Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Рабочие программы / Урок на тему "Адами қатынастар əлемі" (9 класс)

Урок на тему "Адами қатынастар əлемі" (9 класс)


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:


Жалпы мақсаты:

1. Қарым-қатынас мәдениетіне сипаттама беру. Тұлғааралық қатынастар және қарым-қатынастың жақтары мен түрлері, формалары жөнінде түсінік қалыптастыру.

2. Оқушылардың проблеманы өз дәрежесінде шешіп, өзгені тыңдай білу дағдысы мен өз пікірін талдай білу дағдысын қалыптастыру. Жаңа жағдайда өз бетімен білімді қолдануға ықпал ету,белсенділігі мен қызығушылығын арттыру

3. Дара жаратылған адам ретінде өзін-өзі құрметтеу сезімін дамыту; өзге адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу. Топтық жұмыстар орындай отырып, өзара ынтымақтастық орнату.

Сілтеме

Білім стандарты, сабақ жоспары

Оқыту нәтижесі

Күтілетін нәтиже:

1.Тақырып бойынша өз беттерімен білім алады.

2.Сөздік қоры көбейеді.3. Сыни ойлайды.

4.Ынтасы артады, өз ойын айтуға үйренеді.

5.Тақырыптың мазмұнын түсініп талдайды.

6.Алған білімдерін өмірмен байланыстырады.

7.Бір-бірін тыңдауға үйренеді.

Негізгі идеялар

Теориялық білімді практикамен ұштастыру, ойларын тиянақты және дәлелді жеткізе білу.

Негізгі қолданылатын модульдер

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, көшбасшылық, оқыту үшін бағалау (формативтік) және оқуды бағалау.

Тапсырмалар

Сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, топқа сұрақ-тапсырма, постер жасау.

Оқушының іс-әрекеті

1.Берілген іс-әрекетке белсене араласу, қатысу , мәселені шешуге талпыну.

2.Сабақ соңында бағалау кестені толтыру, рефлексия жазу

3.Өз нәтижесіне көз жеткізіп,өз біліміне сараптама жасайды

Мұғалім іс-әрекеті

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Салемдесу. Жағымды атмосфера қалыптастыру.

Сынып оқушыларын түгендеу, зер салу. Сыныпты топқа бөлу.

Үй тапсырмасын сұрау, пысықтау, бағалау.

II.Жаңа cабақ:

  1. Қарым-қатынас

  2. Қарым-қатынастың жақтары

  3. Қарым-қатынастың түрлері

  4. Қарым-қатынастың формалары

Қарым-қатынас деп адамдардың қызметті бірлесіп істеу қажеттігінен туындайтын, адамның өзге адаммен немесе адамдар тобымен қауышуын, өзара әрекеттесудің біртұтас стратегиясын жасап шығаруын, басқа адаммен оны қабылдау және түсіну бағытында қатынасқа келуін және сол қатынастың кері байланыс арқылы тудырған салдарын айтамыз.

Қарым-қатынастың коммуникативті, интерактивті және перцептивті делінетін үш жағы болады.

Қарым –қатынастың көптеген түрлері болады. Адамдарды кездестіріп, пікірлесуге алып келетін қозғаушы күштердің сипатына қарай қарым-қатынас ресми және бейресми деп бөлінеді.

Адамдар арасында қарым-қатынастың формалары көп. Олардың арасында ресми жүздесуде де кең таралғаны төте және жанамалы қарым-қатынас формалары болып табылады.

Оқулықпен жұмыс. Әр топқа тақырып бойынша бөліп беру. Дәптермен жұмыс жасату.

III. Қорытынды:

  • Адамдармен қарым-қатынас дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Қарым-қатынастың түрлерін ажыратып беріңдер?

  • Төте және жанама қарым-қатынастар арасында қандай айырмашылықтар бар?

IV.Үйге тапсырма: Тақырыпты меңгеру, қосымша материалдар негізінде реферат, презентация жасау.




Автор
Дата добавления 29.09.2016
Раздел История
Подраздел Рабочие программы
Просмотров60
Номер материала ДБ-221023
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх