Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Урок на тему Қазақ халқының салт-дәстүрлерін білесің бе?
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Урок на тему Қазақ халқының салт-дәстүрлерін білесің бе?

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының салт-дәстүрлері

Мақсаты:

1. Оқушылар бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіріледі, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алады. Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы білімдерін толықтырып, кеңейтеді.

Жаңа сөздерді меңгереді, аударма жұмыстарында пайдаланады.


2. Оқушылардың сөздік қорын дамыту, сөйлеу мәнерін жетілдіру, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.


3. Ұлттық қазынамыз салт-дәстүрлерімізбен таныстырып, рухани байлықты қадірлеп- қастерлеу керектігін түсіндіру, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру.


Әдістері: сөздік, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, баяндау, ой толғау.


Сабақ түрі: Білімді жүйелеу: жарыс сабақ


Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
А) Сынып тазалығына көңіл бөлу.

Ә) Сәлемдесу. Түгендеу.

Б) Назарларын сабаққа аударту.

Салт – дәстүр - әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс – тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы. Салт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық - өнеге тәжірибесін құраған.

Мысалы: той, наурыз көже, қыз ұзату, қонағасы, шашу , ерулік бұлардың бәрі ата салты болып саналады. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени – тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы мәдениеттің байлығы.

Қазақ халқы салт - дәстүрге бай халық. Әдет, ғұрып, ишара, ырым, тыйым, дағды бәрі осы салт-дәстүр көрінісі. Мысалы: ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру, ат тергеу, құрдастық қалжың т.б. салт-дәстүрге жатады.

ДӘСТҮР – белгілі бір ұлттың немесе халықтың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын, тарихи қалыптасқан, олардың әлеметтік ортасында ұзақ уақыт бойы сақталып отырған әлеуметтік –мәдени құндылықтар жиынтығы.

ДӘСТҮР кең мағыналы ұғым. Мысалы қазақтың өю-өрнек, сәулет, ән –күй өнерінде де тамаша дәстүр сабақтастығы сақталған.

Туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең

Жұрт айтады надан деп.

Ата-бабаң ардақты,

Жамандыққа бармапты.

Ардай тұтып үлкенді

Ата жолын жалғапты.

Бауырласқан тәніміз

Бұзылмаған антымыз.

Кең даланың ежелгі

Қазақ дейтін халқымыз,

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз.

Бірінші айналым: «Таңдау»

Екінші айналым: «Салт-дәстүрді білесің бе?»

Үшінші айналым: «Кім жылдам?»

Төртінші айналым: «Қазақ халқының салт-дәстрлерінен көрініс көрсету»

Бесінші айналым: «Шығармашылық шеберлік» (Постерлерді қорғау)

Бірінші айналым: «Таңдау»

1.Ұлттық тағамдарды атаңыз:

Сәукеле, қамзол, көйлек;

Асық, тоғызқұмалақ, сақина салу;

Бауырсақ, қазы, айран, құрт

2.Ұлттық киімдерді атаңыз:

Сәукеле, қамзол, көйлек;

Асық, тоғызқұмалақ, сақина салу;

Бауырсақ, қазы, айран, құрт

3. Ұлттық музыкалық аспаптарды атаңыз:

1) Көкпар, аударыспақ, ақсүйек

2) Тымақ, жейде, кебіс

3) Асатаяқ, сырнай, дауылпаз

4. Бәйге деген не?

1) Қазақ халқының ұлттық киімі

2) Қазақ халқының ұлттық ойыны

3) Ұлттық тағам

5.Түйе сүтінен жасалған сусын:

1. Айран

2. Қымыз

3. Шұбат

6. Төрт түлік малды ата?

Екінші айналым: «Салт-дәстүрді білесің бе?»

«Базарлық» (дәстүр). Алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші – көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде қабылданады.

«Байғазы» (дәстүр). Байғазы балаалрдың, жастардың жаңа киімі үшін (мысалы: қамшы, шана, ертоқым) берілетін ақшалай, заттай сый. Байғазы сұраудың еш артықтығы жоқ. Жеңгелері, шешелері «байғазыға байдың қызы» деп те айтады. Байғазы балалардың көңіл- күйін көтеретін дәстүр.

«Бәсіре» (дәстүр). Бала туған кезде немесе есі кіріп, оң-солын таныған соң, «сүндет тойына» немесе мектепке барғанда атасы немесе әке-шешесі оған тай атайды. Оны «бәсіре» тай дейді. Бала оны ерекше күтімге алады, бағады, үйретеді. Сол арқылы мал бағуға, еңбекке үйренеді. «Бәсіре» атау баланың көңілін өсіреді, өмірге бейімделеді. Өз қатарына «бәсіре тайым бар» деп мақтанып, өсіп жүреді. Мұның бәрі баланың қөңілін өсіріп, ынталандырып тәрбиелеудің бір жолы.

«Тілашар» (дәстүр). Тілашар тойына арнап шашу шашады. Әр отбасы баласы 7 жасқа толған соң, оны медресеге, мектепке оқуға береді. Бұл да бала өміріндегі елеулі оқиға, есте қаларлық елеулі кезең болып табылады. Осы күні балаға жаңа киім кигізіп, оқу –жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны дәстүрлі «тілашар» тойы деп атйды. Үлкен – кішілер балаға өсті, азамат болды «ғалым бол», «ақын бол» деген сияқты тілек білдіріп бата береді. Жаңа киіміне байғазы, тағамдар ұсынады. Бұл тәрбиеден бала өскендігінің белгісін сезінеді, оқуға құмарлығы артады. Жақын –жуық адамдар баланың ата-анасына құтты болсын айтып, балаға сәт – сапар тілейді..

Үшінші айналым: «Кім жылдам?»

1. Қазақ халқының қандай ұлттық дәстүрлерін білесіңдер?

2. Қазақтың ойын түрлерін атап беріңдер.

3. Ұлттық тағамдарды атап беріңдер.

4. Ұлттық киімдердің түрлін білесіңдер ме?

5. Наурыз көже қалай жасалады? Тағамның қандай түрлері қосылады?

7. Сүттен жасалатын тағамдардың түрі қандай?

8. Қазақша ай аттарын атаңдар.

Төртінші айналым: «Қазақ халқының салт-дәстрлерінен көрініс көрсету»

Сынып оқушыларының орындауында «Салт –дәстүр» әні орындалады.

Бесінші айналым: «Шығармашылық шеберлік» (Постерлерді қорғау)

Әр топ сабақтың тақырыбын ашатын сурет салу, ол суретті қорғау.

Жеңімпаз топты анықтау.

Үйге тапсырма «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» эссе жазу.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

«Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясы

/Бас ред. Ә. Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2001.- [ қараңыз: Дәстүр]

  1. «Қазақстан» Ұлттық энциклопедия Т. 7 /Бас ред. Ә. Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2001.- [ қараңыз: Салт-дәстүр]

  2. Кенжеахметұлы, С. Қазақ халқыынң салт-дәстүрлері /С. Кенжеахметұлы .- Алматы: «Алматыкітап» ЖШС, 2005 .- 284.- суретті

  3. Тиым сөздер / Бала би.- №9.- 2009ж


Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

Шелек ауылы

Қ.Бижанов орта мектебі





Ашық сабақ


Тақырыбы:

hello_html_17397610.gif

















Өткізген: Баянбаева А.Б

Шелек-2015 жыл



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 08.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров245
Номер материала ДВ-317055
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх