Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Научные работы / Урок на тему "Балуан Шолақ Баймырзаұлы"

Урок на тему "Балуан Шолақ Баймырзаұлы"


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:



Т.Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін № 16 орта мектеп.



Қазақ әдебиеті.

Ашық сабақ.

Балуан Шолақ

Баймырзаұлы.







Пән мұғалімі: Ербулатова Дария





10 – сынып Қазақ әдебиеті.

Сабақтың тақырыбы: Балуан Шолақ Баймырзаұлы.

Сабақтың мақсаты: А) білімділік: Балуан Шолақ Баймырзаұлы жөнінде мәлімет беру, өткен тақырыппен салыстыра отырып, білімдерін толықтыру.

Ә) дамытушылық: Оқушының шығармашылық қабілетін арттыру, ұшқыр ойлау қабілетін дамыту, тілдік қорын байыту, ойлау шеберлігін жетілдіру.

Б) тәрбиелік: қазақтың әнші – ақындарын қастерлеуге, олардың шығармаларын сүйіп оқуға, әннің, қара өлеңнің құдіретін түсінуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: ой қозғау, «Кім жылдам» ойыны, көркем шығарманы сатылай комплексті талдау, фонетикалық талдау, математикалық тәсілмен талдау, ой қозғау, бес жолды өлең, ассосациялық талдау, тест – интервью, Венн диаграммасы, Инсерт әдісі.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.

Сабақтың көрнекілігі: ақын жайлы жазылған естеліктер, ақынның суреті.

Сабақтың барысы: а) ұйымдастыру кезеңі:

  1. Оқушылармен амандасу, сынып тазалығына қарау.

  2. Үй тапсырмасын сұрау: 1. «Кім жылдам» ойыны арқылы Жаяу Мұса Байжанұлының шығармашылығын сұрау, «Ақсиса» өлеңін жатқа оқыту.

    1. «Кім жылдам» ойыны. Жаяу Мұса Байжанұлы өмір сүрген уақыт?

    2. Ж.Мұса қай топырақтың перзенті?

    3. Ж. Мұсаның әкесі жиі қақтығысып жүретін әлдісі кім?

    4. Мұса қай қалаға барып оқуға түседі?

    5. Неліктен Мұса генерал Черняевтің отрядында жүрді?

    6. Жетісу өңіріне жасалған жорықтарында кіммен танысады?

    7. Генерал Черняевтің отрядында жүргенде қандай қалаларды аралады?

    8. Мұсаның ең көлемді дастаны?

    9. Ж. Мұса қай ақындардың дәстүрін жалғастырды?

    10. Ж. Мұсаның бозбала кезіндегі шығармалары қандай тақырыптарға арналған?

    11. Суреткерлік шеберлігін танытатын шығармасы қалай аталады?

    12. Заманның шындығын бейнелейтін шығармаларын атаңыз?



2.1.Ә) «Ақсиса» өлеңіне сатылай коплексті талдау.

1.Авторы: Ж.Мұса Байжанұлы

2. Тақырып: «Ақсиса»

3. Жанр түрі: проза (өлең)

4. Идеясы: Өзінің басынан өткен оқиғалар арқылы халықтың әлділерден көрген зорлық – зомбылығын суреттеген.

5. Шумақ: 8

6. Тармақ: 32

7. Буын саны: 96

8. Буын саны: 11

9. Ұйқас түрі: Қара өлең ұйқасы

10. Әдеби теориялық ұғым: 10.1 метафора. Жылансың екі басты

10. 2 теңеу. Сен – бидайық, мен бір торғай.

11. Түсіндірме сөздік: «Шорнай» - орыстың «черный» деген сөзінен бұрмаланған қара деген мағынаны білдіреді.

12. Өлеңнің негізгі мәні: негізгі түйіні әділдік үшін күрес мазмұнында, әлеуметтік теңсіздік, заманның ащы шындығын айту.

«Ақсиса» сөзіне фонетикалық талдау.

  1. Ақсиса

  2. Жуан буында сөз.

  3. Үш буынды сөз

  4. 1 тұйық - ақ, 2 ашық – си,са

  5. 2 рет тасымалданады.

  6. Екпін соңғы буынға түседі.

  7. Буын үндестігі бар.

  8. Дыбыс үндестігі бар.

  9. Дауысты дыбыс - 3. 2а,и.

  10. Дауыссыз дыбыс саны -3. 2қ,с

Дауысты дыбыс 3. 2а,и. Тілдің қатысына қарай 3 жуан

Жақтың қатысына қарай: а –ашық

и – қысаң

Еріннің қатысына қарай: а, и – езулік

Дауыссыз дыбыс: 3. 2қ, с қатаң

Ә) Жаңа сабақ:

Балалар, Балуан Шолақ жөнінде не білеміз? Ол кісіні қандай адам болған деп ойлайсыздар?

Иә, балалар, Балуан Шолақ өзінің өлеңінде:

Шын атым – Нұрмағамбет Балуан Шолақ,
Бойымда толып жатыр күш пенен бақ.-деген екен.

ХІХ ғасырдың соңында Біржан сал, Ақан сері, Мұхит бастаған әнші -ақындар тобы көбейе түсті. Сал - серілік бағыттағы өнер саласы ерекше қарқын алды, шарықтап дамып, сапалық өсудің белесіне шықты. Үкілі Ыбырай, Иманжүсіп, Әсет, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ , т.б. әнші – ақындар сол топтың алдыңғы қатарында еді. Бұлар өздеріне дейінгі сал – серілер мен әнші – ақындар дәстүрін өзіндік өрнек – нақышпен жалғастырып әкетті.

Осылардың ішінде өмірі қызық әрі күрделі тіршілік кешкен, өзге сал -серілерге қарағанда тағдыры да оқшау тұлға – Балуан Шолақ Баймырзаұлы.

Балуан Шолақ Баймырзаұлы 1864 жылы Жамбыл облысы, Хан тауының маңында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты- Нұрмағамбет. Жас кезінде оң қолының саусақтары отқа күйіп, саусақтары тұқылданып қалады. Содан Шолақ атанып кетеді. Кейін күреске аты жайылған кезде халық «Балуан» сөзін қосарлап қояды.

Балуан Шолақ Хан тауында дүниеге келгенмен, жер шоқтығы Көкшетау өңірінде өмір кешеді.

Ақынға өнер әке жағынан да, шеше жағынан дамол беріледі.Аттың құлағында ойнайтын қыры елді тамсандырады. Бүгінгі күнгі цирктегі ат өнерін толық меңгерген.

Ер жігіттің бір басына жететін осынша өнерді бойына жиған Балуан шолақ бұларға қоса домбыраға, әнге де ерекше құмар болады.

Оның өмірінде ерекшк орын алатын Ғалия деген келіншек болады. Соған арнап «Ғалия», «Дікілдек», «Дүние», «Жатық», «Қос перне» ,т.б. көптеген әндері қазақ ән өнерәне мол мұра болып қосылады.

Б) Қорытынды: Балуан Шолақ – ақын -сазгерлігімен де, қазақ даласын асқақ та әсем әнге бөлеген әншілігмен де ұлттық мәдениетімізге зор үлес қосқсн көрнекті тұлға. Ол артына өшпес мұрасын қалдырып, ұрпақтан – ұрпаққа жалғастыра қызмет ете беретін топтың өкілі. Оның шығармалары келер ұрпақтың да рухани азығы, өнеге көзі бола алатын мәнді туындылар.

Сабақты бекіту: Балуан Шолақ кім, қандай сұрақтары арқылы ассоациялық талдау.



Әнші әділетшіл





алып күш иесі. Балуан Шолақ сазгер



ақын шыншыл шебер

Балалар, енді біз, Жаяу Мұса мен Балуан Шолақты Венн Диаграммсы арқылы салыстырып көрейік. Екеуінің ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?

Жаяу Мұса ұқсастығы Балуан Шолақ

Қатты зардап шекпйді Ақын,сазгер,әнші, орындаушы,заман алып күш иесі,шебер,аттың құлағынад ойнайды.

шындығын ашып көрсетуші, екеуі де қудаланды.

Инсерт әдісі арқылы ойларын тұжырымдау.

Не білдім? Не білгім келеді?

Бес жолдық өлең: 1. Балуан Шолақ

2.алып күш иесі, әніш- орындаушы

3. ән шығарды, өлең жазды, бұйымдар жасады.

4. Балуан Шолақ қоғамдағы әділетсіздікпен күресті.

5. ақын, әнші, сазгер, шыншыл, шебер.





Тест – иньервью арқылы алған білімдерін бекіту.

1. Балуан деген атақты Шолаққа кім берді?

2. Ақынның өмірінде ерекше орын алатын тұлға?

3. Не себептен ақын қудалауға ұшырады?

4. Балуан Шолақтың қайтыс болған уақыты?

5.Қандай шығармаларымен таныс болдыңдар?

Үйге тапсырма: Балуан Шолақтың шығармашылығымен танысу.

С. Мұқановтың «Балуан Шолақ» повесін оқу.

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалаймын.



Не білдім?




Не білгім келеді?








Не білдім?




Не білгім келеді?
















1. Балуан деген атақты Шолаққа кім берді?

2. Ақынның өмірінде ерекше орын алатын тұлға?

3. Не себептен ақын қудалауға ұшырады?

4. Балуан Шолақтың қайтыс болған уақыты?

5.Қандай шығармаларымен таныс болдыңдар?





1. Балуан деген атақты Шолаққа кім берді?

2. Ақынның өмірінде ерекше орын алатын тұлға?

3. Не себептен ақын қудалауға ұшырады?

4. Балуан Шолақтың қайтыс болған уақыты?

5.Қандай шығармаларымен таныс болдыңдар?



1. Балуан деген атақты Шолаққа кім берді?

2. Ақынның өмірінде ерекше орын алатын тұлға?

3. Не себептен ақын қудалауға ұшырады?

4. Балуан Шолақтың қайтыс болған уақыты?

5.Қандай шығармаларымен таныс болдыңдар?



1. Балуан деген атақты Шолаққа кім берді?

2. Ақынның өмірінде ерекше орын алатын тұлға?

3. Не себептен ақын қудалауға ұшырады?

4. Балуан Шолақтың қайтыс болған уақыты?

5.Қандай шығармаларымен таныс болдыңдар?




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 09.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Научные работы
Просмотров20
Номер материала ДБ-335659
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх