Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Презентации / Урок на тему "Химические реакции"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Химия

Урок на тему "Химические реакции"

библиотека
материалов

Тақырыбы: §5«Химиялық реакциялардың белгілері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Химиялық құбылыстың физикалық құбылыстан айырмашылығын түсіндіру, химиялық реакцияның алуан түрлілігімен таныстыру, химиялық реакцияның басталуы мен жүру барысының жағдайын және химиялық реакцияның негізгі белгілерін бақылауға үйрету, химиялық сауаттылық, химиялық дағдыны оқушы бойына сіңіру.

Тәрбиелілік: Оқушыларды жаңа тақырыпты меңгеру барысында топпен, өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Бақылау, салыстыру, қорытынды жасау, химиялық реактивтер мен құрал – жабдықтармен жұмыс істеуді дамыту.

Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың әдісі: Тақырыпты түсіндіру, сұрақ – жауап, зертханалық тәжірибелер, тест.
Керекті құрал – жабдықтар: спиртшам, химиялық стакан, шыны тақша, сынауықтар, тұрғы, ағаш шырпы, сіріңке.
Керекті реактивтер: аммоний дихроматы ерітіндісі, натрий гидроксиді, натрий карбонаты, тұз қышқылы, мыс сульфаты, темір (ІІІ) хлориді, калий радониді, күміс нитраты.
Көрнекілік құралдары: презентация, компьютер.
Жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі. (3 мин)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (10 мин)
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. (10 мин)
ІV. Бекіту кезеңі. (18 мин)
V. Үй тапсырмасын беру (1 мин)
VІ. Бағалау. (2 мин)

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу.

II.Үй тапсырмасын сұрау

§4. Физикалық және химиялық құбылыстар.



Бұл кезеңінде 3 қатарда отырған оқушыларға физикалық және химиялық құбылыстар жөнінде берілген карточкалар таратылады. Әр топ соңыңда отырған оқушыдан алдыға қарай бір сұраққа жауап беріп жібереді.
1 - топ. Күнделікті тұрмыста мал сүтін былай өңдейді:
А) сүтті әуелі сүзіп тазартады;
Ә) сосын жылытады;
Б) сүт машинасынан өткізіп қаймағы мен «көк сүтке» айналдырады;
В) қаймақты бұлғап, майға айналдырады;
Г) ал «көк сүтке» ұйытқы салып ұйытып, майсыз айранға айналдырады.
Осы аталғандардың қайсысы физикалық құбылысқа, қайсысы химиялық құбылысқа жатады?
2 - топ. Айраннан жасалатын құртты былай дайындайды:
А) мал сүтін сүзеді;
Ә) сүтті пісіреді;
Б) ұйытқы қосып, жылы жерге қойып айран ұйытады;
В) Түзілген айранды әуелі дорбаға құйып, сары суынан сүзіп, бөліп қатық алады;
Г) алынған сүзбені тұз қосып араластырып, дөңгелек пішінге келтіріп кептіреді.
Осы аталғандардың қайсысы физикалық құбылысқа, қайсысы химиялық құбылысқа жатады?
3 - топ.
А) Бір тамшы су тас теседі;
Ә) Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді;
Б) Күзгі жапырақтың сарғаюы немесе қызаруы;
В) Жайған кірдің кебуі.
Осы аталғандардың қайсысы физикалық құбылысқа, қайсысы химиялық құбылысқа жатады?
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Химиялық құбылыстарды физикалық құбылыстардан ажырату үшін оларға тән белгілермен танысайық. Физикалық құбылыс дененің пішіні мен агрегаттық күйінің өзгеруі арқылы іске асады, ал химиялық құбылыс бір заттың екінші затқа айналуымен сипатталады. Химиялық реакция нәтижесінде бастапқы заттарға тән сыртқы белгілер: агрегаттық күйі, түсі, ірілі – ұсақтығы, иісі, т. т. өзгеріп, жаңа заттарға тән белгілер пайда болады.
Химиялық реакцияның негізгі белгілері:
1. Жылудың бөлінуі/ allocation of heat
2. Тұнбаның түсуі/ loss of deposit
3. Газдың
бөлінуі/ liberation of gas
4.
Түсінің өзгеруі/ change in color
5.
Жарықтың бөлінуі/ allocation of light
6.
Иістің пайда болуы/ variation of a smell
Ұлы ойшыл, қытай философы Конфуций «Естігенді ұмытамын, көргенді есте сақтаймын, ал өз ақылойыммен істеген ісімді түсінемін» деген даналық сөздері келесі тәжірибелер арқылы дәлелдене түседі.

Тәжірибелер көрсету:
№---------
Бастапқы заттар ----------------------------------------------- Реакция белгісі
1 ----------
Крахмал + иод
2 ----------
Ас содасы + сірке қышқылы (лимон қышқылы)
3 -----------
Сүт + лимон қышқылы
1.
Калий радониді мен темір (ІІІ) хлориді;
2.
Күміс нитраты және тұз қышқылы;
3.
Аммоний дихроматын термиялық ыдырату;
4.
Натрий гидроксиді мен мыс сульфаты;
5.
Натрий карбонаты мен тұз қышқылы.


Көрсетілген тәжірибелер бойынша кестені толтыру:
№--- Бастапқы заттардың белгілері --- Реакция белгісі ---- Алынған заттардың белгісі
1
2
3


Сабақты бекіту

Тест сұрақтарына жауап беру.
1. Физикалық құбылыс –
А. Денелерді құраушылар
В. бір зат екінші бір затқа айналады
С. Дененің пішіні, заттардың агрегаттың күйі өзгеріске ұшырайды, ал құрамы өзгермейді
2. Химиялық құбылыс –
А. Денелерді құраушылар
В. бір зат екінші бір затқа айналады
С. Дененің пішіні, заттардың агрегаттың күйі өзгеріске ұшырайды, ал құрамы өзгермиді.

3. Химиялық құбылысты тап
А. мыс пластинкасын қыздырғандағы оның қараюы
В. қантты ұнтақтау
С. мұздың еруі
4. Химиялық реакцияның жүру белгісіне жатады:
А. судың булануы;
В. тұнбаның түсуі;
С. қыраудың қатуы.
5. Химиялық реакцияның жүру белгісіне жатпайды:
А. тұнбаның түсуі;
В. газдың бөлінуі;
С. агрегаттық күйінің өзгеруі.

Химиялық терминология бойынша тапсырманы орындау:
1. Химиялық құбылыс ---------- А. loss of deposit
2.
Физикалық құбылыс --------- В. Physical change
3.
Химиялық реакция ----------- С. Sings of chemical reaction
4.
Тұнбаның түсуі ---------------- D. Chemical change
5.
Газдың бөлінуі ---------------- E. variation of a smell
6.
Иістің шығуы ----------------- F. Chemical reaction
7.
Химиялық реакциялардың белгілері --------- G. liberation of gas

III.Жаңа сабақ:


hello_html_m4ea47422.png

Олай болса, кез келген химиялық реакцияның басты белгісі – жылудың (энергияның) бөлінуі немесе сіңірілуі.

hello_html_5929fcd2.png

Демек, тұнбаның түсуі химиялық реакция өнімдеріне тән белгілердің бірі.

hello_html_2834871b.png

Реакцияның жүру жағдайлары:

1. Қатты заттардың әрекеттесуін жүзеге асыру үшін оларды ұнтақтау керек, сонда олардың жанасу бетінің ауданы артады.
2. Газ күйіндегі заттардың әрекеттесуін жүзеге асыру үшін сығып, көлемдерін азайтып, көлем бірлігіндегі бөлшектердің санын арттыру қажет.
3. Ерітінділердің арасында жүретін реакцияларды іс жүзінде жүзеге асыру үшін ерітіндідегі еріген заттардың мөлшерін арттыру керек.
4. Қайсыбір реакциялар тек қыздырғанда немесе жарықпен әсер еткенде ғана жүреді.
5. Кейбір заттар реакцияның жүруін тездетеді, олар -
өршіткілер (катализаторлар), ал тежесе - ингибитор деп аталады.

Химиялык реакциялар өндірісте әр түрлі халық шаруашылығына қажетті өнімдер алуға мүмкіндік береді: тыңайтқыштар, дәрі-дәрмектер, құрылыс материалдары, жанар және жағар майлар, бояғыш заттар, металдар, пластмассалар, талшықтар, каучуктер, т.б.



IV.Жаңа сабақты бекіту:

  1. Физикалық құбылыстан химиялық құбылыстың қандай басты айырмашылығы бар?

  2. Жылу бөле жүретін химиялық реакцияларға мысалдар келтіріңдер.

  3. Автомашина қозғалтқышындағы (двигателіндегі) жанармайдың жануын химиялық реакцияға жатқызуға бола ма? Неліктен?

V. Үй тапсырмасын беру.

§5 «Химиялық реакциялардың белгілері.

Оқып түсініп айту. Тақырып артындағы сұрақтарға жауап беру. Дәптерге термин сөздерді жазу.

VI. Бағалау.

Сабаққа белсенді араласқан, үй тапсырмасына және сұрақтарға жауап берген оқушыларды бағалаймын.



Автор
Дата добавления 17.05.2016
Раздел Химия
Подраздел Презентации
Просмотров99
Номер материала ДБ-086815
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх