Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Урок на тему "Қайталау. Сөйлем, дыбыс,әріп"

Урок на тему "Қайталау. Сөйлем, дыбыс,әріп"


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақ тілі 4 «Ә»сынып

Сабақтың тақырбы: Қайталау. Сөйлем, дыбыс,әріп.

Сабақтың мақсаты: Сөйлем, дыбыс,әріп туралы білімдерін еске түсіру, тиянақтау.

Білім-білік дағдыларын, ой өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Сауатты оқуға, жазуға қалыптастыру.

Сабақтың түрі:Дәстүрлі

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ жауап, көру диктанты, өзіндік жұмыс, сөздік диктант, сызбамен жұмыс, топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Сызба, кесте.

Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Түгендеу.Назарларын сабаққа аудару.

Сабаққа психологиялық даярлық жүргізу.

  1. Үй тапсырмасын тексеру:

  2. Жаңа білімді меңгерту:

А) Көркем жазу минуты: Жұмбақ жасыру, шешуін

табу, Аа дыбысы бар сөздерді көркемдеп бір

жолға жазу:

Бетін адам ашады,

Білім нұрын шашады. ( кітап)

ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту.

1. Ой қозғау! Сұрақ- жауап әдісі: 1. Әріп деген не?

2. Қазақ алфавитінде қанша әріпбар?

3.Дыбыс деген не?

4. Дыбыс пен әріптің қандай айырмашылығы бар?

5. «Мектеп, оқушы , ұстаз» сөздерінде қанша дыбыс, қанша

әріп бар ?

6. Сөз неден құралады?

7. Сөйлем дегеніміз не? Ол неден құралады?

8. Екі, үш, төрт, бес сөзден тұратын сөйлем құра, сөздерге

дыбыстық талдау жаса.

2.Жаттығулар мен тапсырмалар орындату:

1- жаттығу (Ауызша талдау).Өлеңді оқы, жатқа айт. Өлеңде не туралы айтылған?

2- жаттығу (Жазбаша жұмыс, көру диктанты). Мақалдарда түсініп оқып, көшіріп жаз:

Ақыл- тозбайтын тон, білім - таусылмайтын кен.

Қосымша тапсырма: Екінші сөйлемге дыбыстық талдау жаса:

Еңбек ер атандырар.

3-жаттығу ( өзіндік жұмыс) Жұмбақты оқы, шешуін тап. Көшіріп жазып, дыбыстық талдау жаса.

Сөзі дана, үні жоқ,

Сөйлемейді- тілі жоқ.

Қолыңа алсаң- шешен,

Ақылы асқан көсем. (Кітап)

4. Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру:

Сызбамен жұмыс, қосымша тапсырма.

ә) Топтық тапсырма:

1-топ 2-топ 3-топ

«Х» «Қ» «Һ»

Дыбысы бар сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жаз, сол сөздерге дыбыстық талдау жаса. 5. Сабақты бекіту:

4- жаттығу (Сөздік диктант).

Тау, тас,қырт, орман, көл, өзен, бұлақ, өсімдік, бұлақ, өсімдік, гүл, жер.

Ауызша талдау жасау: Әр сөзде неше дыбыс, неше әріп бар?

6. Үйге тапсырма:

« Жазғы демалыс» шығарма жазу, бірінші сөйлемге дыбыстық талдау жаса.

Дыбыстарды дауысты , дауыссызға ажырат

7. Бағалау.


















































Сабақ жоспары : Қазақ тілі 4-сынып 2-сағат

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс пен әріп

Сабақтың мақсаты: Дыбыс пен әріп, дауысты және дауыссыз дыбыстар, олардың түрлері, дыбыстық өзгеру кезіндегі сөз мағынасының өзгеруі туралы алғанбілімдерін еске түсіру, пысықтау.

Алған білімдерін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу мәдениеттерін, шеберлігін дамыту.

Сауатты,көркем, таза жазуға қалыптастыоу.


Сабақтың түрі : Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Әдіс –тәсілдері: Кестемен жұмыс, сөздік диктант, көрме диктант, өзіндік жұмыс , танымдық тапсырма, оқулықпен жұмыс, шығ-қ жұмыс.


Көрнекілігі: Кесте,суреттер.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау.

Назарларын аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру:

«Жазғы демалыс» шығарманы оқыту, дыбыстық талдау жасату.


3. Өтілген тақырыпты бекіту:

Кестені толтыру:


Дауысты дыбыстар: ..................................................................

Жуан дауыстылар: .....................................

Жіңішке дауыстылар: .................................


Дауыссыз дыбыстар: ..................................................................

Қатаң: ....................................

Ұяң: ...................................

Үнді: ....................................

4. Жаңа білімді меңгерту:

А) Көркем жазу минуты:

Әә

Суреттегі сөздердің аттарын қатесіз, көркем түрде бір жолға жазу.

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту: Жаттығулар мен тапсырмалар орындату.

5-жаттығу . Сөздік диктант.

Көлеңке, көйлек, дөңгелек, құдық, ұзын, өсімдік, түлік, үшінші, бүркіт, жұмыс.

Жазылған сөздерден жуан дауыстылардың астын бір, жіңішке дауыстылардың астын екі сызыңдар.

6- жаттығу. Көрме диктанты. Өлеңді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздердіңмағынасы қай дыбыстардың әсерінен өзгеріп тұр? Олар қандай дауыссыздар?

Асқапбақ

Асқабақтың дәмі

Таңдайымда әлі.

Кептірілген дәні-

Таптырмайтын дәрі. ( м,н,р- үнді дауыссыз дыбыстар)

7- жаттығу. Өзіндік жұмыс. Мәтінді түсініп оқы. Соңғы бөлігіндегі сөздерден дауыссыз дыбыстарды тауып бөліп жаз:

Қатаң Ұяң Үнді

............................... .................................. ...................................


5. Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру:

Танымдық тапсырма: Өлеңді тиісті сөздермен толықтырып жаз.

.............. көлде жоқ балық,

............... көлде көп балық.

Ал, балалар, ....................... ,

Қолға алып ....................... .

Тиісті сөздер: Тұщы, ащы, аулайық, қармақты Осы сөздерге дыбыстық талдау жасату.


6. Сабақты бекіту:

8- жаттығу. Оқулықпен жұмыс: Ребусты шеш, ол сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жаз. Х,Һ әріптерінің астын сыз:

Х , алық *** ,һ ,арм , , 10 ы.


7. Үйге тапсырма :

Х,Һ,Қ әріптері бар үш мақал жазу, жаттау, талдау.


8. Бағалау.


















































Сабақ жоспары: Қазақ тілі 4- сынып 3-сағат


Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың мақсаты:




Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:Аралас

Әдіс-тәсілдері: Ауызша талдау, терме диктант, өзіндік жұмыс, танымдық тапсырма, топтық тапсырма.



Көрнекілігі:Сызба, кесте, кеспе парақшалары

Пәнаралық байланыс: Ана тілі

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау.

Назарларын аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру:

Жатқа сұрау, ауызша талдау.

Үш мақал-мәтелді жатқа айту, х,һ,қ, дыбыстары бар сөздерге дыбыстық талдау жасау.

3. Өтілген тақырыпты бекіту:

Топтық тапсырма:

1-топ 2-топ 3-топ

Х Қ Һ

Әрпі бар сөздерді тауып жазу, оқыту, тексеру.

4. Жаңа сабақты меңгерту:

А) Көркем жазу минуты :

Бб

Б дыбысынан басталатын жер аттарын тауып , көркем,сауатты жазу.

Балқаш, Бішкек ,

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту. Жаттығулар мен тапсырмалар орындату.

9- жаттығу. Терме диктант. Оқылған өлеңнен В әрпі бар сөздерді теріп жазу, жазылуын есте сақтау:

Лавада, вагонға, конвейерлер

10- жаттығу. Өзіндік жұмыс. Көп нүктенің орнына э,ф,х,ц әріптерінің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз:

Экватор – жер шарының белдігі. Райхан әжесіне хат жазды.

11-жаттығу. Мақалдарды түсініп оқып, көшіріп жаз, сөздерге дыбыстық талдау жаса:

Бір түйір дәнде бір тамшы тер бар. Төзімді еңбек бәрін де жеңбек.

5. Жаңа сабақты бекіту:

Сызбамен жұмыс. «Дыбысқа саяхат жаса» сөздердегі көп нүктенің орнына тиісті дыбысты тауып қой:

...абрика теле...он ...ерма ...леватор ...таж


Э Ф Х Ц


...абар ас...ана ...алық ...ицр ...иркуль ...ирк

2. Топтық тапсырма:

1-топ 2-топ 3-топ

Э Х,Ф Ц

әріптері бар сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастырып жаз.

6. Сабақты қортындылау:

Кеспе парақшалар бойынша жеке оқушымен жұмыс.

7. Үйге тапсырма:

Топтық тапсырма:

1-топ 2-топ 3-топ

Үш мақал-мәтел Үш жұмбақ Үш жаңылтпаш

жазу, жаттау, дыбыстық талдау. 8. Бағалау.


Сабақ жоспары: Қазақ тілі 4-сынып 4-сағат

Сабақтың тақырыбы : Сөйлем. Сөйлем түрлері.

Сабақтың мақсаты: Сөйлем туралы 3-сыныпта берілген білімді еске түсіру.

Сөйлемді мәнерлеп оқу, тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге дағдыландыру,

байланыстырып сөйлеуін дамыту.

Сауатты, көркем,таза жазуға баулу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Әдіс-тәсілдері: Сөздік диктант, шығ-қ диктант, мәтінменж. , сұрақ-жауап, топтық тапсырма, суретпен жұмыс.


Көрнекілігі: Сурет,кесте

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау,назарларын аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру:

Топтық тапсырма: Әр топ бойынша тапсырмаларды жатқа сұрау, талдау,тексеру.

3. Өтілген тақырыпты бекіту:

1. Сөздік дикиант алу: Трамвай, фонтан, футбол, ащы, цирк, цемент, Гауһар, шаһар, емхана, тарих, емтихан, чемодан, чемпион.

2. Ережемен жұмыс. ( даысты , дауыссыз дыбыстар және олардың түрлері)

4. Жаңа білімді меңгерту:

А) Көркем жазу минуты: Вв

Суретпен жұмыс. (суреттегі заттардың атауларын бір жолға көркем, сауатты

түрде жазу).

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту. Жаттығулар мен тапсырмалар орындату:

12-жаттығу. Шығармашылық диктант. Оқылған сөйлемнің соңынан нүкте қойып, келесі сөйлемді бас әріптен бастап жаз:

Ауылдың шығыс жағында үлкенкөл бар. Оны Ащыкөл деп атайды. Балалар көл жағасына серуенге шықты. Көлдің жағасына гүл көп өсіпті. Балалар гүл терді.

Сұрақтармен пысықтау: 1. Сөйлем дегеніміз не?

2. Сөйлем неден құралады?

3. Сөйлемнің қандай түрлері бар?

4. Сөйлем соңында қандай тыныс белгілері қойылады?

13-жаттығу. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді дауыстап, мәнерлеп оқыту.

Мәтіндегі сөйлемдерді сөйлем түрлеріне ажырату.

( Хабарлы , лепті, сұраулы).

14- жаттығу.Ауызша талдау. Өлеңді түсініп оқу, алғашқы екі жолын тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерге талдау: Қараша

Күн суытып барады,

Малдар қолға қарады.

5. Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру:

Топтық тапсырма.

Суретпен жұмыс: Әр топ берілген сурет бойынша әңгіме жазу.( Сөйлем түрлеріне және тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерге ажырату.)

Кестені толтыру:

1-кесте

Хабарлы сөйлем. Лепті сөйлем. Сұраулы сөйлем.


2-кесте

Тұрлаулы мүшелер (Кім не істеді? Кім не қылды? Қайтті?)

Тұрлаусыз мүшелер( Кімді?Нені?Неге? Неден?Кімнен? Қайда? Қашан? Қалай?)




6. Сабақты бекіту:

16-жаттығу. Ауызша талдау. Мақалды түсініп оқы, сөйлем мүшесіне талда, сөйлем мүшелерінің байланысын тап:

Ағын су арнасын табады. (Су табады. Арнасын табады. Ағын су табады.)

7. Үйге тапсырма:

15-жаттығу 7-бет. Сөйлем мүшелеріне байланысты ережелерді қайталау,еске түсіру.

8. Бағалау.





















































Сабақ жоспары: Қазақ тілі 4-сынып 5-сағат

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері.

Сабақтың мақсаты: Сөйлем мүшелері, олардың атқаратын қызыметі, сұрақтары туралы алған білімдерін еске түсіру, пысықтау үшін жаттығулар мен тапсырмалар орындату.

Білім-білік қабілеттерін, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.

Сауатты оқуға, таза, көркем, ұқыпты жазуға үйретуде эстеткалық тәрбие беру.


Сабақтың түрі:Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Әдіс-тәсілдері: Тақтамен жұмыс, жатқа жазу, көру диктанты, ауызша талдау, танымдық тапсырма, сызбамен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс.



Көрнекілігі: Кесте парақшалары, сызба.

Пәнаралық байланыс: Ана тілі

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау, назарларын аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру: 15-жаттығу 7-бет

Сөйлемдерді көшіріп жаз,сөйлем мүшелеріне талда, астын тиісті сызықпен сыз.

Тақтамен жұмыс: Дәптер бойынша тақтаға жаздыру, сөйлем мүшелеріне талдату (сұрақ қою, астын сыздыру арқылықай мүше екенін анықтау).

3. Өтілген тақырыпты бекіту:

Кесте парақшалармен жұмыс. Ережелерді қайталап сұрау.

4. Жаңа сабақты түсіндіру:

А) Көркем жазу минуты: Гг

Г дыбысынан басталатын адам аттарын тауып жаздыру.

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту. Жаттығулар мен тапсырмалар орындату.

17-жаттығу.Жатқа жазу. Өлеңді жатқа жаз, бастауыш пен баяндауышты тап, сұрақ қой, сызықшаның қойылу себебін түсіндір:

Әжем-күйші. Ісі нұсқа

Әпкем-биші. Әкем ұста,

Асқан шебер Үй салады

Ағам-үйші. Жаз бен қыста.

18-жаттығу. Көру диктанты. Сөйлемдерд, көшіріп жазып,бастауыш пен баяндауыштың тиісті жеріне сызықша қой:

Абай – қазақ халқының ұлы ақыны. Кітап- білім бұлағы.

19- жаттығу. Жаңылтпашты жатқа айт: Көже пісті.

Көжені неше кісі ішті?

Неше кесе ішті?

Сөйлемдерді жалаң және жайылма түрлеріне ажырат.

Сұрақтармен пысықтау:

  1. Жалаң сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз?

  2. Жайылма сөйлем деген не?

  3. Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге қалай айналдыруға болады?

5. Жаңа сабақты бекіту:

Танымдық тапсырма.

Берілген сызба бойынша 3 сөйлем құрап жаз: ( .................. ..................... .)

Ол қандай сөйлем? Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдырып жаз. Оларды сөйлем мүшелеріне талда.

6. Сабақты қортындылау:

Сызбамен жұмыс:

Сөйлем мүшелері. Сөйлем.

Тұрлаулы Тұрлаусыз Айтылуына қарай Құрамына қарай

(түрлері, сұрақтары, ережелері) (түрлері, тыныс белгісі, құрамы)

7. Үйге тапсырма: 20-жаттығу 8-бет


Сабақ жоспары. Қазақ тілі. 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлемдер.

Сабақың мақсаты: Жалаң және жайылма сөйлемдер, олардың екіге бөлінудегі тұрлаулы,тұрлаусыз мүшелердің қызыметі туралы білімдерін пысықтау, тиянақтау.

Жалаң және жайылма сөйлемдер туралы білімдерін кеңейту, тереңдету.

Әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,өзіндік жұмыс, мәтінмен жұмыс, танымдық тапсырма, сызбамен жұмыс.



Көрнекілігі: Сызба,кесте

Пәнаралық байланыс: Ана тілі

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау, назарларын аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру: 20-жаттығу 8-бет Ауызша оқытып тексеру.

Жалаң сөйлемдерді оқы, жайылма сөйлемге айналдырып жаз:

Түйе боталады. Түйе бүгін боталады.Сәуле үтіктеді. Сәуле киім үтіктеді.

3. Жаңа тақырыпты меңгерту:

А) Көркем жазу минуты: Ғғ

Көп нүктенің орнына ғ дыбысын қойып сөздерді көшіріп жаз: ...арышкер, ...асыр, ...алым, ...аламшар.

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту. Жаттығулар мен тапсырмалар орындату.

21- жаттығу. Өлеңді мәнелеп оқы. Қарамен жазылған жайылма сөйлемдерді жалаң сөйлемге айналдырып жаз:

Ай

Жұлдыз көкке тізілді, ( Жұлдыз тізілді. Көкке тізілді.)

Аспаннан Ай үңілді . ( Ай үңілді.)

22-жаттығу.Өзіндік жұмыс. Сөйлемдерді оқы.Үшсөзден құралған жайылма сөйлемдерге тиісті сын есімдерді қосып төрт сөзден жасалған жайылма сөйлемге айналдырып жаз.

Оқушылар (атақты) шопанмен кездесті. Жарыс (кең) залда өтті.

24-жаттығу.Мәтінмен жұмыс.Мәтінді түсініп оқып шық.Қаратпа сөзі бар сөйлемдерді теріп жаз:

- Шырағым, сен өзі есейіп қалған бала көрінесің.

- Қандай кемшілікті айтасың, қарт ?

- Шырағым, сен осы тұрғанда бір емес, бірнеше кешілік жібердің...

4. Сабақты бекіту:

Танымдық тапсырма. 1. Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрастырып жаз.

Жалаң және жайылма сөйлемтүрлеріне ажырат, сөйлем мүшелеріне талда:

Емшісі,орман, тоқылдақ. Ағашты, зиянкес, қорғайды, құрттардан, ол. Пайдалы ,құс, тоқылдақ.

2. Сызба бойынша қаратпа сөзі бар сөйлем құра :

............... ,........... .................. .................. ?

.............. , ........... , ................... .................. ?

............... ........... ............... , ................... ?

5.Үйге тапсырма: 23-жаттығу 8-бет

6. Бағалау.
















Сабақ жоспары. Қазақ тілі 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы.

Сабақтың мақсаты: Сөздің белгілі бір мағынада жұмсалатыны, кейбір сөздердің мағыналары бір-біріне жуық немесе қарама –қарсы болатыны туралы берілген білімді еске түсіріп, одан әрі тереңдету.

Сөз мағынасы туралы білімдерін кеңейтуде оқушылардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.

Адамгершілік, имандылық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: аралас

Әдіс-тәсілдері: Ауызша талдау, жазбаша жұмыс, көру диктанты,топтық тапсырма



Көрнекілігі:

Пәнаралық байланыс: Дүниетану

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау, назарларын аудару.

2.Үй тапсырмасын тексеру: 23-жаттығу 8-бет

Ауызша талдап, тексеру: Көшіріп жазып,сөйлемнің жалаң немесе жайылма түріне ажырат:

Жолдасты жол айырады. Өнерлі өрге жүзеді. Қаз қаңқылдады.

3. Жаңа білімді меңгерту:

А) Көркем жазу минуты: Дд

Жұмбақ жасыру,шешуін табу. Қос желі, үш жерінен қазығы бар,

Құбылған қоңыр желден азығы бар.

Желіні сабалайды дыңылдатып,

Байғұстың соншама не жазығы бар ? ( Домбыра)

«Домбыра» сөзін бір жолға көркем, сауатты түрде жаздыру.

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту. Жаттығулар мен тапсырмалар орындату:

25-жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқып, мағынасы жуық сөздерді теріп жаз:

Үркек, қорқақ. Сымбатты, көрікті.

26-жаттығу. Көру диктанты.Жұмбақты көшіріп жазып, мағынасы қарама қарсы сөздердің астын сыз:

Бірде төмен,

Бірде шығып жоғары.

Сөз сөйлесең,

Қозғалыста болады. (Тіл)

27-жаттығу. Ауызша талдау: Өлеңді оқып, қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір.

Бұрыш- тамаққа қосатын дәмдеуіш

Бұрыш- үйдің бөлігі, бұрышы.

4. Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру:

Топтық жұмыс:

1-топ 2-топ 3-топ

Мағынасы жуық сөздер Қарсы мәндес сөздер Дыбысталуы бір, мағыналары әртүрлі

Әдемі,көрікті, сымбатты, Таза-кір, ақ-қара Жүз-сан есім

көркем, сұлу. – зат есім

тауып жазу, сөйлем құрастыру. - етістік

5. Сабақты бекіту:

29- жаттығу Ауызша талдау. Мәтінді түсініп оқы. «Сабақ» сөзі қандай мағыналарда жұмсалып тұр?

Оқыту, талдау.

6. Үйге тапсырма: 28-жаттығу 10-бет

7. Бағалау.







Сабақ жоспары Қазақ тілі 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөз құрамы.

Сабақтың мақсаты: Сөз құрамы туралы білімдерін кеңейту және бекіту, 3-сыныпта алған білімдерін еске түсіру.

Түбір сөз бен туынды сөздерді бір-бірінен ажырата білуді дағдыландыру, алған білімдарін дамыту.

Сауатты, таза, көркем жазуға баулу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Әдіс-тәсілдері: Ауызша талдау, ой қозғау, жатқа жазу, шығ-қ диктант.


Көрнекілігі: Сызба

Пәнаралық байланыс: Ана тілі

Сабақтың барысы: 1Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарларын аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру: 28-жаттығу10-бет

Ауызша оқытып тексеру, талдау.

3. Білімдерін тексеру:

Сөздік диктант: Ащы,тұщы, кең, тар,таяз,жирен, күрең, аласа, ақылды, білімді, таяу, мейман.

Жазған сөздерге мәндес, қарсы мәндес, мағыналас сөздер тауып айту: Мейман, қонақ .

4. Жаңа білімді меңгерту:

А) Көркем жазу минуты: Ее

Көру диктанты: мақал- мәтелді сауатты көркем түрде дәптерге көшіріп жазу:

Ер- еліне еркелер. Елімен- ер елеулі.

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту. 1. Ой қозғау! Сызбамен жұмыс:

СӨЗ

Түбір Қосымша Жұрнақ

Жалғау


Сұрақ –жауап арқылы толықтыру: 1. Түбір сөз деген не?

2. Туынды сөз қалай жасалады ?

3. Қосымша деген не ? Қандай түрлері бар ?

4. Жұрнақ қандай қызымет атқарады ?

5: Жалғау қандай қызымет атқарады ?

6. Жалғаудың қандай түрлері бар ?

2. Жаттығулар мен тапсырмалар орындату:

30-жаттығу.Оқулықпен жұмыс. Ауызша талдау: Өлеңді түсініп оқы. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырат.

«Бақыт деген не ?» Өлеңді мәнерлеп оқыту; Түсінгендерін қара сөзбен әңгімелету; Талдау:

Құрылысшы, отыншы, үйлердің, дәрігер, аспаз, балаға. (Бұлар қандай сөздер ?).

31-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жаз. Түбір сөзді қосымшадан айырып тиісті белгімен белгілеп көрсет: Құрышшы құрышына Күрішші күрішіне

Күріш алды. Құрыш алды.

Қосымшалы сөздер: Құрыш-шы, құрыш-ы-на, ал-ды, күріш-ші, күріш-і-не.

32-жаттығу. Шығармашылық диктант. 1.Оқылған түбір сөздерге жұрнақ жалғап жаз:

Айна(-дай,-ға), күз(-дік,-гі), сыз(-ғыш,-ып), екі(-нші, -лік,-ге), ойын(-ға,- шы,-шық), орын(-дық,-да), құлын(-ға,-шақ), кезек(-пен,-ші), қой(-лар,- шы).

2. Тапсырма: осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жаз.

3.Сөйлемдерді оқыту,тексеру, талдау.

5. Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру:

Кесткмен жұмыс. Берілген сөздерді кесте бойынша талдап, кестені толтыр: Сыйлықты,өзендер,

Үйшік, сәбилерге, егіншілердің,асханаға.





Қосымшалы сөз

Түбір сөз

Жұрнақ

Жалғау

Оқушылардың

оқу

-шы

-лар,-дың

6. Сабақты бекіту:

34- жаттығу. Ауызша талдау. Жұмбақты оқы, шешуін тап. Қарамен жазылған сөздердің түбірін тауып салыстыр. Өзгешеліетің себебін түсіндір:

Жалтыраған бөркі бар, (Бөркі-бөрік, көркі-көрік, қарны-қарын.)

Жарқыраған көркі бар.

7. Үйге тапсырма: 33-жаттығу 11-бет

8. Бағалау.












































Сабақ жоспары: Қазақ тілі. 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары. Зат есім.

Сабақтың мақсаты: 3-сыныпта сөз таптары, зат есім туралы берілген білімдерін еске түсіру, кеңейту,

жаттығу жұмыстарын жане тапсырмалар орындату арқылы пысықтау.

Білім-білік қабілеттерін, ой-өрістерін, есте сақтау,шығармашылық дағдыларын дамыту.

Сауатты, көркем, таза жазуға баулуда эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, терме диктант, ауызша талдау,өзіндік жұмыс, дидакт-қ ойын


Көрнекілігі: Сызба, кесте.

Пәнаралық байланыс: Ұлттық дүниетаным, тәрбие сағаты.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау, назарларын аудару.

2. Үйтапсырмасын тексеру:

33-жаттығу 11-бет. Өлеңді мәнерлеп оқы. Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдап, жуан қосымшалы сөздерді бір жолға, жіңішке қосымшалы сөздерді екінші жолға теріп жаз:

Құдық-тан,су-ға, ой(ы)н-ап. Төл-дер-ді, үй-ге.

А) Дәптер бойынша тексеру.

Ә) Ауызша оқытып, талдап тексеру.

3. Жаңа сабақты меңгерту:

А) Көркем жазу минуты: Ее

Жұмбақ жасыру, шешу: «Е»-дан басталар,

Жаңа жылда Аяз ата, Ақша қар мен балалар

Қол ұстасып,әнге салып, осы затты айналар... Ол не ?

«Елка» сөзін бір жолға көрем жазу,жазылуын есте сақтау.

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту. Білімдерін тексеру. Сызбамен жұмыс:

СӨЗ ТАПТАРЫ Сұрақ-жауап арқылы пысықтау:

  1. Сөз таптарын ата.

  2. Зат есім деген не ?

  3. Сұрақтары қандай ?

4. Зат есім жасалуына қарай нешеге бөлінеді ?

5. Негізгі зат есім деген не ?

6. Туынды зат есім қалай жасалады ?

7.Мысалдармен дәлелде.

Жаттығулар мен тапсырмалар орындату:

35- жаттығу. Терме диктант. Оқылған сөздерді тиісті сөз таптарының астына теріп жаз:

Мектеп, ұзын, дәптер, жазды, қарындас, жеті, аласа, көк, әңгіме, әдемі, сегіз, жел, ынталы, көркем, орындады, он екі, ұшты.

ЗАТ ЕСІМ СЫН ЕСІМ САН ЕСІМ ЕТІСТІК

Мектеп ұзын жеті жазды

Әр оқушыға оқытып тексеру, сұрақ қою.

36-жаттығу. Мәтінмен жұмыс.Ауызша талдау: 1. Мәтінді дауыстап, түсінікті оқыту.

2. Мәтіндегі есімдері аталған адамдар туралы білетін-

Дерін әңгімелету.

3. Зат есімдерді жалпы және жалқы есімдерге ажырату

Жалпы есімдер: Жалқы есімдер:

Қазақ, халық, музыка, аспап, ел, күй, Жаппас Қалмбаев, Ықылас, Біржан, Ақан, Абай.

сазгерлер, әндер, аға, орындаушы, ұстаз.

4. Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдау:

Қобыз- түбір сөз, Қобыз-шы –туынды сөз; Саз-гер-лер-і-нің, орын-дау-шы, саз-гер.

37- жаттығу. Өзіндік жұмыс. Көп нүтенің орнына негізгі зат есімді қойып жаз:

...- биші ...- орындық ...-іскер ...- өнепаз ...- көлшік

Негізгі және туынды зат есімдерге ажырату.


4. Жаңа материалы түсінгендерін тексеру:

Дидактикалық ойындар. Топтық тапсырма:

1-топ 2-топ 3-топ

«Тізбек»ойыны. Бір зат есімнен бірнеше «И» дыбысынан басталатын

зат есім тауып жазу. 10 зат есім тауып жазу.

Мысалы:

Кітап-парта-асық... Екпінділер ит, инелік, ине,иіс....

Ер, ел, ерлік, екі...

Тапсырма: Зат есімдерді негізгі, туынды, жалпы, жалқы есімдерге ажырату.

5. Сабақты бекіту:

40-жаттығу. Ауызша талдау. Өлеңді мәнерлеп оқы, тәуелдеулі зат есімдарді тап:

Дала-мыз (1-жақ, көпше түр), мал-ы, дән-і, кен-і, ел-і (3-жақ, жекеше түрі).

Қортынды: Зат есім тәуелденеді, септеледі.

6. Үйге тапсырма: 38,41-жаттығу14-бет.

7. Бағалау.















































Сабақ жоспары: Қазақ тілі. 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Етістік

Сабақтың мақсаты: Етістік- заттың әралуан іс-әрекетін, қимыл процесін білдіретін сөз табы екндігі,оған қойылатын сұрақтар, етістіктің зат есіммен байланысы жөнінде 3-сыныпта берілген түсініктерді пысықтау, қайталау.

Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын, есте сақтау, ойлау қабілеттеріндамыту.

Жаттығулар мен тапсырмалар орындатуда әдептілікке,имандылыққа, адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс

Сабақтың типі: Жарыс сабақ

Әдіс-тәсілдері: Ауызша талдау, сызбамен жұмыс, сөздік диктант, шығ-қ жұмыс, терме диктант, танымдық тапсырма


Көрнекілігі: Сурет, сызба.

Пәнаралық байланыс: Өзін-өзі тану, тәрбие сағаты.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау. Назарларын аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру: 38,39- жаттығу 13-бет

А) Дәптер бойынша тексеру

Ә) Ауызша талдап, тексеру

3. Өткен материалды пысықтау:

Суретпен жұмыс. Топтық тапсырма:

1-топ 2-топ 3-топ

Әр топ берілген суреттегі заттардың аттарын атап, сол сөздерге тәуелдік жалғауын жалғап, үш жақта жазып көрсетеді:

ҮЙ АТ КҮРЕК

2. Сызбаны толтыру: Берілген сызбаны толтырып аяқтау

Түрлері атаулары мен сұрақтары


Заттың атын білдіретін

сөз табы- СӨЗ ТАПТАРЫ

Жеке бір заттың атын білдіретін


Жалпылама ұғым атауы

ұғым

Қосымшасыз зат есім

«Әділдік, күрек, тарақ, шеберлік»

қандай зат есімдерге жатады ?

4. Жаңа білімді меңгерту:

А) Көркем жазу минуты: Жж

«Ж» дыбысынан басталатын іс-қимылды білдіретін сөздерді бір жолға көркем, сауатты жазу:

Жаз, жат, жүр, жүгір, жыла, жарыс, жала, жылыт, жық, жет.

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту. Ой қозғау! Берілген сөздер зат есім бе, етістік пе ? Мысалдармен дәлелде.

Қала, мақта, кеспе, құлама, айтыс, жарыс, алма, аспа. ( Қай топ көп мысал келтіреді ?)

2. Жаттығулар мен тапсырмалар орындату:

42-жаттығу Сөздік диктант. Оқылған сөздерді екі бағанға бөліп жаз:

Киін, ойла, жаз, қапта, айтқыз, тоқы, ал, майла, баста, биле.

Негізгі етістік Туынды етістік

(Дұрыс орындаған топ жеңеді)

43-жаттығу. Ауызша талдау. Туынды етістіктерді сөз құрамына талда, түбір сөз қай сөз табына жатады ? Ажар-лан, таза-лан, сән-ден, әсем-де, арқа-ла, ара-ла.

44-жаттығу. Шығармашылық тапсырма. Әр топ оқушылары құрамында етістігі бар бір-бір мақал- мәтел ойлап жазады, етістік сөзді тауып астын сызып,талдау жасайды:

Етістік- болымды, болымсыз- дара, күрделі- негізгі, туынды.

5.Жаңа сабақта түсінгендерін тексеру:

Сызба бойынша ережелерді еске түсіру, мысалдармен дәлелдеу:


Болымды Е Болымсыз

т

Дара і Күрделі

с

Негізгі т Туынды

І

к

6. Сабақты бекіту:

46-жаттығу. Терме диктант. Оқылған өлеңнен болыымсыз етістіктерді теріп жазу:

Ала жіптен аттама.

Сұғанақты ақтама,

Сумақайды жақтама.

Жерде жатқан біреудің

Ала жібін аттама. ( Ақтама, жақтама, аттама, жүгірме, бүлінбе).

7. Үйге тапсырма: 44-жаттығу Етістікке байланысты ережелерді қайталау.

8. Бағалау.










































Сабақ жоспары: Қазақ тілі 4- сынып

Сабақтың тақырыбы: Сын есім

Сабақтың мақсаты: Сын есім туралы 3- сыныпта берілген білімді еске түсіру; сын есімдерді табуға, сұрақ қоюға, сын есімдерді зат есімдермен дұрыс тіркестіре білуге үйрету және сын есімнің түрлері (негізгі, туынды) жайлы ұғымдарын кеңейту.

Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысын, сөйлеу мәнері мен мәдениетін жетілдіру.

Сауатты оқуға, көркем , таза, ұқыпты жазуға дағдыландыруда әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі:Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап,сөздік диктант, ой қозғау, топтық тапсырма


Көрнекілігі:Сөзжұмбақ, кесте

Пәнаралық байланыс: Ана тілі

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау, назарларын аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру: 44-жаттығу 14-бет

Сөйлемдерді көшіріп жаз, болымсыз етістіктердің астын сыз.

А) Дәптер бойынша тексеру

Ә) Оқытып ,ауызша талдап тексеру

3. Өтілген материалды пысықтау:

Ребус шешу: Сүрақ-жауап:

Еті.....С.....тік етік , С , етік 1. Ребусты шешкенде қай сөз табы шықты ?

2. Етістік дегеніміз не ?

3. Ол қандай сұрақтарға жауап береді ?

4. Етістік құрамына қарай нешеге бөлінеді ?

5. Дара етістік деп қандай етістікті айтамыз ?

6. Күрделі етістік қалай жасалады ?

7. Негізгі етістік деген не ?

8. Туынды етістік қалай жасалады ?

9. Мысалдармен дәлелде.

4. Жаңа сабақты түсіндіру:

А) Көркемжазу минуты : Зз

Сөздік диктант. Оқылған сөздерді сауатты, көркем түрде бір жолға жазу:

Зауза, зәйтүн, зығыр, зат, зәбір, зерек, зығырдан, зат,заман.

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту. 1. Ой қозғау! Сөзжұмбақ шешу: Оқылған жұмбақтарды шешіп, шешуін торкөздерге орналастырғанда қандай сөз табы шығатынын табу. Сұрақтармен сын сеім туралы білімдерін еске түсіру, пысықтау: 1. Жанды сағат, 2. Қанаты бар ұшпайды,

Айқай салад. (есек) Су астында қыстайды. (балық)

3. Жерде туып,көкте өледі. (түтін) 4. Қанаты жоқ- ұшады, 5. Жылт-жылт еткен,

Аяғы жоқ- қашады. (жел) Жырадан өткен. (су)

6. Дегендей ешкім тимесін, 7. Өзі жап-жас, мұрты бар,

Алыпты қадап инесін. (кірпі) Етпен сүтке ұмтылар. (мысық)

Сұрақ –жауап: 1. сын есім деген не ?

2. Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді ?

3. Сын есім сөйлемде қай сөз табымен байланысып тұрады ?

4. Негізгі сын есім деген не ?

5. Туынды сын есім қалай жасалады ?

2.Жаттығулар мен тапсырмалар орындату.

47- жаттығу. Көру диктанты. Өлеңді көшіріп жазып,сын есімдерді тап, сұрақ қой, астын сыз:

Бүркіт.

Өткір, имек, құндыздай, жұлдыздай, жауынгердей, қырағы.

Дәптер бойынша және оқытып тексеру.

48- жаттығу. Жатқа айту.Жаңылтпашты жатқа айт, туынды сын есімді тап:

Қарлы шыңға бара аласың ба ? А) Жатқа сұрау (дұысайта білуге көңіл бөлу)

Қарлы шыңнан қар аласың ба ? Ә) Туынды сын есімдерді табу, талдату (қар-лы).

49,50- жаттығу. Сөздік диктант. Оқылған сөздерге –ғыш,-гіш,- дау,-деу, -лау, -леу, -тау, -теу,-шыл,

-шіл, -ғылт, -сыз, -сіз жұрнақтарын жалғап туынды сын есім жасап жаз:

Жүз, өн, біл, тер, жаз, жасыл, боз, үлкен, биік, ескі, ұсақ, көк, ақ, сұр.

Түбір сөздердің қай сөз табынан жасалғанын анықтау.

5. Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру:

Топтық тапсырма.

1топ 2-топ 3-топ

Бір сын есімге бірнеше Бір зат есімге бірнеше Негізгі сын есімдерден туынды

зат есім табу: сын есім табу: сын есімдер жаса:

Ашық аспан Оқушы.....жақсы Жан-.... , жас-... , жақсы-... , қисық-... ,

түс ұқыпты терең-... , боз-... , ұзын-... , көк-... .

көңіл әдепті

есік үлгілі

Сұрақ қою, пысықтау.

6. Сабақты бекіту:

51-жаттығу. Ауызша талдау. Мақалды оқып, сын есімдерді тауып сөз құрамына талда:

Білімсіз адамның сөзі білектей, Білім-сіз, білім-ді, білек-тей, жібек-тей (туынды с.е.)

Білімді адамның сөзі жібектей.

7. Үйге тапсырма: 52-жаттығу 16-бет

8. Бағалау.









































Сабақ жоспары: Қазақ тілі 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сан есім

Сабақтың мақсаты: Сан есім және оның түрлері, құрамы, сұрақтары туралы берілген білімдерін еске түсіру, пысықтау.

Алған білімдерін, байланыстырып, шешен, мәдениетті сөйлеу дағдыларын жетілдіру, дамыту.

Сауатты,көркем, таза, ұқыпты жазуға баулу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Әдіс-тәсілдері:


Көрнекілігі:

Пәнаралық байланыс: Математика, ана тілі

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау, зейіндерін аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру: 52-жаттығу 16-бет

Мәтінді оқы, сын есімдерді тауып негізгі және туынды деп екіге бөліп жаз:

А) Дәптер бойынша тексеру Ә) Оқытып, талдап тексеру

3. Өтілген тақырыпты пысықтау:

Суретпен жұмыс. Шытырман сызық арқылысын есімдерді өзіне қатысты зат есімдермен тіркестіріп жаз, сұрақ қой, талда.

4. Жаңа сабақты түсіндіру:

А) Көркем жазу минуты: Ии й

Жұмбақ жасыру,шешу. Шешуін бір жолға көркем етіп жазу.

Қылдырықтай бір нәрсе иретілген,

Мойнында арқаны бар сүйретілген (инелік)

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

Б) Мағынаны таныту. Ой қозғау! Топтық тапсырма:

1-топ 2-топ 3-топ

Мақал-мәтел Жұмбақ Жаңылтпаш

Оқып ішіндегі мына сөздерге сұрақ қой, олар қандай сөздер ?(алтау,төртеу,жүзтөрт,он төрт,үш,жүз)

Алтау ала болса ауыздағы кетеді, Жүз төрт түйме, Қаусатып, құс атып,

Төртеу түгел болса төбедегі келеді. Он төрт ине. (есепшот) Үш жыл, түсірдім жүз піл.

Сұрақ-жауап арқылы пысықтау.

Жаттығулар орындату:

53-жаттығу.Терме диктант. Оқылған мәтіннен сан есімдерді тауып есептік және реттік деп екіге бөліп жаздыру, сұрақ қою, тексеру:

Есептік: Бір, бес, он төрт, (қанша ?) Реттік: жоқ (қаншасыншы ? нешінші ?)

54- жаттығу. Ауызша талдау. Анаграмманы шеш. Сан есімдерді тауып сұрақ қой, бұлар қандай сын есімдер ? (Бір-інші, екі-нші – нешінші ? реттік әрі туынды с.е.)

55-жаттығу. Өзіндік жұмыс. Сандарды сөзге айналдырып , сөйлемдерді көшіріп жаз.

5. Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру:

Сызба бойынша сан есімге және оның түрлеріне мысалдар тауып айту және ережелерін айту:

Дара

САН ЕСІМ Есептік Реттік

Күрделі

6. Сабақты бекіту:

56- жаттығу. Ребусты шешу. Ребустан шыққан мақалды жатқа жазу:

50 , ІШІК , - 6 Н БЕСІК Ел іші- алтын бесік.

50 ,6 сандарын реттік сан есімге айналдыр. (елуінші, алтыншы)

7. Үйге тапсырма:57-жаттығу 18-бет

8. Бағалау.









Сабақ жоспары: Қазақ тілі 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу

Сабақтың мақсаты: Мәтін түрлері, исөздің, тілдің адам өміріндегі қажеттілігі және ауызекі сөйлеу мен жазбаша сөйлеудің ерекшеліктері туралы ұғым қалыптастыру.

Тіл байлықтарын, сөйлеу мәдениеттерін, мәнерлерін, ой-өрістерін дамыту.

Сауатты,мәнерлеп оқуға, көркем, таза, ұқыпты жазуға үйрету.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, ауызша талдау, топтық тапсырма, өзіндік жұмыс, шығармашылық тапсырма, терме диктант.


Көрнекілігі: Тірек сөздер, кесте

Пәнаралық байланыс: Ана тілі, тәрбие сағаты

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау, назарларын аудару.

«Жылы лебіз» білдіру (алақандарын тигізіп бір-біріне тілек айтады)

2. Жаңа білімді меңгерту:

А) Көркем жазу минуты: Кк

«К» дыбысынан басталатын жақсы көру, жылы сөздер тауып бір жолға көркем, сауатты жазу:

Көкем, күнім, көріктім,

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту. 1. Түсіндіру әдісі. Мәтін және мәтіннің түрлері, тіл мен сөз және оладың адам өміріндегі маңызы менқұдіреті туралы мұғалімнің қысқаша түсіндірмесі.

2. Жаттығулар мен тапсырмалар орындату:

58- жаттығу. Ауызша талдау. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айт.

Тіл не үшін қажет ?

Тілді неліктен мұра етіп қалдырды деп ойлайсың ?

59- жаттығу. Көру диктанты. Топтық тапсырма. Мақалды оқып, жатқа жаз:

1-топ 2- топ 3- топ

Өнер алды- қызыл тіл. Сөзден асқан байлық жоқ , Сөз қадірін айтқан білер,

Тілден асқан жүйрік жоқ. Жол қадірін жортқан білер.

Әр топ берілген мақалды қорғап пікірталас жүргізеді.

60-жаттығу. Өзіндік жұмыс. Өлеңді көшіріп жаз, өлең мазмұнын қар сөзбен әңгімеле:

А) Дәптер бойынша тексеру Ә) Ауызша оқытып, қара сөзбен әңгімелету

61-жаттығу.Ауызша талдау.Мәтінмен жұмыс. Мәтінді түсініп оқып, сөйлеудің адам сезіміне, іс-әрекетіне жасайтын ықпалын мысал арқылы түсіндір:

А) Мәтінді рөлге бөліп оқыту Ә) Түсінгендерін әңгімелету

Б) Сұрақ-жауап арқылымазмұнын ашу,тапсырманы нақтылау.

3. Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру:

Шығармашылық тапсырма. Эссе жазу:

«Тіл-қатынас құралы», «Сөз қадірі», «Сөйлеу мәдениеті деген не ?» (қалаған тақырыпты таңдату)

4. Сабақты бекіту:

62-жаттығу. Терме диктант. Өлеңді оқып , баланыңқуанған сезімін білдіретін бөлікті көшіріп жаз:

-Алақай-ау, алақай!

Жапырақты үземін,

Гербарий ғып тіземін.

5. Үйге тапсырма:63-жаттығу 21 -бет

6. Бағалау.













Сабақ жоспары: Қазақ тілі 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс пен әріп.

Сабақтың мақсаты: Дыбыс пен әріп туралы білімді еске түсіру, дыбыс түрлерін, дыбыс пен әріптің өзгешелігін, сөздегі дыбыстың өзгеруі сөз мағынасын өзгертетінін жаттығулар мен тапсырмалар орындату арқылы түсіндіру.

Білім-білік қабілеттерін, сөзді дұрыс айту, сөйлеу дағдыларын дамыту.

Сауатты, көркем, таза жазуға үйретуде эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Әдіс-тәсілдері: Ауызша талдау, сөздік диктант, кестемен жұмыс.


Көрнекілігі: Кесте

Пәнаралық байланыс: Ана тілі


Сабақтың барысы: 1Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа даярлығын ұйымдастыру.

2. Үй тапсырмасын тексеру: 63-жаттығу 21-бет

Мәтінмен жұмыс. А) Мәтінді дауыстап, мәнерлеп оқыту.

Ә) Түсінгендерін әңгімелету.

Б) Еркебайға мінездеме беру, сипаттау.

3. Өтілген материалды пысықтау:

Үйге берілген қосымша тапсырманы тексеру:

Тіл, сөз, сөйлеу туралы мақал-мәтелдерді жатқа сұрау, талдау, түсініктерін білу.

4. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:

А) Көркем жазу минуты:Ққ

Метаграмманы оқып, шешуін көркемдеп жазуды тапсыру:

Оңға қарай, оқысаң да бір халық.

Солға қарай оқысаң да бір халық.

Бір буыны-құс, бір буыны-түс. (Қазақ)

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту. Жаттығулар мен тапсырмалар орындату:

64- жаттығу. Ауызша талдау. Сөздерді оқып, әр сөзде неше дыбыс, неше әріп барын анықта. Дыбыс пен әріп саны бірдей емес сөздерді ата:

Көбелек- 7 дыбыс, 4 әріп бар , жапырақ- 7 дыбыс, 6 әріпбар, киік-4 дыбыс, 3 әріп бар.

Сұрақ: Дыбыс пен әріптің қандай өзгешелігі бар ?

65-жаттығу. Сөздік диктант. Оқылған сөздерді дауысты дыбыстанжәне дауыссыз дыбыстан басталатын етіп екі бағанға бөліп жаз:

Отан, аққу, ел, іні, қайрат, лашын, жазушы, өнер, балық.

Қосымша тапсырма: әр бағанға үш сөзден қосып жазып, дауысты дыбыстардың астын бір, дауыссыз дыбыстардың астын екі сыз.

Сұрақ: Дауысты дыбыстарды ата. Олар нешеге бөлінеді ?

Жуан дауыстыларды ата

Жіңішке дауыстыларды ата

Дауыссыз дыбыстарды ата. Олар нешеге бөлінеді ?

Қатаң Ұяң Үнді дауыссыз дыбыстарды ата.

67- жаттығу. Ауызша талдау. Сөз жұптарын салыстырып оқы, дауысты дыбыстардың жуан немесе жіңішке екенін айт: Сан-сән ұн-үн тор-төр тұр-түр ыс-іс ор-өр

5. Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру:

Кестемен жұмыс. Берілген сөздерді кесте бойынша талдап жаз: Алфавит, конверт, қарындас, электр, жиһаз.


Дауысты дыбыстар

Дауыссыз дыбыстар


Жуан:


Жіңішке:

Қатаң:


Ұяң:


Үнді:


6. Сабақты бекіту:

66-жаттығу. Өлеңді жатқа жаз, дауыссыз дыбыстардың астын сыз, оларды қатаң, ұяң, үнді деп 3 топқа бөліп жаз: Ұшқыш батыр ағаның

Өнегесін аламын.

Аспан үстін шоламын,

Мен ғарышкер боламын!

Қатаң Ұяң Үнді

Ш,қ,т,с,п,к б, г,ғ,р н,ң,л,м,

7. Үйге тапсырма:66- жаттығу 22-бет

8. Бағалау.

















































Сабақ жоспары: Қазақ тілі 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Буын және тасымал.

Сабақтың мақсаты: Сөздерді буынға бөлу, тасымалдаудағы дауысты дыбыстардың атқаратын қызыметі, бір буынды немесе тасымалданбайтын сөздер туралы түсініктерін қалыптастыру, кеңейту, жаттығулар орындатуда пысықтау.

Білім-білік дағдыларын тереңдету, шыңдау, өзбеттерінше жұмыс жасаууға дағдыландыру.

Адамгершілікке, әдептілікке, имандылыққа баулу.

Сабақтың түрі:Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, дидакт-қ ойын, көру диктанты, өзіндік жұмыс, шығ-қ диктант, танымдық тапсырма, топтық тапсырма


Көрнекілігі:

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, ана тілі

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау. Назарларын аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру: 66-жаттығу 22-бет.

Берілген сөздердің алғашқы дыбысынан жаңа сөз жасап жаз, дыбыстық талдау жаса:

А) дәптер бойынша тексеру Ә) әр сөзді оқытып, дыбыстық талдау жасату(ауызша)

3.Өтілген тақырыпты пысықтау:

Дидактикалық ойын «Кім жылдам ?» Сынып оқушыларын 5 топқа бөліп сөз тауып жазу тапсырылады. Көп сөз жазған топ жеңген болып есептеледі.

1-топ 2-топ 3-топ 4-топ 5-топ

Жуан жіңішке қатаң ұяң үнді

Алма елік сағат білім мектеп

Тапсырма: Әртоп дыбыстардың түрлеріне байланысты 10сөз тауып жазады және талдайды.

4. Жаңа сабақты түсіндіру:

А) Көркем жазу минуты: Л л

Сөздік диктант: Лашын, лақ, ләңгі, лайлады, лайықсыз, ластады, лебіз, лағынет.

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту. Жаттығулар мен тапсырмалар орындату:

69- жаттығу. Көру диктанты. Жұмбақты оқып көшіріп жаз. Әр сөзде неше буын бар екенін айт. Оны қалай білдің ?

Жатса да үш ай көгенде,

Тіл үйірер жегенде. (қауын)

70-жаттығу. Өзіндік жұмыс. Сөздерді буынға бөліп көшіріп жаз.

Кө-кек, же-ңіл, о-йын-шық,...

73-жаттығу. Шығармашылық диктант. Оқылған сөздерден тасымалдау түрлерін көрсетіп жаз:

Адам-гершілік, адамгер-шілік, адамгерші-лік.

Қамқорлық, сыйлық,сыйымды, тыйым, қоңыр, көзілдірік

Қосымша тапсырма: Сый, тый түбірлерінен тараған бірнеше сөз тауып жаз.

5. Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру:

Танымдық тапсырма: Берілген тор көздердің санына сәйкес буын саны бар сөздер тауып жазу:

6. Сабақты бекіту:

74- жаттығу. Топтық тапсырма.

1-топ 2-топ 3-топ

Уәде- жанның азығы. Өтірік сөз-ұят, Дәмді асың болмаса да,

Шын сөз-мият. Дәмді сөзің болсын.

Тапсырма: а) сөздерді буынға бөл ә) Тасымал түрлерін көрсет б) Әр сөзді бөліп алып дыбыстық

талдау жаса

7. Үйге тапсырма: 71,72-жаттығу 23-бет

8. Бағалау.








Сабақ жоспары: Қазақ тілі 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Буын үндестігі.

Сабақтың мақсаты: Түбір сөздің соңғы буынына қарай жалғанатын қосымшалардың да жуан және жіңішке болып үндесетінін түсіндіру.

Жаңа білімді меңгертуде білім-білік дағдыларын, ой-өрістерін, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.

Әдептілікке, адамгершілікке,ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері:Сөздік диктант, ауызша талдау, танымдық тапсырма, терме диктант.


Көрнекілігі: Кесте, сызба

Пәнаралық байланыс: Ана тілі

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау. Назарларын аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру: 71,72-жаттығу 23-бет

А) Дәптер бойынша тексеру

Ә) Ауызша оқытып талдап тексеру.

3. Жаңа сабақты түсіндіру:

А) Көркем жазу минуты: Мм

Оқылған жұмбақты шешу, шешуін бір жолға көркем, сауатты жазу:

Белі бүкір, Титтей егесің, Өзіне нанбаймыз,

Алысқа түкір. (мылтық) Қаның төгесің. (маса) Ізіне нанамыз. (мөр)

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту. Жаттығулар мен тапсырмалар орындату:

76-жаттығу. Сөздік диктант. Оқылған сөздерді буынға бөліп көшіріп жаз:

Дос-тық, е-тік-ші, мұз-дай, ше-бер-лер, құ-ры-лыс-шы, қаз-дар, а-уыл-да, кө-ше-де.

Тапсырма: Сөздердің соңғы буындарындағы дауысты дыбыстардың жуанының астын бір, жіңішке дыбыстардың астын екі сыз.

77-жаттығу. Терме диктант. Оқылған сөздерді жуан дауыстылар және жіңішке дауыстылар деп екіге бөліп жаз: Әнші, батырлық, жұмысшы, көрермендер, жолдастар, балалық, күздік, өзендер, жүзім, ағаш.

Жуан дауысты Жіңішке дауысты

Батырлық , ... Әнші, ...

Ережемен жұмыс: 24-беттегі ережені іштей оқып танысу, жаттау, ереже дәптерге көшіру.

78-жаттығу. Ауызша талдау.1. Өлеңді мәнерлеп оқыту

2. Қарамен жазылған сөздерге жалғанған буындар қандай буын

екенін айт.

3. Өлең мағынасын қара сөзбен түсіндір.

Ана-сы (жуан), бидай-мын (жуан), ел-ге, сый-лаймын, дән-ім, піс-кенде.

4. Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру:

Танымдық тапсырма. Мына жұп қосымшалардың қайсысын қай сөзге жалғауға болады ?

-лар, -лер

- ға, - ге

АПА - сы,- сі ІНІ

- сің, -сың

- лы, -лі

5. Сабақты бекіту:

80-жаттығу. Ауызша талдау. Сөздерге қосылған буындардың дауысты дыбыстары жуан және жіңішке болу себебін түсіндір:

Қарындаш-тар, жылқы-лар, торғай-лар Әже-лер-ім, сіңлі-лер-ім

жолдас-тар-ым

6.Үйге тапсырма: 79- жаттығу 24-бет

7. Бағалау.






Сабақ жоспары: Қазақ тілі 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс үндестігі.

Сабақтың мақсаты: Дыбыс үндестігі- дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесіп айтылуынан болатын тіл заңдылығы екенін түсіндіруге жаттығулар мен тапсырмалар орындату.

Білім- білік дағдыны қалыптастыруда жаңа білімді толық меңгеруді жетілдіру және дамыту.

Әдептілікке тәрбиелеуде сауатты, көркем, таза жазуға қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Әдіс-тәсілдері: Ауызша талдау, шығ-қ диктант, ережемен жұмыс, жатқа жазу, сөздік диктант.


Көрнекілігі: Кеспе парақшалар, кестелер.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, ана тілі

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау.

2. Үй тапсырмасын тексеру: - жаттығу

Дәптер бойынша және ауызша талдап тексеру.

3. Өтілген тақырыпты пысықтау:

Кеспе парақшалармен жұмыс. Ережені пысықтау, жатқа сұрау.

4. Жаңа білімді меңгерту:

А) Көркемжазу минуты: Нн

Оқылған жұмбақты шешу, жауабын көркем, сауатты жазу:

Әуеден күбі түсті, Үсті тас, асты тас,

Күбінің түбі түсті. (Найзағай) Ортасында піскен ас. (Нан)

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту. Жаттығулар мен тапсырмалар орындату:

86-жаттығу. Ауызша талдау. Сөздерге көптік жалғауын жалғап айт. Көптік жалғаудың сөздерге әр түрлі жалғану себебін түсіндір.

Аққу-лар, киік-тер, көл-дер, құс-тар, құлын-дар, әнші-лер, қыз-дар, үй-лер.

87-жаттығу. Шығармашылық диктант. Оқылған сөз тіркестеріне сұрақтарына сәйкес келетін тиісті жалғауларды жалғап жаз:

Кімнің ? Ненің ? Кімге ? Неге ? Кімнен ? Неден ?

Ауыл... маңы Қырман... бару Жұмыс... келу

Бала... ойыншығы мектеп... келу үлкендер... үйрену

Көкек... даусы қуыршақ... кигізу мата... тігу

Кеме... міну жүн... тоқу

Тапсырма: Түбір сөздің соңындағы дыбыстың, қосымшадағы бірінші дыбыстың астын сыз.

Олар қандай дыбыстар? Не байқадың? Қандай қортынды жасууға болады?

Ережемен жұмыс: 27-беттегі ережені іштей түсініп оқу, жаттау, ереже дәптерге көшіру.

88-жаттығу. Жатқа жазу. Өлеңді жатқа жазып, қарамен жазылған сөздің түбірін тап, түбір сөздің соңғы дыбысының өзгеру себебін түсіндір.

Ерте(к)гі-ні, көкіре(к)гі

5. Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру:

89-жаттығу. Ауызша талдау. Сөздерді 3 жақта тәуелдеп айт. Түбір сөздер қандай өзгеріске ұшырады?

Бұлақ-бұлағы, тауық-тауығы, терек-терегі,көлік-көлігі,доп-добы, талап-талабы, өрнек-өрнегі.

6. Сабақты бекіту:

90 жаттығу. Сөздік диктант. Оқылған сөздерді дұрыс жаз, айтылуы мен жазылуын есте сақта:

Басшы,Сарыарқа, Досжан, теңізші, жазса, түнгі, ашса, сөзсіз, сөнбеді, жанбады.

Сөздердің айтылуымен жазылуын салыстырып оқытып тексеру.

7. Үйге тапсырма: 91-жаттығу 28-бет

8. Бағалау.









Сабақ жоспары: Қазақ тілі. 4-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс үндестігі (2-сағат)

Сабақтың мақсаты: Сөз тіркестері арасындағы дыбыс үндестігінің заңдылықтары туралы түсінік беру және жалпы үндестік заңы жайлы алған білімдерін пысықтау,бекіту, тиянақтауға жаттығулар мен тапсырмалар орындату.

Алған білімдерін , ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорлары мен сөйлеу мәдениеттерін дамыту.

Сауатты, көркем,таза жазуға үйретуде әдептілікке тірбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Бекіту, тиянақтау

Әдіс тәсілдері:

Көрнекілігі:

Пәнаралық байланыс: Ана тілі

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа даярлығын ұйымдастыру.

2. Үй тапсырмасын тексеру: 91-жаттығу 28-бет

Сөздерді оқып, көшіріп жаз. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жаз. Жазылуын есте сақта.

  1. Дәптер бойынша тексеру.

  2. Оқыту арқылы талдап тексеру.

  3. Айтылуда өзгеру себебін түсіндіру.

3. Материалды меңгерту кезеңі:

А) Көркем жазу минуты: ңң

Оқылған жаңылтпашты қатесіз,көркемдеп жатқа жазу:

Қаңбақ, жаңғақ, аң, шың, жең,

Жаңбыр, қайың, таң, тың, сең-

«ң» нан сөз жоқ басталған-

«ң» үлестен бос қалған.

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағыныны таныту. Жаттығулар мен тапсырмалар орындату.

92-жаттығу. Сөздік диктант. Оқылған сөздерді сауатты,көркем жаз:

Ақ жаулық, ай қабақ, әр қилы, дөңгелек үстел, көк аспан.

Тапсырма: Айтылудағы сөздердің арасындағы көршілес екі дыбыстың өзгеру себебі неде ?

93- жаттығу. Ауызша талдау. Сөзтіркестері арасындағы көршілес дыбыстардың өзгеру себебі неде?

Оқыту, талдау.

94- жаттығу. Есте сақтау диктанты. Жаңылтпашты жатқа жаз, сөздердің аралығындағы дыбыс үндестігін тап:

Асқат қасқа ат мінді,

Мақсат басқа ат мінді.

4. Материалды түсінгендерін тексеру:

Танымдық тапсырма, топтық жұмыс.

1топ 2-топ 3-топ

БУЫН ДЫБЫС Талдау жұмысы:

Түбір мен қосымша түбір сөз бен қосымша

Сөз тіркестері

5. Сабақты бекіту:

96- жаттығу. Өзіндік жұмыс. Мәтінді оқып, алғашқы сөйлемді көшіріп жаз:

Төртіншіні бітірген Сәлім нағашысы Жарболдікіне қонаққа барды.

Тапсырма: Буын үндестігіне сай жазылған және сай жазылмаған сөзді тап:

Сай: Бітір-ген, нағашы-сы, қонақ-қа, бар-ды

Сай емес: Жарбол-дікіне

6. Үйге тапсырма: 95-жаттығу 29-бет

7. Бағалау.








Сабақ жоспары: Қазақ тілі 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Мәтін

Сабақтың мақсаты: Мәтін, мәтіннің тақырыбы , бөліктері, негізні ойы жайлы түсінк беру. Жаттығулар мен тапсырмалар орындату арқылы білім-білік дағыларын, ой-өрістерін, тіл байлықтарын дамыту.

Сауатты оқуға, көркем, таза жазуға және дәптерді ұқыпты ұстауға үйрету.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Әдіс –тәсілдері: Ой қозғау, топтық тапсырма, көру диктанты, шығ-қ тапсырма, өзіндік ж.

Көрнекілігі: Сызба, тірек сөздер.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, ана тілі

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау, назаларын аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру: 95-жаттығу 29- бет

Көп нүктенің орныныа н,ң дыбыстарының тиістісін қойып көшіріп жаз.

А) Дәптер бойынша тексеру.

Ә) Оқытып,ауызша талдап тексеру.

3. Жаңа білімді меңгерту кезеңі:

А) Көркем жазу минуты: О о

Тізбек сөздерді көркемдеп бір жолға көшіру: Отан-Ана, Отан-жер, Отан- дана, Отан-ел.

Ә) Сабақтың тақырыбы мен маөсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту. Ой қозғау! Шығармашылық тапсырма. Топтық жұмыс.

Әр топқа берілген тақырыптар бойынша әңгіме жазу тапсырылады:

1-топ 2-топ 3-топ

«Біздің сынып» «Менің Қазақстаным!» «Табиғат- тал бесік»

Топ бойынша оқыту, тексеру, тапсырмалар орындату.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Әңгіме неден құралған?

  2. Сөйлем неден тұрады?

  3. Әр әңгімедегі ой не туралы?

  4. Әңгімедегі ой мен тақырып сай келе ме?

  5. Әңгімені мәтін деуге бола ма?

Сызбамен ойды қорыту: МӘТІН

Тақырып Негізгі ой Автор

Жаттығулар мен тапсырмалар орындату:

97-жаттығу. Көру диктанты. Мәтінді оқып шығып, көшіріп жаз:

«Су құстары»

Тапсырмалар: Сұрақтарға жауап бер: 1.Мәтінде не туралы айтылған?

2. Су құстарына нелер жатады?

3. Оларды неліктен су құстары деп атайды?

4. Су құстарының суға батпау себебі неде?

5. Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойы сай келе ме?

Ережемен жұмыс: 29,30-беттегі ережені іштей оқыту, жаттау, ереже дәптерге жазу.

98- жаттығу. Мәтінмен жұмыс.

1.Мәтінді дауыстап, тізбектей оқыту.

2.Түсінгендері бойынша әңгімелету, негізгі ойды анықтау.

3. Мәтінтмазмұнына сай үш сұрақ қою, пысықтау,жауап жаздыру:

1.Атасы шілдеде қалай киінеді екен?

2. Ол кітап оқығанда неге кейіді?

3. Оның мінезіндегі өзгерііс неден пайда болды?

4. Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру:

100-жаттығу. Танымдық тапсырма. Берілген тақырып пен тірек сөздер бойынша әңгіме құра:

Тақырып: «Ас атасы-нан».

Тірек сөздер: егін, қырман, диірмен, еңбек, диқан, наубайхана, нанды қадірлеу.

Оқыту, ауызша талдау.

5. Сабақты бекіту:

101-жаттығу. Өзіндік жұмыс. Мәтінді оқыту. Тақырыбын анықтау себебін түсіндіру. Түсінгендерін әңгімелету. Алғашқы екі сөйлемге дыбыстық талдау жасату.

6. Үйге тапсырма: 99-жаттығу 30-бет. 7. Бағалау.

Сабақ жоспары: Қазақ тілі 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Мәтін және оның түрлері.

Сабақтың мақсаты: Мәтіннің бастапқы, негізгі, соңғы бөлімдерін табуды және түрлерін ажыратуды жаттығулар мен тапсырмалар орындату арқылы түсіндіру.

Білім-білік дағдыларын, ақыл-ой, шығармашылық қабілеттерін , сөздік қорларын дамыту.

Адамгершілікке, әдептілікке, имандылыққа баулу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Әдіс-тәсілдері: Ой ашар, өзіндік жұмыс, шығ-қ, топтық, танымдық тапсырма, сызбамен жұмыс

Көрнекілігі: Сызба, сурет

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, ана тілі

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау, назарларын аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру: 99-жаттығу 30-бет

«Менің туған ауылым» тақырыбына әңгіме құрап жаз.

Дәптер бойынша және ауызша оқытып тексеру, талдау.

3. Өтілген тақырыпты пысықтау:

Сұрақ-жауап: 1. Мәтін деген не?

2. Мәтіннің тақырыбы деген не?

3. Автордың басты пікірі не деп аталады?

4. Тақырып пен негізігі ой бір-бірімен неге тығыз байланыста болады?

4. Жаңа білімді меңгерту:

А) Көркем жазу минуты:Өө

Оқылған мақалды жатқа қатесіз, көркем жазу: Өнер іздеген өсер,

Өсек іздеген өшер.

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту. Ой ашар! Сызбамен жұмыс. Сызба бойынша жаңа сабақтың негізін ашу, түсіндіру:

МӘТІН

Бөліктері Түрлері

Бастапқы Негізгі Соңғы Хабарлау Сипаттау Пайымдау

Жаттығулар орындату:

102-жаттығу.Өзіндік жұмыс.

1. Іштей түсініп оқыту.

2. Сөйлемдерді өз орнына қойдыру , әңгіме құратып жаздыру.

3. Мәтіннің бастапқы, негізгі, соңғы бөлігін тапқызу, әр бөлікке ат қою:

(Бастапқы бөлік: «Көгершіндергі қосылу», негізгі бөлік « Бөтен құс», соңғы бөлік «Жалғыздық»)

4. Мәтінге ат қою. («Таған»)

5. Негізгі ойды анықтау.

103-жаттығу. Шығармашылық тапсырма. Ауызша жұмыс.

Берілген жоспар бойынша әңгіме құра:

Тақырыбы: «Кездесу.» Жоспары: 1. Оқушылардың батыр атаны жиынға шақыруы.

2. Атаның әнгімесі.

3. Әңгіменің балаларға әсері.

104-жаттығу. Өзіндік жұмыс. Мәтінді оқып, алғашқы бөлігін көшіріп жаз.

Бұл мәтіннің қай түріне жатады? Сипаттау мәтіні не үшін қажет?

5. Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру:

Суретпен жұмыс. Топтық тапсырма. Әр топ берілген сурет бойынша мәтін құрастырып, тақырып қояды, бөліктерін тауып ат қою. 1-топ: Әңгімелеу. 2-топ: Сипаттау. 3-топ: Пайымдау.

6. Сабақты бекіту:

106-жаттығу. Танымдық тапсырма. Мәтінді оқып, Боданбек пен Шоғанбекті суреттеген сөйлемдерді көшіріп жаз. Өзіңе ұнаған балаға мінездеме бер.

7. Үйге тапсырма: 105-жаттығу 32-бет

8. Бағалау.



Сабақ жоспары: Қазақ тілі 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сипаттау мәтіні

Сабақтың мақсаты: Сипттау мәтіні және оның құрылымы салыстыру арқылы берілетінін ұғындыру.

Логикалық ойлау,есте сақтау қабілеттерін және тіл байлықтарын дамыту.

Сауатты, көркем жазуға баулу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Әдіс-тәсілдері: Ауызш талдау, өзіндік жұмыс, шығ-қ жұмыс

Көрнекілігі: Суреттер

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау, назарларын аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру: 105-жаттығу 32-бет

Дәптер бойынша және оқытып, ауызша талдап тексеру.

3. Материалды меңгерту кезеңі:

А) Көркем жазу минуты: Пп

Ойна да, ойла! Пластилиннен жасалатын «П» әрпінен басталатын сөздер тауып жазу:

Піл, пияз, помидор, парашют, пышақ, парта.

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту. Жаттығулар мен тапсырмалар орындату:

107-жаттығу. Суретпен жұмыс. Ауызша сипаттау.

Тапсырма: 1. Суретте қандай құстар бейнеленген?

2. Ұзақ пен қарғаның бір-бірінен қандай өзгешелігі бар?

3. Қандай ұқсастықтары бар?

108-жаттығу. Өзіндік жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқып,ат қой, екінші шумағын көшіріп жаз.

4. Материалды меңгергендерін тексеру:

Шығармашылық жұмыс. Сипаттау бойынша жұмбақ құрастыру.Оқыту, шешу,талдау.

5. Сабақты бекіту:

110-жаттығу. Ауызша талдау.

Өлеңді мәнерлеп оқыту.

Мазмұнын қара сөзбен әңгімелету.

Мәтіннің қай түріне жататынын анықтау.

Ақбөкенді сипаттаған сөздерді табу.

6. Үйге тапсырма:

109-жаттығу 34-бет.

7. Бағалау.











Сабақ жоспары: Қазақ тілі 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Әңгімелеу және пайымдау мәтіні.

Сабақтың мақсаты: Мәтіннің түрлерін бір-бірінен ажырата білуге жаттығулр мен тапсырмалар орындату.

Алған білімдерін, сөздік қорларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Жазу каллиграфиясын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Әдіс-тәсілдері: Ауызша талдау жұмыстары, шығ-қ, топтық, суретпен жұмыстар

Көрнекілігі: Суреттер

Пәнаралық байланыс: Дүниетану

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау. Назарларын аудару.

2.Үй тапсырмасын тексеру:109-жаттығу

Дәптер бойынша және оқытып ауызша тексеру.

3. Материалды меңгерту кезеңі:

А) Көркем жазу минуты: Рр

Сөздік диктант: Оқылған сөздерді сауатты , көркем жазу:

Ракета, рауғаш, радио, ризалық, рақымет, рақымшылық, ребус.

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту. Жаттығулар мен тапсырмалар орындату:

111-жаттығу. Ауызша орындау. Мәтінді оқыту. Өз ойларын сұрақтарға сүйеніп дәлелдеу:

1. Жолбарыс неге күшті аң? Ол қандай аң?

2. Адам оны қалай бағындырады?

3. Адамның жолбарыстан қорықпайтын себебі не?

4. Жолбарысқа адам қандай қамқорлық жасайды?

5. Жолбарысты қайдан көрдің?

112-жаттығу.Ауызша орындау. Мәтінді түсініп оқы. Мәтіндегі ойды «біріншіден, екіншіден, үшіншіден, ақырында» деген сөздерді пайдаланып дәлелде.

113-жаттығу. Шығармашылық тапсырма. «Мейірімді аңшы» тақырыбына шығарма жаз. Аңшының мейірімділігін дәлелде.

4. Материалды меңгергендерін тексеру:

114-жаттығу. Өзіндік жұмыс. Мәтінді көшіріп жазып, қай түріне жататынын айт:

Қосымша тапсырма: Бақа неге қосмекендіге жатады? Бақаның қандай түрлерін білесің?

5. Сабақты бекіту:

Суретпен жұмыс. Топтық тапсырма.

1-топ 2-топ 3-топ 4-топ

Әртоп сурет бойнша жыл мезгілдерін суреттеп мәтін құрастырады:

ЖАЗ КҮЗ ҚЫС КӨКТЕМ

Әңгімелеу Сипаттау Пайымдау Сипаттау

Жазған мәтіндерін оқытып,ауызша тексеру.

6. Үйге тапсырма: 116-жаттығу 36-бет

7. Бағалау.
















Сабақ жоспары: Қазақ тілі 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі

Сабақтың мақсаты:Сөз тіркесі, сөз тіркесіндегі сөздердің мағыналық байланысы және беретін мағынасы мен құрамы жайлы ұғымдарды тапсырмалар мен жаттығулар орындау барысында түсіндіру.

Жаңа білімді жан-жақты меңгеруді, ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту.

Сауатты оқуға, көрекм, таза, ұқыпты жазуға баулу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: Ой қозғау, ауызша талдау, өзіндік жұмыс, сөздік диктант,

Көрнекілігі: Суреттер

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, ана тілі

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау, назарларын аудару.

2.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:

А) Көркем жазу минуты: Сс

«С» дыбысынан басталатын адам аттарын тауып көркем жазу.

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту.Ой қозғау! Дидактикалық ойын: «Кім алғыр?»

Суретпен жұмыс. Суреттегі заттар мен атауларға байланысты тірке ойлап табу:

Мысалы: қоян.... жүрек

Мысық... көз

Аяқ ..... алыс, асты

Мысалдармен қортындылау , ой түйіндеу.

Жаттығулар орындату:

117-жаттығу. Ауызша талдау.

- Әр жұп сөзді қосып оқыту

-Олардың мағыналық жағынан бір-бірімен байланыста екеніне назар аудару.

-Мағынасын түсіндіру.

-Сөз жұптарының байланысын сұрақ қою арқылы анықтау

Мысалы: Ағаш қасық, тез оқу, менің орным, көк шөп, мектепке келу, біз оқушымыз.

118-жаттығу. Өзіндік жұмыс. Сөз тіркестерін оқы, мағыналарын сұрақ қою арқылы түсіндір. Осыған ұқсас бес сөз тіркесін жаз.

Емен ағашы – емен шырыны, қайың ағашы. Темір күрек – мыс темір, ағаш күрек.

119-жаттығу. Сөздік диктант. Оқылған сөздерге зат есім сөзден тіркес тауып жаз:

Қызық (кітап), жиырма (оқушы), әдепті (қыз), мөлдір (бұлақ), жасыл (қарындаш).

Тапсырма: Жазған сөз тіркестерін өзгертпей етістік қосып сөйлем құрап жаз және байланыстарын сызбамен көрсет: Жасыл қарындаш алдым.

3.Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру:

120-жаттығу. Ауызша талдау. Сөз тіркестерін оқып, қсндай сөз таптарынан жасалғанын анықта:

Биік (қандай?) тау, мөлдір (қандай?) бұлақ, кең (қандай?) өріс;

4. Сабақты бекіту:

122-жаттығу.өзіндік жұмыс. Берілген сөздерден сөз тіркесін құрап жазып етістік қосып сөйлем құрап жаз, байланыстарын сызбамен көрсет:

Төрт парақ оқыдым. Сегіз қарындаш алдым. Бір жабағы көрді. Екінші нөмір берді.Сегізінші жыл толды.

5. Үйге тапсырма:

121-жаттығу 37-бет.

6. Бағалау.











Сабақ жоспары: Қазақ тілі 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі (2-сағат)

Сабақтың мақсаты: Сөз тіркесінің есімді тіркес түрін сұрақ қою арқылы ажырата білуге үйреті, білімдарін нақтылау.

Алған білімдерін, сөздік қорларын дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.

Әдептілікке, имандылыққа баулу.

Сабақтың түрі: Дәстаүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Әдіс-тәсілдері: Терме диктант, өзіндік жұмыс, топтық тапсырма, суретпен жұмыс

Көрнекілігі: Суреттер

Пәнаралық байланыс: Ана тілі

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа даярлығын ұйымдастыру. Назарларын аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру:

121-жаттығу. Сөздерді оқып, сынесім мен зат есімнен тұратын сөз тіркестерін құрап жаз. Құраған сөз тіркестеріне етістік қосып сөйлем құрап жаз.

Дәптер бойынша және оқытып, ауызша талдау,тексеру.

3. Өтілген тақырыпты пысықтау:

Топтық тапсырма. Бір сөзге бірнеше тіркес ойлап табу: Мысалы:

1-топ 2-топ 3-топ

Озат қауын бота

Жақсы алма қой

Оқушы тәтті көз

Нашар шырын қара

4. Материалды меңгерту:

А) Көркем жазу минуты: Тт

«Т» дыбысынан басталатын жануарлар атауларын тауып сауатты, көркем жазу:

Түйе, тасбақа, түлкі, тау теке, тышқан, торпақ, тана.

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

Б) Мағынаны таныту. Жаттығулар мен тапсырмалар орындату:

123-жаттығу. Терме диктант. Оқылған өлең жолдарындағы сөз тіркестерін теріп жазу:

Ақ киімді, ақ сақалды, соқыр мылқау, тірі жанды, ақ қырау, басқан жері.

Күн жүзді, үміт жұлдызды.

Сөзтаптарына талдау, оқу.

Қосымша тапсырма: Бірінші сыңары түбір сөзден, екінші сыңары тәуелдік жалғауымен келген сөз тіркестерін жасап, оларды қатыстырып сөйлем құрап жаз. Керекті сөздер:

Мектеп дүкені Мысалы: Ана тілі. Ана тілі сабағы маған ұнайды.

Жазу тілі

Егіс үйі

Шаруа малы

Кітап даласы

Ана дәптері

124- жаттығу. Өзіндік жұмыс. Өлеңді жатқа жаз. Қарамен жазылған өлең жолындағы сөз тіркестерін тауып сызбамен көрсет: Қалың ағаш жапырағы - қалың ағаш, ағаш жапырағы

126-жаттығу. Топтық тапсырма. Берілген тіркестерді үш түрлі өзгертіп жаңа тіркес жасап, етістік қосып сөйлем құрап жаз: Мысалы: Мұз ою- мұз айдын- мұз тау. Мұз оюға барамыз.

1-топ 2-топ 3-топ

Тақпақ жаттау отын жару ән салу

5. Материалды меңгергендерін тексеру:

Суретпен жұмыс. Топтық тапсырма. Берілген суреттердегі заттар мен атауларды қатыстырып сөз тіркестерін құра, оларды қатыстырып сөйлем құрап жаз:

Мысалы: Үй – ағаш үй. Аулыға жаңадан ағаш үйлер салып жатыр.

1-топ 2-топ 3-топ


6. Сабақты бекіту:

127-жаттығу. Өзіндік жұмыс. Сөз тіркестерін оқып, олардан үлгі бойынша жаңа сөз тіркестерін құрап жаз: Үлгі: Тез оқу- тез оқы- тез оқыды.

7. Үйге тапсырма: 125-жаттығу 38-бет. 8. Бағалау.

Сабақ жоспары: Қазақ тілі 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі (3-сағат)

Сабақтың мақсаты: Сөз тіркесі және сөз тіркестерінің есімді, етістікті түрлерін бір-бірінен ажырата білу, мағыналарын түсіне білу.

Өтілген материалды жүйелеу, нақтылау, пысқтау арқылы білім-біліктерін дамыту, өз беттерінше жұмыс істеуге дағдыландыру.

Сауатты, көркем жазуға үйрету.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Әдіс-тәсілдері: Танымдық тапсырма, өзіндік жұмыс, жатқа жазу

Көрнекілігі: Оқулық, тақта

Пәнаралық байланыс: Ана тілі

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау. Назарларын аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру: 125-жаттығу 38-бет.

Өлеңді оқыту.

Қарамен жазылған сөз тіркестерін табу.

Тіркесті сөз құрамына талдау.

Сенің тауларың, туған жер, кең өлкенің қырларын.

3. Өтілген тақырыпты пысықтау:

Танымдық тапсырма: Бір сыңары Кімнің? Ненің?, екінші сыңарытәуелдік жалғауымен келген сөз тіркестерінен сөйлем құрап жаз. Керекті сөз тіркестері:

Сыныптың тазалығы, өзеннің мұзы, ошақтың жылуы, сенің жауабың, Серіктің жазуы, малшының үйі, атаның өсиеті.

4. Материалды меңгерту кезеңі:

А) Көркем жазу минуты: Уу

Сөздік диктант: Оқылған сөздерді сауатты, көркем жаз: Уылдырық, уақыт, уық , уыз, уәде, умаждау.

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту. Жаттығулар мен тапсырмалар орындату:


128-жаттығу. Өзіндік жұмыс. Сөз тіркестерін оқы, бірінші сыңарына сұрақ қой, мағынасын түсіндір.

Өзің қалаған бес тіркесті қатыстырып сөйлем құрап жаз.

Мысалы: Жұмысқа (қайда?) бару. Арман кешікпей жұмысқа баруды ойлайды.


130-жаттығу. Танымдық тапсырма. Сөз тіркестерін оқы, бірінші сыңарларына сұрақ қой.

Қалаған бес тіркестің екінші сыңарын өзгертіп жаңа сөз тіркесін жасап жаз:

Мысалы: Күрекпен қазу-қазба-қазды.


131-жаттығу. Мақалдарды жатқа жаз. Қарамен жазылған сөздердің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсет. Ел жасымен көрікті, (жасымен көрікті)

Тау тасымен көрікті, (тасымен көрікті)

Асымен көрікті. (асымен көрікті)

5. Сабақты бекіту:

Қосымша тапсырма. Кіммен? Немен? сұрағына жауап беретін сөз тіркестерін тауып жаз:

Мысалы: ұстазбен амандасу доппен ойнау

6. Үйге тапсырма:

129-жаттығу 40-бет.

7. Бағалау.








Сабақ жоспары: Қазақ тілі 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі (4-сағат)

Сабақтың мақсаты: Сөз тіркесі тарауынан алған білімдерін бекіту, пысықтау барысында жаттығулар мен тапсырмалар орындату.

Алған білімдерін, сөздік қорларын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Жазу каллиграфиясын жақсарту.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Бекіту, тиянақтау

Әдіс-тәсілдері: Өзіндік жұмыс, ауызша талдау, мәтінмен жұмыс, қосымша тапсырма


Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау.

2. Үй тапсырмасын тексеру: 129-жаттығу

Сөз тіркестерін оқыту.

Бірінші сыңарына сұрақ қойып мағынасын анықтау.

Сөз тіркестерін қатыстырып құраған сөйлемдерін оқыту.

3. Сабақтың жүргізілу кезеңі:

А) Көркем жазу минуты: Ұұ

Жаңылтпашты жатқа жаздыру: Ұйқышыл кісіні ұйқы қысты,

Ұйқышыл кісінің ұйқысы күшті.

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту. Жаттығулар мен тапсырмалар орындату:


132-жаттығу. Өзіндік жұмыс.Оқы, бірінші сыңарларына сұрақ қой.Бес тіркесті үлгі бойынша өзгертіп жаз: Далада жүру – далада жүр- далада жүрді.

Жазған тіркестеріңе сөйлем құрап жаз.


133-жаттығу.Ауызша талдау.Сөйлемдерді оқып, сөз тіркестерін тап, байланысын анықта:

Он жетінші пәтерде тұрады. (он жетінші, жетінші пәтер, пәтерде тұрады).


134-жаттығу. Мәтінмен жұмыс.

-Мәтінді іштей оқыту.

- Қарамен жазылған сөз тіркестерін көшіріп жазу. (Салқын қоңыр жел, желмен құлпыра толқып)

- Сөздердің байланысын сызбамен көрсету. (Салқын жел, қоңыр жел)

-Бір сыңары күрделі сөзден жасалған сөз тіркесіне сөйлем құрату.

4. Сабақты бекіту:

135-жаттығу.Өзіндік жұмыс.

Әңгімені дауыстап, түсінікті оқыту.

«Жалғыз басты,күн құрғатпай» деген тіркестердің мағынасын ашу.

Қосымша тапсырма : «Үлкенге құрмет» тақырыбына шығарма жазу.

5. Үйге тапсырма: 136-жаттығу 42-бет

6. Бағалау.












Сабақ жоспары: Қазақ тілі. 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем және сөйлемнің түрлері.

Сабақтың мақсаты: Сөйлем және сөйлемнің, түрлері мен тыныс белгілері жайлы алған білімдерін тексеру мен пысықтауға байланысты жаттығулар мен тапсырмалар орындату.

Білім-білік дағдыларын,есте сақтау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту.

Сауатты оқуға, көркем, таза, ұқыпты жазуға баулу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: Ауызша талдау, терме диктант, жатқа жазу, сызбамен жұмыс

Көрнекілігі: Сызба

Пәнаралық байланыс: Ана тілі

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау, назарларын аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру. 136-жаттығу 42-бет

Дәптер бойынша және ауызша тексеру.

3. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:

А) Көркем жазу минуты: Үү

Жұмбақтардың шешуіндегі сөздерді көркемдеп бір жолға жазу:

Аяғыңнан алады, Ойдың аяқталуын күтпейді,

Көтеріп ерге салады. (Үзеңгі) Оны қойсаң сөйлем бітпейді. (Үтір)

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту. Ой қозғау!

1. Сөздік диктант. Оқылған сөздерді қатесіз жаз: Жалғыз,Жақып, отыр, қарт, келді , Бақытжан, оның, немересі, айтты,өлең, атасына, тақпақтарын, ол, толды, атасының, көңілі, немересіне.

2. Осы сөздерден төрт сөйлем құрап жаз.

Сұрақ: Сөйлем неден тұрады?

Сөйлем нені білдіреді?

Сөйлемнің соңынан қандай тыныс белгілері қойылады?

Сөйлем нешеге бөлінеді?

Жаттығулар орындату:

137-жаттығу. Ауызша талдау.

Жұмбақты оқыту, шешуін табу.

Жұмбақ неше сөйлемнен құралғанын,әр сөйлем неше сөзден тұратынын анықтау.

Айтылу мақсатына қарай жай сөйлемнің қай түрі екенін анықтау.

Қанатсыз құс маңып барады,

Көзінен жас тамып барады. (Бұлт)

138-жаттығу. Ауызша талдау және терме диктант. Мәтінмен жұмыс.

Мәтінді рөлге бөліп оқыту.

Түсінгендерін әңгімелету.

Айтылу мақсатына қарай сөйлем түрлерін анықтау.

Қарамен жазылған сөйлемдерді көшіріп жазып, тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіру.

139-жаттығу Ауызша талдау. Өлеңді оқып, леп белгісінің қойылу себебін түсіндіру.

4. Сабақта түсінгендерін тексеру:

141-жаттығу. Жатқа жазу. Өлеңді жатқа жазып,тыныс белгісін қой. Сұраулық мағына беретін сөздердің астын сыз: Не көрдің, қара ат, не көрдің?

Бектер құрған шатыр ма?

Алдыңда жолбарыс жатыр ма?

Келгендер бізден батыр ма?

5. Сабақты бекіту:

Сызбамен жұмыс: СӨЙЛЕМ

Айтылуына қарай

Хабарлы Сұраулы Лепті

Құрамына қарай

Жалаң Жайылма

143-жаттығу. Ауызша талдау. Екі бағандағы сөйлемдерді оқып, жай сөйлемдердің қай түріне жататынын анықта және салыстыр.

6. Үйгетапсырма: 140,144- жаттығу.

7. Бағалау.


Сабақ жоспары: Қазақ тілі 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем.

Сабақтың мақсаты: Сөйлемнің құрамына қарай жай және құрмалас болып бөлінетінін, оларды бір-бірінен ажырата білуді үйретуде ережелерін жатқа біліп, мысалдамен дәлелдеуді қалыптастыру.

Білім-білік дағдыларын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту.

Эстетикалық және экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, ауызша талдау, өзіндік жұмыс, деңгейлік тапсырма.

Көрнекілігі: Сызба, парақшалар

Пәнаралық байланыс: Дүниетану

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау. Зейіндерін аудару.

2. Жаңа білімді меңгерту:

А) Көркем жазу минуты: Фф Өтірік өлеңді көшіріп жазу: Фабрикада азып жүр,

Фанер жағып, шіл тершіп.

Фантастика жазып жүр,

Фонарменен мың борсық.

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту. Жаттығулар мен тапсырмалар орындату:

150-жаттығу. Ауызша талдау. Салыстыру, түсіндіру.

Екі бағандағы сөйлемдерді кезекпен оқыту.

Салыстыру. (Айтылуы, құрамы, тыныс белгілеріндегі айырмашылықтарды анықтау)

Бірінші бағандағы дара сөйдемдер екінші бағанда екі дара сөйлемнен құралып күрделі ойды білдіретінін анықтау.

Олар бір-бірінен қандай тыныс белгі арқылы ажыратылғанына көңіл бөлу.

Мысалы: Күн ұзарды. Түн қысқарды. Күн ұзарды да, түн қысқарды.

Ережемен жұмыс: Ережені іштей түсініп оқу, жаттау.

Ереже дәптерге жазу.

151-жаттығу. Өзіндік жұмыс. Өлеңді оқып, құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемге айналдырып жаз:

Айнала- айдын сырғанақ. Мен сырғанап келемін. Әжемше көктен сығалайды.Күн маған қарап тұр.

152-жаттығу. Ауызша талдау. Өлеңді тиісті дауыс ырғағына сай оқыту.

Әрбір құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдерді анықтау.

Тыныс белгілеріне назар аудару.

3. Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру:

Деңгейлік тапсырма:

1-топ 2-топ 2-топ

Берілген жай сөйлемдерден Құрмалас сөйлемдерді жай Берілген сөздерден жай сөйлем құра

құрмалас сөйлем жаса: сөйлемдерге айналдыр: ойды аяқтайтындай күрделі сөйлем-

құра:

Маржан төсектен тұрды. Қазақстан бес мемлекетпен шек- Жексенбі,саябақ, біз, бардық.

Ол төсек жинады. тесетіндіктен, олардың бәрімен Жер, түсті, жапырақ, күзде.

Бүгін жексенбі болды. достық қарым-қатынаста. Алды, сызғыш,Айгерім, қалам,

Оқушылар демалып жатыр. Республикамызда астық көп дәптер, сабақ, дайындалды.

өндіріледі, мал шаруашылығы да

жақсы өркендеген.

4. Сабақты бекіту:

Сызбамен жұмыс:

құрамы

ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ мағынасы


5.Үйге тапсырма: 153- жаттығу 48-бет

6. Бағалау.






Сабақ жоспары: Қазақ тілі 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері.

Сабақтың мақсаты: Құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің арасына жазуда үтір, қос нүкте

қою арқылы ажыратылатынын түсіндіру.

Білім-білік дағдыларын, ойлау, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Адамгершілікке, әдептілікке, имандылыққа баулу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Әдіс-тәсілдері: Ауызша талдау, көру диктанты, өзіндік жұмыс.

Көрнекілігі: Үлестірмелі парақшалар

Пәнаралық байланыс: Ана тілі.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау, назарларын аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру:

153-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.Неше жай сөйлемнен тұратынын анықта. Бірінші жай сөйлемнің баяндауышын тауып , астын сыз:

Дәптер бойынша және оқытып, ауызша тексеру, талдау.

3. Өтілген тақырыпты пысықтау:

Үлестірмелі парақшалармен жұмыс жүргізу.

4. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:

А) Көркем жазу минуты: Хх

Сөздік диктант: Хат, Хамит, хабар, Хакас, хайуанат, Хорезм, халық.

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту. Жаттығулар мен тапсырмалар орындату.

154-жаттығу. Көру диктанты.

Тапсырма: Мақалдарды көшіріп жаз.

Әрбір жай сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдау.

Сызықшаның қойылу себебін түсіндіру.

155-жаттығу. Өзіндік жұмыс. Тиісті тыныс белгілерін қойып сөйлемді көшіріп жазып, алдыңғы жай сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талда:

Қансонарда бүркітші шығады аңға,

Тастан түлкі табылар аңдығанға.

157-жаттығу. Өзіндік жұмыс.

Жай сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдерді бас әріптен бастап, тиісті тыныс белгілерін қойып көшіріп жаз: Еңбектің наны тәтті, Жалқаудың жаны тәтті.

5. Сабақты бекіту:

158-жаттығу. Ауызша талдау. Екі бағандағы сөйлемдерді кезек оқыту.

Салыстыру.

Айырмасын анықтау.

Жай сөйлемнің құрмалас сөйлемге айналғандағы өзгерісін байқау.

6. Үйге тапсырма: 156-жаттығу 49-бет

7. Бағалау.



















Сабақ жоспары: Қазақ тілі. 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау

Сабақтың мақсаты: Құрмалас сөйлем және оның тыныс белгілері туралы алған білімдерін пысықтау.

тинақтауға жаттығулар мен тапсырмалар орындату.

Алған білімдерін дамыту, шығармашылықтарын шыңдау, жазу каллиграфиясын

жақсарту.

Елжандылыққа, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Әдіс-тәсілдері: Шығармашылық т. , танымдық т. , ауызша талдау, мәтінмен жұмыс

Көрнекілігі: Оқулық , тақта, бор, сызба.

Пәнаралық байланыс: Ана тілі. Дүниетану

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау, назарларын аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру:

156-жаттығу. Жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдырып жаз.

Дәптер бойынша және оқытып, ауызша тексеру.

3. Сабақтың жүргізілу кезеңі:

А) Көркем жазу минуты: һһ

«Һ» дыбысы бар сөздер тауып жазу: Қаһарман, Гауһар, Жауһар, жиһаз, жиһан,

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту. Жаттығулар мен тапсырмалар орындату.

159-жаттығу.Шығармашылық тапсырма.

«Менің сүйікті жазушым» тақырыбына жай және құрмалас сөйлемдерден шағын шығарма жаз.

160-жаттығу. Танымдық тапсырма. Берілген сызба бойынша сөйлем құрап жаз. Олар жай сөйлем бе, құрмалас сөйлем бе? 1. .......... .............. .

2. .......... ............. , ........... ............ .

3. ........... ............. ........... , ............ ............ ............ .

161-жаттығу. Ауызша талдау.

Құрмалас сөйлемдерді оқыту.

Сөлем мүшелеріне талдату.

Байланысын сызбамен көрсету.

4. Сабақты бекіту:

162-жаттығу. Мәтінмен жұмыс. – Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен дауыстап оқыту.

- Түсінгендерін әңгімелету.

- Алғашқы бөлігінде неше сөйлем, әр сөйлемде неше сөз барын анық

- Сөйлемдердегі бас әріптен бастап жазылған сөздерді теріп жазу:

(Қазақстан, Нью-Йорк, Әнұран- Гимн, Ұлы Отанымыз)

- Мына сөздерді дәптерге көшіріп жазып, дыбыстық талдау жаса:

Тәуелсіздігін жариялады, егемен мемлекет, әр қиырында.

5. Үйге тапсырма: Ережелерді қайталау.Тестке даярлану.

6. Бағалау.












Сабақ жоспары: Қазақ тілі 4-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері

Сабақтың мақсаты: Сөйлем мүшелерінің ережелері , сұрақтары, тиісті сызықтары туралы алған

білімдерін еске түсіру, қайталау.

Алған білімдерін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту.

Сауатты, көркем, таза жазуға үйрету.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Қайталау

Әдіс – тәсілдері: Ой қозғау, ауызша талдау, көру диктанты, өзіндік жұмыс, танымдық тапсырма

Көрнекілігі: Сызба

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, орыс тілі

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау, назарларын аудару.

2. Сабақтың жүргізілу кезеңі:

А) Көркем жазу минуты: Цц

Ой тізбектерді көшіріп жазу: Цементке расында,

Целлофан қап жарамас.

Центнерлеп тасуда,

Цистернадай бола алмас.

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту.

1. Ой қозғау! Сызбамен жұмыс:

СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ

Ережесі Түрлері

Тұрлаулы мүшелер Тұрлаусыз мүшелер

( Ережелері мен сұрақтары, мысалдармен дәләлдеу)

2. Жаттығулар мен тапсырмалар орындату:

163-жаттығу. Ауызша талдау. – Мақалды жатқа сұрау.

- Сөйлем мүшелеріне талдату.

164-жаттығу. Көру диктанты. Сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлем мүшелеріне талда, олардың астын тиісті сызықтармен сыз.

165-жаттығу. Өзіндік жұмыс. Өлеңді оқып, алғашқы шумағын көшіріп жаз, сөйлем мүшелеріне талда. Байланыстарын сызбамен көрсет.

3. Өтілген тақырыпты пысықтау кезеңі:

Танымдық тапсырма. Берілген сызба бойынша сөйлем құрап жазып, сөйлем мүшелеріне талда:

................... .................... .

................... .................. ............... .

................... - ................. .


4. Сабақты бекіту:

167-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, тұрлаусыз мүшелерді тап.

Үш сөзден құралған сөйлемдеді берілген сын есімдерді қосып төрт сөзден құралған

сөйлем жасап жаз.

Сөйлем мүшелеріне талда, астын сыз, байланысын сызбамен көрсет.

Керекті сөздер: атақты, өте, шалқар, кең.

Аққулар шалқар көлге қонды.


5. Үйге тапсырма: 166-жаттығу 53-бет

6. Бағалау.










Сабақ жоспары: Қазақ тілі. 4-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері.

Сабақтың мақсаты: Сөйлем мүшелері жасалуына қарай дара және күрделі болып бөлінетінін

жаттығулар мен тапсырмалар орындату арқылы түсіндіру.

Жаңа білім-білік дағдыны қалыптастыру, алған білімдерін дамыту, жазу

каллиграфиясын, оқу жылдамдағы мен сауаттылығын жақсарту.

Әдептілікке, адамгершілікке, имандылыққа баулу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Әдіс-тәсілдері: Ережемен жұмыс, ауызша талдау, терме диктант, өзіндік жұмыс, танымдық тапсырма.

Көрнекілігі: Сызба

Пәнаралық байланыс: Ана тілі

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа даярлығын ұйымдастыру, зейіндерін аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру:

166-жаттығу. Мақалды жатқа жаз, сөйлем мүшелеріне талда.

Дәптер бойынша және жатқа сұрап, ауызша талдату.

3. Өтілген тақырыпты пысықтау:

1. Шығармашылық тапсырма.

Бастауышы да , баяндауышы да зат есім болатын үш сөйлем жаз.

Арасына қандай тыныс белгі қойдың?

................ - ................... .

2. Ережемен жұмыс. Сөйлем мүшелерінің ережелерін жатқа сұрау.

4. Жаңа білімді меңгерту:

А) Көркем жазу минуты: Чч

Өтірік өлеңді сауатты, көркемдеп көшіріп жаз: Чипполино тапқыр бар,

Чекистердей батыл да.

Чукча, Чуваш, Чилилер-

«Ч» әрпінен басталар.

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту. Жаттығулар мен тапсырмалар орындату:

168-жаттығу. Терме диктант, ауызша талдау.

Оқылған сөйлемдерден дара және күрделі сөздерді атап, күрделі сөздерді теріп жаз. Олар қай сөз табына жатады?

Дара сөздер: Күрделі сөздер:

Жеті, екі (сан есім) Он екі, он бес (сан есім)

Отыр, тұр (етістік) Жазып отыр, сөйлеп тұр (етістік)

169-жаттығу. Өзіндік жұмыс. Сөйлемдерді оқып, бес сөйлемді көшіріп жаз. Сөйлем мүшелеріне талдап,тиісті сызықтарымен сыз.

Ережемен жұмыс: 54-беттегі ережені іштей оқып, жаттау.

Ереже дәптерге жазу. Есте сақтау.

170-жаттығу. Ауызша талдау. - Сөйлемдерді оқыту.

- Күрделі мүшелерді табу

- Сұрақ қою арқылы қай сөз табы екенін анықтау.

Көк ала (қандай? Сынесім), кей шақта (қашан? Үстеу), жасыл бұйра (қандай?).

4. Жаңа сабақты түсінгендерін тексеру:

176-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз, күрделі мүшелерді тап. Олар сөйлемнің қандай мүшесі екенін анықта.Сұрақ қойып қай сөз табына жататынын айт.

Мысалы: Екі бала орманға бара жатыр. Бара жатыр-баяндауыш, етістік (не істеді?)

5. Сабақты бекіту:

174-жаттығу. Ауызша талдау. –Жұмбақты оқыту.

- Күрделі мүшелерді табу, байланысын анықтау.

Кенересі шатырдың

Мөлдір моншақ тағып тұр. (Моншақ – не? Бастауыш, тағып тұр - қайтті? Баяндауыш)

Күн қыздырса, ақырын

Шашақтан су тамып тұр. (Сүңгі) (Су – не? Бастауыш, тамып тұр-қайтті? Баяндауыш)


Қосымша тапсырма: Сан есім, сын есім, етістіктен жасалған күрделі мүшесі бар төрт сөйлем ойлап жаз.

Мысалы: Сыныпта отыз екі оқушы бар. (қанша?- отыз екі)

Ақ шұбар көбелек гүлге қонды. (қандай?- ақ шұбар)

Иса анасына сыйлық әзірлеп қойды. (не істеді? - әзірлеп қойды)


6. Үйге тапсырма:

Топтық тапсырма:

1-топ 2-топ 3-топ

171-жаттығу 172-жаттығу 173-жаттығу 55-бет


7. Бағалау.










































Сабақ жоспары: Қазақ тілі 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.

Сабақтың мақсаты: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері- қызметі де, сұрағыда бірдей, бір тұлғада айтылатын сөздер және олардың тыныс белгілері болатыны жайлы түсінік беру.

Алған түсініктерін жаттығулар мен тапсырмалар орындату барысында іске асыру,дамыту, шыңдау.

Сауатты, көркем, таза жазуда эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Әдіс-тәсілдері: Ой қозғау, ауызша талдау, өзіндік жұмыс, ережемен жұмыс,шығ-қ жұмыс, терме д.

Көрнекілігі: Сызба, кесте

Пәнаралық байланыс: Ана тілі. Орыс тілі

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау, назарларын аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру:

171,172,173- жаттығулар. Топтық тапсырма. Дәптер бойынша және оқытып ,ауызша талдату.

3. Өтілген тақырыпты пысықтау:

Үлестірмелі парақшалармен жұмыс жүргізу арқылы пысықтау.

4. Жаңа білімді меңгерту:

А) Көркем жазу минуты: Шш

Жаңылтпашты жаңылмай жатқа жазу: Шошыттық үш құсты,

Шошып үш құс ұшты.

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту. Ой қозғау! Сөйлемді керекті сөздермен толықтыр:

Оқушыда қалам,....... , ......... , ........ , ......... болу керек.

Айнұрда қызыл, ...... , ......... , ........ , .......... түсті қарындаштар бар.

Бірліктерге мына сандар бір ,..... ,......, ..... ,...... , ..... , ..... , ...... , ...... жатады.

Тапсырма: Көп нүктенің орнына қойған сөздерге сұрақ қой.

Ол сөздер қай сөз табына жататынын анықта.

Қандай қорытынды жасауға болады ?

2. Жаттығулар мен тапсырмалар орындату:

177-жаттығу. Ауызша талдау. Екі бағандағы сөйлемдерді оқыту

Салыстыру.

Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойып , қай мүшемен байланысып

тұрғанын анықтау.

178-жаттығу. Өзіндік жұмыс. Сөйлемдерді оқып шығып, үлгі бойынша жаз:

Үлгі: Орманда нелер өседі? – Орманда қайың, тал, терек, үйеңкі өседі.

Тапсырма: Бір сұраққа жауап беретін сөздерді тап.

Олар сөйлемнің қай мүшесімен байланысқан?

Олардың арасына қандай тыныс белгі қойдың?

Ережемен жұмыс: 57-беттегі ережені іштей оқып танысу.

Жаттау. Ереже дәптерге көшіру.

179-жаттығу. Ауызша талдау. - Өлеңді мәнерлеп оқыту.

- Сөйлемнің бірыңғай мүшелерін табу.

- Сұрақ қою.

- Олардың сөйлемде қандай мүшемен байланысып тұрғанын анықтау.

Асқар тау,сай, орман – нелер? Жорыққа, сапарға – неге?

5. Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру:

180-жаттығу. Терме диктант. Оқылған сөздерден бір сұраққа жауап беретін сөздерді теріп жаз:

Ақ, қызыл шарлар жарысып, ақ қанат құстан қалмады. Көлшіктерде, суларда үйрек ұшып, қаз қонған.

6.Сабақты бекіту:

Жұмбақ- сұрақ: Барлығы да бір-ақ сұраққа жауап береді,

Барлығы да бір мүшеге байланысып келеді.

Мұндайларды не деуші еді, кім бөгелмей айтып береді?

Шығармашылық тапсырма:

Бірыңғай мүшелері бар сөйлемдер құрап айту, сұрақ қою, байланысын анықтау.

7. Үйге тапсырма: 181-жаттығу 58-бет.

8. Бағалау.


Сабақ жоспары : Қазақ тілі 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Қыстырма сөз.

Сабақтың мақсаты: Қыстырма сөз – сөйлеушінің түрліше көзқарасын білдіретін сөздер тобы және олардың жасалуы мен тыныс белгілері жайлы түсінік беру.

Жаттығулар мен тапсырмалар орындату арқылы қыстырма сөз туралы алған білімдерін дамыту, шығармашылықтарын шыңдау, өзбеттерінше жұмыс істеуге дағдыландыру.

Сауатты, көркем жазуға үйретуде эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Әдіс-тәсілдері: Ауызша талдау, терме диктант, мәтінмен жұмыс, шығ-қ жұмыс


Пәнаралық байланыс: Ана тілі

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау, зейіндерін аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру: 188- жаттығу 61-бет

Дәптер бойынша тексеру. Оқытып ауызша талдап тексеру.

3. Өтілген материалды пысықтау:

1. Ережелерді жатқа сұрау.

2. Үлестірмелі парақшалармен жұмыс.

4. Жаңа білімді меңгерту:

А) Көркем жазу минуты: Щщ

«Щ» дыбысы бар сөздер тауып жазу: Щетка, ащы, тұщы,

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту.

Жаттығулар мен тапсырмалар орындату:

189-жаттығу. Ауызша талдау, салыстыру. – Екі бағандағы сөйлемдерді дауыстап оқыту.

- Салыстыру.

- Сөйлемдердің құрамынан сөйлем мүшесі емес сөздерді

табу.

  • Екінші бағандағы сөйлемдермен салыстыра отырып

оладың қай мүше екенін анықтау.

Ережемен жұмыс: 62-беттегі ережені оқыту, жаттау. Ереже дәптерге жазу. Есте сақтау.

190-жаттығу. Терме диктант. Оқылған сөйлемдерден қыстырма сөздерді тауып жаз:

Дау жоқ, несін айтасың, бәлкім, демек, сонымен, байқаймын.

Тапсырма: Қыстырма сөз сөйлемнің қай жерінде тұрғанын анықта. Не байқадың?

191-жаттығу. Ауызша талдау. - Өлеңді мәнерлеп оқыту.

- Қыстырма сөздерді табу.

- Қыстырма сөздерді алып тастап оқыту, сөйлем мағынасындағы өз-

Герісті байқау.

- Өлең мазмұнын талдау, түсіндіру.

192- жаттығу. Ауызша талдау. – Сөйлемдерді түсініп оқыту.

- Қыстырма сөздерді тауып, тыныс белгілеріне назар аударту.

193-жаттығу. Мәтінмен жұмыс: 1.Ауызша талдау. – Мәтінді оқыту. Қыстырма сөздерді тауып, тыныс белгісін анықтау және қатар келген екі қыстырма сөзді табу.

2. Қосымша тапсырма: «Немене» деген қ.с. сөйлем мүшесі жасап, «Рас» деген сөйлем мүшесі болып тұрған сөзді қыстырма сөз жасап екі сөйлем жаз:

Мысалы: Асқар әжесі дүкенге неменеге жұмсағанын ұмытып қалды.

-Рас, сен биыл да оқу озаты болдың !

Ережемен жұмыс: 63-беттегі ережені оқу, жаттау. Ереже дәптерге көшіру. Есте сақтау.

5. Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру:

Шығармашылық тапсырма. Берілген қыстырма сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жаз. Қыстырма сөздер сөйлемнің басында, ортасында, аяғында тұратын болсын.

Керекті қыстырма сөздер: Бәсе, өкінішке орай, Неге екенін кім білсін, әйтеуір, міне.

6. Сабақты бекіту:

196-жаттығу.Ауызша талдау. Мәтінмен жұмыс. – Мәтінді оқыту, түсінгендерін мазмұндату. Қыстырма сөздерді тауып орнын, тыныс белгілерін, құрамын анықтау.

7. Үйге тапсырма: 197-жаттығу 66-бет

8. Бағалау.

Сабақ жоспары : Қазақ тілі 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы.

Сабақтың мақсаты: Сөздер мағыналарына қарай топтасатынын және олардың айырмашылықтры болатынын, сөз мағынасы дыбыстың әсерінен де өзгеретінін түсіндіру.

Алған білімдерін , тіл байлықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Адамгершілікке, әдептілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Әдіс тәсілдері: Сөздікдиктант, кестемен жұмыс, ауызша талдау, танымдық тапсырма, жеке оқушы

Көрнекілігі: Кесте , сызба.

Пәнаралық байланыс: Ана тілі

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау, назарларын аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру: 197-жаттығу 66-бет

Дәптер бойынша және оқытып, ауызша тексеру, талдау.

3. Өтілген материалдан түсінгендерін пысықтау:

1. Ережелерді жатқа сұрау, мысалдармен дәлелдеу.

2. Үлестірмелі парақшалармен жұмыс.

4. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:

А) Көркем жазу минуты: Ыы

Мақалды сауатты, көркем етіп жатқа жазу: Ырыс алды- ынтымақ. Ынтымақ- ырыс қазығы.

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту. Жаттығулар мен тапсырмалар орындату:

199- жаттығу. Сөздік диктант. Кестемен жұмыс.

Оқылған сөздерді кесте бойынша топтастырып жазу:

Заттың атын білдіретін сөздер

Сынын

Санын

Қимылын

Тау,

Ұялшақ,

Он жеті,

Сөйлеу,

Тапсырма: Әр сөзге сұрақ қойып, айырмашылықтарын анықтау.

200-жаттығу. Ауызша талдау. Сөздерді оып, сөз мағынасын өзгертіп тұрған дыбысты ата:

ЖОЛ- ЖАЛ- ЖЫЛ- ЖЕЛ.

Қосымша тапсырма: Осы сөздердің соңындағы дауыссыз дыбыстарды өзгертіп бірнеше сөз жасап олардан сөйлем құрап жаз: Мысалы: жоқ, жаз, жыр, жең,.... .

201-жаттығу. Ауызша талдау. - Әр қатардағы сөздерді оқы.

- Мағыналарын салыстыр.

- Сөйлегенде, жазғанда бұл сөздерді бір-бірімен ауыстырып қолдануға болатынын немесе болмайтынын байқа.

5. Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру:

Жеке оқушымен жұмыс жүргізу.

6. Сабақты бекіту:

Танымдық тапсырма, топтық жұмыс. Берілген сөздердің дыбыстарын өзгертіп басқа сөздер жасап , оларды мағыналарына қарай топтастырып жаз:

1-топ 2-топ 3-топ

ЖҰМЫРТҚА КИГІЗЕДІ ЖҰДЫРЫҚТАЙ

Мысалы: ЖҮРЕК-жүр,ек,күрек, үркек,күре,.жек, кер,ер, кек.

Заттың атауы сыны қимылы

Күрек үркек күре

7. Үйге тапсырма: 202-жаттығу 68-бет

8. Бағалау.








Сабақ жоспары : Қазақ тілі. 4-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Мәндес және қарсы мәндес сөздер.

Сабақтың мақсаты: Сөз мағыналарының мәндес және бір- біріне қарама-қарсы болатыны жайлы түсінік беру.

Жаттығулармен тапсырмалар орындату арқылы сөз мағыналары және олардың мәндес, қарсы мәндес болатыны жайлы алған білімдерін дамыту, сөздік қорлары мен сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.

Адамгершілік, әдетілік тәрбиеге баулу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Әдіс-тәсілдері: Өзіндік жұмыс, ауызша талдау, жатқа жазу,шығ-қ тапсырма,

Көрнекілігі: Сызба, суреттер

Пәнаралық байланыс: Ана тілі

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау.Назарларын аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру:202-жаттығу

Дәптер бойынша және оқытып, ауызша тексеру.

3. Жаңа сабақты меңгерту:

А) Көркем жазу минуты: Іі

Жаңылтпашты көркем , сауатты түрде жатқа жаңылмай жазу:

Ізге түсті Ізмұрат,

Ізмұратты біз бірақ

Іздеп-іздеп таппадық,

Ізім-қайым қызық-ақ.

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту. 1. Ой қозғау! Венн диаграммасы бойынша сөздер ойлап жазу, салыстыру:

Мәндес сөздер Қарсы мәндес сөздер

2. Жаттығулар мен тапсырмалар орындату:

203-жаттығу. Өзіндік жұмыс. Сөйлемдерді оқып, қарамен жазылған сөздердің орнына мәндес сөздер қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөздердің мағыналарының өзгерген- өзгермегенін байқа.

Мысалы: Асан шапшаң (тез, жылдам) қимылдайды, іске икемі де жақсы.

204-жаттығу. Ауызша талдау. – Сөйлемдерді түсініп оқы. Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір: Қос, екеу ара, пар.

205-жаттығу. Ауызша талдау. Сөз жұптарын оқы, салыстыр. Олар қандай мағынада айтылған сөздер? Мысалмен дәлелде.

206-жаттығу. Мақалды жатқа жазу: Жомарт дос көбейтеді,

Сараң мал көбкйтеді.

Тапсырма: Қарсы мәндес сөзді тап, мағынасын түсіндір.

Мақалдың мағынасын талдау.


4.Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру:

Шығармашылық тапсырма: Бірнеше мәндес және қарсы мәндес сөздер тауып сөйлем құрап жаз.

Мысалы: Өжет, алғыр, жуас, аңқау,қу,жар, жүз, таныс, сайыс, оңай, қиын.

Жуас қу

АДАМ алдамшы

Момын өтірікші

5. Сабақты бекіту:

208-жаттығу. Ауызша талдау. – Жұмбақты дауыстап оқыту;

- Шешуін табу;

- Қарсы мәндес сөздерді тауып қолданылу себебін түсіндіру;

6. Үйге тапсырма:

209-жаттығу 69-бет

7. Бағалау.








Сабақ жоспары: Қазақ тілі 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөздердің көп мағыналығы.

Сабақтың мақсаты: Көп мағыналы сөздерге – дыбысталуы бірдей, бірақ әртүрлі мағына беретін сөздерді жатқызуға болатынын сөз тіркестерін салыстыру арқылы түсіндіру.

Сөз мағынасы туралы алған білімдерін кеңейту, шыңдау және сөйлеу мәдениеті мен тіл байлықтарын дамыту.

Сауатты, көркем,таза жазуға үйретуде әдемілікке, әсемдікке баулу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Әдіс- тәсілдері: Ой қозғау, өзіндік жұмыс, диктант, ауызша талдау,терме диктант

Көрнекілігі: Сызба, үлестірмелі парақша

Пәнаралық байланыс: Ана тілі , дүниетану

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау, назарларын аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру: 209-жаттығу 69-бет

Дәптер бойынша және оқытып ауызша тексеру.

3. Өтілген материал бойынша білімдерін пысықтау, тексеру:

Танымдық тапсырма, топтық жұмыс. Берілген суретттер бойынша мәндес және қарсы мәндес сөздер жазу, сөйлем құрап айту.

1-топ 2-топ 3-топ

4. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:

А) Көркем жазу минуты: ь ъ

Жіңішкелік және айыру белгісі бар сөздерден сөздік диктант алу:

Пальто, коньки, лагерь, фильм, съезд, разъезд, подъезд.

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту. Ой қозғау! Сызба бойынша «жаз» сөзін бірнеше мағынадағы баламасын табу:

Жазуды қатесіз ... . Дем алып бойыңды ... .

ЖАЗ

Шашыңның ұйысқанын ... . Плакатты ... ұста .

2. Жаттығулар мен тапсырмалар орындату:

210-жаттығу. өзіндік жұмыс. Өлеңді көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздердің астын сыз, мағыналарын түсіндір. Болам десең ұста, Байлық-нан,

Балғаны нық ұста. Сөзіме нан.

211-жаттығу. Диктант. Оқылған сөйлемдерді қатесіз жаздыру:

Қар қалың жауды. Айбар қалың киім киді. Есік ашық тұр. Гүлназдың мінезі ашық екен.

Тапсырма: - Көп мағыналы сөзді тауып, астын сызу.

Ол сөздерді басқа сөздермен тіркестіріп жазу. Мысалы:

Кітап жол

ҚАЛЫҢ шөп АШЫҚ күн

Жылқы аспан

212-жаттығу. Ауызша талдау. Екі бағандағы сөздерді салыстырып оқы, мағыналарындағы өзгешелікті түсіндір: киім жүз

үй ЖЫЛЫ сөз

қолғап шырай

жел қарсы алу

Қосымша тапсырма: «Жылы» сөзін әртүрлі мағынада қолданып үш сөйлем құрап жаздыру.

5. Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру:

Терме диктант. Оқылған мақал-мәтелдерден көп мағыналы сөздерді тауып жазып,оларды қатыстырып сөйлем құрап жазу. Су анасы – бұлақ, Ашу- дұшпан, ақыл- дос,

Сөз анасы – құлақ. Ақылыңа ақыл қос.

6. Сабақты бекіту:

213-жаттығу. Ауызша талдау. - Өлеңді оқыту

- Мазмұнын қара сөзбен әңгімелету.

- Қарамен жазылған сөздерді салыстырып, мағынасын түсіндіру.

( аппақ шашы , ақ тілеу, ақ пейіл).

- «Ақ» сөзін әртүрлі мағынада қолданып сөйлем құрастыру.

7. Үйге тапсырма: 214-жаттығу 71-бет

8. Бағалау.

Сабақ жоспары: Қазақ тілі. 4 –сынып.

Сабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркесі.

Сабақтың мақсаты: Бірнеше сөз тіркесіп бір ғана мағына беретін сөздерді тұрақты сөз тіркесі деп аталатынын жаттығулар мен тапсырмалар орындату арқылы түсіндіру.

Жаңа білім- білік дағдыларын,тіл байлықтарын,сөйлеу мәдениеттерін дамыту, өзбеттерінше жұмыстар істеуге дағдыландыру.

Имандылықжәне адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Әдіс-тәсілдері: Ауызша талдау, қосымша танымдық тапсырма, шығ-қ диктант, өзіндік жұмыс.

Көрнекілігі: тиісті сөздер жазбасы, плакат

Пәнаралық байланыс: Ана тілі

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау, назарларын аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру: 214-жаттығу 71-бет

Дәптер бойынша және оқытып, ауызша тексеру.

3. Жаңа білімді меңгерту:

А) Көркем жазу минуты: Ээ

«Э»дыбысынан басталатын тізбекті өлең жолдарын жатқа сауатты, көркем жазу:

Элеватор маңында,

Экскаватор тоқтады.

Эрик ағай тағы да,

Электрикті жоқтады.

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту. Жаттығулар мен тапсырмалар орындату:

215-жаттығу. Ауызша талдау. Екі бағандағы сөз тіркестерін оқып мағыналарын салыстырып, сұрақ қою арқылы өзгешелікті анықтау. Мысалы:

Шарды үрледі. (не істеді?-үрледі).................. Үріп ауызға салғандай (қандай?- әдемі, көрікті)

216-жаттығу. Ауызша талдау. Сөйлемдерді оқып, қарамен жазылған сөз тіркестерінің мағынасын ашу, түсіндіру.

Қосымша тапсырма: Ұшып тұрып, көз ілеспейді, желаяқ деген тұрақты сөз тіркестерін және сол сөздердің мағынасын беретін сөзді қатыстырып бірнеше сөйлем құрастырып жазу.

Мысалы: Қарт адам кіргенде бала ұшып тұрып амандасу керек. Қартадамға бірінші бала амандасу керек.

4. Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру:

Шығармашылық диктант. Көп нүктенің орнына тиісті сөз тіркестерін қойып жазу:

Аға ұрпақ соғыс жылдарында ... ... ... айқасты. Аса мейірімді, ... ... осы адам ойымда мәңгі қалыпты. Болат ... ... .... ... ... жүр. Мұрат ... ... .... ... өзгеріп қалыпты. ... ...-... қалаға жетіп барасың.

Тиісті тіркестер: әкесінің арқасында күн көру, жүрегі жұмсақ, қас пен көздің арасында, қасық қаны қалғанша, көзді ашып- жұмғанша.

Сұрақ қою арқылы сөз мағыналарына сай жеке сөздермен алмастырып айту.

5. Сабақты бекіту:

217-жаттығу. Өзіндік жұмыс. Сөйлемдерді оқып,қарамен жазылған тұрақты сөз тіркестерін жеке сөздермен алмастырып сөйлемдерді көшіріп жазу. Тиісті сөздер: шіміркпей, лезде, қараңғы.

Үлгі: Көзге түртсе көргісіз (қараңғы) түнде Айжан үйді қалай табар екен?

6. Үйге тапсырма: 218-жаттығу 72-бет

7.Бағалау.







Сабақ жоспары: Қазақ тілі. 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Күрделі көздер.

Сабақтың мақсаты: Екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөздер күрделі сөздер деп аталатынын түсіндіру.

Жаңа тақырыпқа байланысты білім-білік дағдыны қалыптастыру, сөздік қорлары мен сөйлеу мәдениеттерін дамыту.

Сауатты, көркем жазуға үйрету арқылы эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: Ауызша талдау, сөздік диктант, өзіндік жұмыс, терме диктант, шығ-қ диктант

Көрнекілігі: Тірек сөздер, бор, тақта, диктант

Пәнаралық байланыс: Ана тілі, математика

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау, назарларын аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру: 218-жаттығу 72-бет.

Дәптер бойынша және оқытып ауызша тексеру.

3. Жаңа білімді меңгерту:

А) Көркем жазу минуты: Юю

Сөздік диктант: Юбка, Юля, юнкер, Юпитер, Юнга, Юрий, юбелей, юрист,юморист, аю,ою.

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту. Жаттығулар ме тапсырмалар орындату:

219-жаттығу. Ауызша талдау. Екі бағандағы сөздерді оқыту, сұрақ қою арқылы мағыналарын салыстыру: Ауыл,аймақ, отыз, қырық... Ауыл-аймақ, отыз-қырық...

Ережемен жұмыс: Ережені іштей түсініп оқу, жаттау, ереже дәптерге жазу.

220-жаттығу. Сөздік диктант. Оқылған сөздерді сауатты, көркем жаз:

Ақсақал, айбалта, баспасөз, тасбақа, жас ұлан, сары май, әке-шеше, көзбе-көз, мая-мая.

Тапсырма: Күрделі сөз аталу себебін түсіндір;

Мағынасын түсіндір;

Қалаған үш сөзді қатыстырып сөйлем құрап жаз;


222-жаттығу. Өзіндік жұмыс. Сөйлемдерді көшіріп жазып, күрделі сөздердің жасалу жолдарын анықта: дәрі-дәрмек, жеміс-жидек ( қосарланыып жасалған); қосмекенділер,құрбақалар, жайынауыз, қоқиқаз, Қорғалжын, халықаралық ( екі түбірдің бірігуінен) ; теңіз көлдері, тас көмір, Қазақстан спортшылары (екі түбірдің тіркесуінен) жасалған күрделі сөздер.

4. Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру:

Терме диктант. Оқылған тіркескен сөздерден күрделі сөздерді теріп жаз:

Ағаш көпір, көк жасыл,үздік оқушы, он төрт, үш қой, тас жол, шұбар ала, бір апта, көк кептер, жылы жел.

Оқыта отырып тексеріп, күрделі сөздерге сөйлемдер құрату. ( ағаш көпір, он төрт, көк жасыл, тас жол, шұбар ала)

5. Сабақты бекіту:

225-жаттығу. Шығармашылық тапсырма.Күрделі сөздерді қатыстырып өздерің тұрған жердің қысқы тіршілігі туралы шығарма жаз;

Керекті сөздер:


Жазған шығарманы оқыту, тексеру; Ережені жатқа сұрау.

6. Үйге тапсырма: 221, 224- жаттығулар 73-бет.

5. Бағалау.












Сабақ жоспары: Қазақ тілі. 4-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер.

Сабақтың мақсаты: Біріккен сөздер екі түбірден жасалатын сөздер,олар бірігіп жазылатыны жайлы ұғым қалыптастыруға байланысты жаттығулар мен тапсырмалар орындату.

Алған білімдерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау , өз беттерінше жұмыстар жасауға дағдыландыру.

Сауатты, көркем жазуға үйрету арқылы эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Әдіс-тәсілдері: Ауызша талдау, терме диктант, өзіндік жұмыс, танымдық тапсырма.

Көрнекілігі: Тізбек сөздер, сызба.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау,назарларын аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру:

221-жаттығу. Ауызша талдау. Күрделі сөздерді оқы, жасалу жолдары менерекшеліктеріне қарай топтастырып айт:

Қосарлану Бірігу Тіркесу



224-жаттығу. Дәптер бойынша және оқытып ауызша талдап тексеру. Берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жаз: Ата қоныс, түйе құс, жолдас-жора.

3. Өтілген тақырыпты пысықтау:

Есте сақтау диктанты . Тақтаға жазылған сөздерді іштерінен оқып, естерінде сақтайды.Өшірілген соң дәптерге қатесіз жатқа жазады: Өнер табыс, өнер кәсіп, белбала , бес аспап, таңертең, сүйел шөп, ұлан-байтақ, ара-тұра, аласапыран.

Ережені жатқа сұрап пысықтау.

4. Жаңа сабақты меңгерту:

А) Көркем жазу минуты: Яя

Тізбек сөздерді сауатты, көркем жазу: Жая, мая, сая,

Аяз, пияз,сия.

Аяқ, таяқ, қия,

Шаян, қоян,ұя,

Бәрінде бар Я.

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту. Жаттығулар мен тапсырмалар орындату:

226-жаттығу. Ауызша талдау. Берілген сөздерді оқытып, сөз құрамына талдату арқылы неше түбірден құралғанын анықтау: Айнабұлақ, қосаяқ, Тескенсу, итмұрын, Алакөл, Талдықорған, Ботагөз, ...

Ережемен жұмыс: Ережені іштей түсініп оқыту, жаттау, ереже дәптерге жаздыру.

227- жаттығу. Терме диктант. Оқылған сөйлемдерден біріккен сөздерді тауып құрамындағы түбірлердің арасына қосу(+) белгісін қойып жаз: Қос-құдық, Қара+жол, Ақ+теңіз, көк+жиек, ақ+сақал, ақ+қу, Бір+жан, әлде+қалай.

228-жаттығу. Өзіндік жұмыс. Өлеңді көшіріп жазып, біріккен сөздерді тауып астын сыз. Қалай жасалғанын түсіндір: (Алатау, Тарбағатай, Бурабай, Баянауыл)

5. Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру :

Танымдық тапсырма. Берілген сөздердің алдына немесе артын сөз қойып біріккен сөз жасап жаз:

Халық... , кәсіп... , ара... , ...түстік , еңбек... , шикі... , ас... , бас... , көз, әр.

Үш сөзге сөйлем құрап жаз.

6. Сабақты бекіту:

230-жаттығу. Ауызша талдау. - Біріккен сөздерді оқыту;

- Сөздер құрамындағы сөздердің мағынасын түсіндіру;

Ережені пысықтап , жатқа сұрау.

7. Үйге тапсырма: 229- жаттығу 75-бет.

8. Бағалау.






Сабақ жоспары: Қазақ тілі. 4-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздердің жазылуы.

Сабақтың мақсаты: Біріккен сөздердің құрамындағы сөздердегі қатаң, ұяң дауыссыздар және екі дауысты дыбыстың сақталуы мен бір дауысты дыбыстың түсіп қалуына байланысты жазылу ерекшеліктерін түсіндіру.

Жаңа білім-білік дағдыларын, есте сақтау қабілеттерін, ой-өрістерін дамыту.

Жаттығулар мен тапсырмалар мазмұнына орай елжандылық,экологиялық тәрбиеге баулу.

Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс

Сабақтың типі: Жарыс сабақ

Әдіс-тәсілдері: Интер белсенді ( топтық тапсырма, жылы лебіз, Эссе жазу, ой қорыту, өзіндік ж. )

Көрнекілігі: Үлестірмелі парақшалар, сызбалар, кестелер.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, ана тілі

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау: топқа бөлу, сабақтың шарттары мен ережелерін құрастыру.

Зейіндерін аудару.

2. Үй таспырмасын тексеру: 229-жаттығу 75-бет

Топ жетекшілеріне дәптер бойынша тексерту.

Әр топ парақшаға сай біріккен сөздерді бөліп жазу:

1-топ 2-топ 3-топ 4-топ

АҢДАР ҚҰСТАР ЖӘНДІК БАЛЫҚ

3. Өтілген тақырыпты пысықтау:

Үлестірмел парақшалар бойынша топтық тапсырмалар беру.

Ережелерді пысықтап сұрап шығу.

4. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:

А) Көркем жазу минуты: А а

1топ 2-топ 3-топ 4-топ

«А» «А» «А» «А»

Адам аттары Қала аттары Жеміс атттары Табиғаттағы атаулар

тауып, сауатты, көркем жазу.

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту. Жаттығулар мен тапсырмалар орындату:

231-жаттығу. Мәтінмен жұмыс.Эссе жазу: Әртоп шағын эссе жазып, өзара оқып, біріккен сөздерді тауып, жазылуы мен айтылуындағы айырмашылықтың бар –жоғын тауып, түсіндіреді.

1-топ 2-топ 3-топ 4-топ

Ережемен жұмыс: 1-топ 76-беттегі ережені оқып, талдап, түсіндіреді. Жаттап, ереже дәптерге жазу.

Өзіндік жұмыс:

1-топ 2-топ 3-топ 4-топ

232-жаттығу 233-жаттығу 234-жаттығу 235-жаттығу

3-топ 76-беттегі екінші ережені оқып, талдап, түсіндіреді. Ереже дәптерге жатқа жазу, есте сақтау.

Танымдық тапсырма:

1-топ 2-топ 3-топ 4-топ

1.Екі сөзден құралған кісі және жер-су аттарын жаз және әрқайсысына сөйлем құрап жаз;

2. Біріккен сөзден тұратын аң, құс, шөп аттарын ойлап жаз;

Ережемен жұмыс: 77-беттегі ережені оқу, жаттау, ереже дәптерге жатқа жаз

5. Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру:

Сызбамен жұмыс: Мысалдарды оқи отырып, қорындылау, ережені қайталау.

Біріккен сөздердің жасалуы.

1-топ 2-топ 3-топ

Жарғанат, Амангелді, Мырзахмет, Алдаркөсе, Қожанасыр Торыайғыр, Қызылауыз, Ырыскелді, Нұрқожа, Ақансері, Аружан, Бексұлтан,Айнұр Қараой, Сарыөзек.

Әбілқайыр, Қаламқас

6. Сабақты бекіту:

Сөздік диктант. Оқылған сөздерді мына топтар бойынша бөліп жаз: Амантекше, Ыстықкөл,Көксу, таутеке, қараторғай, сарыағаш, бозқараған, Қаратау, Ұлы тау,Қызылжар, Бурабай, Баянауыл, жаужапырақ, таусарымсақ, жезкиік, жолбарыс, Көктөбе, Байдәулет, Жанпейіс, Есенкелді.

Адам аттары: Тау аттары: Жер-су аттары: Аң- құс аттары: Өсімдіктер:

7. Үйге тапсырма: 239-жаттығу 77-бет

8. Бағалау.

Сабақ жоспары: Қазақ тілі 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Қос сөздер.

Сабақтың мақсаты: Екі сөз қосарланып жасалып, арасына дефис (-) қойылып жазылса – қос сөз деп аталатыны жайлы түсінік беру, күрделі сөздер бойынша жаңа ұғым қалыптастыру.

Сөздік қорларын, ой-өрістерін, есте сақтау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сауатты,көркем, таза жазуға үйретуде эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, ауызша талдау, терме диктант, өзіндік жұмыс, деңгейлік тапсырма.

Көрнекілігі: Үлестірмелі парақшалар

Пәнаралық байланыс: Ана тілі

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың сабаққа даярлығын ұйымдастыру, назарларын аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру: 239-жаттығу

Дәптер бойынша және оқытып, ауызша талдап тексеру.

3. Өтілген тақырыпты пысықтау, түйіндеу:

Күрделі сөздер және біріккен сөздер туралы ережелерді жатқа айту, мысалдармен дәлелдеу.

4. Жаңа сабақты түсіндіру:

А) Көркем жазу минуты: Әә

«Ә» дыбысынан басталатын туыстық атауларды тауып сауатты, кқркем жазу:

Әже, әпке, әке,

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту. Жаттығулар мен тапсырмалар орындату:

240-жаттығу. Ауызша талдау. Өлнңді оқып, күрделі сөздерді тауып жасалу жолдарын, мағынасын түсіндір: Қора-қора қой жатыр,

Қарын-қарын май жатыр.

Түйе-түйе жүк жатыр,

Ауыл-ауыл ел жатыр.

241-жаттығу. Ауызша талдау. Екі бағандағы сөйлемдерді оқып қарамен жазылған сөздерді салыстыру

Ережемен жұмыс: 79-беттегі ережені оқу,жаттау, ереже дәптерге жатқа жазу.

242-жаттығу. Терме диктант. Оқылған сөйлемдерден қос сөздерді теріп жаз:

Тапсырма: Сыңарларын салыстыр; жасалу жолына мән бер.

5. Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру:

Үлестірмелі парақшалар бойынша жеке оқушылармен жұмыс.

6. Сабақты бекіту:

244-жаттығу. Өзіндік жұмыс. Қос сөздердің арасына дефис қойып сөйлемдерді көшіріп жаз.

7. Үйге тапсырма: 243-жаттығу 79-бет

8. Бағалау.





















Сабақ жоспары: Қазақ тілі 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Қос сөздердің тыныс белгілері.

Сабақтың мақсаты: Жаттығулар мен тапсырмалар орындату арқылы қос сөздердің жазылуы мен емлесі туралы түсінік беру.

Күрделі сөздер жайлы алған білімдерін дамыту, өзбеттерінше жұмыс істеуге дағдыландыру.

Адамгершілік және әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Әдіс-тәсілдері: Есте сақтау, терме диктанты, танымдық тапсырма, шығ-қ жұмыс, өзіндік жұмыс.

Көрнекілігі: Кеспелер

Пәнаралық байланыс: Ана тілі

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау. Назарларын аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру: 243-жаттығу

Дәптер бойынша және оқытып ауызша тексеру.

3. Жаңа сабақты түсіндіру:

А) Көркем жазу минуты: Бб

Тізбек сөздерден диктант алу: Бүгін Бекен, Берік, Биғайша, Бану, Балым, Болат бәріміз балалар бақшасына барып, бүлдіршін балдырғандарға бауырсақ, бүлдірген бердік.Бақшада бізден басқа беларус, башқұрт балалары болды. Біз бәріміз бірге биледік.

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту. Жаттығулар мен тапсырмалар орындату:

245-жаттығу. Есте сақтау диктанты: Өлеңді жатқа жаз:

Тапсырма: Қос сөздерді таупы сұрақ қой, астын сыз.

246-жаттығу. Өзіндік жұмыс. Қарамен жазылған сөздерді қос сөздерге айналдырып , сөйлемдерді көшіріп жаз:

247-жаттығу. Терме диктант. Оқылған сөйлемдерден қос сөздерді теріп жаз, сөз құрамын талда.

4. Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру:

Шығармашылық тапсырма: берілген сөздерден қос сөздер жасап, оларды қатыстырып сөйлем құрап жаз.

Кезек, рет, күте,сылдыр, талай,екі, тыныш, тарс, өзі, қызыл.

5. Сабақты бекіту:

249-жаттығу. Танымдық тапсырма: сөйлемдерді оқып қос сөздерді тап. Оларды қатыстырып басқа сөйлем құрап жаз. ( ар-ұят, ақтылы –көктілі, қалт-құлт, екеу-үшеуден, құлын-тай, жоғары –төмен, үйрек-қаз).

6. Үйге тапсырма:

250-жаттығу 81-бет

7. Бағалау.






















Сабақ жоспары: Қазақ тілі. 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Қос сөздердің жасалуы.

Сабақтың мақсаты: Қос сөздер жасалу жолдарына қарай бірнеше түрге бөлінетіні жпйлы түсінік беру.

Қос сөздер туралы алған білім-білік дағдыны дамыту, тіл байлықтарын, шығарма-

шылық қабілеттерін дамыту.

Имандылыққа, адамгершілікке, елжандылыққа баулу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Әдіс-тәсілдері: Терме диктант, ауызша талдау, топтық жұмыс, өзіндік жұмыс, танымдық тапсырма.

Көрнекілігі: Сызба, кестелер.

Пәнаралық байланыс: Ана тілі

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау. Назарларын аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру:250-жаттығу 81-бет

Дәптер бойынша және оқытып, ауызша талдап тексеру.

3. Жаңа білімді меңгерту:

А) Көркем жазу минуты: Вв

Сөздік диктант: оқылған сөздерді сауатты, көркем таза жазу.

Вагон, вертолет, велосипед, вокзал, волга, Воронеж, Вадим.

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту. Ой қозғау! Танымдық тапсырма. Төмендегі қос сөздерге керекті сөздер қосып қос сөздерге айналдыр:

Күні- - санда жалт-

Үлкен- - шаға сарт-

Ата- - жолдас тарс-

Алыс- - терсек сатыр-

Құрт- - шашын шақыр-

Тапсыма: Үш бағандағы сөздердің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

Қос сөздердің мағыналарын сөйлем құру арқылы дәлелде.

Жаттығулар орындау:

253-жаттығу. Терме диктант. Оқылған сөйлемдерден қос сөздерді теріп жазып бірінші сыңарларының астын сыз, тұлғасына назар аудар: (мөп-мөлдір, тап-таза, сап-сары, мап-майда, ап-анық, тіп-тік).

Ережемен жұмыс: 80,81,82-беттегі ережелерді оқып , жаттап, салыстыру.Ереже дәптерге жатқа жазу.

254-жаттығу. Ауызша талдау. Сөйлемдерді оқыту;

- Қос сөздерді тауып қай түріне жататынын анықтау;

Қосымша тапсырма: Топтық жұмыс.

1-топ 2-топ 3-топ

Қайталама қос сөздер Күшейткіш буын арқылы Қосарлама қос сөздер

тауып олаға сөйлемдер құрастыру. Сөздердің жазылуын есте сақтау.

Шым-шым қып-қызыл үсті-басы

256-жаттығу. Өзіндік жұмыс. Қос сөздерді жай сөздерге айналдырып сөйлемдерді көшіріп жаз.

4. Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру:

Танымдық тапсырма: Төмендегі сөздердің тиістісін көп нүктенің орнына жаз:

Ата-баба, кезек-кезек, тау-тас, күте-күте, быт-шыт, тап-таза, қырқа-қырқа, іркес-тіркес, тып-тыныш, салдыр-гүлдір, машина-машина, үп-үлкен.

  1. Бір сөздің қайталануынан жасалған қос сөздер:

  2. Екі сөздің қосарлануынан жасалған қос сөздер:

  3. Күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздер:

5. Сабақты бекіту:

Сызбамен жұмыс: КҮРДЕЛІ СӨЗДЕР

Біріккен сөз Қос сөз

Жер-су аттары: Қайталама қос сөз:

Өсімдік аттары: Қосарлама қос сөз:

Адам аттары: Күшейткіш буынды қос сөз:

6. Үйге тапсырма:

Күрделі сөздерді қатыстырып еркін тақырыпта әңгіме жазып келу.

7. Бағалау.


Сабақ жоспары: Қазақ тілі 4- сынып.

Сабақтың тақырыбы: Қысқарған сөздер.

Сабақтың мақсаты: Қысқарған сөздер және олардың жазылуы, оқылуы жайлы ұғым қалыптастыруда жаттығулар мен тапсырмалар орындату.

Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, алған білімдерін дамыту,өз беттерінше жұмыс істеуге дағдыландыру.

Сауатты, көркем, таза жазуда әдептілік пен әсемдікке баулу.

Сабақтың түрі : Дәстаүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Әдіс-тәсілдері: Мәтінмен жұмыс, ауызша талдау, сөздік диктант, топтық тапсырма, өзіндік жұмыс.

Көрнекілігі: Тірек сызба, үлестірмелі парақшалар.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау, назарларын аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру:

Күрделі сөздерді қатыстырып еркн тақырыпта әңгіме жазу. 1. Дәптер бойынша тексеру.

2. Оқытып, ауызша тексеру, талдау.

3. Өтілген материалды пысықтау:

1.Тірек схема бойынша күрделі сөздердің түрлерін, жасалу жолдарын, азылу емлесін еске түсіру, пысықтау;

2. Үлестірмелі парақшалармен жұмыс.

4. Жаңа білімді меңгерту:

А) Көрке жазу минуты: Гг

Жаңылтпашты жаңылмай жатқа сауатты, көркем жазу: Гөк, гөк, көги гөк,

Көк,көп, көги көк,

Гөк,көк, гәп,көп.

Ә) Сабақтың тақырбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту: Жаттығулар мен тапсырмалар орындату.

260-жаттығу. Мәтінмен жұмыс, ауызша талдау. 1. Мәтінді дауыстап, қатесіз оқыту;

2. Түсінгендерін мазмұндату;

3. КСРО, ҚР сөздерінің басқа сөздерден айырмашы-

лығын, жасалу жолын анықтау;

Қосымша тапсырма: КСРО,ҚР деген сөздердің толық атауын қатыстырып сөйлем құрату.

Ережемен жұмыс: 85-беттегі ережені іштей түсініп оқу, жатқа сұрау, ереже дәптерге жатқа жазу, есте сақтау.

261-жаттығу. Сөздік диктант. Оқылған қысқарған сөздердің әрқайсысының толық атауларымен қосып жаз: ҚР, ҰҒА, ҚазМҰУ, педкеңес, АҚШ, кг, ҚХР, см.

262-жаттығу. Ауызша талдау. – сөйлемдерді дауыстап оқыту;

- қысқарған сөздерді тауып атау, толық атауларын білу;

- жасалу жолдарына көңіл бөлу;

5. Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру:

Топтық тапсырма. Түсіндірме диктант:

1-топ 2-топ 3-топ

Әр топ оқылған мәтіннен қысқарған сөздерді теріп жазып, талдайды, толық атауын есте сақтайды.

( Қазақ тілі. «Диктанттар жинағы» 4-сынып. Алматы «Атамұра» 2008. 48,49,50-беттер)

Ережені қайталау,пысықтау.

6. Сабақты бекіту:

263-жаттығу. Өзіндік жұмыс. Сөйлемдердегі қысқарған сөздерді теріп жазу, жасалу жолдарын түсіндіру, толық атауларын қатыстырып сөйлем құрап жазу.

Облмәслихат, педкеңес, педколледж.

7. Үйге тапсырма:

264-жаттығу 86-бет.

8. Бағалау.








Сабақ жоспары: Қазақ тілі 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Қысқарған сөздер (2-сағат)

Сабақтың мақсаты: Күрделі атаулардың қысқартылып айтылуы, жазылуы, жасалуы жайлы алған білімдерін пысықтау , бекіту, толықтыру.

Алған білімдерін , шығармашылық қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту.

Адамгершілік,әдептілік пен әсемдікке баулу.

Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс

Сабақтың типі: Саяхат сабақ

Әдіс-тәсілдері: Сөздік диктант, топтық тапсырма, өзіндік жұмыс, эссе жазу.

Көрнекілігі: Атаулар тізбесі, кеспе парақшалар, суреттер,топтамалар.

Пәнаралық байланыс: Математика, дүниетану.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау;

Саяхат сабақтың жүргізілу барысымен таныстыру;

Назарларын аудару;

2. Үй тапсырмасын тексеру:

1-тапсырма. ҰҒА-на баруға жолдама алу үшін үй тапсырмасын тексеру: 264-жаттығу 86-бет.

Шарты: сөйлемдерді көшіріп жазу; қысқарған сөздерді табу; жасалу жолдары мен жалғаулардың жалғану ерекшелігін ; мағынасын түсіндіру.

Шешім: Ережені жатқа айту.

3. Сабақтың жүргізілу кезеңі:

А) Көркем жазу минуты: Ғғ

Оқылған өлеңнен ғ дыбысы бар сөздерді теріп сауатты,көркем жазу: Ғимарат көп қаламда,

Ғаламат көп ғаламда,

Ғылым қуып жалықпай,

Ғалым болам қалайда.

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) Мағынаны таныту. Жаттығулар мен тапсырмалар орындату:

2-тапсырма. Жол үстіндегі тапсырма: 265-жаттығу. Сөздік диктант: қысқарған сөздерді толық жаз:

Кг,км, см, г, л, м, мм. Сұрақ: Бұлар қандай атаулар? Ненің өлшем бірліктері?

3-тапсырма. ҰҒА-ның есігіндегі кіу кодының шарты: Түсіндірме мәтінді оқып, қысқартып айтуға болатын сөздерді тауып , жасалу жолдарын, ненің атауы екенін талдау:

(48-беттегі мәтін : «Атаулардағы өзгерістер» , диктанттар жинағы Алматы «Атамұра» - 2008)

4-тапсырма. «Математика –ғылымдар патшасы.» 266-жаттығу. Топтық тапсырма:

Берілген есепті көшіріп жазып, есептеп шығарып, жауабын қысқарған сөздер қатыстырып жаз:

1-топ 2-топ 3-топ

Серік 150м жердегі дүкенге барып, Ала шапан киініп, Ал, санаңдар,санаңдар,

1кг құмшекер, 200г тоң май, қарбыз жатыр үйіліп. Менің ұзын ағам бар?

1кг кәмпит, 250г кеспе сатып алды. Қарбыздарды шетінен 2кг Менің бойым 63см, інімнің бойы

Серік қанша жол жүрді және алған 500г бөліп 20 адамға сатқан- 37см, қарындасымдікі- 55см,

затының салмағы қанша ? да барлығы неше кг қарбыз әпкемдікі – 71см болғанда,

сатылды ? Ағамның бойын табу үшін

барлығымыздың бойымыздың

ұзындығын қосыңдар.

5-тапсырма. «Тарихыңды танып, біл!» суреттер сыры . 267-жаттығу. Сөйлемдерді оқып шығып, қысқарған сөздерді тап, жасалу жолы мен мағынасын түсіндір.

6-тапсырма. « Қысқарған сөздер қызығы...» тіл ғылымы. Төмендегі қысқарған сөздерді толық түрінде жазып , сөйлем құрап жазыңдар: БҰҰ, ТМД, ҚР, АҚШ, км, мм,дм,т, ц, педкеңес.

4. Сабақта түсінгендерін тексеру:

7-тапсырма. Саяхат сабақтың соңы – шығар алдындағы тапсырма: Топтық жұмыс:

1-топ 2-топ 3-топ

Мемлекет атаулары: Математикалық өлшемдер: Ұйымдар мен мекемелер:

ҚР, АҚШ, кг,мм, дм, ҰҒА, ҚазМҰУ,

5. Сабақты бекіту:

ҰҒА-сындағы саяхат туралы ойлар. Эссе жазу: « Қызықты саяхаттағы қысқартулар...»

6. ҰҒА-ның үйге тапсырмасы:

Білетін қысқарған сөздерді қатыстырып сөйлем қ.ұрау

7. ҰҒА-ның марапаттаулары: Бағалау.


57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 03.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров293
Номер материала ДВ-117760
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх