«Сәтбаев қаласының
№1мектеп гимназиясы» КММ
Тақырыбы:
Етістік
Мұғалім:Ережепова Н.Е.
Тақырыбы:Етістік
Сабақтың
мақсаты:1.Етістік
туралы ұғымды кеңейту:байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. 2.Сауатты,көркем
жазуға төсілдіру,оқушылардың сөздік қорын молайтып, ойын, тілін, шығармашылығын
арттыру. 3.Оқушылардың логикалық сезімін оятып,әдептілікке,ұқыптылыққа,еңбексүйгіштік
пен кәсіпкерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас
сабақ
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгіме,ой
қозғау
Көрнекілік:Тақырыпқа
байланысты суреттер,кеспе қағаздар
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
кезеңі:
-Сәлеметсіздерме,оқушылар?!
-Көңіл-күйлерің қалай? -Бүгін
сыныпта кім кезекші?
-Сабақты бастауға дайынсыңдарма?
-Ендеше сабағымызды бастайық!
ІІ.Психологикалық дайындық: -Балалар,алдымен
қай сабақ екенін еске түсірейік
Қазақ тілім,өз тілім,ана тілім Абай,Мұхтар
сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым,бақытым-дара тілім
-Тағы да тіл туралы кім қандай өлең біледі?
1-оқушы:Тілім менің,тірлігімнің айғағы,
Тілім бар да, айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін
Өшсе тілім,мен де бірге өшемін.
Тілсіз хайуан,бейшара
Бейшараға не
шара?!
-Балалар алдарыңызда сабақтың картасы бар.Бұл картада
сабақтың кезеңдері берілген,әр кезеңде берген жауаптарыңа сәйкес өз ұпайларыңды
қойып
отырасыңдар.
Күнді жазу
Көркем жазу сәті
-Етістік туралы білімдеріңді ортаға
салыңдар.
Кесте бойынша түсіндірме жұмысын
жүргізу
ЕТІСТІК
Дара Күрделі
Ережені айтып өту
Оқыды,оқып отыр
Оқулықпен жұмыс:Көп нүктенің орнына
тиісті етістіктерді қойып,сөйлемдерді көшіріп жаз.
Жыршы жыр жырлады.Ақын өлең жазды.Дәрігер
науқасты емдеді.Мұғалім балаларды оқытты.
-Мәтінде қандай мамандықтар
аталады? Бұдан басқа қандай мамандықтар білеміз?
Шығармашылық
жұмыс:«Кім болам?»
Түрлі мамандықтардың суреттері
тақтаға ілінеді.Оқушылар өзінің қалаған мамандықтарына сөйлем құрастырады.
«Үн қатпа» ойыны
Шарты:Оқушылар үн қатпай тек
қимылмен ғана көрсетеді.Бір оқушы тақтаға шығып,әр қимылды жазады.
Биледі,жүгірді,отырды,секірді,жазды,оқыды,тұрды.
13-жаттығу көп нүктенің орнына дара
етістікті тауып жаз.
Келді-келе жатыр
Жазды-жаза алады
Тоқыды-тоқи алады,тоқып отыр
Бар-барып кел,бара кел
Сергіту сәті
Сбақты бекіту:«Кім
білгір?» ойыны
Бірнеше сөздер оқылады, ал оқушылар
алдарындағы кеспе қағаздарын көрсетеді.
Дара: Күлді, берді, қонды, сайрады,
кірді, биледі.
Күрделі:Келе бастады, жылына
бастады, кетіп бара жатыр, өсіп тұр,тоқып отыр, ұшып келді
-Сөз таптары деген не?
-Етістік деген не?
-Дра етістік деген не?
-Күрделі етістік деген не?
Үйге тапсырма:16-жаттығу
-Енді карталарымызға қарап, ұпайларымызды
санаймыз
10 ұпай- «Маған әлі де оқу
керек»(баға-3)
15 ұпай- «Мен кереметпін» (баға-4)
20 ұпай- «Мен барлығын білемін»
(баға-5)
-Сенедерге сабақ ұнады ма?
-Несімен?
-Сабақтың қай кезеңі ұнады?
Сабағымыз осымен аяқталды.Сау
болыңдар!
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.