Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Рабочие программы / Урок на тему Қазақ халқының материалдық мәдениеті

Урок на тему Қазақ халқының материалдық мәдениеті

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: 

Қазақ халқының материалдық мәдениеті (слайдымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды халқымыздың материалдық мәдениетінің түрлерімен таныстыру, жалпы материалдық мәдениет туралы мәлімет бере отырып Қазақ халқының мәдениетінің өшпес құндылық екеніне көздерін жеткізу.
Дамытушылық: материалдық мәдениет туралы түсініктерін кеңейту, мәдениетті жан –жақты қырынан тани білуге көмектесу, әлемдік мәдениет пен ұлттық мәдениетті байланыстыра отырып, оларға өз көзқарастарын қалыптастыруға көмектесу.
Тәрбиелік: Қазақ халқының бай мәдениетіне деген құрмет сезімін дамыту, мәдениетке деген қызығушылықтарын одан әрі арттыру, материалдық мәдениеттің озық үлгілерімен таныстыра отырып эстетикалық тәрбие беру.

Play

Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: әңгімелеу, сұрақ - жауап
Пән аралық байланыс: география
Көрнекілік: киіз үй, ұлттық киім, қолөнер бұйымдарының суреттері, интербелсенді тақта, слайдтар

Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II. II. Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге қандай тапсырма берілгенін оқушылардан сұрап, естеріне салады.
Осыдан кейін өткен сабаққа байланысты сұрақтар қоямын.
Сонымен қатар үйге берілген сөзжұмбақтарын тексере отырып, бағалап шығамын. Оқушылардың жауабын тыңдаған соң үйтапсырмасын қысқаша қорытындылап жаңа сабаққа кірісемін.

III. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбы, жоспары тақтаға жазылып қойылады. Оқушыларға сабақтың мақсаты айтылады.
Сабақ жоспар.
1. Қазақ баспанасы.
2. Қазақтың ұлттық киімдері.
3. Ұлттық қолөнер бұйымдары.
Ең алдымен оқушыларға «Материалдық мәдениет дегеніміз не?» деп сұрақ қоямын. Оқушылар жауабын тыңдаған соң өз сөзіммен толықтырамын.

Мәдениетті екіге бөлуге болады:
1. Рухани мәдениет.
2. Материалдық мәдениет.

Жаңа сабақты түсіндіру.
Бұрынғы кезде көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқының негізгі баспанасы киіз үй болған. Оның ең басты себебі киіз үйдің көшіп – қону кезінде ыңғайлы, тез жиналып және құрастырылуы болды. Маусымдық көшу кезінде киіз үй бұйымдарын негізінен түйеге артқан.

Ерте заманда киізүйді арбаға да бекіткен. Оны күйме деп атаған.
Киіз үйдің іші жазда салқын болумен қатар, үнемі таза ауа кіріп тұрумен ерекшеленген. Киіз үй 6, 8, 12 қанатты болып бөлінген. Оның ішінде 12 қанатты киіз үй бай да дәулетті адамдарда болған. Мұндай үйлерді атпен жүріп тігетін.
Киіз үйдің бөліктері: кереге, уық, шаңырақ, есік. Бұлардың бәрі негізінен ағаштан жасалған. Киіз үйге жабатын киіздер: туырлық, үзік, түндік. Бұның барлығын жасауда шикізат ретінде қойдың жүні пайдаланылған.

Қазақтың ұлттық, киімдері материалдық, мәдениеттің ірі жетістігі екені даусыз. Қазақ халқында ұлттық киімдер жас шамасына қарай ерекшеленген. Ұлттық киімдер: тон, қамзол, шапан, тақия, бөрік, сәукеле, кимешек, бешпент т. б.
Бұдан әрі әр ұлттық киімнің қандай уақытта қолданылатыны жайында мәлімет беремін.

Бұрынғы кезде қазақ халқында қолөнер өте жоғары дәрежеде дамыған. Зергерлік бұйымдар жасау да шеберлер алтын, күміс, асылтас, түрлі сүйектерді қолданған. Әсіресе әйелдердің сәндік бұйымдарын жасау кең тараған. Сырға, білезік, сақина, жүзік, алқа, шолпы т. б. сәндік бұйымдар Қазақ әйелдерінің көбінің тағатын әшекей заттары ретінде белгілі. Көшпелі халық үшін ат әбзелдерінің қажеттілігі өте жоғары болған. Ер - тұрман, сән мен өрілген арқандар әр қазақтың үйінен табылатын. Жаугершілік кездері қазақ ұсталары қылыш, найза, семсер, дулыға, қанжар сияқты қару - жарақтарды да көптеп жасаған.

Жаңа сабақты түсіндіріп болған соң пысықтау үшін оқушыларға мәтінмен жұмыс жасатамын. Тақырыпшаларды оқушыларға дауыстатып оқыта отырып, бірлесе талдау жасаймыз.
Қорытынды кезең:
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға түрлі сұрақтар қоямын:
Киізүйдің қандай қасиеттері бар?
Қазақтың қолөнер бұйымдарының қандай түрлерін білесің?
Қазақ әйелдерінің ұлттық киімдерін ата.
Қазақ қоғамында қолөнер шеберлерінің орны қандай болған?
Әр оқушының жауабын тыңдап, оны толықтырып отырамын. Оқушылар жауаптарынан кейін өткен сабаққа жалпылама шолу қорытынды жасаймын. Онда бүгінгі сабақта өткен басты мәселелерге тоқтала отырып, тақырыпты бекітемін.

Бағалау:
Үй тапсырмасы:
1. Параграфты оқу.
2. Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру.
3. «Мәдениетім - мақтанышым» Эссе жазу

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 04.05.2016
Раздел История
Подраздел Рабочие программы
Просмотров32
Номер материала ДБ-066640
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх