Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Конспекты / Урок на тему "Ежелгі Қытай"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • История

Урок на тему "Ежелгі Қытай"

библиотека
материалов

Тақырыбы: Ежелгі Қытай мәдениеті

Мақсаты :

  1. Ежелгі Қытайдың жазуы мен әдебиеті, Қытай данышпандары туралы білімдерін кеңейтуге жағдай жасау.

  2. Оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеуге, сөздік қорларын, ойларын, есте сақтау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

  3. Оқушыларды өз елінің, басқа елдің тарихын білуге, ел жандылыққа, білімділікке, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қарта, суреттер, тест, карточкалар, даналық сөздер

Типі:

Түрі: жаңа білімді меңгерту

І. Ұйымдастыру кезеңі

Дм-оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру

Оқушылардың назарын сабаққа аударту

Оқушыларды тәртіптілікке, жинақтылыққа тәрбиелеу

Дс-Амандасу

Дс-оқушыларды түгендеу

Дс-сабаққа даярлығын тексеру

ІІ Сабаққа мақсат қою

Дм-оқушылардың танымдық қызметін белгілі бір мақсатқа бағыттау, және ұйымдастыру. Зейінділікке, тәртіптілікке тәрбиелеу.

Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз жай сабақ емес, сайыс сабақ. Бүгін сабақта екі топқа бөлініп, жарыс түрінде өтеміз.

Бүгінгі сайысымыз ІV бөлімнен тұрады.

І Сайыс -ТАНЫСТЫРУ

Әр топ өз топтарына түсінік береді, таныстырады.

ІІ сайыс «САНДАРДЫ РЕТІМЕН ҚОЙ» деп аталады. Сендер сұрақтарға дұрыс жауап беріп, сандарды ретімен қойып шығасыңдар, сонда біздің бүгінгі сабағамыздың тақырыбын шығады.

Е- Б.з.б. 1792-1750жылдары кім патшалық етті?

Ж- Қазіргі Түркия жерінде ежелде қандай мемлекет өмір сүрді?

Е- Египеттіктер тұтқындарды қалай атады?

Л- Ніл өзенінің Батыс жағында аспанмен тілдескен ол не?

Г- Бактрия жері б.з.б. нешінші ғасырдың ортасында жеке мемлекетке айналды?

І- Аккад тіліндегі «бабилу» сөзінің мағынасы?

Қ- Египет қанша бөліктен тұрады?

Ы- Урарту мемлекетінің астанасы?

Т- Ежелгі Египеттің патшалары қалай аталды?

А- Парсы патшасының тағына б.з.б. 552 жылы кім отырды?

Й- Тарих атасы кім?


М- Египетті ежелде қалай атады?

Ә- Ежелде Кушан мемлекеті қалыптасқан жерде, бүгінгі күні қандай мемлекет өмір

сүреді?

Д- Хаттуса қай елдің астанасы?

Е- Ніл өзенінің ұзындығы?

Н- Египетте перғауыннан кейінгі беделдісі кім?

И- А.Македонский Соғды елінің астанасын азат ету үшін қай жылы жорық жасады?

Е- Қияқ тұқымдас көп жылдық өсімдік?

Т- Египеттіктер кімді құдайға теңеді?

І- Гильгамеш туралы дастандағы, Гильгамештің досының аты?


Д1- «ҚЫТАЙ» сөзіне кластер құрамыз.


ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту

Д1-Жаңа сабақты түсіндіру

Д2-дәптермен жұмыс

Ежелгі Қытай данышпаны Кун-фуцзы б.з.б.551ж дүниеге келді. Оның шын аты-Кун-Цю болған. Ол өз халқының салт-дәстүрін, өлең-жырларын жақсы білді. Қытай күнтізбесінің білгірі болды.оны тыңдау үшін жастар жиі келіп тұратын. Оның шәкірттері оны данышпан Кун деп атады.

Данышпан Кун б.з.б 479 жылы 72 жасында қайтыс болды.оның ілімін шәкірттері таратып, одан ары дамыта түседі.

Сыма Цянь б.з.б. 151 жылы дүниеге келді. Сарай жұлдызнамашысының отбасында дүниеге келді. Ол жас кезінен өмірдің қатаң мектебінен өтті. Егіншілікпен айналысты. Сөйте жүріп, көне шығармаларды оқуға көп көңіл бөлді. Жиырма жасында ел аралау үшін саяхатқа аттанды.

Мәдениеті мен ғылымы 3-5 ғ фарфор өндіру игерілді. Үлкен құрылыс-Қытай қорғаны, қытай музыкасы дүние жүзіндегі ең көне мұралардың бірі.

Шай сөзі қытайлықтардан шыққа. Алғаш шайды сырқат адамның күш-қуатын сақтайтын дәрі ретінде пайдаланған. Кейіннен сусын ретінде қолданды. Сөйтіп, басқа елдерге де тарады.

Қытайда ең алғашқы әлемдегі ең алғашқы құбылнама, (компас) ойлап табылды. Қытайда ойлап табылған, адамзат әлеміне бүгінгі күнге дейін кең тараған заттың бірі-қағаз. Қытайлықтар ұсақ, жұмсартылған маталардың қалдықтарын арнайы пеште қайнатып, қоймалжың күйге келтіріп, одан соң қағазға айналдырған.


Қытай Халық Республикасы-Шығыс және Орта Азиядағы мемлекет. Жерінің аумағы 9,6 млн км2 . халқы 1236,26 млн. /Тайвань, Сянган арнайы әкімшілік ауданы (Гонконг)/ тұрғындарының 91% қытай. Бұдан басқа 50-ден астам ұлттар мен ұлыстар тұрады. Қытайдың батысында-1,5-2 млн шамасында қазақтар тұрады. Қытайдың негізгі діндері –конфуцишілдік, даосизм, буддизм, бұған қоса ислам, христиан, католик тармақтары кең тараған. Ресми тілі-қытай тілі. Астанасы-Пекин, Ірі қалалары: ШАНХАЙ, ТЯНЬЦЗИНЬ. Ел 23 првинциядан, 5 автоном.ауданнан және орталыққа тікелей бағынатын 4 қаладан(ПЕКИН, ШАНХАЙ, ТЯНЬЦЗИНЬ, ЧУНЦИН) тұрады.

Ұлттық мейрамы:-1 қазан ҚХР-ң құрылған күні.

Тарихы: ҚЫТАЙ жерін адамдар палеолиттен бастап мекендеген. (қытай адамы СИНАНТРОП). Б.з.б. 2 мың жылдықта Хуанхэ өзенінің жағасында ИНЬ-ШАН мемлекеті құрылды. Қытай жазуы (иероглиф) пайда болы. Б.з.б. 11 ғасырдың ортасында ИНЬ-Шан көрші тайпаларды басып алып, Чжоу мемлекеті құрылды. Б.з.б. 7-6 ғ елде бірнеше ұсақ мемлекеттер өмір сүрді. 200 жылға созылған үздіксіз соғыстардан кейін бір орталыққа бағынған ЦИНЬ империясы (б.з.б. 221-207ж) құрылды. Солтүстіктегі көшпелілерден қорғану үшін «ҰЛЫ ҚЫТАЙ ҚОРҒАНЫ» салына бастады. Орта Азия арқылы Жерорта теңізі елдеріне сауда жолы ашылды /ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ/. ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ 13 ғ бас кезінен Қазақстанды Шыңғыс хан билеген түркі моңғол тайпаларын жаулап ала бастады.1271 ж қарай Шыңғыс ханнаң немересі Құбылай бүкіл Қытайды өзіне бағындырып, ЮАНЬ әулетінің негізін қалады. 14 ғ ІІ жартысында Юань әулеті биліктен кетіп, орнына қытайдың Минь әулеті келді. Цин әулет.


Экономикасы: Соңғы 20-25 жылда Қытайдың экономикасы жоғары қарқынмен дамыды. Сыртқы сауда ел экономикасының 45% астамын құрайды. Негізгі сауда серіктестігі-Жапония, АҚШ, Оңтүс Корея. Қазақстан мен ҚХР арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992ж 3 қаңтардан бастап орнады. Екі ел арасындағы сауда эконом, мәдени, әскери байланыстар дами бастады.

Д2-дәптермен жұмыс

ІV. Жаңа сабақты меңгергенің тексеру

ІІІ САЙЫС «ӨЗ КҮШІҢЕ ӨЗІҢ СЕНЕСІҢ БЕ?» -Тест алу

Хуанхэ өзенінің төменгі ағысы бойында қандай мемлекет пайда болды?

А. Шан-Инь Б. Цин С. Чжоу Д. Мин

2. Чжоу мемлекеті б.з.б. нешінші ғасырға дейін өмір сүрді?

А. б.з.б. І ғ Б. б.з.б. ІV ғ С. б.з.б. ІІІ ғ Д. б.з.б. V ғ

3. Ұлы Қытай қорғанының биіктігі қанша метр?

А. 5 м Б. 10 м С. 15 м Д. 20 м

4. Б.з.б. нешінші мыңжылдықта Қытайда жібек маталар жасалынды?

А. б.з.б. ІІ м.ж Б. б.з.б. V м.ж С. б.з.б. І м.ж Д. б.з.б. ІІІ м.ж

5. Б.з.б. ІІІ ғ соңында құлаған Цинь патшалығының орнына қандай әулет келді?

А. Хань әулеті Б. Шан-Инь әулеті С. Мин әулеті Д. Чжоу әулеті

6. «Сары орамалдылар » көтерілісі қай ғасырда пайда болды?

А. б.з. І ғ соңы Б. б.з. ІІ ғ соңы С. б.з. V ғ соңы Д. б.з.б. ІІІ ғ соңы

7. Кун-фуцзы б.з.б. нешінші жылы дүниеге келді?

А. 501 жылы Б. 515 жылы С. 551 жылы Д. 555 жылы

8. Данышпан «Кун» қанша жасында қайтыс болды?

А. 72 жас Б. 80 жас С. 70 жас Д. 90 жас

9. Б.з.б. 151 жылы дүниеге келген кім?

А. Кун-фуцзы Б. Чжан С. Сыма Цянь Д. Гун

10. Алғаш қағазды ойлап тапқан кімдер?

А. Қытайлар Б. Үнділер С. Жапондар Д. Египеттер


V. Қорытынды.

ІV САЙЫС «САНДАРДЫ СӨЙЛЕТ!»

  1. 200+357-6=551 Кун-фуцз дүниеге келді.


  1. 2200+2250-450=4000 Ұлы Қытай қорғанының ұзындығы 4000 километр


  1. 3000+2589=5589 км Ніл өзенінің ұзындығы.


  1. 65+86=151ж Сыма Цянь дүниеге келді.


  1. 266+218-5=479 Данышпан КУН қайтыс болды.


  1. 250+250-170=330 А.Македонский Соғды елінің астанасы Самарқанды басып алды.


Екі топ Конфуцийдің даналық сөздерінен түсініктерін айту

Үйге тапсырма: 22 оқу, хр.таб толтыру

Бағалау

Рефлексия




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 04.11.2016
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров83
Номер материала ДБ-320173
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх