Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / География / Другие методич. материалы / Урок на тему Қазақстанның физикалық географиясы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • География

Урок на тему Қазақстанның физикалық географиясы

библиотека
материалов

Сабақ жоспары


Пәні: Қазақстанның физикалық географиясы

Сыныбы: 8

Мерзімі:


Сабақтың тақырыбы: §25. Климаттың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың Климаттың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері туралы білімін қалыптастыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың Климаттың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері туралы білімдерін, қызығушылығын, ой – өрісін толықтырып дамыту.

Тәрбиелігі:Қазақстан климатың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері,оның таралу ерекшелігі ,әрі алуан түрлілігін оқушыларға оқып үйрету.

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі

Сабақтың көрнекілігі:Қазақстанның физикалық картасы,Қазақстанның климат картасы.

Сабақтың өтілу барысы

I. Ұйымдастыру ( 2 мин)

  1. Оқушылармен амандасу,

  2. Оқушыларды түгендеу,

  3. Сабаққа деген зейінін аудару

II. Үй тапсырмасын сұрау ( 13 мин)

  1. Ауызша үй тапсырмасын сұрау.

  2. Қосымша сұрақтар




III. Жаңа сабақты пысықтау ( 20 мин)

Жоспар:


  1. Климаттың ауыл шаруашылығына тигізетін әсері

  2. шаңды дауыл

  3. үсік

  4. көктайғақ (көк мұз).

 

Климаттың ауыл шаруашылығына тигізетін әсері де ерекше. Бір дақылдарға жылу, екіншілеріне ылғал, үшіншілеріне жарық көбірек керек. Республиканың солтүстік және орталық аудандарындағы климат жағдайлары егін шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік береді, ал оңтүстік аудандарда суармалы егіншілік дамыған.

Бірақ климат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетіне барлық уақытта қолайлы емес. Қолайсыз, тіпті зиянды атмосфералық құбылыстарға қуаңшылық, аңызақ, үсік, көктайғақ, шаңды дауылдарды жатқызуға болады.

Қазақстанның климаты жалпы құрғақтығымен ерекше көзге түседі. Әсіресе оңтүстікте жаз өте ыстық болады. Құмның беті +60°+70°С-қа дейін қызады. Мұндай климат жағдайы солтүстік аудандарда да жиі болып тұрады. Құрғақ ауаның пайда болуы күшті қызған және тропиктік ауа массасының басым болған кезімен байланысты. Оған ылғалы аз, ыстық құрғақ жел – аңызақ тән. Аңызақ желді күндердің ұзақтығы табиғат зоналарында түрліше болады: дала зонасында жылына 5–10 күн, шөлейт зонасында – 40, Қызылқұмда – 100 күн. Қазақстан жерінде соңғы 20 жыл ішінде қуаңшылық 4 рет болды. Қуаңшылық пен аңызаққа қарсы күресу үшін қар тоқтату, орман алқаптарын отырғызу, жер суару және т.б. арнайы агротехника лық шаралар қолданылады.

Қазақстанда жылдың жылы мезгілінде байқалатын ерекше атмосфералық құбылыстың бірі – шаңды дауыл. Олар желдің жылдамдығына және топырақ жамылғысының сипатына тығыз байланысты. Шаңды дауыл ауа құрғақ кезде, борпылдақ топырақты алапта соғатын қатты жел. Олар топырақтың ұлпаларын ұшырып, өсімдік тамырларын ашып тастайды, ауыл шаруашылығына көп зиян келтіреді. Қазақстанның дала зонасында орташа есеппен жылына 20–38 күн шаңды дауыл болады. Республиканың оңтүстігінде құмды шөлдерде, Балқаш көлінің оңтүстігіндегі шаңды дауыл 55–60 күн болады. Қазақстанның оңтүстік-шығыс, шығыс тауларында шаңды дауыл негізінен байқалмайды, өйткені олар тастақты және сазды аудандар болып есептеледі.

Қауырт атмосфералық құбылысқа үсік те жатады. Үсік көктемнің аяқ кезінде, күздің басында, кейде теріскей жақта жазды күндері арктикалық ауа массасының енуіне байланысты болатын құбылыс. Ауаның температурасы қысқа мерзімде 0оС-тан төмендеп, топырақ беті тоңазып кетеді. Ол егінге, жеміс ағаштарына көп зиян келтіреді. Қайталап егін егуге, жеміс ағаштарын отырғызуға қосымша қаражат және еңбек жұмсалады. Үсіктің қауіпті аудандары көбінесе Қазақстанның солтүстік және орталық бөліктері. Мұнда көктемгі үсікке шалдығу ықтималдығы (қарақұмық, жүгері, бидай, қияр, алмұрт т.б. үшін) он жылдың ішінде 5 жыл, шөл зонасында (мақта, жүзім, гүлдер және басқа жеміс тұқымдары үшін) 10 жылда 4 жыл үсік қаупі бар.

Республиканың халық шаруашылығына қолайсыз атмосфералық құбылыстардың бірі – көктайғақ (көк мұз). Көбіне аязды ауа райынан кейін сіркіреме жауын жауғанда қалыптасады. Әдетте көктемде және күзде ауа райы салқындап, жер беті 0°С-қа дейін суынып, мөлдір және көгілдір жұп-жұқа (5 мм) мұзбен жабылады. Мұндай құбылыс мал шаруашылығына, адам баласына зияны үлкен, транспортта апаттар, байланыс және энергия желілерінде үзілістер туғызады. Көктайғақ республиканың оңтүстік және орталық аудандарында жиі байқалады. Солтүстік аудандарда көктайғақ сирек байқалатын құбылыс. Республиканың батыс жазықтарында, орталығында және оңтүстік-шығысында көктайғақтың қалыңдығы 15 мм-ге жетеді. Қаратау жотасы, Қырғыз, Іле Алатауларының жел жақ беткейлерінде оның қалыңдығы 22 мм-ге дейін барады.

 

IV. Жаңа сабақты бекіту пысықтау ( 6 минут).

Деңгейлік тапсырмалар:

А.

  1. Климаттың адам баласының шаруашылық әрекетке қандай әсері бар?

  2. Қазақстандағы қандай қауіпті,қолайсыз атмосфералық құбылыстарды білесіңдер?

  3. Қазақстан аумағында үсіктің қалыптасу себебі және оның зияны?



В.

1.Қазақстан жерінде соңғы 20 жылда қанша рет қуаңшылық болды?

  1. 2 рет

  2. 3 рет

  3. 4 рет

2.Қазақстанның дала зонасында орташа есеппен жылына қанша күн шаңды дауыл болады?

  1. 15-20 күн

  2. 20-38 күн

  3. 25-40 күн

3.Балқаш көлінің оңтүстігінде шаңды дауыл қанша күн болады?

  1. 40-45 күн

  2. 45-50күн

  3. 55-60күн

4.Үсіктің қауіпті аудандары Қазақстанның қай бөліктері?

  1. Солтүстік және орталық

  2. Орталық және оңтүстік

  3. Солтүстік және шығыс

5.Республиканың оңтүстік және орталық аудандарында жиі болатын құбылыс?

  1. Үсік

  2. Көктайғақ

  3. Шаңды дауыл

1.c 2.в 3.c 4.a 5.в

С.

Қазақстандағы қолйсыз атмосфералық құбылыстар

Олардың зияны

Қуаңшылық


Аңызақ


Үсік


Көктайғақ


Шаңды дауылдар



V. Үйге тапсырма беру ( 2минут)

1. Ауызша тапсырма. §25. Климаттың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері

2. Жазбаша тапсырма климаттың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері туралы конспект жазу.

VI. Оқушы білімін бағалау (2 минут)

Сабаққа қатысуы мен берген жауабын ескере отырып баға қою.










Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 09.02.2016
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров243
Номер материала ДВ-435032
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх