Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / ИЗО, МХК / Рабочие программы / Урок на тему Қазақтың ұлттық киімдері

Урок на тему Қазақтың ұлттық киімдері

  • ИЗО, МХК

Поделитесь материалом с коллегами:

Бекітемін: №249 мектеп-лицейдің бастауыш

Күні: 6.02.2014 сыныптар жөніндегі орынбасары

Ж.Жарылқаған.

Пәні: Бейнелеу.

Мұғалімнің аты – жөні: Сералиева Г.

Сыныбы: 4 «В»


Сабақтың тақырыбы: Ұлттық киімдер. Қазақтың ұлттық киімдері.

Сабақтың мақсат-міндеттері:

А) білімділік:

Ұлттық киімдердің маңыздылығы және қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшелігі туралы оқушылардың ойын жүйелендіру.

Ә) дамытушылық:

Теориялық білімдерін іс-жүзінде көрсетуге ықпал ету. Сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

Б) тәрбиелік:

Эстетикалық талғамдарын арттыра отырып, ұқыптылыққа, жинақылыққа, шеберлікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі:

Аралас сабақ

Сабақтың түрі:

Дамытпалы сабақ

Сабақтың әдістері:

Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, баяндау, практикалық әдіс.

Сабақтың формасы:

Жеке, топтық.

Сабақтың көрнекілігі:

Интерактивті тақта, плакат, ұлттық киімдер, оқулық, суреттер, акварель, палитра, қылқалам.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі

-амандасу;

-түгелдеу;

-оқушының назарын сабаққа аудару;

-оқу құралдарының дайындығын

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі


Оқушылардың үй жұмыстарын аукцион ойыны арқылы тексерем. Ойынның шарты мынадай: мен ұлттық киімнің суреті салынған картинаны аукционға тігемін. Оқушылар осы картинаны жеңіп алу үшін өткен сабақтағы тақырыптың сұрақтарына жауап береді. Әр сұраққа бір фишкіден беріліп отырады. Кім көп сұраққа жауап беріп көп фишкі жинаса, ол сол ойынның жүлдегері, суреттің иегері болады.

Сұрақтары:

  1. Алғашқы киімдер қай дәуірде пайда болған?

  2. Алғашқы киімдер неден дайындалды?

  3. Ежелгі адамдар аңның терісінен киім тігу үшін инені неден жасады?

  4. Ежелгі егиипеттіктердің ер адамдары мен әйелдері бастарына не киген?

  5. Египетте ақ түсті парик кию қай уақытқа дейін жалғасты?

  6. Қай елде ХҮІ ғасырда металл каркасты кең юбкалар мен биік өкшелі аяқ киімдер сәнге айналды?

  7. Қазіргі барлық елдер киетін киім қалай аталады?


ІV. Мақсат қою кезеңі


Ұлттық киімдердің өзіндік ерекшелігі, қазақтың ұлттық киімдерінің күнделікті өмірде қолданылуы мен маңыздылығына көз жеткізу арқылы оқушылардың өз ойларын қалыптастыруға ықпал ету.


Ү. Жаңа материалды түсіндіру












Күнделікті өмірде еліміздің тұрғындары дүние жүзіндегі халықтар сияқты жеңіл әрі ыңғайлы киімдер киеді. Алайда көз тартарлық әсемдігімен қазақ ұлттық киімдері сан ғасырдан бері маңызын жоғалтпай келеді.

Қысы суық, жазы ыстық климатта өмір сүрген халқымыз киімдерін де күнделікті тұрмыс пен өмір салтына, дала жағдайларына ыңғайластырып киетін болған.

Қойдың терісінен тігілетін тон-қыстың суық күндерінде киетін, таптырмайтын жылы киім. Жағасына,жеңіне сеңсең, елтірі немесе бағалы аң терілері салынады.

Әйелдер тонының иығы, жең ұшы, өңірі мен етегі кесте жібімен әшекейленген ою-өрнектермен әшекейленеді.

Тымақ-биік төбелі, маңдайлы, екі құлағы, желке мен жотаны жауып тұратын артқы етегі бар ерлердің бас киімі. Оны аңның, малдың терісінен тігеді.

Шапан-арасына жүн, мақта салып, сырты шұға, барқыт сияқты матамен қапталған сырт киім. Оны тізеден сәл төмендеу, ал жеңі қолды жазып тұрғанда саусақ ұшын жабатындай етіп тігеді. Жағасы, өңірі, жеңі, зер не жібек жіптермен, әсем ою-өрнектермен безендіріледі. Шапанның қаптал шапан, сырмалы шапан, қималы шапан сияқты бірнеше түрлері бар. Бұл киімді ер адамдар да, әйелдер мен балаларда кие береді.
Халқымыздың салтында шапан сый-сияпат есебінде жүреді.
Қыз-келіншектерге арналған шапан-тондардың жағасы, етек-жеңдері бағалы аң терілерімен көмкеріліп, жиектері зермен өрнектеледі. Түйме орнына асыл тастар немесе қапсырма тағылады.

Қарапайым адамдар ақ киізден тігілген, қою түсті өрнек салынған бас киім-қалпақ киген. Қыста жылы, ал жазда күннің шыжыған ыстығынан қорғайтындықтан, бұл бас киім түрі әлі күнге дейін қолданыстан шыққан жоқ.

Қазақ әйелдерінің ұлттық бас киімі-кимешек ақ матадан тігіліп, жиегі астарланады. Бет жағы ойылып, қалған бөлігі, иық, кеуде, жонды жабатындай тұйық етіп жасалынады. Ойықтың екі жағы, кеудеге келер тұсы кестеленіп әшекейленеді.

Ерлер де, әйелдер де, балалар да кие беретін бас киім түрлері бар. Соның бірі бөрікті жұқа киізден төрт немесе алты сай етіп пішеді. Бөрікке ешқандай өрнек, әшекей салынбайды, себебі бағалы аңның терісі онсыз да құлпырып тұрады.
Ертеде бөрі текті саналған ғұндар қасқыр терісінен бас киім киген. Содан бастап теріден тігілген бас киімдер бөрік деп аталып кеткен.
Бөрік қандай аңның терісінен жасалғанына қарай құндыз, сусар, кәмшат, жанат, түлкі бөрік және елтірі бөрік деп аталады.
Тақия- кестелеп, сырып тігілген дөңгелек, жеңіл бас киім.
Ежелден қазақта бас киімді аса қадірлеп, қассиетті саналған. Оны біреуге беруге, айырбастауға, аяқ астына тастауға болмайды. Оның өңін ішке қаратып кимейді. Өйткені адам бақыты мен ырысы кетеді деп ойлаған.

ҮІ. Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі

Оқушылар практикалық бөлімде моникенге кигізілген ұлттық киімді альбомдарына рамка сызып соның ішіне бейнелейді.

ҮІІ. Сабақты бекіту.



Сабақты «Ойлан, тап!» ойыны арқылы сұрақтарға жауап бере отырып бекіту. Әр сұраққа дұрыс жауап берсе тақтадағы қыз бен жігіттің суретіне ұлттық киімдер кигізіледі.

Сұрақтары:

1. Қойдың терісінен тігілетін сырт киім?

2. Қазақ әйелдерінің бас киімі қалай аталады?

3. Ерлер де, әйелдер де, балаларда кие беретін бас киім?

4. Ұзатылған қыздар киетін бағалы бас киім?


ҮІІІ. Үйге тапсырма


Оқушылар үйден қазіргі заманға сай ұлттық киімдердің үлгісін сызып келеді.

ІХ. Оқушы білімін бағалау


Оқушылардың жаңа сабақтағы сұрақтарға жауап беруіне , ойынға қатысымына ,суретті салуына қарай ұлттық киімдердің суреттерімен бағалау.




Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 17.04.2016
Раздел ИЗО, МХК
Подраздел Рабочие программы
Просмотров99
Номер материала ДБ-037116
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх