Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Урок на тему: "Алма ағаштар гүл жарды" (старшая группа)

Урок на тему: "Алма ағаштар гүл жарды" (старшая группа)


библиотека
материалов

Тақырыбы: «Алма ағаштар гүл жарды»

Мақсаты: балаларға көктемгі гүл ашқан алма ағашын саусақпен және мақталы таяқшамен әшекейлеуге үйрету. Саусақпен, алақанмен сурет салу арқылы, гуаштың майлығы мен бояудың қасиетін (қанықтығын, жұмсақтығын( сезіне білуге үйрету. Ұжымдаса отырып, ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу. Ойлау және есте сақтау қабілетін дамыту.


Құрал-жабдықтар: слайд көрсету,үлгі сурет, алма ағашының суреті,гуаштар, дымқыл сүлгі,мақталы таяқшалар.


Оқу іс-әрекетінің барысы: Электронды қазақ үй қосылып, «Көктем» әнімен балалар залға кіреді. Музыка залы көктем мезгіліне сай әзірленген. Әр түрлі ағаштар, құстар, гүлдер,шарлармен безендірілген.

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты.

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз.

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы таң, қонақтар!

Қайырлы таң, достарым!

-Балалар, біз залға қандай әуенмен кірдік?

-Айналамызға қарайықшы, қандай әдемі, көктемнің бір сиқырлы әлеміне еңгендейміз.

-Көктем әуенімен

-Балалар, көгілдір экранға назар аударайық.

Балалар экраннан көктем, көктемнің үш айы туралы, гүл жарған алма ағашы туралы слайдты тамашалайды.

-Балалар мына ағашқа қарандаршы, бұл қандай ағаш деп ойлайсындар?

-Алма ағашы.

-Оны қайдан білесіңдер?

-Өйткені ол гүл жарып тұр.

-Гүл ашатын ағаштарды қандай ағштар деп айтамыз?

-Жеміс ағаштары деп атаймыз.

-Қандай жеміс ағаштарын білесңдер?

-Алма,шие,өрік,алмұрт ағаштары.

-Қандай ағаш гүл жармайды?

- Емен,шырша,аққайын,үйенкі,қарағаш.

-Ағаштар әдемі, мықты,биік,сәнді,көрікті болып өсуі үшін оларға не қажет?

-Күтім қажет.

-Ал қалай күтеміз?

-Түбін қопсытамыз, су құямыз,әктейміз.

-Ендеше екі топқа бөлініп, осы алма ағашының суретін алақанмен,саусақпен,мақталы таяқшамен салып, ұжымдық жұмыс жасаймыз.

Балалар екі топқа бөлініп, ұжымдасып,алма ағашының суретін салуға кіріседі.

-алақанмен бұтақтарын жасайды

-алақандарын гуашқа матырып қағаздың ортасына ағаштың бұталарын жасайды.

-екі саусақты біріктіре отырып діңін жасайды.

-балан үйрек пен ортан теректі біріктіре отырып, діңін жасайды.

- мақталы таяқшамен жапырақтарын жасайды.

-саусақтың үшімен гүлдерін безендіреді.


Бой сергіту жаттығуы:

Қаламдарды қояйық,

Орнымыздан тұрайық.

Қолымызды созайық.

Оңға қарап иіліп,

Солға қарап иіліп.

Белімізді жазайық.

Бой сергіту жаттығуын қол ырғағымен көрсете отырып жасайды.


Тақпақ жаттату.

Адамзат – табиғаттың бел баласы,

Табиғат-ана, сен-бала.

Басың жерге жеткенше,

Табиғатты аяла.


Мақал-мәтел жаттату.

«Бір тал кессең, он тал ек»

«Ағаш көркі– жапырақ, адам көркі - жүберек»

Мақалды қайталап, мағынасын түсініп алады.

Екі топтың суретін салыстыра отырып, талдау жасату, сұрақтар қойып, толық жауап алу.

-Қарандаршы балалар, біз ненін суретін салдық?

-Көктемгі алма ағаштың суретін салдық.

-Алма ағашын немен және қалай салдық?

-Алақанмен және мақталы таяқшамен, саусақтың ұшымен.

-Дінің, бұтақтарын,жапырақтары мен гүлдеріне қандай түстерді пайдаландық?

-Дінің, бұтағын қоңыр түспен, жапырақтарын жасыл, гүлдерін ақ түспен боядық.

Оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан балаларға смайліктер таратылып, мақтаулар айтылады.

Білу тиіс: көктемгі алма ағашының суретін салуды.

Көрсете білуі: ұжымдасып жұмыс жасауды.

Түсінігі: ұқыпты, тиянақты жұмыс жасауды.




Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-093466

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG