Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Урок на тему "Ф дыбысы және әрпі"

Урок на тему "Ф дыбысы және әрпі"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ф дыбысы және әрпі

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Ф дыбысы мен әрпін таныту, оның сөз ішіндегі ерекшелігін меңгерту

2. Сөйлеу мәнерін, оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын, топпен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту

3. Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу; ұқыптылыққа, сауатты жазуға, оқуға дағдыландыру

Сабақтың түрі: жаңа білім беру

Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, ойын ойнату, мадақтау, талдау-жинақтау, дыб. талдау

Көрнекілігі: мазмұнды суреттер, дыбыстық белгілер, кеспе әріптер, буындар

Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, дүниетану

Сабақтың жүру барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

- Психологиялық дайындық жұмысы

- Балалар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіпті. Демек бұл сабағымыз жай сабақ емес, ерекше сабақ болып өткелі тұр.

Келгенше қонақ ұялады,

Келген соң үй іші ұялады, - демекші, біз ұятқа қалмауға тырысайық.

- Ой ашар

Қайырлы таң, достым,

Қайырлы күн болсын

Сәрсенбінің сәті

Сәттілікке толсын

Біздің алар бағамыз

Кіл бестіктер болсын

Сабақта бір - бірімізге сәттілік тілейік.



II. Үй тапсырмасын тексеру.

А) Ой сергіту. «Сөз ойла, тез ойла» ойыны (В дыбысына сөздер ойлау) Үш топқа бөлініп жарысу.

Ә) Вокзал мәтінін тізбектеп оқыту. Түсініктерін сұрау.

Б) Өткен дыбыстарды еске түсіру, дауысты, дауыссыз екенін ажырату



III. Жаңа сабақ. Қызығушылығын ояту

- Жұмбақтар оқу, шешу.

1. Қыста дем алып, жазда тынбайды,

Көкке атылып жерге құлайды. (фонтан)

2. Өңкей сығай екі топта,

Таласып жүр бір допқа (футболшы)

3. Жасыл желек көгалда,

Бірде артқа,

Бірде алға,

Желаяқ көп бала

Таласып жүр бір шарға (футболшылар)

- Сонымен, сиқырлы әріптер әлемі бүгін бізді қандай дыбыспен таныстырды?

- Қане, айтып көрейікші?- Ф - ф

- Қандай дыбыс? Неге дауыссыз дыбыс?

- Ф дыбысын қай үйге орналастырамыз?

- Ф әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.

- Ф әрпіне байланысты суретпен жұмыс

Ф дыбысы бар сөздерді суреттен табу, дыбыстық талдау жасау, оларды буынға бөлдіріп, Ф дыбысының сөздің қай жерлерінде кездесетінін оқушыларға анықтату.

Ф дыбысынан басталатын адам аттарына мысал ойлау

IV. Сергіту сәті

Футбол деген ойынға

Барлық бала құмар - ақ

Бірақ жолдың бойында

Доп теппеңдер қуалап



V. Оқулықпен жұмыс.

- ф дыбысы бар сөздерді оқып, сурет бойынша әңгімелеу.

Сөздерді буындап, тұтас оқуға үйрету, түсініксіз сөздерге талдау жасау,

Ә) Интерактивті тақтадан телефон түрлерін көрсету, өту.

Б)«Фабрикада» суретімен жұмыс жүргізу.

Тірек сөздерді пайдаланып сөйлемдер құрату.

Аяқкиімнің түрлерін анықтату.



VI. Жазу дәптерімен жұмыс.

А) Ф ф әрпінің жазба түрімен таныстыру. Қос бүйірін таянып, тұратұғын қай әріп?

Ә) Ф әрпінің баспа, жазба түрімен таныстыру

Б) Тақтада жазылуын көрсету, түсіндіру

В) ф әрпін ауада жазып көріп, дәптерге жазу.

Сергіту сәті:

1, 2, 3

Бойға жинап күш

Қолға қалам аламыз

Әсем етіп жазамыз



VII. Шығармашылық тапсырмалар:

А) Сөздерді сызықшамен буынға бөліп көрсет, дыбыстардың астын дауысты, дауыссызға тән шартты белгімен көрсет.

Футбол, ферма, телефон, фабрика

Ә) «Қай әріпті жоғалттым?» ойыны (көшіріп жазу): т.фли, фи.ма, ф.кс, ф.зика, ма.афон.



VIII. Сабақты бекіту

«Жалғасын тап» ойыны.

Шарларға буындар жазылған. Шар ұстаған бала шарында жазылған буынның жалғасын табуы қажет.

IX. Сабақты қорытындылау.

- Сонымен қандай жаңа дыбыспен таныстық? - ф дыбысы қандай дыбыс? - ф дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?- ф дыбысы бар сөздерге мысал келтіру.

X. Марапаттау



Автор
Дата добавления 29.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров172
Номер материала ДВ-210758
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх