Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Урок на тему: "Елін сүйген, елі сүйген – елбасы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Урок на тему: "Елін сүйген, елі сүйген – елбасы"

библиотека
материалов

Тақырыбы: Елін сүйген, елі сүйген – елбасы.

Мақсаты:
Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру.Оқушыларға президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі - өнеге ету. Оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Н. Ә. Назарбаевтың түрлі жанрларда түскен суреттері, кітаптар бұрышы, нақыл сөздер, слайдтар, видеоролик
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
ІІ. Кіріспе
1 - жүргізуші: Желтоқсаннан бастау алған егемен, Егеменді елде берік керегем. Қазақстан бірлігімнің айғағы, Әлем білген басшысымен көреген.
2 - жүргізуші: Қазақ бүгін бар әлемнен баға алған,
Құт қонған ел қасиеттен жаралған.
Бірлігімнің туын биік ұстаған,
Жаңарған ел желтоқсаннан нәр алған.
1 - жүргізуші: Бірлігімнің бұзылмаған қаймағы,
Бейбіт күнде желбіреген байрағы.
Барлық ұлттар бақыт тапқан өзіңнен,
Қазақстан - ынтымақтың айғағы.
2 - жүргізуші: Ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі қарсаңында Қазақстан Парламентінің Сенаты «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мемлекеттік мерекесін бекіткен заңын қабылдаған. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – барша қазақстандықтарға құтты мереке болғай. Халық үшін қызмет етуді бақыт санайтын Елбасымыз тұрғанда Қазақстан келешекте дамыған, өркениетті ел боларына кәміл сенеміз.
1 - жүргізуші: Бұл – еліміздің жаңа тарихындағы ерекше күн. Нақтырақ айтсақ, 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы болып сайланды. Сөйтіп, ғасырлар бойы халқымыздың асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі ата - бабаларымыздың тарихи аманаты орындалды. Бірауыздан Мемлекет басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды жарқын болашаққа батыл бастады.

2 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, 4 «Б» сыныбының «Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Елбасының өмір жолдарынан қысқаша деректер.

Медина:
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылдың 6 - шілдесінде Алматы облысына қарасты Қарасай батыр ауданының Шамалған селосында туды. Шығыс күнтізбесі бойынша Нұрсұлтан аға ұлу жылы дүниеге келген. Тағдыры күнмен тығыз байланысты. Бұл жылы туған кісілердің ерекше күш - қуатқа ие екендігін олардың арасынан ерекше іскер мемлекет басшылары шығатынын айтады. Енді Президенттің туған күні 6 саны шындықты, ашықтықты және сенімділікті бейнелейді. Бұл күні дүниеге келген адамдар бейбітшілік пен тыныштықты сақтау жолында аянбай қызмет етіп, халықтың тұрмыс - жағдайларын жақсартуға бар күш - жігерін жұмсайды екен.
Айсымбат:
Нұрсұлтан аға орта бойлы, жазық маңдайлы, ақсары бала болатын. Сырттай момақан көрінгенімен, көзінің оты бар, ұстамды, байсалды еді. Сабаққа алғыр, елгезек, дене бітімі қайратты, күшті, қағылез, сергек бала болатын. Сол кездің өзінде ұйымдастырушылық қабілеті байқалып қалатын. Балаларды үйіріп, артынан ертіп жүретін.

Жансая:

Нұрсұлтан аға Шамалғаннан аудан орталығындағы бірден - бір тасы өрге домалап тұрған жалғыз қазақ орта мектебіне келіп оқиды. Нұрсұлтан ағаның білім жолындағы өршілдігі өзгеше еді. Білгенін өзгелерге айтып отыратын. Тереңдей білгісі келген балаларға өзі оқыған кітаптарынан әкеп беріп, оқып шығуын қадағалайтын. Соңынан бірге талқылауға шақыратын. Мектептегі барлық қоғамдық жұмыстарға жетекшілік ете жүріп, оқушылардың да белсенділігін арттыруға, олардың қабілетінің ашылуына ықпал етіп қана қоймай өзінің жеке дара ізденуіне уақыт тауып отырды. Нұрсұлтан аға мектепті барлық пәндерден үздік аяқтады.

Ерікбол:

Комсомолдық жолдамамен Теміртау қаласына аттанады. Теміртауда болашақ металлургтар дайындайтын фабрика - зауыт училищесіне оқуға түседі. Елбасының мамандық таңдауы, еңбек жолы осыдан басталады.

Мариям:

Украинадағы Днепродзержинск техникалық училищесін 1960 жылы бітіріп шығып Теміртау қаласындағы қазақ металлург құрылысына қарасты «Домекстрой» тресінде 1960 - 1969 жылы жұмысшы, кейіннен домна пешінде горновой, домна цехында диспетчер, Қарағанды комбинатының домна пешінде газшы қызметтерін атқарды.

1969 жылы Теміртау қалалық партия комитетінің өнеркәсіп транспорт бөлімінің меңгерушісі.

Мадина:
1969 - 1971 жылдары Теміртау қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы.
1971 - 1973 жылдары Теміртау қалалық партия комитетінің екінші хатшысы.

Айғаным:

1973 - 1977 жылдары Қарағанды металлургия комбинатының хатшысы, Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, кейінен екінші хатшы қызметтерінде болды.

Марияш:
1979 - 1984 жылдары Қазақстан Орталық партия комитетінің хатшысы.
1984 - 1989 жылдар арасында Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы.

Каусар:
1989 - 1990 жылдары Қазақстан орталық партия комитетінің І хатшысы, осымен бір мезгілде КОКП орталық комитетінің саяси бюросының мүшесі.
1990 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды.

Алмас:
1990 жылы 24 - сәуірде Қазақ КСР тұңғыш президенті болып сайланды.
1991 жылдың 1 желтоқсанынан Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы болып сайланды.

1 - жүргізуші: Ендігі кезекті қыздарымыздың орындауындағы «Шаттық» биіне береміз.

2 - жүргізуші:Оқушыларымыздың өлең жолдарына береміз.

Ақмаржан:
Биіктей бер, Нұр аға,
Қыран қанат талмасын.
Қадірлемей тұрама,
Халық сіздей тұлғасын.
Мадина:
Гүлдене бер, Отаным,
Көтерген туын Нұр ағам.
Көбейткен достың қатарын,
Нұр аға - біздің ұлы адам.

Нұркелді:
Мен қазақтың ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерген,
Болашаққа алға бастап жетелер
Қиындығын қазағымның әрқашан
Қайыспайтын қаранардай көтерер.
Ерасыл:
Халқым айтқан ел көтерер жер даңқын,
Елім айтқан жер көтерер елдаңқын,
Президентім аман болғай ел басы,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым.

1-жүргізуші: Н.Ә.Назарбаев туралы қосымша деректерді мына шағын видеороликтан тамашалайық.

2-жүргізуші: «Қазақ осы» әні. Орындайтындар: Нұрмұхан А., Надыркулов Е., Жайылхан Н.

1-жүргізуші:

Оянады көңілден қайдағы арман,

Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген.
Бақыт желі ескендей жайлап алған,

Лебізіңнен ал арманы өрілген.

2-жүргізуші:

Президентім бар менің елі түгел,

Сенің арқаң - Қазақстан көркейіп.
Ақ киізге көтеріп сайлап алған,

Достық әні шарықтайды төрімнен!

Хормен: Халық үшін Елбасы,
Әскер үшін қолбасы.
Тар жол тайғақ кешуде,
Нұр ағаны
Туған жұрты қолдасын.

Хор: «Атамекен» әні.

Қорытынды: Н. Назарбаев – өзінің ерен еңбегімен, халқымен алға қойылған мақсат пен міндетті іске асыратын және елде және әлемде көлемді нәтижелерді көре алатын планетарлық деңгейдегі сирек және бақытты саясатшы.
Жылдар өтер, жүздеген, мыңдаған жылдар өтер, бірақ Қазақстан Республикасының Президенті Ұлт көшбасшысы Н. Назарбаев Қазақстан және жаһандық әлемнің тарихында, біздің еліміздің ұлы есімдері қатарынан өзінің лайықты және ерекше даңқты орнын алады деп бүгінгі ашық тәрбие сабағымызды жабық деп жариялаймыз.
Сау саламатта болыңыздар!




Автор
Дата добавления 28.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров221
Номер материала ДВ-560663
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх