Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Урок на тему "Абай шаңырағы"

Урок на тему "Абай шаңырағы"


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Абай шаңырағы. Кәмен Оразалин


Әдебиеттік оқу 3 сынып
Тақырыбы: Абай шаңырағы. Кәмен Оразалин
Мақсаты: Оқушыларға Кәмен Оразалиннің «Абай шаңырағы» әңгімесін оқыту арқылы Абай өмірі жайында мәліметті толықтыру
Міндеттері:
Білімділік: оқушыларға мәтінді оқыта отырып, Абайдың туған жері мен Абайдың шаңырағы туралы мәліметтер беру, оқу дағдысын қалыптастыру, түсінгендерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге үйрету, шаңырақ сөзіне постер құрату арқылы сөздің мағынасын ашу.
Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету.
Тәрбиелік: үлкенді сыйлауға, ізетті болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі: жаңа материалды игеру
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілік: оқулық, интерактивті тақта, сюжетті суреттер.

Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі - 3мин.
Үй тапсырмасын тексеру - 5мин.
Жаңа сабақ - 20мин.
Сабақты бекіту - 5мин.
Үйге тапсырма беру - 3мин.
Қорытындылау - 6мин.
Бағалау - 3мин.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
А) Сәлемдесу. Ә) Оқушыларды түгендеу. Б) Сабаққа зейіндерін аударту.
Психологиялық дайындық
Қарашы достым жан - жаққа
Дайынсың ба сабаққа?
Кітап, дәптер қалам да
Бәрі, бәрі орнында.
Үй тапсырмасын тексеру:
«Еңбекпен тапқан тиын» мазмұнын сұрау
Мақсат қою кезеңі. Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
«Үлкенді сыйлау» дегенді қалай түсінесің?
Жаңа сабақ: Кіріспе.
Абай Құнанбаев кім?
Ол туралы не білеміз?
(Абай Құнанбаев – қазақтың ұлы ақыны. 1845 - 1904. Семей өңірінде туған) Қандай өлеңдерін білесің?

Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді түсініп оқу.
Сөздік жұмыс.
Шымшиқрнектеп тоқылған ши
Ызу - тігістің түрі
Алаша - қой жүнінен тоқылған төсеніш
Сүйек төсек - сүйекпен өрнектеп жасалған төсек
Сұрақ - жауап әдісін пайдалану:
Бұл оқиға қай кезде болған деп ойлайсың?
Абай қайтқаннан кейін оның орнын өзгертпей ұстауды кім міндетіне алды? (Күнжан)
Ол қыс бойы қандай жұмыстар істеді?
Кімдер келді?
Кәкітай не деді?
Күнжанға олар не айтты?
Әуез қария кімді есіне алды? (Абайды)
Неге Әуез қария толқып кетті?

Жаңа сабақты бекіту:
1. Суретпен жұмыс. Мәтіндегі қызыл түспен ерекшеленген сөздерді тауып оқы. (уық, керегесінің; қызыл күрең сырмен; ақ жүннен киіз; алаша, сырмақ; сүйек төсек; кітап шкабы; үш ішекті домбыра; қызыл күрең кілемнің; қонақ көрпелер; дөңгелек үстел.)
2. Осы сөздерді пайдаланып, суреттегі Абай үйін сипаттап айт.
3. Абайдың үйін кім әдемі етіп ұстады?
4. Киіз үйге Кәрім мен Кәкітай қандай баға берді?
5. Күнжанның еңбегіне сен қандай баға берер едің?

Сабақты қорытындылау: Бүгінгі сабақтан не білдік? Мәтіндегі әр бөлікке ат қой. (Абайдың үйін Күнжанның жабдықтауы. Қонақтардың бағасы. Әуез қарияның толқуы. т. б. өз еркімен)
Үйге тапсырма: оқу, мазмұндау
Бағалау.


Автор
Дата добавления 10.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров101
Номер материала ДВ-515768
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх