

1.Мәтінді оқу.

2.Түсінік жұмыстарын жүргізу.

-Ағаш көркі- жапырақ.Жапырақ өсімдікке сән береді.Жапырақ шаң-тозаңды жұтып,ауаны тазартады.Оның пішіндері әр түрлі болады.Жапырақ көмір қышқыл газын жұтып,оттегіні бөліп шыгарады.

-Жапыраққа су қайдан келеді?

-Жапыраққа су сабақ арқылы келеді. Өсімдіктің бойындағы артық су жапырақ арқылы буланады.Буланған жапырақ өсімдікті салқындатып тұрады.

Сұрақ-жауаптар.

-Жапырақ қоректі қайдан алады?

-Қураған жапырақтың қандай пайдасы бар?

-Жапырақ өсімдіктің қай мүшесіне орналасқан?

-Жапырақ өсімдікке көрік беріп тұрады.

-Оқушылар қазір жылдың қай мезгілі? /Күз/

-Күзде ауа-райы салқындайды. Күн салқындағанда толырақ тоңазиды.Өсімдік тамырының суды сіңіруі нашарлайды.Жапыраққа да қажетті күн көзінің жылуы азаяды.Осының бәрі өсімдіктердің қоректенуін баяулатады.Осылардың нәтижесінде жапырақ түсіп сарғаяды.

-Өсімдік бойында қант пен крахмал бар.Оны өсімдік қайдан алады? Бұл топырақта жоқ.Өсімдік жапырағы сондай аспазшы екен. Күннің жарығы мен жылуы арқылы жапырақта ауа мен судан қант пен крахмал жасалады.

Зерттеу жұмысы:

Керекті заттар: /қайшы,салфетка,жапырақ/

-Ал енді балалар қазір біз зерттеу жұмысын жасаймыз.Бөлме өсімдігінің жапырағында не бар екенін зерттеп корейік.

-Қорытынды. Жапырақтың бойында не бар? /су бар/

-Біз бүгін оқушылар өсімдік туралы айттық.Олар адамға дажан-жануарга да қажет.Табиғат пен адам өзара байланысты.Сондықтан әркім өз жерінің табиғатын аялап,қорғай білу керек. Ал сендер осы табиғатты қорғауға қандай үлестеріңді қосар едіңдер?

Сабақты қорыту:

-Бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма?

-Не үйрендіңдер?

Бағалау:

Үйге тапсырма: Мәтінді оқу.

Автор
Дата добавления 21.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров80
Номер материала ДВ-364099
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх