Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Химия / Другие методич. материалы / Урок на тему "Химиялық реакциялардың жіктелуі "
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Химия

Урок на тему "Химиялық реакциялардың жіктелуі "

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакциялардың жіктелуі

Мақсаты:

а) Білімділік: Топ оқушыларына химиялық реакциялардың тотығу дәрежесінің өзгеруіне байланысты, реагенттер өнімінің құрамы мен санының өзгеруіне, реакцияның жылу эффектісіне және химиялық процестердің қайтымдылығына қарай жіктелуін түсіндіру.

ә) Тәрбиелік: Оқушыларды шығармашылыққа, ізденіске тәрбиелеу. Пәнге қызығушылықтарын арттыру.

б) Дамытушылық: Оқушылардың химиялық реакциялардың жіктелуі туралы білімдерін толықтыру, терең түсінік беру.

Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, есеп шығару, ойындар.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.

Топ оқушыларын 2 топқа бөлеміз. «Реакция» және «Реагент» топтары.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Химиялық стехеометриялық заңдары

  1. Зат массасының сақталу заңы.

  2. Көлемдік қатынастар заңы.

7 есеп

2 моль сынап пен 1 моль оттек әрекеттескенде оксид түзілген. Химиялық реакция теңдеуін жазып, реагенттер мен өнімнің массаларын есептеп, олардың теңдігін дәлелдеңдер.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Химиялық реакциялар және олардың жіктелуі.

А) Тотығу дәрежесінің өзгеруі

Ә) Реакция реагенттері өнімдерінің құрамы мен санының өзгеруі

Б) Реакцияның жылу эффектісі

В) Химиялық процестің қайтымдылығы

Химиялық реакцияларды жіктеу оларға тән белгілер негізінде жүргізіледі. Бұл әрекеттесуші заттардың құрамына кіретін атомдардың тотығу дәрежелерінің өзгеруі; Реагенттер мен өнімдердің құрамы және мөлшері; химиялық реакциялардың жылу эффекті; процестің қайтымдылығы.

А) Реакцияға қатысатын атомдардың тотығу дәрежелері өзгере жүретін реакциялар тотығу-тотықсыздану реакциялары деп аталады. Мысалы: 2Н222 О

Мұндағы сутек атомдары тотықсыздандырғышқа жатады, өйткені олар өздерінің электрондарын оттек атомына беріп, тотығады:

Тотықсыздандырғыш: 2Н2- 4е Н+ тотығу процесі

Өз кезегінде, оттек атомдары тотықтырғыш болып табылады, өйткені олар сутек атомының электрондарын қосып алады:

Тотықтырғыш: О2+4е- 2О-2

Тотығу-тотықсыздану реакцияларында, біз атап көрсеткендей, бір реагенттің бөлшектері – тотықтырғыш, екіншілері – тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді. Сондықтан олардың арасында тотығу және тотықсыздану процестері жүреді де нәтижесінде бөлшектердің тотығу дәрежелері өзгереді.

Ә) химиялық реакцияның 4 типі белгілі: қосылу айырылу, орынбасу, алмасу реакциялары. Қосылу және айырылу реакцияларын реакцияға қатысатын заттардың саны бойынша анықтайды. Егер бірнеше реагенттер әрекеттескенде бір өнім түзілсе, онда бұл қосылу реакциясы, ал егер, керісінше бір күрделі заттан бірнеше заттар түзілсе, онда бұл қосылу реакциясы , ал егер, керісінше бір күрделі заттан бірнеше заттар түзілсе – бұл айырылу реакциясы. Мысалы.

2Al+3Cl2=2AlCl3 қосылу реакциясы

2HgO=2Hg+O2 айырылу реакциясы

Бұл реакциялардың тотығу-тотықсыздану реакциялары болып табылатынын аңғару қиын емес.

Орын басу және алмасу реакцияларын бір-бірінен реакцияға қатысатын заттардың құрамының өзгеруі бойынша айырады. Егер тек қана бір реагенттің және бір өнімнің құрамы өзгертін болса, онда бұл – орынбасу реакциясы, ал егер барлық реагенттер мен өнімдерінің құрамы өзгеретін болса, бұл алмасу реакциясы. Мысалы:

Zn+FeCl2=ZnCl2+Fe орынбасу реакциясы

ZnSO4+BCl2=BaSO4+ZnCl2 алмасу реакциясы

Б) Кез келген химиялық реакцияларда бір зат басқа айналғанда жылу бөлінеді немесе сіңіріледі. Сондықтан барлық реакцияларды экзотермиялық және эндотермиялық деп бөледі. Бұл реакциялар термохимиялық теңдеулермен өрнектеледі. Термохимиялық теңдеулердің басты ерекшелігі, оларда жылу эффектінің шамасы көрсетіледі. Реакцияның жылу эффекті процесс жағдайында, яғни қысым мен температураға тәуелді. Тұрақты қысымда өлшенген реакцияның жылу эффектін энтальпия деп атайды және ΔН деп белгілейді. Энтальпия өзгерісінің сандық мәні реакцияның жылу эффектінің кері таңбасымен алынған мәніне тең: ΔН=-Q

Термохимиялық теңдеулерде тек қана Δf Н0 мәнін қолданған ыңғайлы. Өйткені ол энтальгияның басқа түрлерімен де байланысты.

Бірден-бір маңызды шама заттың түзілу энтальпиясы – ΔН болып табылады.

Түзілу энтальпиясы ΔН дегеніміз – стандартты жағдайда 1 моль заттың жай заттардан түзілу жылуы.

В) Химиялық реакциялардың қайтымды және қайтымсыз болып бөлінетінін сендер білесіңдер. Қайтымсыз реакцияларда бастапқы заттар толығымен өнімге айналады, сондықтан олар бір бағытта жүреді. Қайтымды реакциялар қарама-қарсы екі бағытта жүреді, мұндабастапқы әрекеттесуші заттар толығымен өнімдерге айналмайды.

2KclO3=2KCl+3O2

N2+3H2-2NH3 ΔН0=-46.2 кДж/моль

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

  1. «Реакция» тобына тапсырма:

Мынадай реакциялардан тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты анықтаңдар, олардың тотығу дәрежелері қалай өзгеретінін көрсетіңдер:

Zn+Cl2=ZnCl2

P2 O5+5C=2P+5CO

2KClO3=2KCL+3O2

«Реагент» тобына тапсырма:

Мынадай реакцияларда қосылу және айырылу реакцияларының коэффициенттерін қойыңдар:

2NH3+H2SO4=(NH4)2SO4

2Mg+O2=2MgO

2H3PO4=P2O5+3H2O

2HNO3=2NO2+O2+H2O

  1. «Реакция» тобына тапсырма:

Газтектес сутек пен оттектен түзілген сұйық күйдегі судың түзілу энтальпиясы бойынша 90 г су түзілгенде бөлінген жылудың мөлшерін есептеңдер

«Реагент» тобына тапсырма

32 г мыс оттекпен әрекеттескенде 155 кДж жылу бөлінген. Осы реакцияның термохимиялық теңдеуін құрыңдар.

  1. «Үшіншісі артық» ойыны

А)2Н22=Н2 О

g+O2=2Hg2O

CuSO4+Fe=FeSO4+Cu

Ә)2H3PO4= P2O5+3H2O

Zn+FeCl2=ZnCl2+Fe

2KClO3=2KCl+3O2

Б)Zn+Cl2=ZnCl2

ZnSO4+BaCl2=BaSO4+ZnCl2

AgNO3+KCl=AgCl+KNO3

В)C+O2-393,5 кДж

2H2+O2=2H2 O+285 кДж=CO2

2Al+3Cl2=2AlCl3

Ү. Сабақты қорытындылау.

ҮІ.Оқушыларды бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма. 1,4 № 12 есеп (20 бет)




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 08.02.2016
Раздел Химия
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров992
Номер материала ДВ-427688
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх