Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Урок на тему "Абайдың ағартушылық мұраттары"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Урок на тему "Абайдың ағартушылық мұраттары"

библиотека
материалов

Т. Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін №16 орта мектеп




Абайдың ағар-

тушылық мұраттары.

(Ашық сабақ)










Пән иесі:Ербулатова










Сабақтың тақырыбы: Абайдың ағартушылық мұраттары.


Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларға Абай поэзиясының адамтану мен адамтанудағы рөлі жайлы түсінік беру. Абай шығармаларының алтын дінгегі адамгершілік тақырыбы екендігін ұғындыру.

  2. Дамытушылық: адам табиғатын жан-жақты ашудағы адамтану ілімінің «атасы» - әдебиеттің парасаттылықты дамытудың, ойланудың, ой өсірудің құралы екендігін таныту.

  3. Тәрбиелік: оқушылардың бойында жақсылықты, ізгілікті, әділдікті, тазалықты, адалдықты, іңкәр сезімді қалыптастыруды жалғастыру, адамгершщілік жеке адамның басындағы ғана емес, жалпы қоғамның да қордалы байлығы дегенге сендіру.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: талдау, сұрақ-жауап, сахналық қойылым.

Сабақтың құрал-жабдықтары: Абайдың портреті, шығармаларынан көрме, үнтаспаға жазылған әндер, плакаттар.

Пән аралық байланыс: қазақ тілі, тарих, музыка

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Мұғалімнің кіріспе сөзі (осы кезде үнтаспадағы Абай әндері баяу орындаладалып тұрады.)

Балалар біз сендермен бірге қазақтың дара тұлға дана ақына – Абай шығармашылығын оқып таныстық.

XІX ғасырдағы қазақ аспанындағы үш жарық жұлдызымыз Шоқан, Ыбырай, Абай қоғамдық -әлеуметтік көзқарастары жағынан ағартушы демократтар болғаны даусыз ақиқат. «Мың өліп, мың тірілген» халқымыздың тарихындағы жағдаяттардың салдарынан ғылымнан кенже қалған халқымыздың көкірек көзін ашу үшін халқын оқуға шақырып, ғылымды бар ізгі ниеттерімен үгіттеп жар салды.

Халқын оқытып, білімді, мәдениетті дамыған халықтардың қатарына жеткізу ұлы ағартушылардың асыл мұраттары болды. Олар бірінің айтқанын бірі толықтырып отырды. Халқын ағартып өркениетке жеткізудің тура жолын салды. Ағатушылардың тұл еңбектері еш кеткен жоқ. Халқымыз олардың өсиеттерін өнеге етіп, көп ғылымға ден қойды. Соның нәтижесінде ұлы ағартушылардың жолын қуған шәкірттері: Шәкәрім, Алиқан, Міржақып, Мағжан, Жүсіпбек, Ахмет; Сұлтанмахмұт, Халел, Мұхамеджан, Тұрар т.б. сынды нағыз халық ұлдары өсіп шықты. Олар ұлы ағартушылардың ісін жалғастырып халқының болашағы үшін зор істер атқарды.

Алдын – ала тапсырма берілген соған орай ізденіс пен оның нәтижесін бүгін өздерің көрсетуге тиіссіңдер. Сендерге мынандай сұрақтар қойылады:

  1. Абайдың рухани әлемі.

  2. Абайдың ағартушылық мақсаттағы ғылымға шақырған өлеңдері бәрімізге таныс. Ал балалар сендерді тыңдайық.

  3. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім».

  4. «Ғылым таппай мақтан ба».

  5. «Интернатта оқып жүр».

  6. «Әсемпаз болма әр неге»

  7. Қай қара сөздерінде ғылым туралы айтады.

  8. Адам баласы бір – бірінен қандай қасиетімен артық болады.

  9. Адам баласын қор қылатын нәрселер.

  10. «Үш сүю» туралы не айтасыңдар?

  11. Қазақ поэзиясын сатылай комплексті талдау. «Күз» өлеңі.

  12. Көрініс: «Абайдың Жанғұтты шешенмен кездесуі»



Абайдың рухани әлемі.


Кішірек кезінде ауыл молдасына аздап сауап ашқан Абайды әкесі он жасында семейге оқуға жіберді. Әуелі Ғабдул – Жаппардың, Ахмет – Ризаның медресесінде оқиды. Мектепте дін сабағын жеңіл меңгеріп, араб, парсы тілдерін үйреніп шығыс ақындарының шығармаларымен танысады. 1860 жылдары Абай өз білімінің таяздығын сезініп үш ай орысша оқып, орыс, батыс классиктерінің шығармаларын өз бетінше ізденіп оқи бастайды. Батыс классиктерінің қандай шығармаларын, кімнің шығармаларын оқу керектерін орыс досы Михаэлис көрсетіп береді.



Жасымда ғылым бар деп ескермедім.


Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ержеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,

Қолымды дөп сермесем өстер ме едім?

Адамның бір қызығы -бала деген

Баланы оқытуды жек көрмедім.

Баланы медресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын шен алсын деп бермедім,

Өзім де басқа шауып төске өрледім,

Қазаққа қара сөзге дес бермедім.

Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,

Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.



Жасымда ғылым бар деп ескермедім өлеңін оқушы жатқа оқиды.

Мұғалім: бұл өлеңде қандай ой айтылған?

Оқушы: бұл өлеңде ол өзінің орыс мәдениеті мен білімін кезінде зерттей алмағаны өкініш білдіреді. Кейінгі жастардың, өзі сияқты опық жеп қалмай, білім аларлық жастық шақты бос өткізбей оқуға, ғылымға жұмсау керектігін айтады. Елдің болашағы білімжде екенін терң түсінген.

Абай болыс болып, би болып ел билеуден тиылып, ендігі өмірінде ғылымнан тапқан асылын ақындық өнері арқылы халқына өнеге беруді мұрат етеді.



Ғылым таппай мақтанба.


Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге,

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз

Тілеуің, өмірің алдыңда

Оған қайғы жесеңіз

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек , бекер мал шашпақ –

Бес дұшпанын білсеңіз

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой –

Бес асыл іс көнсеңіз

Жамандық көрсең нәфрәтлі,

Суытып көңіл тыйсаңыз.

Жақсылық көрсең ғибрәтлі

Оны ойға жисаңыз.

Ғалым болмай немене

Балалықты қисаңыз?

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп

Айтпа ғылым сүйсеңіз.

Сізге ғылым кім берер,

Жанбай жатып сөнсеңіз?

Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз

Білгендердің сөзіне

Махаббатпен ерсеңіз.

Ақыл сенбей сенбеңіз,

Бір іске кез келсеңіз

Ақсақал айтты, бай айтты,

Кім болса, мейлі, сол айтты

Ақылменен жеңсеңіз.

Надандарға бой берме,

Шын сөзбенен өлсеңіз.

Аят, хадис емес қой,

Күпір болдың демес қой

Қанша қарсы келсеңіз

Көп көзіне көріне айтпа,

Біздің сөзге ерсеңіз.

Мұны жазған кісінің

Атан білме, сөзін біл!

Осы жалған дүниеден

Шешен де өткен не бұлбұл,

Көсем де өткен не дүлділ

Сөз мәнісін білсеңіз,

Ақыл – мизан, өлшеу қыл

Егер қисық көрінсе,

Мейлің таста, мейлің күл

Егер түзу көрінсе,

Ойлап – ойлап, құлаққа іл.

Ақымақ көп, ақылды аз,

Деме көптің сөзі бұл

Жақынның сөзі тәтті деп

Жақыным айтты дей көрме

Надандықпен кім айтса

Ондай түпсіз сөзге ерме,

Сізге айтамын, қаупім – бұл

Өзің үшін үйренсең,

Жамандықтан жиренсен,

Ашыларсың жылма – жыл.

Біреу үшін үйренсең,

Біреу білмес, сен білсең

Білгеніңнің бәрі – тұл.

Сөзіне қарай кісіні ал,

Кісіге қарап сөз алма

Шын сөз қайсы біле алмай,

Әр нәрседен құр қалма.

Мұны жазған білген құл –

Ғұламаһи Дауани,

Солай депті сол шыншыл.

Сөзін оқы және ойла,

Тез үйреніп, тез жойма,

Жас уақытта көңіл – гүл.


Ғылымға ден қойып, жасында уысына түспеген ғылымды игеріп, оның ішкі сырларына терең бойлаған ақын «Ғылым таппай мақтанба» деп басталатын өлеңін жазды. Байлықтың да, биліктің де, баланың да, думан саулықтың да қызығын бір адамдай басынан өткеріп, жастай өмірге араласқан Абай бәрінің де баянсыз екенін ұғынып, жеке адамның да халықтың да болашағы ғылыммен байланысты екенін түсініп халқына «Ғылым таппай мақтанба» деген өсиетін кесіп айтты.

Бұл өлеңінде Абай ең әуелі ғылым табуды, адам болу мәселесімен үштастырды. Яғни, ғылым тапсаң, Адам боласын. Ал, ғылым тауып Адам болу үшін не істеу керек? Дегенде ол үшін «бес асыл іске» асық болып, «бес дұшпаннан» қашық болу керек.

Талап. Абай «бес асыл істің» бастауы талап дейді. Халық даналығы «Талапты елге нұр жауар» деп талаптың адамды зор мақсатқа жеткізер қасиетін танып, ұрпағына талапты бол деп өсиет еткен.

Абай:

Кісіде бар болса талап

Отырмас ол бойын балап,

Жүрер, әрқайдан ізденер

Алар өз сүйгеніғң қалап, -

дейді. Яғни талабы бар адам қарап жатпайды, ізденені, ақыры өз іздегенін табады. Талапсыз, тәуекелсіз мал да, ғылым да табылмайды дейді ұлы ақын. Талап – ғылым тауып адам болудың қозғаушы күші.

Еңбек. Талап еңбектің нәтижесінде іске асады. Талапқа сай еңбек етілмесе, талап құр қалмақ. Сондықтан Абай: «Еңбек қылмас еріншек Адам болмас»,-дейді. Ақын өз замандастарының еріншектігін қатты сынаған:

Түбінде баянды еңбек – егін салған

Жасынан оқу оқып, білім алған.

Би болған, болыс болған өнер емес,

Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.

Абай мұнда еңбектің екі түрін атап отыр. Біріншісі – егін салу, екіншісі – оқу оқу, яғни ден еңбегі мен ой еңбегі. Ал бастық болғанды еңбеккке жасқызбайды. Олай болса бастық болу адам болу шартына да жатпайды.

Терең ой. Талп пен еңбектің нәтижесі терң ойдан кейін көрінеді. «Ойлап істемеген опық жейді» демекші, терң ойын болмаса, талабын тасқа шағылады, еңбегін еш болады. Сондықтан ақын терең ойға терең мән берді.

Қанағат. Ұлы ақын шығармаларда қанағатқа зор мән берген. Таудай талабын болды, жапырып еңбек еттің, ойыңмен бәрін орнына келтірдің делік. Ал қанағатын болмаса онда сен бір күні қақаласын. Қанағатсыз адам аш көз, дүние қоңыз болады. Ел билеген адамдардың көбі осы қанағатсыздығынан опық жейді.

Рахым. «Адам болам десеңіз» қағидасындағы «Бес асыл істің» бесіншісі – рахым, яғни, адамның мейірім шапағаты, адамға істеген қамқорлық – жақсылығы. Талап, еңбек, терең оймен табылған дүние, меңгерілзген ғылым адамның өзі үшін ғана болса, адамшылықтың орны болмайды екен. Абай адамның адам болуын, адамға істеген жақсылығымен, мейір шапағатымен бағалайды. «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, адамшылықтың қарызына еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі болсасың», дейді 37-ші сөзінде.

Интернатта оқып жүр.


Интернатта оқып жүр

Талай қазақ баласы –

Жаңа өспірім, көкөрім,

Бейне қолдың саласы.

Балам закон білді деп,

Қуанар ата-анасы,

Ойында жоқ олардың

Шариғатқа шаласы.

Орыс тілі, жазуы –

Білсем деген таласы

Прощение жазуға

Тырысар келсе шамасы

Ынсапсызға не керек

Істің ақ пен қарасы.

Нан таппаймыз демейді,

Бүлінсе елдің арасы.

Еждиһатсыз, михнатсыз

Табылмас ғылым сарасы

Аз білгенін көпсінсе,

Көп қазаққа епсінсе

Кімге тиер панасы?

Орыс теріс айтпайды

Жаман бол деп оларды

Қаны бұзық өзі ойлар

Қу менен сұм боларды,

Орыста қалар жаласы.

Бұл іске кім виноват?

Я Семейдің қаласы

Я қазақтың аласы?

Ойында жоқ бірінің

Салтыков пен Толстой,

Я тілмаш, я адвокат

Болсам деген бәрін де ой,

Көңілінде жоқ санасы.

Ақылы кімнің бар болса,

Демес мұны тіл ащы.

Айтыңызшы, болсаңыз

Здравомыслящий

Ақыл айтпай ма ағасы?

Пайда ойлама , ар ойла,

Талапқыл артық білуге.

Артық ғылым кітапта

Ерінбей оқып көруге.

Военный қызмет іздеме,

Оқалы киім киюге

Бос мақтанға салынып,

Бекер көкірек керуге.

Қызмет қылма оязға,

Жанбай жатып сөнуге.

Қалай сабыр қыласың

Жазықсыз күнде сөгуге?

Өнерсіздің қылығы –

Тура сөзін айта алмай,

Кит етуге бата алмай,

Қорлықпенен шіруге;

Аз ақшаға жалданып,

Өнбес іске алданып,

Жол таба алмай жүруге.

Алыс та болса, іздеп тап

Кореннойға кіруге,

«Талапты ерге нұр жауар»,

Жүріп өмір сүруге.

Я байларға қызмет қыл,

Ерінбей шауып желуге.

Адал жүріп, адал тұр,

Счеттың тура келуге.

Жаныңа жақса, соңынан

Жалқауланба еруге,

Қисық болса закон бар

Судьяға беруге.

Ол да оязной емес қой,

Алуға теңдік сенуге.

Я өз бетіңмен тәуекел,

Занимайся прямотой.

Жеңіл көрме, бек керек

Оған да ғылым, оған да ой,

Қалайынша қайда енуге?


«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде оқы, ғылым тап десе, «Интернатта оқып жүр өлеңінде» орыс-қазақ интернаттарындағыф оқып жүрген жастардың оқудағы теріс мақсат пиғылдарын сынайды. Оқып білім алып халыққа адал қызмет етудің жолын көрсетеді.

1868 жылы «Жаңа низамнан» кейінгі патша үкіметі қазақ халқының жерін де, экономикасын да түгелдей қолға алды. Қазақтарға тек болыстық билікті ғана қалдырып, болыстыққа таластырып, қырқыстырп қойды. Содан арызқойлық, пәлеқорлық, жалақорлық, ұлыққа пара беру сияқты әрекеттер асқынып, ел бұзылды. Патша үкіметіне де керегі сол болатын. Енді олар қазақ арасындағы орысша тіл білетін жаза алатын адамдарға зәру болды. Сол үшін патша үкіметі уездік қалаларды орысша – қазақша мектептер ашты. Онда орыс чиновниктеріне тілмәштар қазақ болыстарынан хатшы- писарлар дайындады.

Мұғалім: патша үкіметінің мақсаты не?

Оқушы: патша үкіметі қазақты оқытып, ғылымға қолын жеткізейін деген мақсатта емес әрине. Бұл іс ойдағыдай іске асып, орыс чиновниктерінен жемтіктес оқыған қазақ жастары өсіп шықты. Патша үкіметінің бұл саясатын біліп нәтижесін көріп отырған Абай орысша оқыған жастардың білім алғанына қуанудың орнына қатты сынауы сондықтан. Орыс тілін біліп «Прошения жазуды» ең негізгі мақсаты болған жастардың түпкі ойы:

Нан таппаймыз демейді

Бүлінсе елдің арасы,-екенін

ашып береді. Мұнадй теріс пиғылдағы оқудың халыққа зиянынан басқа пайдасының жоқ екенін «Улы – ащы сиямен» ашына жазып оқудағы жастарды асыл мұра ізгі ниетті көздеген терең білім алуға шақырады.


Әсемпаз болма әрнеге.


Әсемпаз болма әр неге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сенде бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тапта, бар қалан!

Қайратпен ақыл жол табар,

Қашқанға да, қуғанға.

Әділет, шапқат кімде бар,

Сол жарасар туғанға.

Бастапқы екеу соңығысыз

Біте қалса қазаққа

Алдың – жалын, артың - мұз,

Барар едің қай жаққа?

Пайданы көрсең бас ұрып,

мақтанды іздеп, қайғы алма.

Мініңдщі ұрлап жасырып,

Майданға түспей, бәйгі алма.

Өзіңде бармен көзге ұрып,

Артылам деме өзгеден.

Күндестігін қоздырып,

Азапқа қалма езбеден.

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпас

Үйретуден балаға.



Оқушы жатқа оқиды.

Мұғалім: Абай бұл өлеңінде қандай ой айтады?

Оқушы:Әр нәрсеге еліктеп қызығып соңына түсе берме, өнерлі бол дейді. Өмірден өз орныңды тап дегені.

Адам бойындағы қайрат, ақыл бұл өте жақсы қасиеттер, ол барлық жерде жол табады. Ал сол адамның бойында әділет пен мейірім болмаса, сол ақылы мен қайратын бұзық іске бастауы мүмкін.

Мұғалім: Мысалы қандай іске бастауы мүмкін?

Оқушы: Ұрлыққа, пайдакүнемдікке, дүниеқоңыздыққа, парақорлыққа.

Пайдана ойлап, ардан безу – адамдықты аздыратын қылық екенін түсіндіреді. Толық адам болғысы келген әрбір жастың алдына мақсат қойып соған жетуі үшін ізденуі, талпынуы, ерінбей еңбек етуі керектігін ескертеді.

Өзіңде бар дүниені елге көрсетіп, мақтанып басқалардан артықпын десең күншілдердің қызғанышын қоздырып солардан азапқа қалма дейді.

Ақырын жүр, анық бас, адал болсаң еңбегін далаға кетпейді дейді. Ал нағыз ұстаздар еш уақытта жалықпайды.

Мұғалім: Қай қара сөздерінде ғылым туралы айтылады?

Оқушы жауабы:

Мұғалім: күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе дейді Абай. Қане кім осы ойды таратады?

Оқушы шығып талдайды.

Мұғалім: Адам баласы бір – бірінен қандай қасиетімен артық болады дейді Абай?

Оқушы: Тегінде , адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық дейді Абай.

Мұғалім: Байлық, мансап ше?

Оқушы: «Байлық бір жұттық» дейді халқымыз. Бай адам білімі болмаса, қанағаты болмаса ол бір қуыс кеуде. Бастық болу адам болу шартына жатпайды. Бастықтың бәрі бірдей білімді болғанмен толық адам емес.

Мұғалім: Неге?

Оқушы: Өйткені олар жемқорлықпен айналысады. Тамыр танысын жинайды, әділетсіздікті көп жасайды.

Мұғалім: Оны қайдан білесің?

Оқушы: Мысалы: асфальт салғанда, су жүргізгенде бастықтар ақшасын жеп қойды ғой деп жатады өйткені тоқтап қалады.

«Үш сүю» туралы кім сөйлейді.

Оқушының жауабы:


Көрініс: «Абайдың Жанғұтты шешенмен кездесуі»

«Жанғұтты шешен Құнанбайдың үйінде отырғанда Абай келіп сәлем береді. Ол кезде Абайдың өзі әлі жас, үйленбеген шағы екен. Абайдың тапқырлығын, өлен шығаратындығын естіп жүрген шешен баланы қасына алып, оған бірнеше сұрақ қойады.

Жанғұтты:

  • Шырағым дүние неге сүйенеді?

Абай:

  • Дүние үмітке сүйенеді

Жанғұтты:

  • Көздің көрмесі бар ма?

Абай:

  • Көз қабағын көрмейді.

Жанғұтты:

  • Шам жарығының түспесі бар ма?

Абай:

  • Шам жарығы түбіне түспейді.

Жанғұтты:

  • Болат пышақтың кеспесі бар ма?

Абай:

  • Болат пышақ өз сабын өзі кеспейді№

Жанғұтты:

  • Тамағына тартпайтын мақұлық бар ма?

Абай:

  • Өз тамағына тартпайтын мақұлықат болмайды.

Абайдың жауабына риза болған шешен оған өлең түрінде жауап беруді сұрапты.

Сонда абай:

  • Сіз сұңқар самғап ұшқан қиядағы,

Талпынған мен балапан ұядағы;

Өрнекті өлең сөзбен жауап берсең

Дүниенің жалғыз үміт тиянағы.

Көз көруі жетпейді қабағына

Шам жарығы түспейді табанына,

Өз сабын өзі кеспес болат пышақ

мақұлықат татпай қоймас тамағына, - депті.

Ет желініп, қымыз ішіліп болғанан кейін Абай:

  • Ата сізден сұрақ сұрауға бола ма? – депті

  • Е, шырағым, сұрайғой депті Жанғұтты.

  • Ата арзан не, қымбат не, даусыз не? – депті Абай.

  • Шырағым, арзан - өтірік, қымбат – шындық, даусыз – кәрілік емес пе? Жанарың отты екен ақындығың шығар, маңдайың жазық екен – ойшылдығың шығар. Халқыңның қалаулы азаматы бол, - деп батасын беріпті Жанғұтты».


Қазақ поэзиясын сатылай комплексті талдау










hello_html_58c86307.gifhello_html_685197ee.gif 1. Авторы. Абай Құнанбаев

hello_html_58c86307.gif 2. Тақырып. «Күз»

hello_html_58c86307.gif3. Жанр түрі. Өлең

hello_html_58c86307.gif4.Идеясы.Күзді бейнелеу арқылы кедейлердің тұрмысын көрсету

hello_html_58c86307.gif5. Шумақ. 6

hello_html_58c86307.gif6. Тармақ. 24

7. Бунақ 72

hello_html_58c86307.gifhello_html_58c86307.gif8. Буын саны 11

hello_html_58c86307.gif9. Ұйқас. Қара өлең ұйқасы (а – а – б – а)

hello_html_58c86307.gif10. Әдеби теориялық ұғым. Эпитет, теңеу

hello_html_58c86307.gif11. Түсіндірме сөздік: «Ақ шоншы». Астық екпеген ел басқа елде

түйемен барып астық алып қайтады, түйе бос барып шом артады

hello_html_58c86307.gif12. Өлең мен негізгі түйіні, тәрбиелік мәні. Сол замандағы

кедейлердің жадау күйі. Осы заманмен салыстыру, Тәуелсіздік

қасиетін түсіндіру




Сұрақтар:

  1. Абайдың қанша өлеңі бар?

  2. Қанша дастаны бар?

  3. Қара сөзі қанша? Оның ішінде ғылым, білімге арналғаны нешеу?

  4. Аудармасы қанша?


Лексикалық талдау.

Абай өлеңдеріне оқушылар лексикалық талдау жасайды.


Фонетикалық талдау.


Тихомированың әдісі бойынша талдау.

Бес жолдық талдау.

  1. Зат есім. Кім? А.Құнанбаев

  2. Сын есім. Қандай? Данышпан, ойшыл

  3. Етістік. Не істеді? Ән шығарды, өлең жазды, қара сөз жазды

  4. Сөйлем құрау. Абай халқын ғылым білімге шақырды, келеңсіздіктерді сынап, адамгершілікке тәрбиеледі.

  5. Синоним. Ақын, сазгер, сыншыл, кемеңгер, хакін.



hello_html_4cf5cde1.gifАқын

Хакім Ойшыл

hello_html_m3de4ec15.gifhello_html_7f315f0c.gifhello_html_mc2d042b.gif


Данышпан

hello_html_4c0d539e.gifhello_html_5f9ef6f6.gifКемеңгер

hello_html_m32d6471b.gifhello_html_3db05462.gif

hello_html_4cf5cde1.gif

Сыншыл

Сазгер

Ағартушы



Қорыту. «Ән көзімнің қарасы»
































Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-335653

Похожие материалы