Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Урок на тему "«Білікті маман даярлауда дуалды оқыту арқылы дайындаудың тиімділігі»"

Урок на тему "«Білікті маман даярлауда дуалды оқыту арқылы дайындаудың тиімділігі»"


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Қызылорда облыстық Білім басқармасының

Қызылорда облыстық оқу орталығы

(әдістемелік кабинеті)









«Оқытудың дуалдық жүйесін енгізу: замануи әдістемелер мен технологиялар» тақырыбында облыстық педагогикалық оқу







Баяндама тақырыбы: «Білікті маман даярлауда дуалды оқыту арқылы дайындаудың тиімділігі»





Баяндамашы: Қартаңбаева Аманкүл Көшекбайқызы, ІІ санатты өндірістік оқу шебері





Оқу орны: Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі

















Дуалды білім беру процесі, ең алдымен жеке тұлғаға бағытталып,студенттің шығармашылық іскерлік сапаларын ,жұмысқа бейімділігін рухани-адамгершілік мәдениетін және болашақ мамандардың сауаттылығын қалыптастырады. Дуалдық жүйе маман даярлауда өндіріс, білім алушының және мемлекеттің мүдделерін біріктіруге бағытталған кәсіптік білім берудің түрі. Бұл өндіріс орны үшін экономикалық жағынан тиімді. Маманды қайта даярлауға, жұмыс орнына бейімдеуге уақыт кетпейді. Білім алушы жастар үшін өмірдегі өз орнын ерте табуға мүмкіндік туады, жұмысқа ерте араласып, бейімделеді. Қазіргі кезде, әлемде оқытудың дуальды жүйесі кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі. Оның ерекшелігі сол кәсіптік оқыту үдерісінің басым бөлігі оқу орнында емес, кәсіпорындарда технологиялық, диплом алдындағы тәжірибелерден өтеді. Шаруашылықтың қай саласын да өздері таңдаған мамандықтарын кәсіби тұрғыдан жан-жақты игеріп, озық технология мен заманауи техника тілін меңгергендер ғана дамыта алады. Сондықтан еліміздегі өндіріске қажетті мамандар әзірлеу деңгейін көтеру міндетін әлеуметтік серіктестік, теория мен тәжірибенің үйлесімділігі мен ұштастыруға болады. Бұл үйлесімділік дуалды білім беру жүйесінде жан-жақты өрістей алады. Өңірлерде дуальдық жүйені енгізу бойынша жұмыстар кәсіпорындармен оқу жоспарларын, оқу процесінің кестесін қайта қараумен, кәсіптік білім беру орындарының материалдық-техникалық базасын жетілдірумен тығыз байланысты. Сонымен қатар, мамандықтар тізімін ұлғайтуға, оқытушылардың біліктілігін арттыруға ден қойылуда. Білім беру мекемелеріне тән сипат олардың академиялығы, жүзеге асырылатын оқыту бағдарламасының мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарттарына (МЖБС) сәйкес келу қажеттілігі, бітірушілердің болашақтағы жұмыс орындарынан ара қашықтықта болуы және бірыңғайға келтірілуі болып табылады. Бүгінгі таңда білікті кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру мақсатында МЖБС орнына білім берудің кәсіби стандарттары (БКС) әзірленуде және енгізілуде. Нақты өндіріс жағдайларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, практикалық сағаттардың оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды дайындау қазіргі кезде білім берудің дуалды жүйесі деген атпен белгілі. Бүгінгі күннің болмысы кәсіби білім жүйесі алдында еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлау, өз мамандықтарын жетік меңгерген, өз мамандығы бойынша тиімді жұмыс жасауға қабілетті, тұрақты кәсіби өсуге дайын, әлеуметтік және оңтайлы кадрларды даярлауды талап етеді. Осыған байланысты қойылған басты міндет - мемлекеттік құрылымдардың күшін біріктіру, жұмыс берушілер мен оқу орындарын кәсіпорындар мен өнеркәсіптерді білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесінде жұмылдыру болып табылады.

Дуальды жүйемен оқытудың жетістігі көп. Біріншіден, бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары болады, себебі оқу барысында өндіріспен тығыз байланыста болған оқушы жұмыс берушінің барлық талаптарын игеріп, меңгерген жұмысшы маман болады.
Екіншіден, жақсы білімді, болашақ жұмысшы маман психологиялық жағынан жаңа ортаға бейімделген дайын маман болып шығады. Өндірісте өздігінен шешім қабылдай алады. Теория мен тәжірибені меңгеріп, бекітілген жұмысқа деген жауапкершілік сезімі жоғарылайды. Өндірісте болғандықтан ұжыммен жұмыс жүргізеді және өндірістегі жұмыстарға бейімделеді.
Үшіншіден, «тәжірибеден теорияға» принципімен жұмыс жүреді, оқушы теориялық, яғни текстпен айтудан гөрі, өндірістегі жағдаяттарға сәйкес жұмыс жүргізеді. Теориядағы қиындық келетін терминдер мен есептерді тәжірибе жүзінде шешеді.
Төртіншіден, жұмыс берушінің оқушыға берген бағасы дайындалған маманның біліктілігімен байқалады. Алғашқы күннен бастап ұзақ уақыт өндірісте жұмысшы болған оқушы, өзінің білім мен ынтасын көрсетеді.
Бесінші, оқытушы тек қана теорияны ғана меңгермей, өндірістегі соңғы жаңалықтарды біліп, заманауи талаптарды меңгереді.
Алтыншы, бюджеттік шығын азаяды, себебі оқуға кеткен шығынның біраз бөлігі өндірісте болғандықтан оқушы оны күнделікті көріп, игереді.
Жоғарыда аталған мәселелердің барлығы дуальды оқыту технологиясы енгізіліп, жүзеге асқан кезде қол жеткізетін нәтижелер.
Еліміздегі кәсіби-техникалық білім беру жүйесі ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек. Өйткені, экономиканың қарқынды дамуымен кәсіби-техникалық маман иелеріне сұраныс та күн санап артуда. Соған орай, теориядан гөрі тәжірибеге басымдық берілетін дуальдық жүйені енгізу халықты жұмыспен қамту проблемасын шешудің бірден-бір тиімді жолы екендігі анық.

Жастарға кәсіптік-техникалық білім беру, нарық байланысын қалыптастыру, шағын және орта бизнесті дамыту, заман талабына сай бәсекелестікке төтеп бере алатын, жан-жақты іскер жұмысшы мамандарын дайындау-бүгінгі күннің басты талабы болып табылады. Қазіргі кезде кәсіптік және техникалық білім беру жүйесін индустриялды-инновациялық даму бағдарламасына сай жетілдіру сатысы жүріп жатыр. Білім алушының мамандығының бейініне сәйкес келетін кәсіби даярлықты келісім-шарттар негізінде кәсіпорындарда жүзеге асыру қалыптасып келеді. Қалыптасқан жағдайда теория мен практиканың арасындағы алшақтықты жою мәселесі жұмыс берушіге артылып отыр. Себебі, оқу орнының жұмысшыны оқыту бағдарламасы өндірістің талабына сай болуы керек екендігі қазіргі таңда маңызды болуда.

Жұмыс беруші өндіріс орнының өкілдері жыл сайын колледж бітірушілерінің қорытынды аттестаттау жұмыстарына қатысып,біліктілік,білімділік деңгейлерін сарапқа салады,бағалайды. Қорыта айтқанда,дуалдық жүйе бойынша оқыту білім алушылардың кәсіби біліктер мен дағдыларын ,іскерліктерін тікелей жұмыс орнында меңгеріп, жан-жақты кәсіби дамуына мүмкіндік беріп, білім, ғылым, өндірістің өзара байланысын, өзара әсерін қамтамасыз ету арқылы кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын арттыратындығы сөзсіз. Осындай түрде білім алушы бір мезгілде өз мамандықтарынның қыр-сырын өндірістікте де колледждеде қатар алып отырады.








Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы.

2. Қазақстан республикасының «Білім туралы»Заңы.

3. «Дуалды оқыту жүйесі: кәсіби біліктілікті арттырудың жаңа мүмкіндігі».

4. «ТжКБ жүйесіне халықаралық тәжірибелерге негізделген оқытудың дуалды жүйесін енгізу перспективасы».

5. Педагогикалық ізденс №3 (9) 2014 жыл.





Автор
Дата добавления 12.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров162
Номер материала ДВ-520064
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх