Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / Урок на тему "Файлдар"

Урок на тему "Файлдар"


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Файлдар, бумалар және белгішелер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларды операциялық жүйені басқарудың негізгі объектілері,файлдар, бумалар және белгішелер ұғымдарымен таныстыру.

Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: компьютер, оқулық, электрондық оқулық

Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушылардың сабаққа дайындығын пысықтау.

ә) оқушыларды түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру, сұрау кезеңі

Өткен тақырыптан сұрақтар қою арқылы тексеру

ІV. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

V. Жаңа материалды түсіндіру, қабылдау кезеңі

Файл- аты бар бірқатар байттар тізбегі. Файл не бағдарлама, не құжат болуы мүмкін.Windows-та бағдарламалардың басқа атауы- қолданба деп аталады. Әр файлдың аты болады. Оның аты оң және сол бөліктен тұрады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және оның типін анықтайды. Сол жақ бөліктің ұзындығы 1-255 символға дейін болады.

Файл типтерінің кейбір негізгі “құжат ретінде” белгіленулерінің тізімі:

*.bmp- Paint қолданбасының суреті

*.doc- Word және WordPad мәтіндік редакторларының құжаттары

*.txt-Блокнот қолданбасының құжаты

*.wav-Фонограф қолданбасының дыбыстық файлы

*.avi- бейне-клип

*.xls-Excel кестелік процессорының құжаты

*.ppt- PowerPoint қолданбасының тұсаукесері.

Бумаларды құру және оның құрылымы:

Бума элементтері: тақырып, меню, терезені басқару батырмалары, айналдыру жолағы, құрал-саймандар тақтасы, қалып-күйжолы. Қажет элементтар жиынын мына жолмен таңдауға болады: Түр-құрал саймандар тақтасы және Түр- Қалып-күй жолы.

Терезеде жаңа бума құру: Буманы Файл- Создать- Папка командасымен құрады. Мұны орындағаннан кейін осы терезенің бумалары мен файлдарының тізімінің соңында жаңа қапшық белгішесі пайда болады. Қапшықтың атын оны құрғаннан кейін бірден енгізуге болады. Файлға ат берілмеген жағдайда оған автоматты түрде “Жаңа файл” аты меншіктеледі.

Жұмыс үстелінде жаңа бума құру. Жұмыс үстелінің жаңа буманы орналастырмақшы болған жерінде маустың оң жақ батырмасын басу- контексті меню пайда болады. Создать- Папка командасын орындау. Жұмыс үстелінде бума белгішесі пайда болады. Буманың атын енгізіп, енгізу пернесін басу.

Белгіше - бұл бағдарламаларды іске қосу немес файлдыашу қасиеті бар пиктограмма, объектінің тамғасы, компьютер үшін объектіге жол нұсқайтыгн командалық файл,ал пайдаланушы үшін үстеліндегі немес терезедегі жай белгіше, ол Windows-тегі қандай да бір объектіге: файлға, бумаға, дискіге, компьютерге, принтерге т.б. сәйкес келеді. Белгіше жеке бір объекті емес, ол файлға сілтеме ғана. Сондықтан оны жойғанда файлдар жойылмайды. Таңбашада маусты екі рет шерту, файлға немесе буманың белгішесіне екі рет шету әсерімен бірдей. (бағдарлама іске қосылады, құжат немесе бума ашылады)

Ағымдағы терезеде белгіше құру. Ағымдағы терезеде таңбашаларды Файл-Создать-Ярлык, Файл-Создать ярлык немесе контексті менюдің Создать- Ярлык командасының көмегімен жасауға болады.Таңбашаны жасағаннан кейін онықажетті орынға, орналастыруға болады.

Жұмыс үстелнде таңбаша құру.

  1. Жұмыс үстелінің бос жерінде меңзерді орналастыорып, маустың оң жақ батырмасын басса, контексті меню пайда болады.

  2. Создать-Ярлык опциясын таңдағанда, “Создание ярлыка” диалогтық терезесі пайда болады.

  3. Шолу” (обзор) батырмасын басу. “Шолу” диалогтық терезесі ашылады. Файлдар мен қапшықтар арасынан объект табу.

  4. Ашу” батырмасын басу арқылы “Таңбаша жасау терезесі” ашылады. Онда файлға жол толық көрсетілген.

  5. Дале”батырмасын басу- “Таңбашаның атын таңдау” диалог терезесі ашады. Мұда объекінің жүйелік атын өзгертуге болады.

  6. Дайын” батырмасын басу- Жұмыс үстелінде жаңа таңбаша пайда болады.

Буманың атын өзгерту: Қосымша мәзірден Переименовать командасын таңдау.

Бумалар - бұлқандай да бір белгісі бойынша файлдарды бірлестіру, мысалы тақырыптық белгісі бойынша: бір ғана ойынға немесе редакторға жататын файлдар.Басқа сөзбен айтқанда бума - бұл аты аталған файлдар тобы. Бума каталог ролін атқарады. Тұрмыстық деңгейде буманы кәдімгі ішіне қағаз беттерін – файлдардысалатын бумамен салыстыруға болады. Windows-та барлық файлдар, құжаттар мен бағдарламалар қапшықтарға сақталады. Буманың аты, файлдың аты сияқты оның мазмұнын көрсете алады. Буманың пиктограммасы болуы мүмкін. Бумаларда таңбашалар, файлдар және басқа бумалар да болуы мүмкін. Бума бос болуы да мүмкін. бумада атыбірдей объектілер болмауы керек. Буманың ішіндегісін қарап шығу шін, тышқанның батырмасын онда екі рет шерту жеткілікті.

Буманың екі түрде болады:

  • кәдімгі бума- каталогтар;

  • арнайы бумалар (Менің компьютерім, принтерлер және т.б.)

VІ. Жаңа материалдан түсінгенін тексеру

  • бағдарламаларды іске қосу және қапшықтардыашудың неше жолы бар?

  • Файл дегеніміз не? Толық сипаттама бер.

  • Бума дегеніміз не? Бума құру жолдары қандай?

  • Белгіше дегеніміз не? Белгіше құру жолдары қандай?

  • Жұмыс үстелінде өз есіміңізбен аталатын қапшық құрыңдар. Сол қапшықтың ішінде мәтіндік құжат құрып, оның ішіне өзің туралы мәлімет жаз. Қапшықтың атын өзгерт.

  • Жұмыс үстелінде бірнеше таңбашалар құрыңдар және оларды ашып көрсетіңдер.

  • Табу командасымен бірнеше файл, бумаларды іздеу

VІІ. Материалды бекіту және оқушылардың білімін бағалау кезеңі

VIІІ. Үй тапсырмасы:§11




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 05.10.2016
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров21
Номер материала ДБ-238023
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх